«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет3/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1



Таным


(дүниені жалпылай бейнелеу)

Әсерлену

Дүниеге, адамдарға қатынас

Рефлексия

Мінез-құлық, іс-әрекетті басқару





Ойлау


(бейне және ой)

Эмоция, сезімдер


Ерік


Сурет – 15 (сана қызметтері, қасиеттері)


Сана адамда тек әлеуметтік байланыс орнатуда ғана дамиды. Филогенезде адам санасы дамыды, табиғатқа белсенді өзара әсер ету және еңбек әрекетін жасау жағдайында қалыптасты.

Онтогенезде бала санасы күрделі жолдармен дамиды. Бала психикасын жекелеген, дербес психика ретінде қарастыруға болмайды. Бала психикасы мен ана психикасы тұрақты байланыста болады. Пренаталды және постнаталды кезеңде бұл байланысты психикалық (сезімдік) байланыс деп санауға болады. Ана бала психикасына психофизикалық қана емес, сондай-ақ санамен өңделген адамзат ақпаратын беріп отырады. Баланың алғашқы жылуға, психологиялық қолайлылыққа т.б. деген органикалық қажеттіліктері сырттан ананың балаға деген махаббатық, сүйіспеншілік қатынасымен қанағаттандырылады. Ана балаға деген махаббатымен баланы адамзат қоғамына, адамзат мәдениетіне, адамзат санасына енгізеді. Фрейд “ана баласын сүюге үйретеді” деп атап көрсеткендей, шындығында да ана бала сезімі мен қабылдаулары үшін барлық игі жақсылықтар мен жағымсыздықтардың нағыз өзегі болып табылатындықтан, ана баласы үшін өз сүйсіспеншілігі мен махаббатқа толы өмірін арнайды.

Содан соң дамудың келесі актысы басталады, оны сананың бірінші актысы – баланың анасына идентификациясы (ұқсастырылуы) деп атауға болады, бала өзін анасының орнына қоюға, оған еліктеуге, ұқсауға тырысады. Баланың анасына ұқсауы (идентификациясы) алғашқы адамзаттық қатынас болып табылады. Ең алдымен, ана бұл жерде әлеуметтік мінез-құлықтың мәдени үлгісі, ал біз адамдар осы үлгілердің ізін басамыз. Баланың адамзат мінез-құлқы, сөйлеуі, ойлауы, санасы үлгілері және қоршаған дүниені бейнелеу, өз мінез-құлқын басқару бойынша белсенді іс-әрекет жасауы аса маңызды болып саналады.

Сананың екі қабатын бөледі (В.П.Зинченко).

І Болмыстық сана (болмыс үшін сана). Ол 1) қозғалыстардың биодинамикалық қасиеттерінен, әрекеттер тәжірибесінен; 2) сезімдік бейнелерден тұрады;

ІІ рефлективті сана (сана үшін сана): 1) маңыздан; 2) мағынадан тұрады;

Маңыз – адамның меңгеретін қоғамдық санасының мазмұны. Олар операциялық маңыз, заттық, вербалды маңыз және тұрмыстық және ғылыми маңыздар – ұғымдар болуы мүмкін.

Мағына – субъективті түсінік және ситуацияға, ақпаратқа қатынас. Түсінбеушілік маңызды ұғыну қиындықтарымен байланысты. Маңыз және мағыналардың өзара ауысу процестері (маңыздарды меңгеру және мағынасын білдіру) диалог және өзара түсінісудің құралы болып табылады. Сананың болмыстық қабатында өте күрделі міндеттер шешіледі, идея, ұғым, тұрмыстық және ғылыми білімдер (рефлективті сана) маңызбен байланыстырылады. Адамзат құндылықтарының, әсерленулері мен эмоцияларың дүниесі мағынамен (рефлективті сана) байланыстырылады.

Сананың эпицентрі өз “Менін” ұғыну болып табылады. Сана: 1) болмыста туындайды, 2) болмысты бейнелейді, 3) болмысты жасайды. Сана функциялары: 1) бейнелеуші, 2) тудырушы (шығармашылық-креативті), 3) басқарушы-бағалаушы, 4) рефлексивті – негізгі қызмет, сананы сипаттайды. Рефлексия объектісі мыналар болып табылады: 1) дүниені бейнелеу; 2) олар туралы ойлау, 3) адамның өз мінез-құлқын басқару тәсілдері; 4) рефлексия процестері; 5) өзінің жеке санасы;

Сананың даму шыңы адамға тек қоршаған дүниені бейнелеуге ғана емес, сонымен қатар осы дүниеден өз орнын ажыратып, өзінің ішкі дүниесін тануға, өзіне белгілі бір қатынаста қарауға мүмкіндік беретін өзіндік сананың қалыптасуы болып табылады. Адамның өзіне деген қатынасының өлшемі ең алдымен, өзге адамдар болып саналады. Әрбір жаңа әлеуметтік байланыс адамның өзі туралы көзқарасын өзгертіп, оны мейлінше көпқырлы, жан-жақты етеді.

Өзін ұғыну тұрақты объект ретінде ішкі тұтастықты, тұлға тұрақтылығын қамтамасыз етеді. Өзіндік сананың басты қызметі - адамның жасаған қылықтарының мотивтері мен нәтижесін түсінуге, шын мәнінде адамның қандай екендігін түсінуге, өзін бағалауға мүмкіндік беру; егер бағалау қанағатсыз болса, онда адам өзіндік жетілдірумен, өзін дамытумен айналыса алады немесе қорғану механизмдерін пайдалана отырып, ішкі жан-жалжалдарды тудыратын жағымсыз әсерлерді ығыстырады.

Өзіндік сана үшін өз бетімен болу (өзін тұлға ретінде қалыптастыру) және қиын жағдайларда өзін ұстай білу аса маңызды. Өзін-өзі жүзеге асырып, өз бетімен болу үшін бойыңдағы ұнамсыз қасиеттерді (ұялшақтық т.б.) жеңіп, өзін-өзі сынамай, таңдау жасап, шешім қабылдау керек, өз мойнына жауапкершілік алып, өзін-өзі тыңдап, өз даралығымен көріне білу қажет; өзінің ақыл-ой қабілеттерін үздіксіз дамытып, өз мүмкіндіктерін шыңдап, жүзеге асыру керек.



Өзіндік сана. Өзіндік сана психика құрылымы мен сана құрылымында айрықша орын алады. Өзіндік сана – адамның өз білімдерін, сезімдерін, мінез-құлық және іс-әрекет мотивтерін бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты және кеңестік психолог В.С.Мерлиннің пікірінше, төрт негізгі компоненттерден тұрады:

  • өзін басқа дүниелерден айыру;

  • “Менін” ұғыну;

  • өзінің психикалық қасиеттерін, эмоциялық өзіндік бағалауын ұғыну;

  • қарым-қатынас және іс-әрекет арқылы жинақталып, тәжірибе негізінде қалыптасқан әлеуметтік-адамгершілік өзіндік бағалау, өзіндік құрмет;

Қазіргі ғылымда өзіндік сананың пайда болуына түрлі көзқарастар бар. Соның ішінде өзіндік сананы адамның өзіндік түйсігіне, өзіндік қабылдауына негізделетін адамзат санасының генетикалы бастапқы түрі ретінде түсіну дәстүрлі болып табылады. Өзіндік сана ерте сәбилік шақта балада өзінің физикалық тәні, өзін айналасындағы дүниелерден айыру туралы тұтастай түсінік қалыптасқаннан-ақ пайда болады.

С.Л. Рубинштейн көзқарасы бойынша өзіндік сана – сананың дамуы нәтижесінде пайда болған сананың жоғары түрі. Сана өзіндік санадан, «Меннен» туындамайды, өзіндік сана тұлға санасының дамуы барысында пайда болады.

Психологиялық ғылымның тағы бір бағыты бойынша сыртқы дүниені ұғыну және өзіндік сана бір уақытта, бірлікте және өзара байланыста пайда болып, дамиды. “Заттық” түйсіктерді біріктіру шамасына қарай адамда сыртқы дүние туралы түсініктер жинақталады, ал өзіндік түйсіктерді біріктіру нәтижесінде адамның өз-өзі туралы түсінік қалыптасады. Өзіндік сана онтогенезінде екі негізгі кезеңді бөлуге болады: бірінші кезеңде өз тәнінің схемасы және “Мен” сезімі қалыптасады. Содан соң интеллектуалды мүмкіндіктердің жетілуіне және ұғымдық ойлаудың қалыптасуына қарай өзіндік сана рефлексивті деңгейге жетеді, адам өз өзгешелігін ұғымдық формада меңгереді. Сондықтан, жеке өзіндік сананың рефлексивті деңгейі аффективті өзіндік әсерленушілікпен іштей байланыста болады (В.П. Зинченко). Зерттеулердің көрсетуі бойынша, өзіндік түйсіну мидың оң жарты шарымен бақыланса, өзіндік сананың рефлексивті механизмдері сол жарты шармен бақыланады.

Өзіндік сана өлшемдері: 1) өзін ортадан бөліп қарау, өзін субъект ретінде ұғыну (физикалық ортадан, әлеуметтік ортадан); 2) өз белсендігін – “Менін” ұғыну, өзін басқару; 3) өзін “өзгелер” арқылы ұғыну (“Менің өзгелерден көргенім, менің де қасиетім болуы мүмкін”); 4) өзін моральды бағалау, рефлексияның болуы - өзінің ішкі тәжірибесін ұғыну;

Өзіндік сана құрылымында 4 деңгейді бөлуге болады:



  • Тікелей-сезімдік деңгей – организмдегі психосоматикалық процестерді және жеке қалауларын, ой-толғамдарын, психика күйін өзіндік түйсіну, осының нәтижесінде тұлғаның өзіндік идентификациясына жетеді.

  • Біртұтас-бейнелі, тұлғалық деңгей - өзін әрекетшіл ретінде сезіну өзіндік әсерлену, өзін-өзі жүзеге асыру ретінде көрінеді, жағымсыз және жағымды ұқсастырулар;

  • Рефлексивті, интеллектуалды-аналитикалық деңгей – тұлғаның өзінің жеке ойлау процестерін ұғынуы, осының нәтижесінде өзіндік байқау, өзін-өзі ұғыну, өзіндік талдау, өзіндік рефлексия болуы мүмкін.

  • Мақсатты- әрекетшіл деңгей – қарастырылған үш деңгейдің ішінде ерекше дейгей, бұның нәтижесінде өзіндік байқаудың, өзін-өзі ұйымдастырудың, өзіндік тәрбиенің, өзін-өзі жетілдірудің, өзін-өзі бағалаудың, өзін сынаудың, өзіндік танудың, өзін көрсетудің көптеген түрлері арқылы басқарушы - мінез-құлықтық және мотивациялық қызметтер орындалады.

Өзіндік сана құрылымының ақпаратпен толуы адам іс-әрекетінің екі механизмімен: өзін біреуге немесе бір нәрсеге ұқсастыруымен (“өзіндік идентификация”) және өз “Менін” интеллектуалды талдауымен (рефлексия және өзіндік рефлексия) байланысты.

Сонымен, адам санасының үш қабатын бөлуге болады: 1) өзіне қатынасы; 2) өзге адамдарға қатынасы; 3) өзге адамдардың өзіне қатынасын күту (атрибутивті проекция);

Рефлексивті сананың қалыптасуында қажетті әрі бірінші кезең өзіндік сана немесе өзін ұғыну болып табылады. Өзіндік сана өзін ұғыну ретінде түрлі формада өзіндік таным, өзіндік бағалау, өзіндік байқау, өзін-өзі қабылдау ретінде көрінуі мүмкін.

Адамның өзінің физикалық (тән), жан дүниелік, рухани мүмкіндіктері мен қасиеттерін, өзге адамдар арасында өз орнын тануға мақсатталуы өзіндік таным маңызын құрайды. Өзіндік таным біріншіден, өз іс-әрекетінің , өз мінез-құлқының, қарым-қатынасының нәтижесін талдауда жасалады. Екіншіден, өзгелердің өзіне деген қатынасын ұғынуда (өз іс-әрекетінің, қылықтарының, мінез нышандарының, қабілеттерінің даму деңгейін, жеке басының қасиеттерін бағалау) жасалады. Үшіншіден, өзіндік таным өзінің жай-күйлерін, ойларын өзіндік байқауда, қылықтарының түрткілерін т.б. талдауда жасалады. Өзіндік байқау іс-әрекет жасау немесе өзгелермен қарам-қатынас барысында да, одан кейін де, өткенді еске түсіруде де болуы мүмкін.



Өзіндік таным үнемі адамның өзіндік бақылауы мен өзіндік басқаруын дамытуының негізі болып табылады. Өзіндік бақылау субъектінің өз әрекеттерін, психикалық күйлерін ұғынып, бағалауда көрінеді. Өзіндік бақылау іс-әрекет, таным және қарым-қатынастың субъектісі ретіндегі адамның айрықша психологиялық механизмі болып табылады.

Өзіндік таным өзіне-өзі бағалаушы қатынаста қарау үшін, яғни өзіндік бағалау үшін де негіз болып табылады. Өзіндік бағалау – бұл өзі туралы білімдерден, адамның өзін, маңызды құндылықтары өлшемін бағалаудан тұратын өзіндік сананың компоненті.

Өзіндік бағалау адекватты (шын, объективті) және адекватты емес болуы мүмкін. Өз кезегінде, адекватты емес өзіндік бағалау төмен және жоғары болуы мүмкін. Олардың әрқайсысы адам өмірінде өзіндік ерекшелігімен көрінеді.

Жоғары бағалау және өзіндік бағалау тұлғаның мынадай ерекшеліктерінің, өзіне-өзі сенімділіктің, тәкаппарлықтың, менменшілдіктің т.б. қалыптасуына әкеп соғады. Қоршаған орта тарапынан адамды үнемі төмен бағалау және адамның өзін төмен бағалауы қорқақтық, жасқаншақтық, өз күшіне сенбеушілік, ұялшақтық т.б. қасиеттерді қалыптастырады. Адекватты бағалау және өзіндік бағалау қолайлы эмоциялық күйді қамтамасыз етіп, іс-әрекетті арттырады, адам бойында қойылған мақсатқа жетуде сенімділікті ұялатады.



Өзіндік сананың функционалды құрылымы

Өзін-өзі тану



Өзіндік қатынас

Өзін-өзі басқару

Өзін-өзі бағалау



Мінез-құлықты басқару

Өзін-өзі бақылау

Сурет – 16 Өзіндік сана құрылымы
Өзіндік сана адамның талаптану деңгейімен тығыз байланысты. Талаптану деңгейі адам алдына мақсат, міндеттерді қою қиындықтары дәрежесінде көрінеді. Осыған орай, талаптану деңгейін адамның өзіндік бағалауының өзге адамдармен іс-әрекеті және қарым-қатынасында жүзеге асуы ретінде қарастыруға болады.

Адамның өзіндік танымының нәтижесі оның өзі туралы немесе “Мен бейнесін” жасауы болып табылады. “Мен бейнесі” индивидтің өзіне деген қатынасын анықтайды, өзге адамдармен өзара қатынас орнатудың негізі болып табылады. “Меннің” жалпы интегралды өлшемі тұлғаның өзіндік қабылдау және өзіндік құрметі. Өзіндік құрмет тұлғаның құндылық-мағыналы бағыттарымен байланысты; ол өзіндік сана құрылымына кіреді. Адамзаттың жеке басы мен даралығы адамның өзін-өзі қабылдауын, өз қабілеттерін, мінез нышандарын, өзге адамдар арасында өз орнын дұрыс бағалауы жағдайында ғана ойдағыдай, сәтті қалыптасады.

Америка психологы У. Джеймс адамның өзіндік құрметіне байланысты формуланы ұсынды.

Өзіндік құрмет = _____________________Табыс___________

Талаптану

Психологиялық зерттеулер ұйғарымы бойынша өзіндік құрмет субъектінің талаптану деңгейіне және іс-әрекет табыстылығы мен сәтсіздігіне байланысты. Талаптану деңгейі жоғары болған сайын, оларды қанағаттандыру анағұрлым қиын және өзіндік құрмет деңгейі төмендеуі ықтимал. Өз кезегінде іс-әрекет табыстылығы адамның өзіндік құрметін жоғарылатады.



Мотивация



Мінез-құлықты басқару

Қоршаған ортаға қатынасты басқару

Мақсатқа сәйкестілік

Өзіндік дамуды басқару

Қоршаған ортамен өзара әрекеттесуді басқару

Өзіндік бақылау



Сурет – 17 Столин В.В. бойынша сана қызметтері
Бейсаналық” ұғымы. Сана адам психикасында маңызды роль алғанымен, барлық психикалық өмірді қамти алмайды. Сана адамның ішкі дүниесінде өтетін процестердің басым бөлігін ұғына бермейді. Ұғынылмайтын психикалық процестер, операциялар және күйлер психикалық дүниенің айрықша сферасын құрайды және ол бейсаналық (санадан тыс) деп аталады. Психиканың бейсаналық деңгейінде субъект жасайтын әрекетті ерікті бақылау, олардың нәтижесін бағалау мүмкін емес.

Субъект санасында көрінбейтін психикалық процестер, операциялар және күйлердің жиынтығы ретіндегі бейсаналық (санадан тыс құбылыстар) туралы түсініктерді алғаш рет ХVІІІ ғ. неміс философы Г.В.Лейбниц тұжырымдады. Психологияда бейсаналық тұжырымдамалары ХХ ғ. басында З.Фрейд еңбектерінде кең дамыды.

З. Фрейд психика құрылымының деңгейлері сана және бейсаналық туралы түсініктерді алғаш рет енгізді. Қазіргі терминологияда бұл түсініктерді келесідей сипаттауға болады:


  1. бейсаналық – орындалмайтын құштарлықтарды ығыстыру механизмдері негізінде жасалатын психикалық дүниенің мазмұнының санаға бармауы;

  2. астар саналық – психоанализ техникалары көмегімен ұғынылуы мүмкін эмоцияға толы еске түсірулер;

  3. санаға дейінгі – қажет кезінде оңай ұғынылатын психикалық дүние мазмұны, мысалы автоматты әрекеттер жасау;

  4. сана – ерікті басқаруға бағынатын психиканың рефлексивті мазмұны;

Бейсаналық құрылымы. Қазіргі психологиялық ғылымда барлық ұғынылмайтын процестер мен күйлерді үш үлкен топтарға бөлуге болады: 1) саналы әрекеттердің ұғынылмайтын механизмдері; 2) саналы әрекеттердің ұғынылмаған ниеттенулері; 3) сана үсті процестер.

Кесте - 10



Сана және бейсаналық ерекшеліктері


Сана

Бейсаналық

Сана – сана қоғамдық – тарихи жан иесі ретіндегі адамға ғана тән психикалық бейнелеудің және өзіндік бақылаудың жоғары деңгейі.

Сана бізді қоршаған дүние туралы білімдер жиынтығынан тұрады.

Сана адамда тек әлеуметтік байланыс орнатуда ғана дамиды


Сананың қатысуынсыз “өздігімен” жасалатын әрекеттер немесе актылердің ұғынылмаған автоматизмдері.

Субъект санасында көрінбейтін психикалық процестер, операциялар және күйлердің жиынтығы

Бейсаналық түс көруде көрінеді.

Автоматталған қозғалыстарда байқалады.

Тітіркендіргіштерге реакциядан көрінеді.




5. Психоанализде бейсаналық мәселесі
Психоанализдің негізін қалаған австрияның дәрігер-психоневрологы З.Фрейд (1856-1939). З. Фрейд психикалық бұзылыстарға ұшыраған ауруларды емдеумен айналыса отырып, олардың симптомдарын нервтік процесс динамикасымен түсіндіруге тырысты. Алайда, дәрігер-невропатолог тәжірибесі невротикалық құбылыстарды түсіндіру үшін оны физиологиялық тұрғыда қарау жеткіліксіз екендігін көрсетіп, адам психикасында болып жатқан терең процестерді зерттеу қажеттігі туындады. Сол кезеңде үстемдік еткен сана психологиясының терең процестерді зерттеуге күші жетпеді. Сондықтан да, Фрейд өзінің адамның жан дүниесін талдайтын бірегей жүйесін жасап, оны психоанализ деп атады.

“Психоанализ” терминінің үш мәні бар: 1 – тұлға теориясы және психопатология; 2 – жекелік бұзылыстарды емдеу әдісі; 3 – адамның ұғынылмайтын ойлары мен сезімдерін зерттеу әдістері;



Фрейд психикалық дүниені үш деңгейге бөлді: сана, астар сана және бейсана. Сана деңгейі дәл осы сәтте сезінетін түйсінулер мен ой-толғаныстар. Сана мида сақталатын барлық ақпараттардың аз ғана бөлігін қамтиды және де белгілі бір ақпарат қысқа уақытта ұғынылып, адам зейіні өзге сигналдарға ауысқан кезеңде астар сана және бейсаналық деңгейге енеді.

Астар сана аймағы нақ осы сәтте сезінілмейтін тәжірибелердің барлығын қамтиды, алайда ол санаға спонтанды түрде немесе аздап күш жұмсау нәтижесінде оралуы мүмкін. Адам психикасының ең терең, маңызды аймағы – бейсаналық.

Бейсаналық аймақ инстинктивті ниет-тілектер мен эмоциялардан, еске түсірулерден тұрады. Бейсаналық аймақ адамның күнделікті қызметін анықтайды, бірақ адам ол әрекеттерді саналы түрде меңгермейді.

Бейсаналық әрекет адамның жан дүниесінде санадан тыс атқарылатын әрекет. Бейсаналық әрекеттерге адам мән бере қоймайды, қашан қалай болғаны жөнінде нақтылы айта алмайды (мысалы, адамның ой жүгіртпей істейтін дағдылы әрекеттері, мәселенің шешімін кенеттен табу, түс көру т.б.).

Көптеген жылдар бойғы клиникалық байқауларының негізінде Фрейд адам психикасын үш құрылымға, деңгейге бөліп қарастыратын психологиялық концепциясын тұжырымдады: «Id», «Ego», «Superego» (психикалық дүниенің құрылымдық моделі).

«Id» – бұл санадан тыс болатын құбылыстар. Ол биологиялық туа біткен инстинктивті құштарлықтар (сексуалды «эрос» немесе «либидо» және агрессивті), өмірдегі маңызды қажеттіліктерден тұрады. “Ид” сексуалды энергия – “либидо” ынтығуға толы. Адам тұйықталған энергетикалық жүйе. Ол үнемі осы құштарлық, қажеттіліктерді қанағаттандыруды талап етіп, адамның психикалық белсендігін санадан тыс итермелеп, қанағаттану принципіне бағынады, яғни ләззат алу өмірдегі басты мақсат болып табылады. Мінез-құлықтың екінші принципі – гомеостаз ішкі теңбе-теңдікті сақтау тенденциясы «Ego» (сана) болып табылады. Сана адамның жасаған әрекет-қылықтарын саналы меңгеріп, өз мінез-құлқына баға беріп отырады. “Эго” деңгейі үнемі «Id» дейгейімен конфликтіге түсіп, сексуалды ынтығуларды басып отырады. «Ego» (сана) деңгейі қоғамның ықпалымен қалыптасады. Оған үш түрлі күш: «Id», «Ego» және қоғам әсер етеді, сөйтіп, адамға өз талаптарын қояды. “Эго” (мен) олардың арасында үйлесім (гармония) орнатуға тырысып, қанағаттану принципіне емес, “реалдық” принципіне бағынады. Ол “Ид” тілектерін сыртқы дүние, қоғамда қалыптасқан ережелерге, тәртіп, шектеулерге сай қанағаттандыруға тырысады, яғни организм қауіпсіздігін қамтамасыз етеді, шешімді талдап, талқыға салып қабылдайды.

«Superego» (суперэго) – бұл адамға жаман мен жақсыны, адамгершілік немесе өнегесіздікті айыруға мүмкіндік беретін құндылықтар мен нормалар жүйесінен тұрады. Оны қалыптастыратын негіздер – ата-аналар, оқытушы, тәрбиешілер, әдебиет, өнер шығармалары, адамның қоғамда жасайтын қарым-қатынастары. Фрейд Суперэгоны екі жүйеге бөледі: ар-ұждан және Эго-идеал. Ар-ұждан өзін сынап, өзін бағалау қабілеті, моральды тыйымдардың болуы; жасау керек істі істемегенде адамда кінәлі сезімнің пайда болуы. Эго-идеал белгілі бір нәрсені ата-ананың немесе адамның өзінің мақұлдап, жоғары бағалауы. Эго-идеал адамды өзі үшін жоғары стандартқа жетуіне итермелейді.

Суперэго ата-аналар бақылауы өзіндік бақылауға ауысқанда толық қалыптасты деп саналады. Демек, бұл өзіндік бақылау принципі реалдық принципін мақсат тұтпайды. Суперэго “Идтің” “келеңсіз тілектерін” басуға тырысып, адам ойының, сөзінің және қылықтарының жетілуіне жетелейді және ар-ұждан нормаларын бұзған адамды рухани, физикалық жазалап, азапқа түсіреді.

“Суперэго” “Ид” инстинктілерін өткізбегенде бұл инстинкт энергиялары сублимацияланады, трансформацияланады және қоғам мен адам үшін қолайлы іс-әрекет (шығармашылық, өнер, қоғамдық белсендік, еңбек іс-әрекеті, түс, қате жаңылыстар, басылған, тыйым салынған тілектер) түрлерінің энергияларының қоғамда қабылданған іс-әрекет түрлеріне ауысуы. Егер “либидо” энергияларының шығу амалы болмаса, онда адам психикалық ауруларға, невроз, истерия, қамығуға ұшырайды. “Эго” және “Ид” арасындағы конфликтілерден қорғану үшін психологиялық қорғану механизмдерінің құралдары қолданылады. Қорғану мінез-құлқы адамға шеше алмайтын проблемалардан қорғануға, қауіпті жағдайлардан (жақын адамын жоғалту, өзгелердің өзіне деген махаббатынан айрылу, сүйіспеншілікті жоғалту) қорықпауға, кейде бұл қауіптерді өзгертуге мүмкіндік береді.



К. Г. Юнгтың аналитикалық психологиясы

Карл Густав Юнг (1875-1961) швейцарияның танымал психологы, психиатры және философы.

З. Фрейд, А. Адлер және т.б. қатар Юнг тұлға психикасының терең деңгейлерін зерттейтін тереңдік психологияның негізін қалаушылардың бірі болып табылады. Тереңдік психологияны ынтығулар мен басқа да мотивациялық тенденциялар құрайды, олардың арасында бейсаналық мотивтер басты рөл атқарады, жалпы бейсаналық адамзат психикасының жоғарғы “қабатында” қызмет етіп, психикалық процестерге қарсы қойылады. Юнг өзінің бейсаналық теориясында көбіне Фрейд жолын жалғастырады.

Ең алдымен Юнг энергетикалық және қарама-қайшы жүйе - көпдеңгейлі психикаға фрейдтік көзқарасты дамытады. Бірақ, ғалым либидоның пансексуалистік теориясымен келіспейді, оның ойынша тұлға негізі мен оның қайшылықтарының қайнар көзі жыныстық ынтығу емес, тек соматикалық, дене сферасына ғана байланысты емес кез келген қажеттілік ретіндегі психикалық энергия. Либидоның мұндай өте кең, десексуалды ұғымын Фрейд қабылдамайды. Сөйтіп, 1913 жылы Фрейд және К.Юнг арасында қарым-қатынас үзіледі.

Юнг фрейдизмге деген көзқарасынан айнып, өзінің “аналитикалық психология” деп аталатын теориясын жасады. Ол өзінің идеяларымен тек психиатрия және психологияға ғана емес, сондай-ақ антропология, этнология, діннің салыстырмалы тарихы, педагогика, әдебиетке зор ықпалын тигізді.

Юнг аналитикалық психологияның авторы және трансперсоналды психологияның негізін салушылардың бірі болып табылады. Оның психологияның дамуына қосқан үлесі шексіз.

Юнг тұлға құрылымын үш компонентпен қарастырды.

Юнг бойынша психика құрылымы төмендегідей:

1) сана – ЭГО – Мен;

2) даралық бейсаналық – “Ол”;

3) «психикалық алғашқы бейнелер немесе архетиптерден тұратын “ұжымдық бейсаналық».

К. Юнг бейсаналыққа және оның динамикасына баса назар аударды, Юнг бейсаналықты адамды барша адамзатпен, табиғатпен және ғарышпен байланыстыратын шығармашылық, ақылды ұстаным деп санады.

Юнгтың адам психикасындағы сана және бейсаналық құрылымын қалай түсіндіргендігін толығырақ (сызба түрінде) қарастырайық:



1. Сана Қабылдау Эмоция

Ойлау Интуиция

Ерік Құштарлық

Түс көру


2. Жеке бейсаналық

  1. Сана дейгейіне жетпеген, қарқындылығы аз сыртқы орта ақпараты.

  2. Қарқындылығын жоғалтқан және ұмытылған мазмұн.

  3. Туа біткен биологиялық инстинкттер және ниеттенулер.

  4. “Бейсаналық комплекстерді” құрайтын санадан ығыстырылған, басылған тілектер, ойлар, әсерленулер.

3. Ұжымдық бейсаналық

Архетиптер қамтамасыз етеді:



  1. Белгілі бір типтегі мінез-құлыққа бейімділікті.

  2. Белгілі бір дәуірдегі, “дәуір рухындағы” адамзаттың ұжымдық идеяларын.

  3. Сыртқы физикалық дүние, табиғат, ғарыш әсер етеді.

Юнг, адам санасында келесі компоненттердің көрінетіндігін айтты:

Бірінші компонент қабылдау. Адам көреді, естиді, дүниені сезеді, сөйтіп оны ұғынады. Қабылдау бізге әлдебір нәрсенің бар екендігін білдіреді, бірақ оның не екендігін бейнелемейді. Ол туралы әлдебір нәрсенің нендей болып келетіндігін түсінуге мүмкіндік беретін ес және ойлау қызметінің процесі апперцепция білдіреді. Сананың екінші компоненті – бұл ойлау. Алайда, ақпаратты толық талдамастан, біз жағымды және жағымсыз сипаттағы эмоциялық реакцияларды, яғни адамзат санасының міндетті компоненті (3-ші компонент) сезімдік, эмоциялық бағалауды сезінеміз. Сезіп қою, интуиция - психиканың негізгі қызметтерінің бірі және де адам интуитивті сезіп қойғандығын ұғына алады (сананың 4-ші компоненті).

Юнг адамда сана компоненттерінің қайсыбірінің басымдылығына қарай және адамның ақпараттарды алуда және өңдеуде ең алдымен қайсы компонентке сүйенетіндігіне қарай адамдар типтерін бөлді: ойшыл тип – немесе эмоциялық тип, түйсінуші тип (ең алдымен өзінің шын қабылдауына сүйенеді) – немесе интуитивті тип (алдын ала сезулеріне және интуициясына сүйенеді), сондай-ақ ерікті рационалды тип (адамда ерік процесі басым – бұл сананың 5-ші компоненті, ерік процесі ойлаумен бағытталған импульстер, олар адамға өзінің қабылдаған нақты шешімі негізінде әрекет жасауға мүмкіндік береді) – немесе адамда сананың 6-шы компоненті құштарлық процесі басым боп келеді, құштарлық адамды өзі қабылдаған шешімдері мен әрекеттерін бірнеше өзгертуге итермелейді. Мұндай типтегі адамдарды қабылдаушы, иррационалды, стихиялық тип деп атауға болады.

Түс көру – сананың спецификалық компоненті, Юнгтың айтуынша бұл “санаға басып енген бейсаналы процестер”. “Түс көруде сана деңгейі айтарлықтай шектеулі күйде болады, бірақ толығымен жойылып кетпейді, сол сияқты сергектік кезінде де бейсаналық жоғалмайды. Біздің саналы ниет, әрекеттеріміз көбіне бейсаналық процестермен сызылып тасталынып отырады (мысалы, түсіндірмелер, қателер – “Түсіндірме – шындықты шығарады”).

Юнг әдетте санада жасалатын кез келген жұмыстар, тіпті интеллекетуалды іс-әрекеттер (мысалы шешім іздеу бейсаналы, түс көруде жүзеге асырылуы мүмкін) бейсаналы деңгейде өтуі мүмкін деп пайымдайды.

Юнг адам психикасының бейсаналық бөлігі адамның маңызды ақпараттық және шығармашылық негізі болып табылатындығын, бейсаналықтың санаға қарағанда айтарлықтай көп ақпарат сақтайтындығын және бейсаналықтың адамды сыртқы дүниемен, табиғатпен, ғарышпен байланыстырушы бөлім екендігін көрсетеді.

Қазіргі зерттеулер Юнгтың дұрыстығын мақұлдады: әрбір секундтта адам сыртқы ортадан және ғарыштан миллиард битке жуық ақпарат қабылдайды екен, бірақ адам бір секунд ішінде 16 бит ақпаратты ғана түйсініп, сезе алады, ал қалған ақпараттар бейсаналлыққа түседі екен. Сондықтан да психиканың бейсаналық бөлігі санаға қарағанда ақпаратқа анағұрлым бай және ол сыртқы дүниемен, табиғатпен, адамдармен, ғарышпен тығыз байланысты.



Сонымен қатар, психиканың бейсаналық бөлімінде санадан ығыстырылған ойлар, сезімдер, тілектер және адамның қаламайтын, ойлағысы келмейтін оқиғалар сақталады. Юнг бейсаналық динамикасын зерттей отырып, функционалды бірлікті ашып, “комплекстер” атауын қолданды. Комплекстер – қандай да бір тақырып төңірегімен және ассоциацияланатын белгілі бір сезімдермен бірігетін психикалық элементтер (идея, пікір, қарым-қатынас, сенім) жиынтығы.

«Комплекстер» – белгілі бір автономиясы бар, саналы ниеттермен қарсыласа алатын, ойына келгенін, қалағанын істеуде пайда болып, не жоғалып кететін айрықша аффективті мазмұн, оларда сана тұрғысынан бақылау болмайды. Комплекстер дау-жанжалдың, естен танудың, күйзелістің, қолайсыздықтың салдары болып табылады. Олар құтылмайтын еске түсірулерден, тілектерден, қорғанулардан, міндеттерден, ойлардан тұратындықтан, олар үнемі біздің саналы дүниемізге араласып, кедергі келтіріп, зиян тигізеді.

Юнг пікірінше, комплекстер “жан дүниенің басты орны” болып табылады, олар жаңа талпынысқа күш береді, “зарарлы тоқыраудың” пайда болуына жол бермейді, бір жағынан “комплекс адамның жеңуге келмейтін зақымға төзімділігін де көрсетеді”. Комлекстер қандай да бір симптомдар (психологиялық және мінез-құлықтық оғаштықтар мен бұзылыстар, дененің нашар күйі және аурулар) түрінде көрінеді.

Жекелеген симптомдарды, яғни осы симптомдардың алғашқы себебі – комплекстерді жоймай, адамға көмек көрсету қиынға соғады.



Юнг комплекстерді жеке бейсаналықтың биологиялық себептелген аймағынан қарап, оны “архетиптер” деп атады. Әрбір комплекс ядросында архетиптік элементтер физикалық ортаның түрлі аспектілерімен ұштасады. Алғашқыда ғалым осы көрінетін архетипті белгілі бір типтегі мінез-құлыққа бейімділікті жасайтын белгі деп санады. Кейін әдеттен тыс үйлесімді, синхронды оқиғаларды зерттей келе, архетиптер қалай да болмасын біздің физикалық дүниемізге әсер етеді деген қорытындыға келеді. Олар материя мен психика арасындағы байланыстырушы бөлім болғандықтан, ғалым оларды психоидтар деп атады. Юнг барлық жеке бейсаналықпен қатар ұжымдық, нәсілдік бейсаналықтың да болатындығын тұжырымдады.

Ұжымдық бейсаналық және архетиптер

Ұжымдық бейсаналық – жеке бейсаналыққа қарағанда барлық адамда ұқсас, барлық адамзат үшін ортақ, сондықтан да әр адамның жан дүниесінің жалпы негізін құрайды. Ұжымдық бейсаналық – психиканың өте терең деңгейі. Юнг оны филогенетикалық тәжірибенің нәтижесі және психиканың априорлық түрі, сондай-ақ ұжымдық идея, бейне, адамзат елестерінің жиынтығы, “дәуір рухын” білдіретін кең таралған мифологема дәуірі ретінде қарастырады.

Ұжымдық бейсаналық – бұл “адамзаттың жасаған өмірінің рухани мұрасы”, бұл “уақыттық шегі жоқ ортақ жан”, бұл жеке психиканың негізі. Ұжымдық бейсаналық - әрбір жеке толқынның теңіздің алғышарты болғаны тәрізді әрбір жекелік психиканың алғышарты”. Ұжымдық бейсаналық архетиптер жиынтығын құрайды.

Юнг пікірінше, архетиптер – бұл “саналы жанның іргесінде бүркелген психикалық бейнелер, бұл біруақытта бейне, әрі эмоция болып табылатын бағыт жүйесі. Архетиптер тұқым қуалау бойынша ми құрылымымен беріледі. Бір жағынан, олар өте күшті инстинктивті қате ұғымды қалыптастырса, екінші жағынан – инстинктивті бейімделу процесінде ықпалды сүйеу болып табылады. Архетиптер жанның бір бөлігін, яғни жанның табиғатпен байланысын көрсетеді. Бұдан жанның жермен, дүниемен байланысы айқын аңғарылады.

Архетиптер бір жағынан белгілі типтегі мінез-құлыққа бейімділікті, екінші жағынан ұжымдық идеяларды, бейнелерді, әр дәуірдегі адамзат теорияларын қамтамасыз етеді, “дәуір рухын” білдіре отырып, аңыздарда, ертегілерде, өнерде көрінеді.

Барлық күшті идеялар мен адамзат түсініктері архетипке саяды (бұл діни, ғылыми, философиялық, моральды түсініктер).

“Ұжымдық бейсаналық мидың әрбір жеке құрылымында туындаған үлкен рухани мұра. Бейсаналық жанды қозғалысқа әкелетін күштің қайнар көзі, ал олардың барлығын басқаратын оның формалары мен категориялары – бұл архетиптер”, - деп жазады Юнг.

Халық мифтері – бұл ұжымдық бейсаналық көрінісі, проекциясы. Сондықтан ұжымдық бейсаналықты екі жолмен: мифологиялық зерттеу арқылы және адам психикасын талдау жолымен (“аналитикалық психология”) зерттеуге болады.

Мифтерді зерттеу олардың қандай да бір физикалық, психикалық және өмірлік ситуациялардан тұратындығын көрсетті. Бірақ мұнда бейне ретінде есте қалатын физикалық құбылыстар емес, есте қалатыны осы физикалық құбылыстар тудыратын эмоциялық, аффективті қиялдар. Сыртқы физикалық жағдайлар (мысалы, күн мен түннің алмасуы, күннің күркіреуі, дауыл т.б.) аффективті қиялдар тудырады. Сыртқы психологиялық жағдайлар мысалы, қауіпті жағдайлар, эмоция және аффективті қиялдар (фантазия) туғызады, бұл әдеттегі жағдайлар болғандықтан нәтижесінде мифтерде, өнерде бейнеленетін архетиптер жасалады. Әдеттегі және мәңгі қайталанатын адамзат өміріндегі шындықтар күшті архетиптерді – “Ана”, “Әке”, “Әйел” және т.с.с. архетиптерді жасайды.

“Ана бейнесі архетиптік әсерленулерді білдіреді, ана бейсаналық деңгейде бастапқыда нақты тұлға ретінде қабылданбайды, ол өткен өмірдегі барлық аналардың жалпы бейнесі ретінде жеке және саналы өмір ағымында адамның анаға, әйелге, қоғамға, сезімге деген қатынасын бейнелейтін құдыретті бейнесі ретінде қабылданады. Алайда, көптеген ерлер өзіне әйелді анасына ұқсайтындығына немесе керісінше ұқсамайтындығына негізделе отырып, саналы түрде таңдамайды.

Әке де баланың жан дүниесіндегі құдыретті архетип. Әке архетипі - өткен өмірдегі барлық әкелердің жалпы бейнесі, бұл архетип адамның ерлерге, заңға, мемлекетке, ақылға қатынасын анықтайды, алғашында Әке архетипі Құдай, билік, күрес, көмектесуге немесе зиян келтіруге дайын барлық стихиялық күштердің бейнесі болуы мүмкін”. Балалық шақта бейсаналық байланыс, балалардың ата-аналарымен бірлігі өте айқын байқалады, кейін бұл бейсаналық бірлік әлсірейді, бірақ толық жоғалып кетпейді, ал ересектік шақта адамда өзге адаммен жаңа жеке бейсаналық байланыс – ата-аналарымен байланыс орнына сүйікті адаммен қарым-қатынас жасалады. Ерлерде әйел архетипі – Анима, әйелдерде ерлер архетипі – Анимус көрінеді. Әйелдер архетипі – “Анима” – мыңдаған жылдар бойы ерлер иеленген әйелдердің сезімдік бейнесі. Ерлер архетипі – “Анимус” – бұл ерлер бейнесі, ер жігіттің немесе жендеттің сезімдік бейнесі.

Сонымен, Анима ерлерде әйелдің ішкі бейнесін, оның бейсаналы әйелдік жағын, ал Анимус - әйелде ерлердің ішкі бейнесін, оның бейсаналы ерлер жағын бейнелейді.

Юнг үшін психотерапиялық практика талдауы көптеген адамдардың түсінде, сандырақ қиялында мифологиялық, фольклорлы сюжеттермен, тіпті ежелгі ғарыштық идеялармен белгілі бір ұқсастықтардың болатындығын көрсетті. Алайда адам бұл мифтерді, идеяларды білмеуі де, оларды танымауы да мүмкін. Бірақ архетип бұл ертегі, миф т.б. ерекшеленеді. Ол сана және қабылдаудың өзгеруіне қарай бейсаналы мазмұннан тұрады: ол жеке сананың ықпалынан өзгертіліп, ауыстырылып отырады. Архетипті “өзен арнасымен” бейнелеуге болады, ол “өзен арнасы” тәрізді жалпы бағыт береді.

Архетиптер адам үшін түрлі символдар түрінде – түс көруде, психикалық бұзылыстарда, ғылыми және көркемдік шығармашылықтарда т.б. көрініс табады

Юнг шығармашылық үрдістің интровертивті және экстравертивті түрлерін бөледі. Ғалымның айтуынша, интровертивті бағыт субъектінің және оның саналы ниеттері мен мақсаттарының объект мақсаттарын пайымдауымен сипатталады, экстравертивті бағыт керісінше, субъектінің объект талаптарына бағынуымен сипатталады. Нақ осы экстравертивті бағыт Юнг бойынша шығармашылық проблемасында, ойлауда көрінеді.

Ұжымдық бейсаналықта архетиптер саны шексіз болуы мүмкін. Алайда Юнгтың теориялық жүйесінде персона, анима, анимус, көлеңке және өздік ұғымдарына айрықша назар аударылады.

Персона (латын сөзінен – “бет перде”) – адамның көпшілік алдындағы бет жүзі және адамдармен қарым-қатынастарда өзін көрсетуі, оның әлеуметтік талаптарға сай атқаратын әлеуметтік рольдері. Персона өзгелерге әсер қалдыру мақсатын және өзгелерден өзінің шынайы жан дүниесін жасыру. Архетип ретіндегі персона күнделікті өмірде өзгелермен тіл табысып, тату болуға қажет.

Көлеңке” архетипі тұлғаның жабырқаңқы, көлеңкелі, қадірсіз және хайуандық жақтарын бейнелейді, әлеуметтік қолайсыз сексуалды және агрессивті (сотқар) импульстерден, аморальды ойлар мен құмарлықтардан тұрады. Дегенмен де, Көлеңкенің жағымды жақтары да бар. Юнг Көлеңкені өмірдегі күш-қуаттың, адам өміріндегі шығармашылық бастаудың қайнар көзі деп қарастырады. Юнг сана қызметі – ЭГО көлеңке энергиясын қажетті арнаға бағыттаудан, өзінің шынайы болмысының зиянды жақтарын өзгелермен үйлесімді өмір сүру үшін жүгендеуден, сонымен қатар, өзінің импульстерін ашық білдіріп, салауатты және шығармашылық өмірінен рахат алудан тұрады деп санайды.



Өздік (самость) Юнг теориясындағы аса маңызды архетип. Ол айналасындағы барлық өзге элементтердің ұйымдасып, бірігетін тұлғаның өзегі болып табылады.

Юнг архетипті тұлға меңгергендіктен ол тұлғаның жеке басында да және сыртқы дүниесінде де болады деп ұйғарады. Сырттан меңгерілген және бағытталған архетип бөлігі “персонаны” (“бет пердені”) құрайды, индивидтің ішкі дүниесіне айналған архетип – бұл “көлеңке”, (“көлеңке” туа біткен сипатта болады: егер “бет пердені” алып тастасақ, онда біз комплекстер мен симптомдарда көрінетін “көлеңкені” көреміз). Юнг ойынша, бейсаналық (ұжымдық және жеке) пен сананың түрлі деңгейлерінің барлығы психиканың өзара байланысқан жүйесін: “Мен”, Бет перде (Персона), Көлеңке, әйел және ерлер бейнесі (Анима, Анимус) т.б. құрайды. Оларды Өздік (самость) біріктіруге бейімдейді. Жанның барлық аспектілері бірлікке жеткенде адам бірлікті, үйлесімділік пен тұтастықты сезінеді. Сондықтан, Юнг түсінігінше, өздікті (самость) дамыту – бұл адам өмірінің басты мақсаты. Бірақ жанның барлық бөліктерінің үйлесімі – күрделі процесс. Жеке тұлғалық құрылымдардың шын теңдігіне жету күрделі, тіпті мүмкін емес, бұған орта жастан кешікпей жету қажет. Оның үстіне Өздік (самость) архетипі жанның барлық (саналы және бейсаналы) аспектілерінің бірігуі мен үйлесімі орнамайынша жүзеге аспайды. Сондықтан да, кемеліне келген “Менге” жету тұрақтылықты, табандылықты, интеллект пен үлкен өмірлік тәжірибені талап етеді. Юнг бойынша, ақырғы өмірлік мақсат – бұл “Меннің” толық іске асуы, яғни бірлескен, қайталанбас және біртұтас адамның қалыптасуы. Әрбір адамның осы бағытта дамуы өте сирек және ол өмір бойы жалғасып, индивидуация деп аталатын процестен тұрады. Индивидуация көптеген қарама-қайшы ішкі жеке тұлғалық қайшылықтардың және тенденциялардың бірігуі, тұлғаның барлық элементтерінің толық дамуы және көрінуі барысында жүреді.

“Өздік” архетипі тұлғаның орталығы болып қалыптасады және тұлға құрамына кіретін көптеген қарама-қайшы қасиеттерді теңдестіреді. Индивидуацияның жүзеге асуының нәтижесі өзін жүзеге асыру болып табылады, алайда тұлғаның дамуының бұл ақырғы кезеңіне жеткілікті икемі бар жоғары білімді және қабілетті адамдар жете алады.

Адамның жеке бейсаналығын “бейсаналы комплекстер” арқылы - психикалық мазмұнның жиынтығымен, - күштенген эмоциялармен, бір ғана аффектпен тануға болады. Комплекстер симптомдар арқылы көрінеді, ал сипмтомдар жиынтығы синдромды түзеді (мысалы, қорқыныш, агрессия).

Олай болса, комплекстерді тұтастай түзету қажет, бейсаналықтан эмоциялы күштенген “комплексті” шығару керек, оны қайта ұғынып, эмоциялық белгісін өзгертіп, аффект бағытын өзгерту қажет, яғни – симптомды емес, “комплекс” негізінде жатқан аффектті жою керек.

Юнг “жалпы бейсаналықтағы болмыс бірлігі” заңын ашты: егер екі адамда бір мезгілде бірдей комплекс көрінсе, онда олардың арасында тартымдылық пен жиіркенушілікті тудыратын эмоциялық проекция пайда болады, яғни бұл комплекске қалай қарасаңыз, сол адамға да сондай қатынаспен қарай бастайсыз.

Юнг мұндай бейсаналық проекция, байланыс ата-ана мен бала арасында да болады: мысалы, әке өзін баласына ұқсастырып, баласының мамандық таңдауы немесе үйленері кезінде өзінің әкелік парыздарын орындауына мәжбүр етеді; немесе бала өзін әкесіне ұқсастырып, анасы мен әкесі арасындағы тығыз бейсаналы байланыстың болуын тілейді, - деп ұйғарады.

Юнг уақыты мен кеңістігі бойынша ерекшеленетін оқиғалардың тура келетіндігін білдіретін аказуалды байланыстырушы принципі ұғымын енгізді. Ғалымның айтуынша, синхрондылық белгілі бір психикалық күй бір мезгілде бір немесе бірнеше сыртқы жағдайларда орын алғанда күшіне енеді. Синхронды байланысқан оқиғалар арасында себептік байланыстар болмаса да тақырыптық тұрғыдан айқын ара қатыста болады. Мысалы, сіз көптен көрмеген адам туралы ойлайсыз, сол адамыңыз сіздің алдыңызда күтпеген жағдайда пайда болады немесе сізге алыстан қоңырау шалады немесе сіз қорқыныштан мазасыздану күйіне түсесіз, осы мезгілде сіз сәтсіз оқиғаға т.б. тап боласыз.

“Синхрондық” құбылыстың мұндай мүмкіншіліктері – адамның бейсаналық байланыстарының өзге адамдармен, ұжымдық бейсаналық архетиптерімен, физикалық дүниемен және адамзат пен ғарыштың ақпараттық өрісімен, өткен, қазіргі және болашақ оқиғалармен болуы (радугин А.А. Психология. Учебное пособие для высших учебных заведений. М., 2003. с-57-62).



Юнгтың ұжымдық бейсаналық, адамның барлық адамзатпен, дүниемен, ғарышпен бейсаналық бірлігі туралы жаңашыл идеялары өз жалғасын тауып, даму үстінде және трансперсоналды психологияның қазіргі зерттеулерінде дәлелденіп, расталуда.

Дәріс № 4

Тақырып: Іс-әрекет психологиясы.

Сағат: 1
Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.



Жоспар:

  1. Іс-әрекет туралы ұғым. Іс-әрекеттің заттылығы.

  2. Сыртқы және ішкі іс-әрекет.

  3. Бағдарлаушы және орындаушы жеке дара және біріккен, шығармашылық және шығармашылық емес іс –әрекеттер.

  4. Іс –әрекеттің мақсаты мен мотивтері. Іс – әрекет функциялары.

  5. Іс – әрекет және психикалық үрдістер..

  6. Іс-әрекет түрлері. Білім, іскерлік, дағды және әдеттер.

  7. Әрекет адам іс-әрекетінң бірлігі ретінде. Оның мақсатты бағытталған сипаты.

  8. Әрекеттің бағдарлаушы негізі жайлы түсінік.

  9. Ішкі ақыл –ой әрекеті. Мақсат қалыптасу үрдісі.

  10. Әрекет (операциялар) орындау тәсілдері.



Әдебиет тізімі:

  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.



Дәріс № 4
Тақырып: Іс-әрекет психологиясы.
1. Іс-әрекет туралы ұғым. Іс-әрекет құрылымы.

Іс-әрекет түрлері. Білім, іскерлік, дағды және әдеттер.

Адамның психикалық дүниесінің жан-жақты дамуы белгілі бір әрекетпен айналысуына байланысты. Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы, ақыл-ой тереңдігі, ерік-жігері, икемділігі, мінез-құлқы сипаты ашылады.



Іс-әрекет үстінде сана қалыптасады. Сана іс-әрекет кезінде қалыптаса отырып, іс-әрекетте көрінеді. Мәселен, мұғалім оқушының жауап беруі мен тапсырманы орындауына қарай оның білім дәрежесі жайында пікір түйеді. Ісі мен қылығынана қарап адамның мінезін және де тағы басқа қасиеттерін біледі.

Іс-әрекет – бұл субъектінің алдын ала қойған мақсатқа жету, түрлі қажеттіліктерін қанағаттандыру және қоғамдық тәжірибені меңгеру барысында адамның шындықпен белсенді қатынасу процесі. С.Л. Рубинштейн пікірінше, іс-әрекетте адам және оның психикасы көрінеді, қалыптасады және дамиды.

Ғылыми ұғымдар жүйесіндегі іс-әрекет.

Іс-әрекет психологиядағы фундаменталды ұғымдардың бірі. “Іс-әрекет” ұғымы философия,социология, және психологияда қалыптасты. Оның 4 негізгі маңызы бар. Олар: еңбек, жұмыс, белсендік және мінез-құлық.



Мінез-құлық – бұл қоршаған ортамен өзара әрекеттесу барысында байқалатын қозғалыс белсендігі.

Еңбек – бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамның мақсатты іс-әрекеті.

Жұмыс - бұл біріншіден, әрекет жасау; екіншіден, белгілі бір іспен айналысу, еңбек ету, іс-әрекет; үшіншіден, қандай да бір өнім жасау бойынша өзіндік іс-әрекет;

Іс-әрекет белсендікпен тығыз байланысты. Себебі, іс-әрекетті белсендіксіз түсіндіруге болмайды.



Белсендік – тірі жан иелерінің жалпы сипаттамасы, олардың қоршаған ортамен байланыс жасау негізі ретіндегі динамикасы.
Ғылыми ұғымдар жүйесіндегі іс-әрекет.

Іс-әрекет психологиядағы фундаменталды ұғымдардың бірі. “Іс-әрекет” ұғымы философия,социология, және психологияда қалыптасты. Оның 4 негізгі маңызы бар. Олар: еңбек, жұмыс, белсендік және мінез-құлық.



Мінез-құлық – бұл қоршаған ортамен өзара әрекеттесу барысында байқалатын қозғалыс белсендігі.

Еңбек – бұл өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған адамның мақсатты іс-әрекеті.

Жұмыс - бұл біріншіден, әрекет жасау; екіншіден, белгілі бір іспен айналысу, еңбек ету, іс-әрекет; үшіншіден, қандай да бір өнім жасау бойынша өзіндік іс-әрекет;

Іс-әрекет белсендікпен тығыз байланысты. Себебі, іс-әрекетті белсендіксіз түсіндіруге болмайды.



Белсендік – тірі жан иелерінің жалпы сипаттамасы, олардың қоршаған ортамен байланыс жасау негізі ретіндегі динамикасы.
Іс-әрекетті талдау схемасы

Іс-әрекет құрылымын талдауда іс-әрекеттің сыртқы ортаны саналы психикалық бейнелеу кезінде жүзеге асатындығын білеміз. Кез келген іс-әрекетте адам өз әрекетінің мақсатын, одан шығатын нәтижені ұғынып, операция жүйелілігін ойластырып, іс-әрекеттің барысын бақылап, ерік күшін жұмсайды.

Психика іс-әрекет жағдайын бағдарлап, басқарушы қызметін орындайды. Іс-әрекет бір жағынан тұлғаны дамыту жағдайы болса, екінші жағынан осы іс-әрекетті атқаратын субъектінің, тұлғаның даму деңгейіне байланысты.

Сондықтан да, іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттерін бөледі. Олар: мақсат, мотив және әрекеттер.

Әрекетті жоспарлау, бақылау және басқару механизмдерін П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн, Э.А.Асратян т.б. зерттеді. Олардың зерттеулерінде кез келген әрекет мақсаты сана, психикалық бейне түрінде көрсетіледі.

Іс-әрекеттің иерархиялық деңгейлік құрамы бар.


Іс-әрекет



Мотивтер

Әрекет


Мақсаттар

Операциялар



Жағдай

Іс-әрекет құрамы іс-әрекеттер единицасы туралы ұғымда ашылады. Іс-әрекеттің негізгі единицасы әрекет болып табылады. Әрекет - ұғынылған мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің аяқталған компоненті. С.Л.Рубинштейн операцияны әрекет ретінде анықтайды. А.Н.Леонтьев операцияны әрекеттің тәсілін анықтайтын шарт ретінде түсіндіреді.


Іс-әрекет құрылымы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет