Полимерлі материалдар мен бұйымдар полимерлі материалдар (пластмассалар) түралы жалпы мəліметтер Полимерлер


Каучуктер, резеңкелер, пластмасса толтырғыштары



бет5/11
Дата29.04.2023
өлшемі39,18 Kb.
#175701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-дәріс. Полимерли материалдар мен бұйымдар (1)
химия дәрістер
Каучуктер, резеңкелер, пластмасса толтырғыштары

Табиғи каучуктер (гевея ағашының суб тəрізді сөлінен алынатын


жабысқақ, жұмсақ серпімді зат) көп елдерде, оның ішінде ТМД да жоқ.
Жасанды каучукты құрылымында екі қос байланыстары бар
қанықпаған көмірсутектерін (сбутадиен, бутадиен етирол, хлорпрен, т.б.) полимерлеу арқылы өндіреді. Полимерлеу – мономердің бір қос
байланысын ыдырату арқылы жүреді, ал оның екінші қос байланысы, бұл жағдайда полимер тізбегі звеносынын ортасына ауысады да, каучукті өте серпімді етеді.
Полимер звеносының ортасындағы қос байланыс мықты
болғандықтан созу күші жойылғаннан соң, ұзарған каучук қайтадан
алғашқы қалпына жақын келеді. Каучуктер линолеумдерді еден
негізіне жабыстыру (желімдеу), жапсарларды саңлаусыздандыратын
герметиктер ұзынша (погонажды) немесе мастика түрінде жасауға, басқа да полимерлерге қосып, олардың серпімдігін арттыру үшін
қолданылады.
Бірақ шикі каучук – жабысқақ, беріктігі жеткіліксіз жəне төмен
температурада – морт. Сондықтан каучук көбінесе резеңке жасау үшін
пайдаланылады. Ол үшін каучукке толтырғыштар (бор, каолин, күйе) қосып, (оны жоғары қысым мен температурада) 140-150°С күкіртпен
өңдеп, вулканизациялайды. Осылай вулканизацияланған каучукті –
резеңке дейді. Күкірт каучукгі əрекеттесіп түзу тізбекте көп жаңа
көлденең байланыстар (тармақтар) түзеді, материалдардың беріктігі
мен жылуға төзімдігін жоғарылатады. Резеңкеде каучукпен
салыстырғанда, қалдық деформация болмайды, яғни ол түскен күш
əсері тоқталған соң, алғашқы қалпына толық келеді. Резеңке линолеум
жəне еденге төсейтін плиткалар (тақтайшалар) жасау үшін
гидроизоляциялық материалдар мен жоспарларды саңылаусыздандыратын герметиктер өндіру үшін қолданылады.
Каучуктің серпімдігі деп – сыртқы күш əсерінен алғашқы
мөлшерін өзгертіп, ал күш əсер өтуін тоқтатқан соң, қайтадан қалпына
келуін айтады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет