Полимерлі материалдар мен бұйымдар полимерлі материалдар (пластмассалар) түралы жалпы мəліметтер Полимерлер


Стабилизаторлар, пластикалық массалардан жасалған бұйымдардың қасиеттері



бет2/11
Дата29.04.2023
өлшемі39,18 Kb.
#175701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-дәріс. Полимерли материалдар мен бұйымдар (1)

Стабилизаторлар, пластикалық массалардан жасалған
бұйымдардың қасиеттері
. Оларды ғимараттарда қолдану жағдайында
жылу мен күн сəулесі əсерінен ұзақ уақыт аралығында өзгермеуі
(сақталу) үшін қосылады. Стабилизаторларға – ұнтақталған металдар, мырыш оксиді (ZnO), т.б. пайдаланылады.
Бояғыштар (бояулар) жасалатын бұйымдарды белгілі бір түске
келтіру үшін, реактопластка (бұйымдар жасау үшін қолданылатын
шикізатқа) – пластмассаға қосылады. Майлаушы заттар, мысалы
стерин, балауыз пластмассаны қалыпқа жабысып қалудан
қорғайды (сақтайды).


Полимерлер


Полимерлер – үлкен молекулалы заттар. Олардың молекуласы
көп қайталанылатын, қарапайым құрылымы бірдей буындардан
(звенолардан) тұрады. Молекуладағы бұл қарапайым буындар тізбек
құрады. Тізбектер негізгі (немесе түзу), тармақты жəне кеңістікті (үш
өлшемді) болып бөлінеді. Үлкен молекулалы қосылыстардың, яғни полимердің молекулалық массасы 5000 жоғары, ал кіші молекулалы заттардың, яғни мономердің молекулалық массасы –5000-нан төмен. Молекулалық массасы ауырлаған сайын, полимердің балқу температурасы, иілгіштігі мен беріктігі өседі де, ерігіштігі төмендейді. Полимер алудың негізгі əдістеріне: полимеризация мен шликонденсация жатады. Қанықпаған қосылыстың қос немесе үш байланыстары үзілуінің (ашылуының) нəтижесінде мономердің көптеген молекулаларынан полимер түзілу процесін – полимеризация дейді. Полимеризация нəтижесінде полимерлерден басқа қосымша зат түзілмейтіндіктен, мономер мен полимердің қарапайым құрамы бірдей болады. Яғни, полимер көп рет қайталанып келетін мономерден тұрады, ал полимердің молекулалық салмағы (массасы), реакцияға
түскен мономер молекулаларының салмағының косындысына тең
болады.
Полимеризация процесі еселік (қос үш) байланыстардың ашылуы
(үзілуі), яғни тұйық тізбектің ашық тізбекке айналуы нəтижесінде
жүреді. Тізбекті реакцияның басталуы үшін мономерлер əрекеттесетін
актив бөлшек (инициатор) болуы керек. Мысалы, сутегі переоксиді (асқын тотығы – Н2О2), бензоил.
Поликонденсация деп – мономерлерден полимер түзілуімен қатар, қосымша қарапайым заттар түзілетін процестерді айтады. Поликонденсация
жүру үшін мономерлердің екі немесе одан да көп функционалды мономер
топтары болуы керек. Поликонденсация əдісімен, мысалы фенол (С6Н5ОН)
жəне формальдегидтен (СН2О - газ, оның судағы ерітіндісі – формалин)
фенолформальдегид шайыры алынады. (С6Н5ОН)х + (СН5О)у = фенолформальдегид шайыры + Н2О.
Полимерлер температурасының өзгеруіне қарай əсер етуіне
байланысты – термопластикалы жəне термореактивті деп бөлінеді.
Термопластикалық полимерлер қыздырғанда физикалық күйін
өзгертеді де, салқындатқанда – бастапқы күйіне қайта келеді, яғни
олар қыздырғанда жұмсарады (балқиды, ал суытқанда қайтадан
қатаяды). Термореактивтік полимерлер қыздырғанда химиялық
өзгерістерге ұшырап, салқындатқанда бастапқы қалпына келмейді.
Яғни, олар бір қатайғаннан кейін, екінші рет қатаймайды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет