Полимерлі материалдар мен бұйымдар полимерлі материалдар (пластмассалар) түралы жалпы мəліметтер Полимерлер


Поликонденсация əдісімен алынатын маңызды полимерлер (пластмассалар)



бет4/11
Дата29.04.2023
өлшемі39,18 Kb.
#175701
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
10-дәріс. Полимерли материалдар мен бұйымдар (1)

Поликонденсация əдісімен алынатын маңызды полимерлер
(пластмассалар)



Фенопластар – фенол мен формальдегидтердің əрекеттесуі
немесе полвиовденсация реакциясының нəтижесінде түзілген полимер (фенолформальдегид шайыры) негізінде алынатын пластмасса. Бұл
реакцияға катализатор ретінде қышқыл не сілті қатысады.
Поликонденсация процесі нəтижесінде қосымша зат ретінде су
бөлінеді, ал полимер – тұтқыр зат немесе оңай балқитын шайыр
ретінде алынады. Бұл полимер қабатталған пластиктер (қабатталған
қағаз, текстолит), желімделіп ұштастырылған (біріктірілген) ағаш
конструкциялар мен минералды мақта негізінде істелінетін бұйымдар
жасауға, т.б. материалдар өндіру үшін байланыстырғыш зат ретінде
қолданылады. Фенолформальдегидті полимері газбен толтырылған
пластмассалар алу үшін де пайдаланады. Оған бояу қосып, қабатталған
қағазды түрлі-түсті етіп шығаруға болады. Ал ағаш талшықтарын
немесе жаңқаларын қосып, ыстықтай престеу арқылы əртүрлі ағаш
талшықты немесе ағаш жаңқалы тақтайлар мен фанерлер өндіріледі.
Кремнеорганикалық полимерлер (косылыстар) немесе
полисиликондар.
Органикалық полимердің негізгі кемшілігі – олар
жоғары температураға төзімсіз. Полимерді осыған төзімді ету үшін негізгі
(түзу) тізбектегі көміртегі атомдары басқа элемент атомымен
алмастырылады. Мысалы, кремнийорганикалық полимердің құрамында
негізгі түзу – ұзын тізбекте – оттегі арқылы байланысқан кремний
атомдары, ал тармақты тізбекте – органикалық радикалдар бар:
ǀ R R R ǀ
ǀ ǀ ǀ ǀ ǀ
ǀ – SI – O – SI – O – SI – O – ǀ
ǀ ǀ ǀ ǀ ǀ
ǀ R R R ǀn

Кремнийорганикалық полимердің негізгі тізбегіндегі кремний


атомдарына қарай, полисиликондар сұйық немесе қатты күйде болады.
Кремнийорганикалық полимерлердің ерекшелігі – оларға су
жұқпайтындығында. Осыған байланысты олар кұрылыс материалдары
мен конструкцияларын атмосфера ылғал əсерінен қорғау үшін
қолданылады. Мысалы, полиорганосилоксандардың 5%-і ерітіндісі
дайын құрылыс конструкциялардың бетіне жағылса, соңғылар
5-10 жылдар бойы ылғалдан қорғалынады.
Бұл полимерлер от пен коррозиға қарсы пайдаланылатын түрлі
сыр, эмаль, көбікпластар өндіруге де қолданылады. Олардың ыстық
(350°С дейін) пен аязға төзімділігі жоғары.
Эпоксид шайырының R>3 ол көбінесе ағаш конструкциясын
желімдеп ұштастыруға жəне полимербетондарда байланыстырғыш зат
ретінде қолданылады.
12.4-кесте Полимерлі материалдардың негізгі қасиеттері

Материал

Тығыздығы,
кг/м3

Созылғандағы
беріктік шегі,
МПа

Қолдану
температура
сының шегі, °C

1. Термопласты смолалар:
жоғарғы қысымы алынған
полиэтилен

910-930

12-16

100

полистирол

1040-110

35-60

75

полиметилметакрилат

1100-1200

60-80

80

поливинилхлорид
(винипласт)

1135-1400

50-60

60

2. Термореактивті
смолалар:










фенолформальдегидті

1140-1300

12-50

100

меламинформальдегидті

1400-1550

36-92

120

полиэфирлі

1200-1250

42-48

100

эпоксидті

1100-1200

65-80

120

полисилоксанды
(кремнийорганикалық)

1600-2100

40-60

350





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет