«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет6/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1

Еріктіден кейінгі зейін (үйреншікті) – бұл адамның қандай да бір объектіге, құбылысқа алдын ала қойылған мақсатқа сай шоғырлануы, зейіннің бұл түрі ерік күшін аталп етпейді. Еріктіден кейінгі зейіннің негізі – ерікті зейін: адам қандай да бір іс-әрекетті жасау керек, осы мақсатқа жету үшін ол белгілі бір ерік күшін жұмсайды, зейінін шоғырландырады. Алайда біршама уақыттан соң бұл іс-әрекеттің мазмұны адамды өзіне еліктіретіндігі соншалық, тіпті ол іс-әрекетті орындау үшін ерік күші талап етілмейді. Іс-әрекеттің осы түрінде зейін алдын ала емес ойластырылмай, автоматты болады. Жұмыс еріксіз зейінмен жалғасады.

Зейін тек адамның психикалық өмірі ағысының бағытына ғана емес, сондай-ақ басқа да ерекшеліктерге жауап береді. Кез келген іс-әрекеттің табысты болуы үшін зейінді шоғырландыру маңызды орын алады, зейіннің бұл қасиеті объектіге зейіннің шоғырлануы дәрежесімен көрінеді. Зейіннің шоғырлануының ұзақтығы оның тұрақтылығын сипаттайды. Тұрақты деп ұзақ уақыт ішінде зейіннің бір затқа немесе бір жұмысқа үздіксіз шоғырлану қабілетін айтады. Зейіннің шоғырлануы мен оның тұрақтылығы адамның психикалық іс-әрекетінің тереңдігін, ұзақтығы мен қарқындылығын сипаттайды. Зейіннің шоғырлануы мен тұрақтылығы адамдарды көптеген жанама тітіркендіргіштерден ажырап, өз ісімен беріле, құмарлана айналысатындығымен ерекшелендіреді. Психологтар зейін тұрақтылығын сақтау үшін тұлғаның ішкі және сыртқы белсендігі қажеттігін, алға жаңа міндеттер қою керектігін анықтады.

Осыған байланысты зейін тұрақтылығы зейіннің аударылу қасиетімен байланысады. Зейіннің аударылуы – бұл зейінді бір объектіден басқа объектіге саналы аудару. Үнемі зейіннің аударылуын талап ететін қызметтің көптеген түрлері бар. Мысалы, автокөлік жүргізушісі қозғалу кезінде үнемі светофорға, айналасындағы жолдарға, жол белгілеріне т.б. зейін аударып отыруы керек. Ол үшін жүргізуші бірнеше операцияны бірмезгілде орындайды. Бұл жерде зейіннің тағы бір маңызды қасиеті – зейіннің бөлінуі көрінеді. Зейіннің бөлінуі – бұл зейін өрісінде біруақытта бірнеше объектілерді ұстау, іс-әрекеттің бірнеше түрлерін орындау мүмкіндігі. Мысалы, дәрісті конспектілеп отырған студент: біруақытта лекторды тыңдайды, тақтаға қарайды, айтылғандарды талдайды, қажеттісін дәптерге жазады т.б.

Зейіннің маңызды қасиеті – оның көлемі. Ол біруақытта көрсетілген объектілер санымен өлшенеді. Зейін көлемі зейіннің бөліну деңгейіне байланысты. Мағынасы бойынша біріккен объектілер бірікпеген объектілерге қарағанда жақсырақ қабылданады. Ересек адамның зейін көлемі 4 – 6 объектілерге тең.



Зейін шашырандылығы. “Зейін шашырандылығы” терминімен түрлі себептермен болатын зейінсіздіктің (ынтасыздықтың) екі түрін білдіреді. Зейін шашырандылығы – біріншіден, ерікті зейіннің әлсіздігі. Адам ұзақ уақыт ешнәрсеге шоғырлана алмайды, оның зейіні бір бір объектіден басқаға үздіксіз секіріп отырады. Мұндай ерекшеліктер бастауыш мектеп оқушысында жиі байқалады. Ересек адам мұндай шашырандылыққа қатты шаршау күйінде ұшырайды. Егер мұндай шашырандылық адамда үнемі кездесетін болса, онда оның зейіннің дұрыс тәрбиеленбегендін, дұрыс дамымағандығын білдіреді.

Екіншіден, зейін шашырандылығы адам бір затқа аса шоғырланып, айналасындағы болып жатқан тітіркендіргіштерді елемей, қалың ой үстінде болғанда көрінеді. Зейіннің мұндай шашырандылығында зейіннің әлсіздігі емес, қайта шоғырлану күшінің аса зор екендігін аңғаруға болады. Дегенмен де, мұндағы зейін кемшілігі – зейінді бөле алмау және зейін аударуға қабілетсіздік көрінеді.



Зейінді дамыту. Зейіннің біздің барлық психологиялық өмірімізде көрінетіндігі бәрімізге мәлім. Сондықтан зейінмен жақсы жұмыс жасау кез келген іс-әрекеттің табысты орындалуының қажетті шарты.

Бірінші шарт – бұл мейлінше кең және тұрақты қызығулардың болуы.

Зейінді дамытудың екінші шарты – кез келген уақытта және кез келген затқа зейінді ерікті шоғырландыру икемділігін жаттықтыру.

Зейінді дамытудың үшінші құралы – өзін қолайсыз жағдайларда жұмыс істеуге үйрету. Алаңдатушы тітіркендіргіштермен күресуге үйрене отырып, адам зейінін шынықтырып, оны күшті әрі төзімді етеді.

Төртінші шарт – зейінсіз ешқашан жұмыс жасамау. Кез келген зейінсіз (ынтасыз) жұмыс адамды зейінсіздікке үйрететіндігін естен шығармау керек.

Бесінші шарт - өз зейінінің ерекшеліктерін, оның күшті және әлсіз жақтарын жақсы білу. Зейін кемшіліктерін толық жою үшін өзімен үлкен жұмыс жасау қажет. Бірақ бұл кемшіліктердің немен нәтижеленетіндігін түсінбей, жұмысқа кірісуге болмайды.



4. Ес ұғымы. Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес адам өмірінде маңызды роль атқарады. Ес субъектінің өткенін қазіргімен және болашақпен байланыстырады және дамыту мен оқытудың негізінде жатқан ең маңызды танымдық қызмет болып табылады.

Ес – бұл бір-бірімен тығыз байланысты үрдістерден тұратын күрделі психикалық процесс. Ес адамға өте қажет. Себебі, ол жеке өмірлік тәжірибе жинақтауға, сақтауға және қажет уақытында оны пайдалануға мүмкіндік береді. Барлық білімдер мен дағды, ептіліктерді бекіту ес жұмысының еншісінде. Ес – сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адам миында сақталып, қайтадан жаңғыртылып, танылып, ұмытылуын бейнелейтін процесс. Ес адам өмірінде маңызды рөл атқарады. Ес субъектінің өткенін қазіргімен және болашақпен байланыстырады, сонымен қатар дамыту мен оқытудың негізінде жатқан ең маңызды танымдық қызмет болып табылады.

Ес барлық тірі жан иелерінде бар, бірақ ол адамда ғана едәуір жоғары дамыған. Әлемде адамдағы мнемикалық мүмкіндіктерге ешбір тірі жан иелерінің теңдесі жоқ. Адамзатқа дейінгі организмдерде естің екі түрі ғана бар: генетикалық және механикалық. Біріншісі өмірде қажет биологиялық, психологиялық және мінез-құлықтық қасиеттерді ұрпақтан ұрпаққа генетикалық жолмен жеткізеді. Екіншісі өмірлік тәжірибелерді үйрену, алу қабілеті түрінде көрінеді. Жануарларда есте сақтау мүмкіндіктері олардың органикалық құрылымына байланысты шектелген, олар тек тікелей шартты рефлекторлы, оперативті немесе викарлық үйрену әдісімен алынған ақпараттарды ешбір мнемикалық құралдарсыз есте сақтап, қайта жаңғырта алады.

Адамда есте сақтаудың күшті құралы сөйлеу және мәтіндер немесе түрлі техникалық жазбалар түрінде ақпараттарды сақтайтын тәсілдері және психологиялық қасиеттері: ерік, ойлау т.б. бар. Адамға тек қана органикалық мүмкіндіктерге ғана сүйенудің қажеті шамалы, себебі есті жетілдіріп, қажетті ақпаратты сақтайтын басты құралдар адамның өз қолында. Адам осы құралдарды жетілдіріп, дамыта алады. Сонымен, адамда жануарлармен салыстырғанда аса күшті әрі өнімді естің үш түрі бар. Олар: ерікті, логикалық және жанама. Біріншісі - есте сақтауды ерікті бақылаумен, екіншісі – логиканы қолданумен, үшіншісі – материалды және рухани мәдениет заттары түріндегі түрлі есте сақтау құралдарын қолданумен байланысты.

Жоғары айтылғандарды нақтылай отырып, есті өмірде ақпараттарды есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғырту қызметтерін атқаратын психофизиологиялық және мәдени процесстер ретінде анықтауға болады. Бұл қызметтер ес үшін басты болып саналады. Олар тек қана құрылымы, нәтижесімен ғана ерекшеленбейді, олар әр адамда бірдей дамымаған.

Ес біртұтас функционалды түзілім, ол үш негізгі процестердің (ақпаратты есте қалдыру, сақтау және қайта жаңғырту) өзара әрекеттесуі негізінде қызмет етеді. Бұл процестер тек өзара әрекеттеспейді, сондай-ақ олар тығыз байланысты. Әрбір процесс бір-біріне тәуелді. Мәселен, есте қалдырмай оны сақтай алмаймыз, есте сақтамай қайта жаңғырта алмаймыз. Есте қалдыру – алған әсерлерді есте сақтауға бағытталған процесс, сақтаудың алғышарты.

Ес қоршаған дүниеден түсетін ақпараттарды сезім мүшелеріміздің қабылдауынан басталады, ми ол ақпараттарды жасушалар құрамындағы биохимиялық өзгерістер, элементарлы импульстер т.б. түрінде бекітеді. Сондықтан ес ақпараттарды: бейне, сөз, әсерленулерді есте қалдырудан басталады.

Есте қалдыру түрлері

Ес адамның әр түрлі іс-әрекеттерімен байланысты болып, тіршілікте аса қызмет атқаратын болғандықтан, оның түрлері мен көріністері әр қилы. Адамзат есі – қандай да бір қарапайым қызмет емес. Оған көптеген процестер қатысады. П. Линдсей және Д. Норман естің 3 түрлі типтері немесе 3 жүйесі бар деп санайды: 1) сенсорлық ақпараттардың “тікелей ізі”; 2) қысқамерзімді ес; 3) ұзақ мерзімді ес;

Естің бөлінуі адамның түрлі әрекет ерекшеліктеріне байланысты жүргізіліп, олар есте қалдыру, қайта жаңғырту үрдістерімен тығыз ұштасады. Іс-әрекет сипатына қарай ес үш түрге негізделіп бөлінеді: 1) Психикалық белсенділік сипатына байланысты: қимыл-қозғалыс, сезімдік-эмоциялық, бейнелі-көрнекілік және сөздік-мағыналық (логикалық); 2) Іс-әрекеттің мақсат сипатына қарай еерікті және еріксіз ес. 3) Адамның материалдарды қанша уақытқа дейін есте сақтай алатынына қарай: иконалық, қысқа және ұзақ мерзімді, сондай-ақ оперативті.

Қимыл-қозғалыстық ес алуан түрлі күрделі қозғалыстарды еске сақтау, сақтау қажет болған жағдайда жеткілікті нақтылықпен қайта жаңғырту болып табылады. Ол қимыл-қозғалыстық, еңбектік, спорттық икемділіктер мен дағдыларды қалыптастыруға қатысады.

Адамның бастан кешірген түрлі сезімдер мен эмоциялық күйлерін есте қалдырып отыруын сезімдік ес деп атайды. Өз айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қандай қатынаста болғанын қайта жаңғыртып, түрлі іс-әрекеттерді атқаруға жетелейді.



Эмоциялық ес адам басынан кешкендерін еске түсіргенде, бозарады, не қызарады. Өйткені, оның басынан өткен әр алуан жағдайлар оған күшті әсер етіп, эмоциялық күйге ұшыратады. Белгілі мәні тұрғысынан алғанда, бұл естің басқа түрлерімен салыстырғанда әлдеқайда күшті болады.

Бейнелі-көрнекі ес заттар мен құбылыстардың қасиеттерін, нақты бейнесін ойда қалдырып, қайта жаңғыртуда айқын көрініс береді. Естің бұл түрі арқылы табиғат көрінісі, бастан кешкен оқиғалар, дыбыс, иіс, дәм жаңғыртылады. Осыған орай, бейнелі-көрнекілік ес – көру, есту, иіс, дәм естері болып бөлінеді. Егер қалыпты дамыған адамдар үшін есту есі мен көру есінің маңызы зор болса, соқыр, саңырау адамдарда мұның есесіне сипау, иіс, дәм естері өте жақсы дамып, басқа естердің кемістіктерін толықтырады. Бейнелі ес, әсіресе көркемөнер кәсібімен шұғылданатын адамдарда жоғары әрі өте нәзік түрде дамыған болады.

Кейде эйдетикалық есі бар адамдар да кездеседі. Мұндай адамдар заттар мен құбылыстарды көз алдына нақты елестетіп, олардың жеке қасиеттері мен бөлшектерін айқын ажырата алады. Олардың сезім мүшелері сыртқы тітіркендіргіштерге күшті қозудың нәтижесі болып саналады.



Сөздік-мағыналық (логикалық) ес біздегі ой, ұғым, пікір, ой қорытындылары сияқты түрлі формалар арқылы із қалдырып отырады. Ойдың қандай формасы болса да тілмен, сөзбен байланысты. Естің бұл түрінің сөздік-мағыналық деп аталуы да сондықтан. Бұрын қабылданған нәрселерді қажет кезінде біз сөз, не олардың мәнін есте сақтау арқылы жаңғыртамыз. Егер бейнелі есте бірінші сигнал жүйесінің қызметі басым болса, сөздік-мағыналық есте екінші сигнал жүйесі шешуші роль атқарады. Нәрселердің мән-жайын есте сақтау логикалық-мағыналық, ал белгілі үзінділер мен сөз тіркестерін, мазмұндарын сөзбе-сөз жаттап алу механикалық түрде есте қалдыру деп аталады. Сөздік-мағыналық ес оқушылардың білім жүйесі мен оқу материалдарын есте сақтауда жетекші мәнге ие. Естің бұл түрлері адамның әр қилы іс-әрекеттерінің алмасып отыруына, ниет-тілегіне, мақсат-мүддесіне орай түрлі тәсілдерге ауысып, оның бойындағы тұрақты қасиеттері болып қалыптасады.

Ерікті және еріксіз естер. Естерді ерікті және еріксіз деп бөлу орындалуға тиіс әрекеттердің маңыздылығы мен қажеттілігіне байланысты. белгілі мақсат қоймай-ақ, арнайы есте қалдырмай-ақ есте сақтау мен жаңғырту, еске түсіру – еріксіз ес деп аталады. Егер мақсат қоятын болсақ – онда бұл ерікті ес болады. Мұнда есте қалдыру мен жаңғырту, еске түсіру жаттап алу үшін мнемоникалық амалдар қолданылады. Естің бұл түрі бірізділікпен дамып отыратын естің сатылары болып табылады. Адам қажетті деп тапқан нәрселері үшін арнайы амалдар қолданып, ерікті есте қалдыруда да жиі қажет етіп отырады. Естің адам санасында тұрақтанып, жемісті болуының өзіндік сипаттары бар. Олар – естің көлемі, тездігі, ұзақтығы, даярлығы.

Қысқа мерзімді және түпкілікті ес. Қажетті материалдар мен нәрселерді есте сақтау үшін адам тиісті әдіс-тәсілдерді қолданып, оны қалай да жадында қалдыруды мақсат етеді. Бұл сол әсер еткен нәрселер ізінің консолидациясы немесе мағлұматтардың есте берік қалуы деп аталады. Мұндай есте осыдан біршама уақыт бұрын қабылданған нәрселердің бейнесі адамның көз алдында елестеп, құлағына дауысы естіледі. Бірақ мұндай үрдістер тұрақсыз. Бұл ерекшеліктің сырттан алынған хабарларды есте сақтап, оларды қайта жаңғыртуда ерекше маңызы бар. Естің бұл түрін қысқа мерзімді ес деп атайды. Қысқа мерзімдік ес – хабарды қысқа уақыт аралығында сақтау әдісі болып табылады. Мұнда мнемикалық іздерді ұстап қалу ұзақтығы орташа алғанда 20 секунд аспайды. Қысқа уақыттық есте қабылдағанның толық емес жалпыланған бейнесі, ең маңызды элементтері сақталады. Бұл ес есте сақтауға деген алдын ала саналы бағдарсыз жұмыс істейді, бірақ материалды келешекте қайта жаңғыртуға бағдар болады. Қысқа мерзімдік есті сипаттайтын көрсеткіш бұл – көлем. Ол орташа алғанда хабардың 5 бірліктен 9 бірлікке дейінгі аралыққа тең және адамға хабар берілгеннен кейін бірнеше ондық секунд өткеннен кейін адам қайта жаңғырта алатын хабар бірліктерінің саынмен анықталады.

Ал ұзақ мерзімдік ес бұл хабарды шексіз уақыт сақтауға қабілетті естің түрі. Ұзақ мерзімдік ес қорына түскен хабарды адам нұқсансыз шексіз көп рет қайта жаңғырта алады. Сонымен қатар бұл хабарды көп рет және жүйелі түрде қайта жаңғырту оның ұзақ мерзімдік естегі іздерін қатайта түседі. Мағынасына түсінбей, нәрселердің әсерін қайталау мида қорғаныс тежелулерін тудырып, ұзақ мерзімді еске айналуды қиындатады. Ұзақ мерзімдік есті қолдану кезінде көп жағдайда ойлау мен ерік күші қажет болып жатады, сондықтан да ұзақ мерзімді естің әрекет етуі, әдетте осы екі үрдістермен байланысты.

Көркем әдебиет пен ауызекі тілде қысқамерзімді ес “алғашқы ес”, “шапшаң көрініс” деп те айтылады. Дегенмен, психология ғылымында ол оперативтік ес деген атпен белгілі.

Оперативтік ес деп хабарды бірнеше секундтан бірнеше күнге дейінгі диапазонды қамтитын, алдын ала берілген мерзім аралығында сақтауға бағытталған есті айтады. Бұл естің мәліметтерді сақтау мерзімі адамның алдында тұрған мақсатпен айқындалады және осы мәселені шешуге ғана бағытталады. Бұдан кейін хабар оперативтік естен жоқ болып кетуі ықтимал. Естің бұл түрі хабарды сақтау ұзақтығы мен өзіндік қасиеттеріне байланысты қысқамерзімдік ес мен ұзақ мерзімдік естің арасындағы аралық орынды алады.

Иконалық ес қазір ғана сезім мүшелерінің қабылдаған бейнелерді тура әрі толық ұстап тұру. Бұл ес түрі сезім мүшелерімен алынған ақпаратты тікелей бейнелеу. Оның ұзақтығы 0,1 – 0,5 с. Дейін. Бұл ес түрін ес – бейне деп те атайды.

Генетикалық ес хабар генотипте сақталып, тұқым қуалау арқылы беріліп, қайта жаңғыртылады. Бұл ес түрінде мутациялармен, солармен байланысты гендік құрылымдағы өзгерістер хабарды есте сақтаудың негізгі биологиялық механизмі болып табылады. Біз оқыту мен тәрбиелеу арқылы әсер ете алмайтын адам есінің жалғыз түрі – генетикалық ес.

Көру есі көрген бейнелерді сақтау мен қайта жаңғыртумен байланысты. бұл естің түрі қандай болмасын маманданған адамдар үшін және инженерлер мен суретшілер үшін ерекше қажет болып табылады. Бұл естің түрі қиялға қабілеттілікпен байланысты. бұл жерде есте сақтау мен қайта жаңғырту осыған байланысты; адам нені көру арқылы елестете алса, әдетте соны жақсы есте сақтап қайта жаңғыртады.

Есту есі – алуан түрлі дыбыстарды, мысалы: музыкалық, сөздік, жақсы есте сақтау және тура қайта жаңғырту. Ол филологтар, шет тілімен айналысатындар, акустиктер мен музыканттар үшін өте маңызды.

Сипап сезу есі, иіс сезу есі, дәм сезу есі және т.б. ес түрлері адам өмірінде ерекше роль ойнамайды және бұлардың мүмкіндіктері жоғарыда айтылған ес түрлерімен салыстырғанда шектелген болып шығады. Бұлардың негізгі ролі – биологиялық қажеттілктерді қанағаттандыру мен ағзаның қауіпсіздігі мен өзін-өзі қорғауын қамтамасыз ету.


6. Ойлау және сөйлеу

Қоршаған шындықты тану түйсік пен қабылдаудан басталып, ойлауға ауысады. Ойлау қызметі – сезімдік қабылдау шегінен шығу жолымен танымды кеңейту болып табылады. Ойлау ой қорытындылау арқылы қабылдауға тікелей берілмеген құбылыстардың мәнін ашуға мүмкіндік береді. Ойлау міндеті – заттар арасындағы қатынастарды ашу, олардың кездейсоқ үйлесімдерін, байланыстарын анықтау. Сондықтан да, ойлау деп танылып жатқан объектілер арасынан байланыс, қатынастарды орнататын, психикалық бейнелеудің жалпылама және жанама формасын айтамыз. Адам қабылданған заттардың белгілерін немесе әсерін, жай-күйін, қатынастарын ажырата отырып, оларды жалпылай бейнелейді. Жалпылау - ойлаудың ең маңызды белгілерінің бірі. Ойлаудың тағы бір маңызды белгілерінің бірі жанамалау сыртқы дүниені толық тануға сезімдік танымның жеткіліксіз болып, шындықтың анализаторларға әсер етпеген жағдайында, оларды жанама белгілеріне қарап, тану дегенді білдіреді.



Ойлау түрлері

Психиканың тарихи және онтогенетикалық дамуын зерттеу ойлаудың қалыптасуы екі кезеңнен өтетіндігін көрсетеді. Олар: ұғымдыққа дейінгі және ұғымдық. Ұғымдыққа дейінгі ойлау адамның дамуының бастапқы кезеңінде, балалық жаста дамыса, ұғымдық ойлау адамның филогенетикалық және онтогенетикалық дамуының айтарлықтай кеш кезеңі.

Ұғымдыққа дейінгі ойлау екі негізгі түрге бөлінеді: көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлау.

Көрнекі-әрекеттік ойлау – заттарды тікелей қабылдауға сүйенетін, ойлау түрі. Көрнекі-әрекеттік ойлаудың қарапайым формалары жоғары жануарларда байқалады. Адамда көрнекі-әрекеттік ойлау ойлаудың дамуының алғашқы сатысын көрсетеді және ол 2-3 жастағы балада басым. Ересек адамда аталған ойлау түрі ойлаудың басқа түрлерімен қатар жүреді.

Көрнекі-бейнелі ойлау – елестету және бейнелерге сүйенетін ойлау түрі; бейнелі ойлау қызметі ситуацияларды елестету және оларды іс-әрекеті нәтижесінде өзінің қалауы бойынша өзгертумен байланысты. Осы ойлау түрі арқылы адам белгілі бір міндеттерді шеше отырып, оны талдайды, салыстырады, түрлі бейнелерді жалпылайды, елестетеді. Көрнекі-әрекеттік ойлауға қарағанда ойлаудың бұл түрі тек бейне түрінде өзгертіледі. Бұл ойлау түрі онтогенезде балада 2-3 жаста дамып, 6-7 жаста басым болып келеді. Көрнекі-бейнелі ойлау субъективтілігімен, эмоционалдылықтың басымдылығымен ерекшеленеді. Выготский-Сахаров тестінде балаға түсі, көлемі және пішіні жағынан әртүрлі фигуралар коллекциясын көрсетіп, оларды біркелкілікпен бірнеше топтарға бөлуді ұсынғанда бала оларды көздің жауын алатын сыртқы белгілеріне қарап бөледі. Мысалы, балаға пластилиннен жасалған шарды көрсетіп, одан соң осы шарды көзбе көз таба нанға айналдырып, баладан пластилин қайсысында көп деп сұрағанда бала таба нанның көлемі үлкенірек болғандықтан таба нанды көрсетеді. Көрнекі-бейнелі ойлау анағұрлым кемелденген жаста да басым болуы мүмкін.

Көрнекі-әрекеттік және көрнекі-бейнелі ойлау ұғымдыққа дейінгі ойлау тобына біріккен, себебі олардың негізін шындықты тікелей және нақты қабылдау құрайды.

Онтогенездің едәуір кейінгі (кеш) кезеңінде адам ойлауының жетекші түрі – ұғымдық, сөздік-логикалық ойлау дамыды. Сөздік – логикалық ойлау ұғымдарды, логикалық құрылымдарды қолданатындығымен сипатталады. Сөздік-логикалық ойлау өз қызметін тілдік құралдар негізінде атқарады. Бұл ойлау арқылы табиғаттағы және қоғамдағы процестердің дамуын, олардың жалпы заңдылықтарын алдын ала белгілейді. Ұғымдық ойлау қазіргі адамдарда 6-7 жаста, яғни мектепте оқу кезеңінен-ақ қалыптасады. Ұғымдық ойлаудың негізгі бірлігі шындықтағы заттар мен құбылыстардың жалпы, маңызды қасиеттері мен белгілерін бейнелейтін ұғым болып табылады.

Ұғымдық ойлау – бұл үнемі вербалданған (сөйлеу) арқылы) ойлау. Егер ұғымдыққа дейінгі ойлауға эгоцентризм, ситуативтілік, жеке тәжірибеге сүйену тән болса, ұғымдық ойлауға децентризм, яғни белгілі бір проблемаға аса кең, түрлі жүйемен терең үңілу, шындықты талдаудың индуктивті және дедуктивті тәсілдерін басым қолдану, сыншылдық, толыққанды түсіну тән.

Ойлаудың жоғарыда айтылған негізгі түрлерімен қатар басқа негіздемелер бойынша ойлаудың өзге де түрлері бар:

Ойлау әрекетін саналы және астар саналы басқару деңгейіне қарай логикалық және интуитивті ойлау түрлерін бөледі. Егер логикалық ойлау айқын ұғынылған, нақты формалданған ұғымдық құрылым негізінде қызмет атқаратын болса, интуитивті ойлау көп жағдайда бейсаналы деңгейде жүзеге асады. Интуитивті ойлау желісі қарқынды, кезеңдері нақтыланбаған, мазмұны толық ұғынылмаған ойлау процесі. Интуитивті ойлау түрі ақиқатты логикалық негіздеусіз, бұрынғы тәжірибе негізінде тікелей танып-білу. Ұғынып ойланбай немесе пікір түймей-ақ тікелей пайда болатындығымен сипатталатын түсіну не білу тәсілі.

Шешілетін мәселелердің сипатына байланысты ой әрекеті теориялық және практикалық ойлау болып бөлінеді.



Теориялық ойлау – жалпы заңдылықтарды, ережелерді тануға бағытталған. Мәселен, Д.Менделеевтің элементтердің жүйелі заңының ашуы.

Практикалық ойлау – мақсат қою, жоспарлау мен жобалар жасаумен байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейді. Осы себептен ол теориялық ойлауға қарағанда анағұрлым күрделі болады. Практикалық ойлау жекелеген міндеттерді шешуге бағытталған. Теориялық ойлау практикалық ойлауда тексеріледі.

Аналитикалық ойлаудың барысы баяу, нақтылы кезеңдері бар, мазмұны адам санасына ұғынылған ой процесі.

Реалистік және аутистік ойлау. Реалистік ойлау негізінен сыртқы дүниеге бағытталған, ол логикалық заңдылықтармен реттеледі. Реалистік ойлау шындықты дұрыс қабылдап, бейнелесе, аутистік ойлау – реалистік ойға қарсы, шындықты жалған бейнелейді. Аутистік ойлау – нерв жүйесі ауруға ұшыраған адамдарда (мысалы, шизофрения), сондай-ақ норма мен патология арасындағы жағдайда тұрған адамда немесе галлюцинация, гипноздық күйдегі адамдарда кездестіруге болады. Осы ойлауға байланысты аутизм терминін Э.Блейлер енгізді. Аутизм – адамның шындыққа жанаспайтын сөздерді сөйлеуі, сыртқы дүниеден оқшауланып, өзімен-өзі болып, іштей сары уайымға салынған кездегі көңіл-күй.

Эгоцентрлік ойлау – (латын сөзі эго – мен, centrum – шеңбер центрі) өзге адамның пікірін, көзқарасын қабылдамауымен ерекшеленеді. Эгоцентризм - өз мүдделерін ғана мойындайтын индивидтің, тіпті ақпарат өз тәжірибесіне қарсы келіп тұрғанның өзінде де қайсыбір пікірге өзінің бастапқы ұстанымын өзгерте алмаушылығы.

Продуктивті және репродуктивті ойлау. Бұл ойлау түрлері субъектінің білім деңгейіне қатысты ойлау әрекеті процесінде жаңа өнім беру дәрежесі болып табылады. Бұл ойлау түрлерінде дайын білімдер мен тәжірибелер қолданылады. Білімді қолдану процесінде білім деңгейі тексеріледі, олардың кемшіліктері анықталады. Оны критикалық ойлау деп атайды.

Шығармашылық ойлау дайын білімдерді қолдану процесінен, репродуктивті ойлаудан ерекшеленеді. Бұл ойлау түрі жаңа түзілімдер, идеялар жасауға бағытталған. Шығармашылық ойлау – жаңалық ашу немесе жаңа нәрсе жасау дегенді білдіреді. Ойлаудың шығармашылығы мынадай ерекшеліктермен ерекшеленеді:

  • Айтылған идеялардың бірегейлігі (оригиналдығы), жаңалығының молдығы, өзгешелігі;

  • Семантикалық іскерлік – объектіге жаңа көзқараспен қарау;

  • Объектіні жаңадан қабылдауға тырысу, оны өзгерту;

Шығармашылық ойлаудың дамуына кедергі болатын факторлар:

  • Шектен тыс сыншылдық;

  • Ішкі шек қоюшылық (цензура);

  • Шешім іздеуге асығыстық, ескі білімдерді қолдануға әуесқойлық,

  • Конформизм (өзін көрсетуге жүрексіну, тартыншақтық).

Ырықты және ырықсыз ойлау. Ырықты ойлау түрінде ойлау міндеттері саналы түрде, ерік-күш жұмсау арқылы мақсат көздей отырып шешіледі. Ырықсыз ойлау – түс көрудегі көрініс түрінде болатын бейнелерді елестетулері.

Тапсырмаларды шешу тәсілдеріне қарай эвристикалық және алгоритмдік ойлауды бөледі:



Эвристикалық ойлау. Эвристика (эвристика - гректен аударғанда іздеймін, ашамын дегенді білдіреді):

  • Жаңалық ашу процесінде қолданатын арнайы әдістер;

  • Өнімді шығармашылық ойлауды зерттейтін ғылым;

Эвристикалық ойлау - өнімді ойды, стандартты емес міндеттерді шешуді білдіреді.

Алгоритмдік ойлау тапсырмаларды шешуде ереженің бір ғана қатаң жүйесін (алгоритм) қолдану болып табылады.

Ойлаудың физиологиялық негізі И.П.Павловтың бірінші және екінші сигнал жүйесі жөніндегі ілімімен түсіндіріледі. Ойлауда ми қабығындағы уақытша нерв байланыстары жетекші рөл атқарады. Бұл байланыстар екінші сигнал (сөйлеу) жүйесінің әсерімен пайда болады, бірақ екінші сигнал жүйесі бірінші сигнал жүйесі негізінде (түйсіну, қабылдау, елес) пайда болады. И.П.Павлов “сөйлеу мүшесінен ми қабығына баратын кинестезиялық (грек аударғанда – қозғалыс) тітіркендіргіштер екінші сигнал, сигналдың сигналы болып табылады. Олар адамзатқа тән жоғары ойлау процесін құрайды” , - деп жазды. Бірінші сигналды жүйеге қарағанда екінші сигналды (сөйлеу) байланыстар заттар мен құбылыстардың арасындағы түрлі қатынастарды бейнелейтін едәуір күрделі жүйе болып табылады. Ойлау процесінде аталған екі сигналды жүйелер бір-бірімен өзара байланысты. Екінші сигналды жүйе адамның қоршаған дүниені бағдарлап, топшылауға, болжам жасауға мүмкіндік беретін жоғары дәрежеде ұйымдасқан құрал болып саналады. Сондықтан да, ойлауда екінші сигналдық жүйе жетекші роль атқарады.

Ойлау түрлері.

Психиканың тарихи және онтогенетикалық дамуын зерттеу ойлаудың қалыптасуы екі кезеңнен өтетіндігін көрсетеді. Олар: ұғымдыққа дейінгі және ұғымдық.



Көрнекі-әрекеттік ойлау – заттарды тікелей қабылдауға сүйенетін, ойлау түрі.

Көрнекі-бейнелі ойлау – елестету және бейнелерге сүйенетін ойлау түрі;

Сөздік – логикалық ойлау ұғымдарды, логикалық құрылымдарды қолданатындығымен сипатталады.

Теориялық ойлау – жалпы заңдылықтарды, ережелерді тануға бағытталған. Мәселен, Д.Менделеевтің элементтердің жүйелі заңының ашуы.

Практикалық ойлау – мақсат қою, жоспарлау мен жобалар жасаумен байланысты және көбіне уақыт тапшы жағдайда өрістейді. Осы себептен ол теориялық ойлауға қарағанда анағұрлым күрделі болады.

Аналитикалық ойлаудың барысы баяу, нақтылы кезеңдері бар, мазмұны адам санасына ұғынылған ой процесі.

Реалистік және аутистік ойлау.

Эгоцентрлік ойлау – (латын сөзі эго – мен, centrum – шеңбер центрі) өзге адамның пікірін, көзқарасын қабылдамауымен ерекшеленеді.

Продуктивті және репродуктивті ойлау. Бұл ойлау түрлері субъектінің білім деңгейіне қатысты ойлау әрекеті процесінде жаңа өнім беру дәрежесі болып табылады.

  • Шығармашылық ойлау дайын білімдерді қолдану процесінен, репродуктивті ойлаудан ерекшеленеді. Бұл ойлау түрі жаңа түзілімдер, идеялар жасауға бағытталған.

Ырықты және ырықсыз ойлау.

Эвристикалық ойлау. Эвристика (эвристика - гректен аударғанда іздеймін, ашамын дегенді білдіреді):

Дискурсивті ойлау - өзара байланысқан ой-қорытындының жүйесіне негізделген ой-пікір.

Ойлау іс-әрекетінің операциялары

Ойлау тапсырмаларды шешуде келесі операцияларға сүйенеді:



Салыстыру – ойлау заттар мен құбылыстарды және олардың қасиеттерін, ұқсастықтары мен өзгешеліктерін анықтай отырып, салыстырады.

Анализ – (талдау) заттар мен құбылыстардың немесе жағдаяттың құрамдас элементтерін ойша бөліп қарау.

Синтез – (біріктіру) маңызды қасиеттері мен қатынастарын таба отырып, тұтастыққа біріктіретін процесс.

Абстракция – заттар мен құбылыстардан қандай да бір қасиетті, айқын бөліп көрсету, басқалардан дерексіздендіру. Мәселен, әлдебір нәрсені қарай отырып, оның пішінін елемей түсін немесе түсін елемей пішінін бөліп көрсетуге болады.

Жалпылау (немесе генерализация) - маңызды белгілерді біріктіріп, оны заттар мен құбылыстар класына жатқызу болып табылады. Ұғым ойша жалпылау түрлерінің бірі.

Таным ұғым, пікір және ой-қорытындыларда жасалады, сондықтан логикалық ойлаудың негізгі түрлері – бұл ұғым, пікір және ой-қорытынды.



Пікір – белгілі бір ойды жеткізу, сондай-ақ әлдебір нәрсені мақұлдау немесе теріске шығару. Ой-қорытынды – бұл жаңа білім (ой) шығаратын қисынды байланысқан ойлар жиынтығы. Ұғымдарды анықтау ортақ белгілері шығарылатын заттар мен құбылыстардың кейбір класы туралы пікірлер жүйесі. Ұғым – сөзбен немесе сөздер тобымен білдірілетін заттар мен құбылыстардың маңызды қасиеттерін, байланыстары мен қатынастарын бейнелейтін ойлау формасы. Индукция-дедукция – бұл ойдың жекеден жалпыға немесе жалпыдан жекеге бағыттылығын бейнелейтін ой-қорытынды тәсілдері. Индукция – жалпыдан жекеге пікір жасаса, дедукция – жекеден жалпыға пікір жасау.

Адам ойлауының жеке-дара ерекшеліктері

Ойлау дербестігі - адамның өзге адамдардың көмегіне жиі жүгінбей жаңа тапсырмалар шығарып, қажетті шешімдер мен жауаптарды табу ептілігімен сипатталады.

Ойлау кеңдігі – адамның іс-әрекеттің түрлі салаларын қамтитын, ой-өрісінің кеңдігімен ерекшеленетін танымдық іс-әрекеті.

Ойлау тереңдігі күрделі мәселелердің мәніне терең үңілу икемділігінен көрінеді. Терең ойға құбылыстар мен жағдайлардың пайда болу себептерін түсіну қажеттілігі, оның одан әрі дамуын алдын ала көре білу тән.

Ойлау орамдылығы бұрынғы тәжірибеде бекітілген тапсырмаларды шешудің амал-тәсілдерінің шырмалған ықпалынан шығатын ойлау еркіндігінен, жағдайдың өзгерісіне байланысты өз әрекеттерін іле өзгерту петілігінен көрінеді. Ойлау орамдылығымен ерекшеленетін адам қажет уақытта тапсырманы шешудің бір тәсілінен басқаға тез ауыса алады, тапсырмаларды шешу жолдарын түрлендіре алады.

Ойлау тездігі – адамның күрделі жағдаятты тез ұғып, анықтап алу және жан-жақты талқылап, дұрыс шешім қабылдау қабілеті.

Ойлау асығыстығы – мәселені жан-жақты ойластырмай, оны үстіртін қарастырып, мәселенің бір жағын ғана қамтығанда, шешім жасауға асыққанда және жеткіліксіз ойластырылған жауаптар мен пікірлерді айтуда байқалады.

Ойлау әрекетінің белгілі бір баяулығы нерв жүйесі типіне – оның шапшаңдығының аздығына байланысты болуы мүмкін. «Ақыл-ой процесінің жылдамдығы адамдар арасындағы интеллектуалды ерекшеліктердің фундаменталды базисі болып табылады» (Айзенк).



Ойлау сыншылдығы – адамның өзінің және өзгелердің ойларын объективті бағалауы және барлық шығарылған қағидалар мен тұжырымдарды мұқият әрі жан-жақты тексеру қабілеті.

Ойлаудың жеке-дара ерекшеліктеріне адамның көрнекі-әрекеттік, көрнекі-бейнелік немесе абстрактылы-логикалық ойлау түрлерін басым қолдану жатады.


7. Қиялдың жалпы сипаттамасы және олардың психикалық іс-әрекет рөлі.

Адам әрдайым өзін қоршаған ортамен байланысқа түседі.Секунд сайын біздің сезім органдарымызға ондаған және жүздеген әр түрлі стимулдар әсер етеді,олардың көпшілігі адамның есінде көпке шейін сақталады.Адам психикасының ең қызықты феномендерінің бірі шынайы әлемдегі құбылыстардан алған әсер адамның есінде ұзақ уақыт сақталып қана қоймай,сонымен қатар белгілі бір өңдеуден өтеді.Мұндай феноминнің өмір сүруі адамның қоршаған ортаға ықпал етуі мен оны мақсатты түрде өзгеруге себепті болады.

Айта кету керек,жануарлардың сыртқы ортаға ықпал етуі мен сыртқы ортаның адам арқылы өзгеруінің бірқатар айырмашылығы бар.Жануарлардан айырмашылығы,адам қоршаған ортаға жоспарлы түрде,алдын-ала қойылған мақсатқа өз күш-жігерін жұмсай отырып,іс-әрекет етеді.Еңбек процесінде шынайлықтың мұндай сипаттағы өзгеруі адам өз іс-әрекетінің нәтижесінен не алғысы келетінін санада алдын-ала елестетуіне әкеледі.

Мысалы,өрмекшілер тігіншілердің операциясын еске түсіретін белгілі бір операцияларды жасайды,ал аралар өздерінің ұяшықтарын жасай отырып,құрылысшыны көз алдына келтіреді.Алайда кез келген ең жаман ең жақсы арадан немесе кез келген өрмекшіден өзінің алдын-ала құрылған жоспарымен ерекшеленеді.Осылайша,адам арқылы қандай да бір жаңа нәрсені жасау процесін қарастыра отырып,біз адам психикасының тағы бір феноминіне кезігеміз.Оның мәні адамдардың өз санасында шынайы өмірде әзірге жоқ образды жасауында,ал мұндай образды жасауға біздің өткен тәжірибеміз әсер етеді.



Адам миында бұрыннан бар елестерді мәнерлеп жаңа образ жасау процесі қиял деп аталады.Сонымен,қиял-нақты шынайлықты білдіретін және осының негізінде жаңа көріністі түсініктерді қайта жасайтын процесс.Қиял еңбек процесінде адамның белгілі бір құралдарды қайта жасауқажеттілігінің тууы негізінде пайда болды деп есептеледі.Бірақ кейін адамның тарихи дамуы барысында,қиял тек еңбекте ғана емес,сонымен қатар адамдардың фантазиясында және арманында,яғни дәл қазір тәжірибеде жасалуы мүмкін емес образдарда пайда бола бастайды.

Қиялдың ғылыми техникада және көркем шығармада қажетті күрделі формасы пайда бола бастайды.Алайда бұл жағдайда да қиял шынайы өмірден алынған көріністердің қайта жасалуының нәтижесі ретінде ғана рөл атқарады.

Қиял екі психикалық процеспен:ес және ойлаумен тығыз байланысты.Егер адам бұрын болған оқиғаларды көз алдында келтіргісі келетін болса,ол еске жүгінеді.Ал бұл көріністер жаңа көріністерді жасау үшін қажет болса,біз қиял туралы айтамыз.

Қиялдың образдары адамның өміріндегі шынайы образдардың жекелеген жақтарын қайта жасау жолымен жасалады.Мысалы:фантастикалық романдарды оқи отырып,сіз ойдан жасалған кейіпкерлер бәрі бір өзінің түр-келбетімен бізге объектілерге ұқсас екенің аңғарған боларсыз.Өзіміз қандай да бір нәрсені немесе оқиғаны елестете отырып,біз оны толықтай көз алдымызға елестете аламыз.Оқиға бір-бірімен байланыссыз франменттер түрінде емес,тұтастай және үздіксіз көрінуі тиіс.Осылайша,материалдың өзіндік қайта өңделуі жүреді,яғни өндіру процесінде біздің қиялымыздың іс-әрекеті көрінеді.

Қиялдардың іс-әрекеті адамдардың эмоциялық көңіл күйімен тығыз байланысты.Бақытты болашақ туралы арман белгілі бір жағдайларда адамды негативті жағдайдан шығарады,оған дәл қазіргі уақыттағы оқиғадан шығуына көмектеседі.Демек,қиял біздің іс-әрекетімізді реттеуде үлкен рөл атқарады.

Қиял біздің ерікті іс-әрекеттердің жүзеге асуымен де байланысты.қиял біздің еңбек іс-әрекеттерінің кез келген түрінде кездеседі,себебі қандай да бір нәрсені жасау үшін жасалатын нәрсе туралы хабардар болуымыз қажет.Онымен қоса,біз шығармашылыққа жақындай түссек,қиялдың маңызы да соғұрлым жоғарлай түседі.

Қиял көптеген органикалық процестер мен қозғалыстарға әсер етеді.Ішкі органдардың іс-әрекетіне,зат алмасу процесіне,т.б.Мысалы,дәмді түскі ас туралы көз алдымызға елестетсек,бізде сілекей бөлінеді,ал күйік туралы ойлансақ біздің терімізде «күйіктің» шынайы белгілері пайда болғандай болады.Мұндай заңдылық баяғыдан белгілі және психоматикалық ауруларды емдеуде кеңінен қолданылды.Бір жағынан қиял адамдардың қозғалыс функцияларына ықпал етеді.Мысалы,біз жарыс кезінде стадионда жүгіріп келе жатырмыз деп елестетсек,бұлшық еттеріміздің қозғалғаны да байқалады.

Осылайша,қиял адам организімінің процестерін реттеуде де және жүріс-тұрысын реттеуде де үлкен рөл атқарады.



Қиялдың түрлері. Қиял процесі ес сияқты ерікті немесе әдейіжасалуы бойынша бөлінеді. Еріксіз жасалған қиялға түс жатады.Себебі,онда образдар әдейленіп жасалмайды және де күтпеген қызықты жағдайларға тап болады.

Ерікті қиялдың адам үшін маңызы зор.Қиялдың бұл түрі адамның алдында өзі қойған немесе басқа біреуден тапсырылған міндет бойынша белгілі бір образдарды жасау мақсаты туған кезде көрінеді.Бұл жағдайда қиял адамның өзі арқылы бақыланады және бағытталады.Мұндай жұмыс негізінде қажетті көріністерді ерікті түрде жасауға және өзгерту мүмкіндігі жатыр



Ерікті қиялдың көптеген түрлері мен формалары арасынан жаңадан жасалынған қиялды,шығармышылық қиялды және арманды бөліп қарауға болады.

Өзіндік ерекшеліктері мен олардан туындайтын себептерге орай, қиял ырықсыз, ырықты болып екіге бөлінеді. Психологиялық әдебиеттерде ырықсыз қиялды пассив қиял, ырықты қиялды актив қиял деп те атай береді.



Ырықсыз қиял адамның алдына мақсат қоймай-ақ, басындағы елестердің ағытылып, бірінен соң бірі өтіп жататын кезінде туады. Қиялдың бұл түрі төменгі сынып оқушыларында жиі кездеседі. Ұйқылы-ояу кезде де ырықсыз қиялдар өздігінен туындап жатады. Пассив (әлсіз) қиялдың айқын түрі түс көруден байқалады. Көрген түстің қисынсыз шым-шытырық болатыны да — осы ырықсыздықтан. Мұндай қиялдардың пайда болуы адамның өз ойының тізгінін босатып жіберуіне де байланысты. Мысалы, аспандағы бұлтқа қарап, оны әр нәрсеге ұқсату, немесе біреу әңгіме айтып отырғанда, оның басынан кешіргендері тыңдаушының көз алдынан ағылып өтіп жатуы. Осы екі мысалдың бірінші жағдайында — қарапайым қиялдау затты қабылдаса, ал екінші жағдайда сөзді қабылдаудан елес пайда болады. Елес— қиялдың пассив түрі.

Қиялдың саналы әрі жемісті түрі — ырықты қиял. Бұл — адамның алдына саналы түрде мақсат қоя отырып, әдейі образдар жасау мен қажетті бейнелер тудыруы. Қиялдың бұл түрі балалардың ойын әрекетінен де анық байқалады. Ұшқыш, дәрігер, ғарышкер, мұғалім т. б. болып ойнауларына қарап, олардың ырықты қиялдарын аңғаруға болады. Өйткені, ырықты қиял еңбектену процесінде дамып, әрбір адамның іс-әрекеті мен жұмыс нәтижелерін алдын-ала көз алдарына елестетеді. Оларды орындауға, қимыл-әрекеттерді жоспарлы түрде жасап отыруға міндеттейді. Ырықты қиял түрлерін топтап қарастырудың жолдары бар. Олар — қайта жасау қиялы және жасампаздық қиял.



Қайта жасау қиялы адамның өмір тәжірибесінде кездестірген, бұрын болған бейнелерді қайта жаңғыртып елестететін сөздік тітіркендіргіштерге байланысты туындайды. Мұндай қиялдың пайда болуында сөздік тітіркендіргіш қызметін әр түрлі суреттер мен сызулар, сызбалар мен кестелер, ноталар атқарады. Ал бұл қиялдың психологиялық құрылысын іздестіріп көретін болсақ, ол — екінші сигналдық тітіркендіргіштерді бірінші снгналдық бейнелерге айналдыру. Мысалы, мұхитты көрмеген адам басқа біреудің сол мұхитты суреттеп жазғанымен таныса отырып, оның ұшы-қиырсыз бейнесін қиялдайды. Қайта жасау қиялындағы мақсат жаңа, соны бейнелер жасау емес, табиғаттағы заттарды адамның өзі тікелей қабылдамаса да, сол қалпында қайта елестету болып табылады.

Қайта жасау қиялы — адамның ой-өрісін дамытып отыратын психикалық процесс. Қиялдың бұл түрінің тәлім-тәрбие ісінде ерекше маңызы бар. Сөйтіп, қиялдың бұл түрі арқылы пайда болатын елестер алға қойған мақсат пен тілекке сай екшеледі, бұрынғы қабылданған процестерді болмыстағы шындықпен жақындатады.

Балалардың қайта жасау қиялын дамытып, нәтижелі іс-әрекеттеріне күшті әсер ететін жайт — олардың алдына белгілі практикалық міндеттерді қоюы. Айталық, заттың суретін салу немесе түрлі материалдардан сол заттардың бейнесін жасау т. б. Мұндай істер балаларды сөзбен айтылған объектілерді, нақты нәрселерді ұсақ-түйегімен қоса түгел елестетуге баулиды.

Қиялдың ең жоғары түрі — жасампаздық қиял. Қиялдың бұл түрі арқылы жаңа бейнелер мен образдар жасалады. Шығармашылық жасампаздық қиял қайта жасау қиялы сияқты нақты суреттер мен шартты бейнелерге сүйенеді. Адамның шығармашылығы, ол жасаған туындылар — қоғаммен бірге дамуда рух беріп, жігерлендіріп отыратын күш. Жасампаздық қиял — қоғамдық мәні бар жаңа, соны өнімдер жасап шығаруда жетекші қызмет атқаратын психикалық процесс! Машиналардың жаңа түрлерін ойлап табу, бұрынғы машиналарды реконструкциялау, мал тұқымын асылдандыру, өсімдіктердің жаңа түрлері мен сорттарын өсіріп шығару, ғылымда, өнер мен әдебиетте, құрылыс пен халық шаруашылығының басқа салаларында жаңалық ашу — мұның бәрі де шығармашылық қиялға жатады. Мұндағы процеске тек қиял ғана емес, тұрақты зейін, әр түрлі ойлау әрекеттері, ерік процестері т. б. әрекеттер де қатысады. Дегенмен, ырықты қиял жетекші рөл атқарып, адамның барлық процестері мен істеріне жол сілтейді.

Шығармашылық қиял арқылы жасалатын жаңа туындылар мен өнімдер әрқилы жорамалдар жасап, көп ізденуді талап етеді. Алға қойған міндеттерді шешуде көпке дейін нәтиже шықпай, іздеген образ жасалмайды, зат тетіктері үйлеспейді. Шығармашылық қиялдану үстінде адамның іздегені күтпеген жерден, кенеттен тууы да мүмкін. Адам басында көптен бері жүрген мәселенің кенеттен, күтпеген жерден шешімін табуы, оған тиісті жауап алынуы психологияда интуициялық процесс деп аталады. «Интуиция» латын сөзі — шұғылданып қарау деген мағынаны білдіреді. Кертартпа психологтар интуицияға «іштен жарқырау» не «құдыреттің күшімен тану» деген анықтама береді. Дегенмен, бұл шындыққа жанаспайды. Ғылыми тұрғыдан қарастыратын болсақ, дүниені интуиция арқылы танып білу — ми қабығының белгілі түрде атқаратын қызметі. Бұл мәселені ғылыми-табиғи негізде дәлелдеп берген — И. П. Павлов зерттеулері. Ол «Ми алқабы көлемінің белгілі дәрежеде тежеліп жатқан орталықтарында да синтездеу процесі жүріп жатады. Кезінде мұндай әрекет адамға сезілмесе де, оның болып өткені — ақиқат. Сондықтан қолайлы бір жағдай туа қалса, қайдан келгені белгісіз сияқты болып, даяр күйінде ол шыға келуі мүмкін» деген болатын.

Қиял нәтижесінде образдарды қайта жасау. Қиял процесі барысында дүниеге келетін образдар іштен пайда болмайды.олар біздің өткен тәжірибеміз негізінде қалыптасады.

Образдарды жасау 2 негізгі этапта жүреді.бірінші этапта әсерлердің немесе көріністердің құрамдас бөліктерге бөлінуі жүреді.Басқаша айтқанда бірінші этап өмірден алған аз әскерлерімізді анализ жасаумен сипатталады.Мұндай анализ барысында объектінің абстракциялануы жүреді.

Бұл образдармен 2 негізгі тип жасалуы мүмкін.Біріншіден,бұл образдар жаңа үйлесімдер мен байланыстарға қойылуы мүмкін.Екіншіден,бұл образдарға мүлдем бөлек жаңа мағына берілуі мүмкін.Қай жағдайда болмасын абстракцияланған образдармен синтез деп айтуға болатын операциялар жасалады.Бұл операциялар қиял образдарын жасаудың екінші этапы болып табылады.

Синтездің қарапайым формасы агглютинация болап табылады,яғни жаңа образды қиялда бір объектінің қасиетін екіншісіне қосу арқылы жасау.Агглютинацияда мысалы.кентврдың образы,қанатты адам,т.б.



Агглютинация өнерде және техникалық шығармашылықта кеңінен қолданылды.Мысалы,Леонардо да Винчидің жас суретшілерге берген ақылы бәріне аян: «Егер сен ойдан жасалынған жануарды шынайып етіп көрсеткін келсе,айталық жылан-оның басына иттің басын қой,оған мысықтың көзін,филиннің құлағын,арыстанның қасын,тасбақаның мойнын сал».Техникада агглютинацияны қолдану барысында автомобиль-амфибия,т.б.пайда болды.

Агглютинация негізінде жататын процестер әр түрлі.Оларды екі негізгі топқа бөлуге болады.Аналитикалық қабылдаудың жетіспеушілігімен байланысты процестер және оймен байланысты санамен бақыланатын ерікті процестер кентаврдың образы атқа отырған адам қандай да бір жануар ретінде қабылданған кезде пайда болды.Ал қанатты адам саналы түрде пайда болды.

Қиял образдарының қайта жасаудың неғұрлым өзекті әдістері схематизация және акцентировка болып табылады.

Схематизация әр түрлі жағдайда орын алуы мүмкін.Біріншіден,схематизация объектіні толықтай қабылдаған кезде пайда болуы мүмкін.Бұл әсіресе балаларда көп кездеседі.Екіншіден,схематизацияның себебі,объектінің итолықтай қабылдау барысында сондай маңызды емес,детальдар мен бөліктерді ұмыту болып табылады.

Ең соңғы,үшіншіде,схематизацияның себебі-объектінің аса мәнді емес немесе қосымша жақтарынан саналы түрде өз назарын объектінің маңызды қажеттері мен белгілеріне ауысады.



Акцентировка образдың неғұрлым мәнді соған тән белгілерін сызып көрсету үшін қажет.Бұл әдіс шығарма образдарын жасауда қолданылады.Бұл күрделі шығармышылық процесс және образды жасаушы адамның индивидуалды белгілі бір ерекшіліктерін көрсетеді.

Дәріс № 8 Тақырып: Психикалық күйлер.
Сағат 1

Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.


Жоспар:

  1. Психикалық күйлер туралы жалпы ұғым.

  2. Психикалық күйлердің көріну деңгейлері.

  3. Психологиялық, физиологиялық және мінез құлықтық компонеттер.

  4. Психикалық күйлердің жіктемесі.

  5. Эмоцияның функциялары. Бағдарлау, мотивация, активация,із құрастыру, қорғану,эвристикалық функциялар.

  6. Психологиядағы ерік мәселесі.

  7. Ерік іс –әрекетті иерархиялық реттеудегі жоғары деңгейі.

  8. Қажеттіліктер мен еріктің арақатынасы.

  9. Ерік әрекетінің құрылымы.

  10. Мотивтер күресі, ерік күші.

  11. Тұлғаның ерік сапалары және олардың дамуы.

Әдебиет тізімі:


  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.

Дәріс № 8

Тақырып: Психикалық күйлер.
1. Эмоция (көңіл шарпуы, сезім) – әрекет-қылықты бейберекет (импуль­сив) реттеуші психикалық құбылыс. Ол сыртқы ықпалдардың қажеттілік маңызы мен олардың тек өкілі тіршілігіне қолайлы не зияндылығының сезімдік бейнесіне негізделеді. Эмоциялар адам іс-әрекеті мен мінез-қылығында маңызды роль атқарып, төмендегі қызметтерді орындайды:

- эмоцияның қарайлас – бағалау (отражательно-оценочная) қызметі. Әрқилы адамдар бір затқа өздерінің сезімдік тұрғысына қарай түрліше көңіл аударып, қабылдайды.

Біреудің «жақсы» дегенін, екіншілер «жаман» деп таниды. Бір адамның құндылық деп жинағанын және біреу қоқыс деп айналып өтеді . Эмоция — латын сөзі — еmоvега қозу, толқу — деген мағына береді. Қуаныш сезімі. И. П. Павлов, эмоция ми қыртысында болатын жасушалардың күш-қуаты. Сондықтан да эмоцияның белгілі түрде биологиялық және әлеуметтік мәні бар. Эмоция ағзаның ішкі эндокринді бездеріне байланысты болады.

- эмоцияның басқарушылық қызметі. Эмоция адам қылық-әрекетін басқарудың психофизиологиялық тетігі ретінде қабылданған.

- эмоцияның қорғаныстық қызметі. Адамды шынайы не жорамал қатерден сақтандыратын қорқыныштың туындауымен байланысты.

Мұндай қорқыныш адам басына төнген қауіпті жағдайды дұрыс барластыруға, алдағы жеңіс не жеңіліске жету ықтималдығын тиянақты анықтауға мүмкіндік береді. Осынысымен де қорқыныш адам үшін қолайсыз жәйттерден сақтандырады, тіпті тірі қалудың кепілі де осы бо­лар. «қорықпайтын адам - ақымақ». – деп әйгілі батырымыз Бауыржан Момышұлы бекерге айтпаған.

- эмоцияның ынталандырушы қызметі – адамның өз бойындағы табиғи күштерді жинақтап, қандай болмасын әрекетті орындауға, кедергілерді жеңуге бағышталған рухани батылдықты пайда етеді.

- эмоцияның толықтырушы қызметі. Қандай да проблема бойынша шешім қабылдауға не шешім шығаруға жеткіліксіз ақпаратқа қосымша толықтырулар беруде жәрдемге келеді.

- эмоцияның сигналдық қызметі. Адамның не жануардың басқа бір жанды нысанға ықпал, әсер жасауымен байланысты. Эмоциялы көңіл-күй сырттай көріністі, сол арқылы тек өкілі екіншіге өз жағдайы жөнінде хабар бере алады (адам сөйлейді, айқайлайды не түртеді, ал жануар өзінше дыбыс шығарады, сүзеді, тебінеді және т.б.)

Эмоциялар ұнамды немесе болымсыз – екі сипатта көрінуі мүмкін, яғни көзделген нысан тиісті қажеттікті қанағаттандырады немесе қанағаттандырмайды. Эмоциялар генетикалық тұрғыдан инстинкт және құмарлықпен байланысты келеді. Алайда, қоғамдық – тарихи даму барысында арнайы адами жоғары эмоциялар – сезімдер қалыптасты. Бұл сезімдердің негізі – адамның әлеуметтік мәні, қоғамдық талап, қалыптар, қажеттіктер мен ұстанымдар.

Көптүрлі эмоция көріністері арасында төрт бастау көңіл шарпулары бөліне ажыралған: қуаныш (рахат), қорқыныш, ашу-ыза, таңдану. Эмоциялардың көбі аралас сипатты, себебі олардың бәрі қажеттіктер жүйесінің басымдық (иерархиялық) ұйымдасуынан.

Сонымен, эмоция да түйсік секілді психикалық құбылыстардың арқауы, өзегі. Түйсікте болмыстың материалдығы бейнеленсе, эмоцияда - оның субъектив – мән, мағыналы тараптары психикалық құбылыс кейпіне енеді.

Түйсіктің эмоциялық кейпі – бұл біздің түйсік сапасына болған қатынасымыз, нысанның қажеттілік қасиеттерінің психикалық бейне­.

Эмоция тудыратын стрестің пайда болу ағымында биологиялық танымдықтың 3 буыны болатыны белгілі болды.

1) Күйзеліс тудыратын бағалар; күйзелістің анық қатал-дылығы, онша үлкен мөлшерде болмағанымен проблема оны адамның өз өліне, біліміне және түсінігіне қарай бағалануында. Бағасына қарай ағзада физиологиялық-биохимиялық үрдістер өтіп, бірнеше пайдалы және пайдасыз өзгерістер туады.

2) Оқиғаның өзіне немесе оның бағасына деген физио-логиялық-биохимиялық, биологиялық жауабы.



Эмоционалды үндестік – заттасқан ортадағы күнделікті болып жататын өзгерістерге орай нақты эмоционалды жауап әрекет. Эмо­ционалды үндестік адамның көңіл шарпуы күшіне, оның көңіл кейпіне байланысты анықталады.

Көңіл-күй (настроение) – бұл жағдаймен шарттасқан тұрақты, психикалық әрекетті қоздырушы не тежеуші эмоциялық қалып. Эмоция не сезімнің әсерімен болатын психикалық белсенділіктің аса жоғары деңгейі – шабыт (воодушевление) ал ең төменгі деңгейі – селқостық (апатия) аталады.

Теріскей ықпалдардан туындайтын психикалық әрекеттің шамалы қателігінен адам жабырқау (расстроенность) қалпына түседі.

Әрқилы эмоциялық ықпалдар жағдайындағы адамның көңіл-күй тұрақтылығы оның әрекет-қылығының бір қалыптылығы мен мінез-құлықтық ұстамдылығынан көрінеді.

Сезім — адамдардың бір-бірімен қатынас жасау қажеттігінен туындайтын және біртіндеп дамып қалыптасып отыратын жан қуаты. Мәселен, достық, адалдық сезімдері, адамда бірден қалыптаса қоймайтын белгілері. Ал, эмоция болса, адамның түрлі органикальіқ қажеттіліктеріне байланысты оқтын-оқтын туып отыратын, кейде шағын, кейде күрделі, ситуациялы көріністері. Мәселен, адам қуанғаннан немесе қамыққаннан козіне жас алады, не болмаса бір нәрсеге мәз болып шек сілесі қатқанша күледі, әрине мұндай жағдайдың ұзаққа созылмайтыны белгілі. Бұл сезім мен эмоцияның бірінші ерекшелігі. Сезімдерде мәнерлі қозғалыстар (мимика, пантомимика) жонді байқалмайды, тұрақты терең әсерлі сезім адам психологиясындағы басты белгілердің бірі, ал эмоция болса мәнерлі қозғалыстарға бай келеді, мұyда адам өзін тек организм тұрғысынан көрсете алады. Адамның жоғары сезімдері — имандылық, интеллектілік, эстетикалық. Жоғары сезімдердің қалыптасуына, адамның өскен ортасы, отбасы, ұжымы елеулі әсер етеді, өсіресе халқымыз айтқандай "Сөз сүйектен өтеді ..." т.б. мәтелдері сезімді тәрбиелеу қажет екеніне дәлел болады. Осы тұрғыдан алғанда, сезім ми қабығының жұмысынан, ондағы динамикалық стереотип жасалып отыратындығынан тәуелді. Ал, эмоцияға келсек, мұның физиологиялық негізі ретикулярлық формацияның лимби жүйесінің, соңдай-ақ, ондағы гипоталамус бөлігінің (дененің зат алмасуы, температурасын реттестіретін жүйке) орталығымен ұштастырамыз. Мәселен, осы жүйке қызметінің орталықтарына зақым келсе, адам тойғанын білмейтін, немесе шөлі қанбайтын жағдайға ұшырайды. Бұл жерде де сезімдер мен эмоцияның бір-бірінен айырмашылығы байқалады. Адамның сезімдері ылғи да қоғамдық-тарихи сипатта болады. Мәселен, адамның адамгершілік сезімдері (жолдастық, борыш, жауапкершілік, адалдық, шыншылдық, т.б.) қоғамдағы өзгелерге байланысты өзгеріп отыратыны белгілі. Мәселен, нарық экономикасына көшкенде, жастардың сезімдерінде әр түрлі көріністерді байқаймыз. Сезім — адамның өзіне, өзге адамдарға, айналасындағы заттар мен құбылыстарға көңіл-күйінің қатынасын білдіретін және оларды бейнелейтін психикалық үрдіс. Сезімінің психикалық үрдіс екендігін білдіретін тағы бір ерекшелігі — оның адам көңіл-күйіне байланысты әрбір үрдіске белгілі бір түрде рең беріп тұратындығы. Сезімінің сан алуан көріністері мен олардың пайда болуы әлеуметтік-қоғамдық жағдайларға, әсіресе, материалдық, рухани-мәдени қажеттіліктерді қанағаттандырудың мақсат-мүдделеріне байланысты. Сезім мен эмоцияның адам іс-әрекеті мен көңіл-күйіне ұнамды әсер етуі стеникалық — күшті сезім тудырса, ал ұнамсыз не теріс әсер етуі астеникалық — әлсіз, жағымсыз сезім тудырады. Стеникалық сезім жүйке жүйесіндегі қозуды күшейтсе, астеникалық сезім жүйкеге тежелу жасап, адамның әрекетшілдігін әлсіретеді. Адам сезімінің қайнар бұлағы — бізді қоршаған болмыс, объективтік шындық. Сезім адамның табиғи және әлеуметтік қажеттіліктерінің қанағаттандырылу не қанағаттандырылмауы салдарынан туындап отырады.

Сезімдер – бұл әлеуметтік мәнді құбылыстар бейнесінің эмоциялық формасы. Олар қандай да бір жағдайлардың нақты тұлғаның тіршілік қалпына сәйкестігінен не үйлеспейтіндігінен пайда болады. Сезім әрқашан тұлғаның өзімен, әлеуметтік мәнді құндылықтармен орайлас келеді. Әр адамның өзіне тән, оның тұлғалық бағытын айқындаушы жетекші сезімі болады. Сол сезім адамның болмыспен орнатқан өзара ықпалдасты байланыстарын реттеп отырады.

Сезімдер тәжірибелік, іззеттілік, эстетикалық және танымдық болып бөлінеді.

Тәжірибелік сезімдер – іс-әрекет үдерісінде пайда болатын психикалық қалып.

Іззеттілік (нравственные) сезімдер - өзінің және өзгелердің әрекет-қылығына деген эмоциялық, көңіл-күй қатынасы.

Эстетикалық сезімдер – қоршаған материалдың және әлеуметтік дүниедегі әсемдікке болған сезімталдық, әрқандай сұлулық пен әсемдікті құндылық ретінде тану

Ерік үдерістерінің негізгі қызметтері:

-ынталандыру (инициирующая) – объектив не субъектив кедергілерді жеңе отырып, қандай да әрекет, іс-қимылды бастауға мәжбүр ету.

-тұрақтандыру (стабилизирующая) – әрқилы ішкі не сыртқы кедер­гілерге қарамастан ерік күшімен белсенділікті бір қалыпта ұстау.

-тежестіру (ингибирующая) – қандай да уақыт сәтіндегі іс-әрекеттің мақсатына сай келмейтін ниеттер мен тілектерге, әрекет-қылықтың өзге де жолдарына тоқтау беру.

Ерік әрекеттері қарапайым және күрделі келеді.



Қарапайым ерік әрекеттерін адам көзделген мақсатқа жету үшін ойланбастан іске кіріскенде, нені істейтіні түсінікті және қандай жолмен табысқа жететінін білсе, пайдаланады.

Күрделі ерік әрекеттерінде төменде аталған кезеңдерден өту қажет:

- мақсатты пайымдау және оған ұмтылыс;

- мақсатқа жетудің мүмкіндіктерін білу;

- мүмкіндіктерді қолдаушы не оларды жоюшы сеп-түрткілердің пайда болуы;

- сеп-түрткілер тайталасы және олардың арасынан қажеттісін таңдау;

- мүмкіндіктердің бірін шешім ретінде қабылдау;

- қабылданған шешімді іске асыру;

- қабылданған шешім мен көзделген мақсат іске аспағанша, сыртқы кедергілерді, іс-әрекеттің өзіне тән қиыншылықтарды, басқа да әрқилы кесір жәйттерді табандылықпен жеңіп бару.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет