«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет7/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1

Ол  адамның мінез-құлқын сапалы түрде меңгеруі, белгілі бір мақсатқа жетуде, іс-әрекетті орындап шығуда қиындықтар-ды жеңе білуі, сонда жарқырап көрінетін ішкі қуат көзі. Негізінен, адамдар-дың бүкіл қимыл-әрекет-тері екі үлкен топқа бөлінеді. Бұлар: еріксіз әре-кеттер (түшкіру, жөтелу, т.б.); ерікті әркеттер. Солардың ішінде ерікті әрекеттер қарапайым қоз-ғалыстан (жерге түскен затты көтеріп алу сияқты)

бастап, ерекше ерлікке (оққа кеудесін тосу тәріз-ді), күрделі тарихи қыз-метке (мемлекет құру, дегендей) дейін болуы мүмкін.


Іс-әрекетті саналы реттеп бару үшін еріктің психикалық қалыптар жүйесі талап етіледі. Мұндай қалыптар жүйесінің құрамы: ынталылық, мақсат бағыттылық, сенімділік, табандылық, батылдық және т.б. Аталған ерік қалыптары іс-әрекеттің ұдайы барысында өзара ажыралмас бірлікті қатынастарымен көрінеді.

Еріктік қалыптарды іс-әрекет құрылымына сәйкес бірізділікпен қарастырайық:

- Ынталылық – бұл түсіп жатқан ақпаратты белсенділікпен қайта өңдеу, бірінші кезектегі проблемаларды анықтау, мәнді мақсаттар қойып, олардың орындалу жолдарын белгілеу қалпы.

- Батылдық – бұл мақсатты және оны іске асырудың жолдарын тез әрі дәлелді белгілеуге жұмылдыратын психикалық күй. Адамның шешімге келуі оның көңіл-күй көтеріңкілігі мен психикасының зерделі белсенділігіне байланысты.

- Тартыншақтық – жылдам шешім қабылдау қабілетінің жоқтығын білдіретін психикалық қалып.

- Мақсат бағыттылық – сананың негізгі, аса мәнді ниеттер төңіргегінде шоғырлануын қамтамасыз етуші психикалық жағдай. Мұндай қалып физиологиялық тұрғыдан адамның барша әрекетін мақсатқа жету жолына жұмылдыратын доминанта (басымдылық) құбылысының туындауымен байланысты келеді.

- Сенімділік - бұл бастау шарттарын ескерумен жоспарланған іс-әрекет нәтижесін жоғары ықтималдылықпен күте білу мүмкіндігін беретін психикалық болмыс. Іс-әрекеттің күтілген нәтижелілігін күні ілгері анықтайтын да осы сана қалпы.

- Табандылық психикалық қалып ретінде қиыншылықтарды жеңіп шығуда, әрекетті қадағалау мен оны мақсат жолына бағдарлауда көрінетін сана қасиеті.

-Ұстамдылық біршама ерік күшін талап ететін келеңсіз жағдайларды тежеуге қажет психикалық қалып. Бұл ерік күші мүмкін болар келеңсіз эмоцияларды басуға жұмсалады.

Кез-келген парасатты адам ең әуелі, өзінің ерікті әрекетінің мақ-сатын белгілеуге тиіс.

Ол ниет немесе тілек түрінде жүзеге асады. Тілекте келешекте атқарылатын іс-қимыл 

ойға бекиді. Ниетте де солай. Сосын іс-қимыл-дың жоспары жасалады. Зерттеушілердің айтуынша, әрбір адамның өзіне тән ұнамды, ұнамсыз ерік саналары болады. Еріктің ұнамды қасиеттері: дербестік, батылдық, табандылық.

Еріктің ұнамсыз қасиет-тері: өзгенің сөзіне еріп, иланғыштық, қорқақтық, шыдамсыздық, ырықсыздық. Ерікті қалып-тастыруда адамның өз еркін өзінің тәрбиелеуі зор маңызға ие.

Ерік күшінің қозғаушысы – сезім. Барлығы-на немқұрайлы қарай-тын адам үлкен ерік иесі бола алмайды. Ал өз сезімдерінің құлы болушылар ерік иесі емес, ын-жық жандар. Ерік күшін қару етіп соғыстарда ерлік көрсеткендерде Отанына деген сүйіспеншілік сезімі мен дұшпанына деген өшпенді-лігі, шектен асқан ұс-тамдылығы бір-бірімен ұштаса білді, олар ойланып, бәрін де ақыл таразысына салып іс-қимыл жасады.

Адам қабілетінің қайнарын зерттеуші әрі жазушы Виктор Пекелис: «Ерік деген кездейсоқ таңдаған мақсатқа көз-ді жұмып, қиындығына төзіп ұмтыла беру емес, ол мақсатқа лайық және ақылға қонымды, өзіңе де, қоғамға да пайдалы істі көздеп, соны жүзеге асыруға тырысу, кедер-гілерді жою бағдарла-масын сабырлы да салиқалы түрде қолдану, әрқилы кезеңде үйле-сімді шешім қабылдау», - дейді. Иә, адамның ерік күші ақылмен, терең сезіммен ұштасуға тиіс. Сонда ғана ол жемісті болады. 

Ерік әрекетте қалып-тасады. Адамның өз еркін тәрбиелеуде мүм-кіндігі мол. Кімде-кімнің қатты жігерленіп, күші кернеп, іске белсенді түрде кірісуі еріктік әрекеттің ерекшелігі болып табылады. Біз енді өзіміздің ой-толғауымызды ғалымдардың, тарихи тұлғалардың сезім, ерік күші, оның бір-бірімен байланысы туралы ұлағатты сөздерімен қор-тындыласақ. Б.М.Теплов: «Адамның  жандүние-сінің шарықтап, жан-жақты жетілуінің қажетті шарты – сезім-дердің байлығы. Сезімнің қораш, солғын бо-лушылығы – адамның өмірін де күңгірт, мардымсыз етіп жібереді».

В.Шекспир: «Жеке өмірде терең сезім адамға зор қуат береді. Өзін терең, қуатты сезімдерге баули алмағандар бүгін біреуге, ертең біреуге үстірт, кездейсоқ, сүйіс-

пеншілік білдіруге құш-тарланып тұрады. 

Біздің жеке басымыз – бақ, ал біздің ерік-жігеріміз – оның бағбаны».

А.С.Макаренко: «Ерен ерік-жігер – бір нәрсені қалау және жете білу ғана емес, қажет болғанда одан бас тарта білу».


Адамды әрекетке бағыттайтын, мақсат қоюға талаптандыратын бір түрткі болатындығы, мұны психологияда мотив (себеп) не түрткі деп атайды. Кез келген түрткі сан – қиылы қажеттермен тікелей, не жанама түрде байланысып жатады.

Адамды әрекетке итермелейтін негізгі түрткі – оның түрлі қажеттері. Адам өз қажетіне байланысты алдына түрлі мақсаттар қояды. Ол мақсаттарды орындау үшін түрлі әдіс - амалдар қарастырады. өйткені, адам сыртқы дүниенің заттары мен құбылыстарын тек танып не оған өзінің қатынасын білдіріп қана қоймайды, сонымен бірге, оны қажетіне орай өзгерткісі келеді. Бұл үшін ол қимыл-қозғалысқа, іс-әрекетке түсіп отырады. Адамда қимыл қозғалыстар есепсіз көп. Бұларды үлкен екі топқа бөлуге болады. Оның бірін еріксіз қозғалыстар (яғни мақсат қойылмайтын қозғалыстар: көздің жұмылуы, жөтелу, шашалу, түшкіру т.б.), екіншісін- ерікті қозғалыстар деп атайды. Мәселен, жерге түсіп кеткен нәрсені көтеріп алу қозғалыстың соңғы түріне жатады.



Кез келген қозғалыс арқылы сыртқы ортаны өзгертуге, оған ықпал жасауға болмайды. Бұл үшін мақсатқа бағытталған қимыл-қозғалыстар жасау қажет. Ойланып істелетін, алға мақсат қоюды қажет ететін, түрлі кедергілерді жеңе білуге көрінетін қимыл қозғалыстарды психологияда ерік амалдары немесе ерік деп аталады. Сонымен ерік дегеніміз адамның мінез құлқын меңгере алу қабілеті. «Қайрат дегеніміз өмір жолында кездесетін екі талай кездерде белді бекем буып, қайыспай, кідірмей амал етуге ұмтылу» (Ж.Аймауытов). Адамның осындай психикалық әрекеті алдына қойған мақсатын орындауға байланысты түрлі ішкі-сыртқы кедергілерді жеңе білуіне жақсы байқалады. Мәселен, ұйқы басып төсектен тұрғымыз келмейді. Бірақ сабаққа кешікпеу үшін тұру керек. Бұл жағдайда ішкі кедергілерді (төсектен тұрғымыз келмеу сияқты, еріншектік т.б.) жеңу керек болады. Егер біздің мақсатқа жеңуімізге сырт нәрселер кедергілер жасаса
.

Дәріс № 9 Тақырып: Психикалық қасиеттер.
Сағат 1

Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.


Жоспар:


  1. Темперамент және оның физиологиялық негізі. Темпераменттің негізгі типтері. Темперамент туралы ілімдерге қысқаша шолу) Гиппократ, И.П. Павлов, Э.Кречмер және У.Шелдон).

  2. Мінез ұғымы. Мінез құрылымы.

  3. Коммуникативті, рефлексивті, эмоционалды, ерікті мінездің интеллектуалды қасиеттері. Мінез типологиясына аналитикалық бағыт (А.Ф. Лазурский, Б.Г. Ананьев).

  4. УК.Юнг бойынша мінез типологиясы.

  5. Мінез акцентуациясы және А.Е. Личко бойынша мінез акцентуациясының типтері.

  6. Қабілет және нышан.

  7. Қабілет түрлері.

  8. Талант, дарындылық және данышпандылық.



Әдебиет тізімі:

  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.


Дәріс № 9

Тақырып: Тұлғаның жеке-психологиялық ерекшеліктері

  1. Темперамент және оның физиологиялық негізі. Темпераменттің негізгі типтері.

Темперамент – адамның психикалық әрекеті мен мінез-құлқының динамикасын анықтайтын жеке ерекшеліктері.

Темперамент – жеке адамның туа біткен қасиетінен туындайтын жеке өзгешеліктердің бірі. Ол адамның эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалыстарынан, жалпы белсенділігінен байқалады.

Темпераментке ғылыми түсінікті И.П.Павловтың жоғары нерв әрекетінің типтері туралы ілімі берді. Павловтың ілімінше, мінез-құлықтың жеке ерекшеліктері, психикалық әрекеттерінің динамикасы нерв жүйесі әрекетінің жекелеген өзгешеліктеріне байланысты. Нерв жүйесі қызметінің жеке ерекшеліктерінің негізі нервтік процестердің түрлі көрінісі, қозу және тежелу процестері болып табылады.

И.П.Павлов қозу және тежелудің үш негізгі қасиетін көрсетті:



Нерв жүйесі типтерінің өзара байланысымен темперамент типтерінің жіктелуі


Нерв жүйеіс типі

Күшті

Әлсіз


Нерв жүйесінің негізгі қасиеттері

Ұстамсыз

Еті тірі

Байсалды

Күші

Күшті

Күшті

Күшті

Әлсіз

Тепе-теңдік

Тепе-тең емес, тұрақсыз

Тұрақты

Тұрақты

Тұрақсыз

Шапшаңдығы

Шапшаң

Шапшаң

Инертті

Шапшаң немесе инертті

Темперамент типтері

Холерик

Сангвиник

Флегматик

Меланхолик


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет