Пленкалар – плотинаның фильтр арқылы су өткізуіне қарсы
экран (жабық) жəне су қоймаларының, суару каналдарының су
өткізбейтін жабындығы ретінде, үйлерді, ғимараттарды топырақ
ылғалынан, жерасты суларынан қорғау, қатайып жатқан бетондарды
ылғалсыздандырмау жəне қалыптарды тыстау, т.б. жұмыстарда
қолданылады.
Герметиктер – құрылыс бұйымдары мен конструкциялары өзара
қиылысқан жері ылғал жəне ауа өткізбеуі үшін пайдаланылады. Олар
мастикалы, погонажды жəне жапсырмалы болады. Мысалы,
бутилкаучукті мастика паста түрінде жапсарға өндірілгеннен соң
қатайтқыш (вулканизациялайтын) қоспаның əсеріне иілімді резеңке
сияқты зат түзеді. Погонажды: герметиктер əдетте кеуекті немесе
қуысты резеңке қоспаларынан жасалынған əртүрлі қойылымды ширақ
бұрау (пороизол), гернит т.б.). Оларды қолдану тиімді болу үшін
жапсарға ендіргенде, олардың диаметрінің 30-50% сығылуы қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |