«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1

бет2/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1

Дәріс № 2

Тақырып: Психика мен сананың пайда болуы мен дамуы
Психика және сана. Эволюциялық процесс жемісі және факторы ретіндегі психика.

Психика – бұл адамның қоршаған ортамен белсенді өзара қарым-қатынас әрекеттеріне негіз болушы болмыстық саналық (идеалды) өрнек жүйесіндегі субъектив ақпардың (сигналдың) әлеуметтікпен шарттасқан бейнесі. Психика адам мінез-құлығы және іс-әрекеттеріне бағыт-бағдар беріп, реттеу қызметін атқарады.

Адам психикасы өз тіршілігіне арқау болған қоғамдық әдіс-тәсілдер негізінде туындаған ерекше құбылыс – сана формасына енеді. Деген­мен, сана психиканың барша мән-мағынасын қамти алмайды. Онымен қатар адамда табиғаттан берілген тума құрылымдар (тума-бейсана іс-әрекеттері аймағы), сондай-ақ өмір барысында қабылданып, автоматтасқан дағдылар (астар сана аймағы) бар.

Психиканың негізгі көріністері: саналық (психикалық) бейнелер қалыптасуына байланысты психикалық үдерістер және іс-әрекетті психикалық тұрғыдан реттеп барушы үдерістер.

Меншікті, өзіндік іс-әрекет – адам психикасының қалыптасуы мен жүзеге келуінің басты негізі.

Іс-әрекет – жалпы адамзаттың тәжірибе негізінде саналы бел­гіленген мақсаттардың іске асуымен болатын болмысты меңгерудің адамдық әдіс-тәсілі. Адам іс-әрекеті қоғамдық – тарихи ілгерілеудің қозғаушы күші, сонымен бірге ол жеке адамның психикалық даму құралы ретінде де қызмет етеді. Адамның заттасқан іс-әрекеті, оның қоғамдық-тарихи тәжірибесі тұлға санасының сезімдік және ұғым-теориялық аймақтарының басын біріктіреді.

Адам психикасының қалыптасу үдерісінде оның заттасқан нысан­дармен болған сырттай әрекеттері ішкі ақыл-ес әрекеттеріне ауысады. Осыдан, яғни ой әрекеті қабілетінен адам нысандар арасындағы әртүрлі қатынастар жобасын құруға, өз әрекеттерінің нәтижесін күні ілгері барластыруға үйренеді. Бұдан көзіміз жететіні – психика мазмұны жалпыланған қатынастар, мән және мағыналарды, яғни бейнелік қалыптан тыс құрылымдарды да қамтиды.

Психиканың ғылыми түсініктемесі келесідей негіздемелерді сүйеніш етеді:

1) психика материя дамуының белгілі сатысында, яғни жануарлар ағзасының туындау кезеңінде пайда болып, сол ағзалардың икемдесу, бейімделу әрекет-қылығының бейнелеу – реттеу тетігіне айналды. Жануарлардың эволюциялық даму барысында олардың психикасы жетіліп барды. Өз қалыптасу жолында психика екі: инстинкттік қалыптасу және даралықты дағдылану – кезеңдерін басып өтті.

2) Адам психикасы, сана – психика дамуының ең жоғары сатысы; оның пайда болуы адамның ұжымдық қарым-қатынас жағдайындағы еңбектік іс-әрекеттерімен тікелей байланысты.

3) Адам психикасы оның белсенді іс-әрекеттерінің арқасында қалыптасады.

Психика заңдылықтары – сырттай заттармен болған өзара ықпалды қатынастардың алғашқыда психикалық бейнелерге ауы­суы және кейін сол психикалық бейнелердің өз реттеуімен басқарымды әрекеттерге өтуі заңдылықтары.

4) Психика ми қызметімен жанамаласқан, бірақ ол өздігінен идеалды, яғни әлеуметтік - мәдени жағдаяттар нәтижесінде пайда болған саналық құбылыс.

5) Психикалық құбылыстар белгілі құрылымға және ұйымдасу жүйесіне ие.

Психика – ми қызметінің әлеуметтік жанамаланған өнімі.

Адам миының жұмыс ерекшелігі сырттан түсіп жатқан ақпараттың ерекше тәсілмен таңба, белгілерге айналуынан көрінеді. Адамның болмысты психикалық бейнелеуі – бұл қоғамды- тарихи тәжірибеде қалыптасқан сөздік белгі, адамдық ұғымдармен жанама күйде берілген өрнек, бейне.

Психиканың негізгі жасау белгілері – оның жүйелілігі, біртұтастығы, бөлшекке түспейтіндігі.

Психика әрқилы күрделілік деңгейіндегі әрекет-қылықты қамтамасыз етуші көп сатылы (бірінен бірі жоғары) қызметтік жүйелерден тұрады. Психика көп деңгейлі ғана емес, ол сонымен бірге көптеген қасиет-сапаларға ие бола тұрып, сан алуан қызметтерді орындайды. Көрінген жүйе өз құрылымымен, әрекеттік қозғалысымен, бірлікті (интегралды) күй-қалпымен және жүйелі қасиеттерімен сипатталады.

Психикалық жүйе өзінің ұйымдасу шарттарымен ерекшеленеді. Ол жүйе психикалық үдерістерге, психикалық қалыптарға және психикалық қасиеттерге ажыралады.

Психикалық болмыс өте күрделі, дегенмен, оны келесідей шартты түрлерге бөліп қарастыруға болады: экзопсихика, эндопсихика және интропсихика.

Экзопсихика – психикалық дүниенің адам ағзасынан тыс жатқан болмысты бейнелеуші бір бөлігі.

Эндопсихика – психикалық болмыстың адам азғысының қалпын бейнелеуші құрамы.

Интропсихика – құрамды психиканың адам ойын, ерік күшін, қиялын, ұйқыдағы түстерін қамтыған бөлшегі.

Психика қоршаған дүние жөніндегі санаға келіп түскен ақпараттарды біріктіру және оларға түсініктеме беру, оларды адамның қажеттерімен сәйкестендіру және адам әрекет қылығының бейімделу, болмысқа икем­делу үдерісінде реттеу қызметтерін атқарып бару үшін қажет.

Психика эволюциясы.

Психика тітіршілік белгілі бір даму этапында «қосылмайды». Ол организм өмірімен белгілі бір жағдайларда туады. Және тірі материяның белгілі формаларының тіршілігі арқасында пайда болады. Өлі табиғат заттары бір бірімен өзара байланысты болуы мүмкін. Бірақ бұл байланыстар оларға тіршілігіне қажетті шарт болмайды. Тек сирек жағдайда бір заттың тіршілігі үшін белгілі бір жағдай қажет болады.

Сөйтіп, орта өлі заттарға сырттай әсер етіп, оларды ыдырату мүмкін. Бұл бірақ онысыз тіршілік етуге болмайтын жағдай емес.

Тірі материяға келгенде елеулі өзгерістер туды. (коацерваты)

Мұнда орта мен организм арасында үнемі зат алмасу болып жатады. Тірі клетканың тіршілігі үшін ортамен байланыс – зат алмасу процесі жүруі керек. Зат алмасу процесі тек егер организмнің өзіндік белсенділігі болса ғана мүмкін болады. Бұл белсенділік организмдердің өзіне қажетті заттарға қатысты тітіркене алуынан байқалады.

Өмірдің басталуы осы тітіркене алудан өріс алды .

Жердегі өмірдің бастапқы сатысы өсімдіктерден басталады. Өмірдің өсімдік формасының ерекшелігі – олар бір орынға бекітіліп қозғала алмайды. Және өсімдіктердің ең негізгі ерекшелігі – олар тек биотикалық факторларға қатысты ғана тітіркенеді де, абиотикалық факторларға қатысты, (зат алмасу процесінде қатыспайтын) мүлтіксіз тұрады. Сонымен бірге, өсімдіктер жалпы зат алмау процесі мүмкін болатын сыртқы жағдайларға да қатысты сезімтал болады (күн сәулесі). Және өсімдіктер тек тікелей әсер ететін орта әсерлеріне қатысты ғана белсенді болады да, өздері сол керекті әсерлерді іздемейді. Өсімдіктер ортада өте шамалы (тар көлемде) шектерде ғана бағдар жасай алады. Бұндай қөзғалыстарды тропизмдер немесе таксистер деп атайды (бір жаққа қарай жүретін қозғалыс реакциялары: фототратизм, термотратизм, геотратизм, хемотратизм).

Жануарлар өмірінің формасында тітіркенудің жаңа формасы пайда болады: мұнда белгілі бір жағдайларда жануар тек тікелей, зат алмасу процесіне енетін заттарға қатысты тітіркенбейді, сонымен бірге әдетте индифферентті, бірақ биотикалық тітіркендіргіштердің пайда болғаны туралы сигналдайтын тітіркендіргіштерге қатысты жауап бере алатын болады.

Тітіркенудің мұндай формасы – бұрын индифферентті болып, биотикалық факторлармен байланысқа түсіп сигналды мәнге ие болған агенттерге қатысты тітіркену А.Н.Леонтьевтің ұсынуы бойынша - сезімталдылық деп аталады.

Сезімталдыдылықтың пайда болуы психиканың пайда болуының негізгі объективті критерийі болады және тіршіліктің жаңа формаларының пайда болуына әкеледі. Сигналды мәні бар абиотикалық жағдайларға жауап беру арқасында жануар объективті шындықты жаңаша сапада бейнелей бастайды. Мұнда жануардың мінез-құлық тәсілі өзгереді. Ол белсенді түрде тіршілігіне қажетті жағдайларды іздей бастайды. Белсенді бағдарлау іс-әрекеті мінез-құлықтың жаңаша жетілген формаларын қалыптастырады. Яғни жануардың психикалық іс-әрекеті жүзеге асады. Бастапқы этаптарда бұл әлемдік формада болып, эволюция барысында күрделенеді.

Жануарлар әлеміндегі эволюция процесінде терең сапалы өзгеріштерге ұшырайды.

Психикалық бейнелеудің эволюциялық деңгейі жоғарлаған сайын оның мінез-құлықты реттеп, бағдарлау қабілеті толықтырыла түседі, мінез-құлықтың түрлі жүйелерінің бейімдеушілігінің лабильді формаларының пайда болуына әкеледі.

А.Н. Леонтьев психикалық бейнелеудің эволюциялық сапалы өзгерістерінің негізінде даму негізінде даму сатыларын ашып көрсетті.

Психика эволюциясындағы ең мәнді шегара элементарлы сенсорлық психика мен перцептивті психика арасында айқын көрінеді.

А.Н.Леонтьев бойынша психика эволюциясының даму сатылары келесі түрде бөлінеді:

  1. Элементарлы сенсорлық психика. Элементарлы сенсорлық психиканы жануардың негізгі биологиялық функциясының жүзеге асуы тәуелді болып келетін белгілі бір әсер етіп тұрған жеке қасиеттерге (немесе жеке қасиеттердің жиынтығына) жауап бере алатын жануардың іс-әрекеті деп анықтайды. Мұндағы сыртқы шындықты бейнелеу жеке әсер етіп отырған қасиеттерді сезу формасына, элементарлы түйсіну формасына ие.

  2. Пецептивті психика. Ол объективті шындықты элементарлы түйсінулер формасында емес, заттарды бейнелеу формасында жүреді.

Бұл сатыда жануардың іс-әрекетінің мазмұны ықпал еткен заттың өзіне емес, ал сол зат сыртқы ортада берілген шарттарға бағытталады.

Әрбір психиканың сатыларында жоғары және төменгі деңгейлер (соның ішінде аралық деңгейлерді де ескеру керек) болады. Жануарлардың таксономиялық эволицонды қатары психиканың эволюциялық кезеңдерімен сай келе бермейді.

Өмір сүру тәсілі эффекторлық сферадағы бейімделуді анықтайды, ал эффекторлар жүйесінің функцияналдауы, яғни мінез-құлықтың өмірлік қажеттіліктерді қанағаттандыруы зат алмасуды, организм мен орта арасындағы байланысын қамтмасыз етеді. Өмір сүру жағдайлары эффекторлық функцияның, яғни мінез-құлықтың өзгеруіне әкеледі. Бұл эффекторлық сенсорлық сфералары мен ОНЖ-дегі өзгерістерге әкеледі. Бірақ әрқашан функционалдық өзгерістер морфологиялық өзгерістерге әкеле бермейді.

Бұл морфологиялық және функцияналдық өзгерістер психикалық бейнелеудің мазмұны мен сапасын құрайды.

Элементарлы сенсорлы психика.

Төменгі деңгей.

Қарапайымдардың қозғалысы. Олар алуан түрлі болып келеді. Мұндағы локомоциялар кейбір көп клеткаларда кездеспейді.

Амеба дененің бір бөлшегінен екіншісіне плазманың «құйылу» арқылы қозғалады.

Грегариналар «реактивті» тәсілмен артқы жағына кілегей бөлуі арқылы қозғалады.

Қарапайымдардың көпшілігі кірпікшелер мен жгутиктар арқылы қозғалады.

Плазматикалық өсінділер тербеліп, оралып, толқын тәріздес қимылдар жасайды. Жгутиктар мен кірпікшелер миофибриллалардың жиырылуы арқылы қозғалысқа келеді.

Миофибриллалар – көп клеткалардың бұлшық еттеріне сәйкес келетін тарамдар мен мионемаларды құрайды.

Сөйтіп, арнайы эффекторлардың пайда болуына дейін кеңістіктегі жәндіктердің қозғалысы жиырылу жолдарымен жүреді. Қарапайымдарда жиырылу функциясын мионемалар атқарады, көп клеткаларда бұл рольді бұлшық ет атқарады. Бүкіл филогенез этаптарындағы алуан түрлі қозғалыс белсенділіктерін осы жиырылу функциясы қамтамасыз етеді.

Кинездер.

Қарапайымдардың локомоциясы кинездер – элементарлы инстинктивті қозғалыстар арқылы жүзеге асады.

Ортокинез – айнымалы жылдамдықпен қозғалу. Белгілі бір учаскіде температураның градиенті болса (күрт ауытқуы) оптимальды температурадан алыс болған сайын туфелька қозғалысы жылдамырақ болады. Мінез-құлық актінің интенсивтілігі (қарқыны) сыртқы тітіркендіргіштің, кеңістіктің құрылымымен анықталады.

Клинокинез – кеңістікте қозғалыстың бағытының өзгеруі. Бұл бағыттың өзгерістері байқап көру, қателесудің арқасында жүреді. Бұл өзгерістердің жиілігі мен интенсивтілігі әсер етіп тұрған сыртқы тітіркендіргіштің интенсивтілігіне тәуелді. Тітіркендіргіштің күші аз болса, клинокинездің интенсивтілігі де азаяды.

Кинездердің жүзеге асуы биологиялық мәнді сыртқы факторлардың тікелей интенсивті әсер етуімен анықталады.

Ориентация.

Сыртқы қоздырғыштар қарапайымдардың қозғалыстарына жіберуші әрі бағыттаушы стимул болады. Бірақ кинездар арқылы жәндіктер кеңістікте бағдарлай алмайды. Оларға қосымша тітіркендіргіштердің шығу көзіне қатысты адекватты бағдар жасауға мүмкіншілік беретін нәрсе керек. Психикалық дамудың бұл этапында бағдар беруші элементтер қарапайым таксистер болады.

Ортотаксис – қозғалыс бағытын өзгертпей жылдамдықтарын өзгерту. Кинотаксис – қозғалыс бағытын бұрышқа бұруы.

Таксистер – ортының ыңғайлы жағына қарай, немесе ыңғайсыз жағдайлардан қашуға мүмкіндік беретін жануардың қозғалыс белсенділігіне кеңістікте бағдар беретін генетикалық бекітілген механизмдер.

Қарапайымдар әлсіз қоздырғыштарға оңды және күшті тітіркендіргіштерге теріс жауап береді.

Жалпы қарапайымдар оңды тітіркендіргіштерді белсенді іздеуге қарағанда, ыңғайсыз жағдайлардан қашуға бейім,

Тигмотаксис – тактильді тітіркендіргішке қатысты реакция.

Фототаксис – жарыққа қатысты реакция. Қарапайымдардың кейбіреулерінде бұл реакция әлсіз, ал басқаларында айқын байқалады. Ал егер жарыққа әлсіз жауап беретін қарапайымдарға механикалық қоздыру жарықпен бірге жүрсе, реакциялардың қосындысы байқалады. Мұндай үйлесімділік механикалық тітіркендіргішке реакциялардың оңды немесе кері болуы тітіркендіргіштердің интенсивтілігіне байланысты.

Қарапайымдарда тропотаксис болмайды. Себебі тропотаксис үшін симетриялы орналасқан сезім мүшелері керек.

Қарапайымдардың моторлық және сенсорлық сфераларында мінез-құлық белгілі бір күрделікке ие.

Мысалы, инфузорияның клинотаксистегі фобиялық реакцияларын айтсақ: қатты кедергіге тірелегнде (немесе қандай да бір ыңғайсыз зонаға түсіп қалса), туфелька кілт тоқтайды да, «қорғаныс позасына» тұрады, яғни «бүрісіп», улы капсулаларды жіберуге дайындалады. Сонымен біргелікті кірпікшелердің қозғалысы өзгереді, объектті тактильды және химиялық жолмен тексере бастайды, т.б.

Мұндай моторлы сенсорлық белсенділіктің интеграциясы көпклеткалылардың жүйке жүйесіне аналогиялы арнайы функцияналдық құрылымдардың көмегімен жүреді.

Бірақ қарапайымдардың мұндай құрылымдардарының морфологиясы белгілі емес. Тек инфузориларда арнайы торлы жүйе күйіндегі эктодермадағы өткізу жолдары анықталған.

Қарапайымдарда генетикалық бекітілген мінез-құлық формаларын индивидуалды өзгерте алу өте әлсіз. Соның өзінде үйренудің элементарлы формалары қарапайымдарда болады, яғни әдеттену процесі. (сыртқы орта жағдайларына әдеттенеді).

Элементарлы сенсорлық психикадағы әдеттену қоршаған ортаның жеке қасиеттері мен сапасына қатысты үйреншіктену. Әдеттенуді шаршаумен шатастырмау керек. Әдеттену – белсенді бейімделу реакциясы, энергетикалық ресурстарды экономдаумен сипатталады, жануарға керек емес әрекеттерді жасауға жол бермейді. Шаршау жануарлардың ресурсының тарап кетуіне байланысты құбылыс.

Элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейінде көптеген көпклеткалылы омыртқасыздар жатады. Бірақ көпклеткалы омыртқасыздардың біршама бөлігі көптеген қарапайымдардың психикалық даму деңгейінде жатады. Бұлар төменгі құрттар мен ішекқуыстылар.

Көптеген көпклеткалылы примитивті жануарларда сапалы жаңа құрылымдық категориялардың – тканьдер, мүшелер, мүшелер жүйесі - пайда болуына байланысты мінез-құлықтың жаңа жағдайлары жасалды. Осы жағдай көпклеткалылардың іс әрекетін және ағза мен орта арасындағы күрделенген өзара әрекеттесуді координациялайтын арнайы жүйенің – жүйке жүйесінің пайда болуын анықтадаы.

Төменгі көпклеткалылы омыртқасыздарға жоғарғы құрттар, моллюскілер т.б. жатады.

Жүйке жүйесінің пайда болуы арқасында жүйке ткані арқылы өтетін қозу үдеуі артты.

Төменгі көпклеткалылыарда жүйке жүйесі алуан түрлі формаларды кездеседі. Гидраларда торлы болып келеді, медузаларда сақиналы, теңіз жұлдызшаларында радиалды т.б. болады. жүйке жүйесі прогрессивті дамуы барысында бұлшық ет тканінің ішіне ене түседі, біртіндеп дененің алдыңғы шеті басты мәнге ие бола бастайды. Бас пайда болып (цефализация процессі), онымен бірге бас миы – жүйке элементтерінің алдыңғы жақта жинақталып, тығыздалуы – пайда болады. Жоғары құрттарда орталық жүйке жүйесі «жүйке сатысы» түріне келеді. Бас миы ұлтабардың үстінен орналасып, қарында орналасқан екі симметриялы коммисуралармен («тамақ алдындағы сақина») бірігеді. Мұндағы маңызды элементтер ганглиялар болып келеді.

Ганглиялардан қуатты өткізгіш жіптер шығады да, жүйке дініне айналады. Мұндай ірі жіптер арқылы жүйке импулсьтары өте шапшаң өтеді.

Жүйке жүйесінің пайда болуы мен эволюциясы көпклеткалы ағзаның түрлі сапалы функционалдық бірліктерін координациялау, оның ортамен қатынасқа түсуі барысындағы түрлі бөліктерінде жүріп жатқан процестерді үйлестіру қажеттілігімен анықталды. Тек ұйымдастыратын және координациялайтын орталық қана ағзаның көпклеткалы ұйымы жағдайында реакциясының икемділігі мен өзгермелілігін қамтамасыз ете алады.

Әрине, психикалық даму деңгейі тек жүйке жүйесінің құрылымына ғана тәуелді емес. психикалық іс әрекетіне басты болып жалпы құрылым емес, жануардың нақты тіршілік ету жағдайы, оның айналадағы ортамен өзара қатынасы мен өзара әрекеттесуінің сипаты.

Сақиналы құрттардың қозғалыс белсенділігі локомоциялық та, жемін табуда да алуан түрлілігімен және жеткілікті күрделілікпен ерекшеленеді. Бұл әуелі жақсы дамыған бұлшықеттермен қамтамасыз етіледі. Ол екі қабаттан тұрады: сыртқы, тері астындағы сақиналы жіптерден және ішкі – мықты көлденең бұлшықеттерден тұрады. Соңғылары бастан аяғына дейін созылып жатады. Көлденең және сақиналы бұлшықеттердің ырғақпен қысқарылуы локомоцияны қамтамасыз етеді. Нәтижеде құрттың дене бойынан қысқарылып созылған бұлшықеттердің «толқыны» өтеді.

Төменгі көпклеткалы омыртқасыздардың сезім мүшелерінің қызметі мен құрылысы жануар деңгейінің жалпы деңгейіне сәйкес алуан түрлі ұйымдармен көрсетіледі.

Омыртқасыздардың ең төмен ұйымдасқан өкілдерінің сезім мүшелері морфологиялық және функционалдық жағынан әлсіз ажыратылған. Бұл жануарлардың иіс сезу, химиялық т.б. сезім мүшелерін ажырату қиын. Әуелгі сезім мүшелері плюромодальды, яғни тірі материяға тән жалпы сезімталдылыққа ие болған дығы туралы гипотеза бар. Мұндай клеткалардың жеке энергиялар бойынша специялизациялануы унимодальдырецепторлардың құрылымдарына әкелді деп тұжырымдауға болады. унимодальды құрылымдар тек бір спецификалық энергияның түріне жауап береді.

Осы болжамға сәйкес көпклеткалы жануарлардың сезім мүшелері сипап сезу мүшелерінен дамыған.

Кеңістіктегі бағдарлау эволюциялық дамудың төменгі деңгейлеріндегідей элементарлы сенсорлық психиканың жоғарғы деңгейінде де примитивті таксистердің негізінде жүзеге асады. Бірақ организмдердің тіршілік етуінің күрделенуіне байланысты ортаның биологиялық мәнді компоненттерін биологиялық мәні аз белгілері бойынша локализациялау қабілетіне жоғары талаптар қойылады. Жануарға жеткілікті деңгейде анық, әрі ажырата түйсінуге және жауап беруге мүмкіндік беретін күрделі таксистік мінез-құлықты қажет етеді. Элементарлы сенсорлық психиканың жоғары деңгейіндегі жануарлар сезім мүшелерінің симметриялы орналасуының арқасында кинездар мен элементарлы таксистермен бірге таксисті мінез-құлықтың кейбір жоғары формаларына да ие болады.

Неміс ғалымы А.Кюн жоғары таксистердің келесі категорияларын бөліп көрсетеді: тропотаксистер – симметриялы орналасқан рецепторлардағы теңестіру нәтижесінде құрылатын тепе-тең әрекет етуші қозу қарқыны бойынша қимыл-қозғалыстың бағдар алуы; телотаксистер –бір тітіркенудің шыққан орнын таңдап, бекіту және қозғалысты осы «мақсатқа» бағыттау; менотаксистер – симметриялы орналасқан рецепторларды симметриялы емес түрде тітіркендірген кезде, қозғалыс тітіркендіргіштің шыққан орнына қатысты белгілі бір бұрышпен жүзеге асады. Менотаксистер жануарлардың кеңістікте тұрақты орналасуын сақтауда басты роль атқарады.

Жоғары жануарларда естің дамуымен байланысты мнемотаксистер де болады.

Сқиналылардың мінез-құлқында тропо- және тело таксистер көбінесе біргелікті кездеседі: егер жануарды бір уақыта екі жақтан күші бірдей жарықпен тітіркендірсек, ол әуелі тітіркендіргіштердің тең әрекет етіп тұрған жеріне, яғни екі тітіркендіргіштің арасындағы қашықтықтың ортасындағы сызыққа қарай қозғалады, сосын осы нүктеге жетпей-ақ энергия шыққан жердің бір жағын таңдап, сонда бет алады. Менотаксиске мысал ретінде – миграция жасап жатқан жануарлардың күнге немесе басқа астрономиялық белгілерге қарап бағдар алуы бола алады. төменгі көпклеткалы омыртқасыздарды менотаксис ұлуларда кездеседі. Егер бұл жануарларды жәй айналып тұрған және жанынан жарық түсіріп тұрған дискіге қойсақ, олар айналған бағытқа қарама-қарсы қозғала отырып, жарық көзіне қатысты белгілі бір бұрышпен қозғалады.

Төменгі омыртқасыздардың мінез-құлқы әлсіз пластикалылығы, консервативтілігімен сипатталады. Туа біткен стереотиптер басым келеді. Жеке басының тәжірибесі мен үйрену бұл жануарлардың өмірінде үлкен роль атқармайды. Ассоциативті байланыстар әрең қалыптасып, өте шектеуліболады. Үйрену нәтижелері көпке сақталмайды. Сақиналы құрттарда үйренудің қарапайым формасы - әдеттену байқалады.

Көпклеткалы омыртқасыздардың ең төмен ұйымдасқан формалары қарапайымдардың жоғары өкілдері тұратын психикалық даму деңгейінде жатады. Мұнда олардың құрылыстары арасындағы өзгешеліктерге қарамастан мінез-құлықтың арсында онша қатты өзгешеліктер байқалмайды.

Сақиналы құрттардың мінез құлқына келсек, элементарлы сенсорлық психиканың сатысына сәйкес келеді. себебі, қимыл-қозғалыстар затар мен құбылыстардың жеке қасиеттері бойынша бағдарланады. Леонтьевтің айтуынша, бұл қасиеттер жануардың негізгі биологиялық функцияларының іске асуы тәуелді болатын өмірлік маңызды орта жағдайының туғаны туралы хабар береді. Сөйтіп, бұл бағдар тек түйсінулер негізінде жүзеге асады. Перцепция, заттық қабылдау қабілеті әлі жоқ.

Мұнда әлі де болса ыңғайсыз сыртқы орта жағдайларынан қашуға деген бейімдік басым болып келеді. Бірақ сонда да белсенді түрде жағымды тітіркендіргіштерді іздеу мінез-құлқы сақиналылыардың мінез-құлқында елеулі орын ала бастайды. Бұл элементарлы сенсорлы психиканың жоғарғы сатысына тән. Мұнда элементарлы таксистер мен кинездер басым роль атқарады. Бірақ солармен бірге мұнда инстинктивті мінез-құлықтың күрделі формаларының нышаны байқалады және жануардың кеңістіктегі дәлірек, әрі экономды бағдарын қамтамасыз ететін жоғары таксистер де кездеседі. Нәтижеде тіршіліктің жоғарырақ деңгейге көтерілуінің алғашарттары пайда болды.

Омыртқасыздардың жоғары өкілдерінде конструктивті іс әрекеттің (құрттардың трубкаларды жасауы), агрессивті мінез-құлықтың және қарым қатынастың нышаны пайда болды.

Төменгі көпклеткалы омыртқасыздардың мінез-құлқына жалпылама баға берсек, примитивті жүйке жүйесінің басты функциясы тіршілік етудің ішкі процесстерін координациялау болып келетіндігін атап көрсету керек. Клеткалардың специялизациясы мен жаңа құрылымдар – тканьдердің пайда болуы көпклеткалы ағзаның ішкі процестерін координациялауды талап етеді. Жүйке жүйесінің «сыртқы» функциялары сыртқы белсенділіктің дәрежесімен анықталады.

Мұнда белсенді тіршілік ететін жануарлардың рецепторларының құрылымы мен функциялары және жүйке жүйесінің «сыртқы» іс әрекеті анағұрлым күрделене түседі

Жоғары омыртқасыздардың сезім мүшелері мен жүйке жүйесінің құрылымдық ерекшеліктері. Олардың қозғалыстық және сенсорлық қабілеттері. Кеңістіктегі бағдарлай білу. Таксистер мен перцептивті психиканың төменгі деңгейіндегі заттық қабылдау. Жоғары омыртқасыздардың инстинктивті мінез-құлқы мен үйренуі. Қарым қатынас пен топтық мінез-құлық. Перцептивті психиканың төменгі деңгейіндегі психикалық бейнелеудің ерекшеліктері. Перцептивті психиканың жоғары деңгейінің жалпы сипаттамасы. Жоғары омыртқалылардың орталық жүйке жүйесі. Жоғары омыртқалылардың сезім мүшелері, сенсорлық қабілеттері мен кеңістіктегі бағдары. Локомоция және манипуляциялау. Комфортты мінез-құлық, ұйықтау мен дем алу сфереларындағы түрге тән компоненттер. Ольфакторлық, оптикалық, және акустикалық коммуникациялар. Жоғарғы омыртқалылардың мінез-құлқындағы ригидтілік пен пластикалық.

Перцептивті психика.

Перцептивті психиканың төменгі деңгейінің дамуы.

Перцептивті психика психикалық бейнелеудің дамуының жоғарғы сатысы болып келеді. А.Н.Леонтьев бойынша бұл сатыда іс әрекет құрылысы өзгереді –ортадағы іс әрекет объектісі берілген шарттарға қатысты іс әрекет мазмұны айқындалады. Мүнда нағыз дағдылар мен қабылдаулар кездеседі. Ортаның заттық компоненттері тұтас бірлік ретінде бейнеленеді. Заттық қабылдау белгілі бір дәрежеде жалпылаумен біргелікті жүріп, сезімдік елестер пайда болады.

Әрине, перцептивті психика әртүрлі эволюциялық даму қатарындағы көптеген жануарларға тән. Өзінің нақты көріністерінде түрлі өзгешеліктеріді танытады. Сондықтан психиканың бұл даму сатысында жеке деңгейлерін бөліп көрсету керек.

Перцептивті психиканың дамуының төменгі деңгейінде жоғары омыртқасыздар – басаяқты моллюскілер мен буынаяқтылар жатады. Буынаяқтыларға насекомдар, шаянтәрізділер, көпаяқтылар, өрмекшітәріздестер жатады.

Насекомдар ең көп тараған жануарлар класы. Насекомдар алуан түрлі және алуан түрлі «экологиялық орындарды» алып жатады. Буынаяқтылардың эволюциясындағы маңызды жағдай олардың жер бетінде, құрғақта өмір сүруге бейімделу болып табылады. Жер бетіне көшуге күрделі рычаг ретіндегі бір-бірімен біріктірілген буындардан тұратын аяқтарының пайда болуы мүмкіндік берді. Мұндай күрделі рычагтар қатты жерде түрлі тәсілдермен қозғалуға мүмкіндік береді. Олар жер бетінде жорғалай да алады, көлденең және тік жерлермен жүгіреді, секіреді, топырақ ішінен өте алады. суда жүзеді, жорғалайды, сүңгиді, және де су бетінде жүгіре де алады.

Насекомдарда, сонымен бірге, ауада қанаттарымен ұша алу тәсілі де пайда болды.

Насекомдардың түрлі бұлшық ет жүйелері болады: дене бұлшық еті, аяқтарының бұлшықеті, аяқтың жеке буындарының бұлшық еті, ішкі органдардың бұлшық еті.

Сөйтіп, насекомдардың бұлшық еті жоғары дәрежеде түрленген және арнайы боллып келеді. бұлшық еттерінің көпшілігі көлденең кесінділер түрінде болады да, жеке бұлшық еттердің саны өте көп. Бұлшық еттердің күші де аз емес: кейде насекомдар өз салмағынан жүз есе ауыр заттарды таси алады.

Орталық жүйке жүйесі.

Насекомдардың қозғалыс аппаратының өте жоғары дифференциациялы ұйымдасқандығына байланысты олардың орталық жүйке жүйесі де күрделі болады. мәселен, сақиналы құрттардың жүйке жүйесінің негізінде денесінде біркелкі орналасқан ганглялар құрайды. Ганглялар бір бірімен сегментаралық жүйке діндері арқылы байланысқан. Бұл діндер көптеген насекомдарда бір біріне тығыз орналасады да, бір жүйке тізбегін құрайды.

Ганглиялар бір біріне жабысып, бас жағында цефализацияланады, яғни қуатты түйін тәрізді бас миына айналады.

Насекомдар үшін жүйке элементтерінің жоғары концентрациясы тән. Мұндай концентрация жеке мүшелердің жүйелерін басқару мүмкіншіліктерін жоғарлатады және ағзаның тұтас бірлік ретіндегі жалпы морфофизиологиялық деңгейін көтереді.

Жүйке жүйесі мен бас миының құрылысы түрлі буынаяқтыларда түрліше құрылған.

Сөйтіп, элементарлы сенсорлық психика мен перцептивті психиканың айырмашылықтарын төменгі перцептивті психикаға тән жүйке жүйесінің құрылымынан-ақ байқауға болады.

Насекомдардың өмір сүру жағдайларының спецификасы, оларға бейімделуге мүмкіндік беретін қозғалыс белсенділіктерінің түрлілігі – берілген жануарлардың айырықша құрылған көптеген сезім мүшелерінің дамуына әкелді.

Насекомдардың өмірінде басты рөлді көру атқарады. Көру мүшесі – күрделі көз фасеталық деп аталады. Себебі, оның беті жеке оқшауланған учаскелер – фасеткалардан тұрды. әрбір фасеткада бөлек көзше – омматидий болады да, ол көршілес жатғқандардан пигментті төсеніш арқылы оқшауланып, өз бетінше олардан тәуелсіз әрекет етеді. әрбір омматидийда 7-8 көру клеткалары болады, олардың аксондары мидың оптикалық ганглияларына барып жанасады.

Көздің осындай күрделі құрылысына байланысты насекомның миына ортаның заттық компоненттері «мозайкалық» сурет ретінде беріледі. Бірақ жеке оматидийлерден келген суреттер мида синтезделіп, тұтас суретке айналады. Соның өзінде де, бізге насекомдардың қалай көретіндігін елестету қиын .

Оматидийлердің саны насекомдардың көру өткірлігін анықтайды. Араның әрбір көзі жуықтап алғанда төрт мың фасеткалардан тұрады. Фасеткалар кішкентай болған сайын ондағы жарық әлсіз болады, бірақ көру детальдығы артады. Көз доғал болған сайын омматидийлердің осі алшақтайды, нәтижеде көру өрісі кеңейеді.

Насекомдар қозғалмалы объекттерді немесе өздері қозғалыста болғанда қозғалмай тұрған заттарды жақсы көреді.

Насекомдар үшін иістердің де маңызы зор. Бірақ иіс бойынша өте жақын ара қашықтықта сезе алады. өрмекшілер вибрациялар бойынша торына түскен насекомдарды сезеді.

Насекомдарда формаларды тани алуға қабілетті. Соның өзінде де, насекомдар айналада орта компоненттерінің заттық формалары бойынша емес, көбінесе олардың жеке қасиеттері бойынша бағдар алады.

Буынаяқтылар мен басаяқты моллюскілерде түрлі сенсорлы каналдар бойынша ақпарат берудің коммуникациялық жүйелері болады. Аралар мен құмырсқалардың күрделі, жоғары дәрежеде дифференциацияланған қоғамдастықтарының құрылымы мен соның ішіндегі мүшелер арасындағы функциялардың бөлінуі нақты коммуникациялық жүйелердің болуын қажет етеді. Құмырсқалардың келісімді мінез-құлқы химиялық сигналдарды беріп, алу арқылы жүзеге асады.

Қарым қатынастың күрделі жүйелері үлкен отбасыларымен тұратын насекомдарға тән. Бұл бал арасы мен құмырсқаларға тән.

Территориялық мінез-құлық сақиналы құрттар мен төменгі моллюскілардың өзінде де байқалады. Бұл тіршілікті үнемі бір орналасқан жерде өткізумен ерекшеленеді. Толыққұнды территорялық мінез-құлықта жануар тек өзінің өмірлік функцияларын бір жерде өткізіп қана қоймайды, сонымен бірге, тек перцептивті психикалық деңгейде мүмкін болатын жануар өз даусы немесе иісімен берілген учаскенің бос еместігін білдіреді. Мұндайда ең басты рөлді жерді таңбалау атқарады. Мұндай таңба ретінде тері бездерінің немесе кіші дәреттерінің бөлінуі, оптикалық белгілер – ағаштардың сыртқы қабықтарын сыдыру, тапталған шөп болып келеді.

Территориалды мінез-құлықтың маңызды белгісі өз территориясын белсенді түрде қорғау болып келеді.

Перцептивті психиканың төменгі деңгейінде перцептивті психиканы сипаттайтын прогрессивті белгілер байқалады. Бірақ көбінесе мұндағы жануарлардың мінез-құлқы примитивті болып келеді. мінез-құлықтың бағдарында заттардың жеке қасиеттері басты роль атқарады. Жалпы мінез-құлықты заттық қабылдау әлі де болса бағынышты роль атқарады. Мінез-құлықты ригидті, қатаң бекітілген мінез-құлық элементтері икемді, жүре пайда болатындардан басым болады.

Екінші жағынан, бұл деңгейде белсенді түрде оңды тітіркендіргіштерді іздеу, яғни оңды таксисті мінез-құлық кеңінен дамиды. Жоғары таксистердің түрлері байқалады. Мнемотаксистер кеңістіктегі бағдарлауда маңызды роль атқарады.

Қарастырылып жатқан жануарлардың, әсіресе, насекомдарда жеке бастың тәжірибесі, үйрену маңызды роль атқарса да, үйрену процесінде белгілі бір қарама қайшылық байқалады (прогрессивті және примитивті кескіндердің арласып келуі). Үйренудің белгілі бір функционалды сферада қалыптасуы, инстинктивті мінез-құлыққа қатысты бағынышты орында болуы психикалық дамудың бұл деңгейін элементарлы сенсорлық және дамыған перцептивті психиканың арасына қояды.

Бірақ берілген жануар топтарының өкілдерінде мінез-құлқының пластикалылығы жетіспейді деп айтуға болмайды. Керісінше, мұнда жалпы заңдылық байқалады: инстинктивті мінез-құлықтың күрделенуі үйрену процестерінің күрделенуімен үйлесе жүреді. Тек осындай үйлесімділік қана психикалық іс әрекеттің ақиқи прогрессін қамьамасыз етеді.

Берілген психикалық даму этапында инстинктивті мінез-құлық әжептеуір дамыған жаңа категориялармен еріледі: топтық мінез-құлық, қарым қатынас, ритуализация. Үлкен семьялармен тұратын жануарлардың түрінде қарым қатынас формалары ерекше күрделі болып келеді. Осындай жануарлардың ішінде аралар жақсы зерттелген. Буынаяқтылардың ең жоғарғы өкілдері ретіндегі аралардың тілі қарым қатынастың ең күрделі формаларына жатады. Олардың бойындағы инстинктивті мінез-құлықтың ең күрделі формалары үйренудің алуан түрлі және күрделі көріністерімен заңды түрде үйлесіп отырады. Осының барлығы аралардың семьясындағы бүкіл өкілдерінің келісімді әрекеттерін және дарақтың мінез-құлқының максималды пластикалығын қамтамасыз етеді. Аралардың психикалық қабілеттері белгілі бір дәрежеде перцептивті психиканың төменгі деңгейінен тыс шығады.

Басаяқты моллюскілердің дамуы омыртқалылардың даму бұтағына жақындады. Бұл олардың жүйке жүйесінің құрылымының ірілігінен, көру рецепторларының құрылысынан байқауға болады. басаяқтылардың мінез-құлқы әлі де болса жеткілікті деңгейде зерттелмеген, соның өзінде, олардың кейбір қабілеттері туралы белгілі. Біріншіден, олар нстинктивті мінез-құлықтың күрделенуімен сипатталады. Оларға территориялық мінез-құлық (жеке учаскелерді басып алу мен оны қорғау), «агрессивтілік», топтық мінез-құлық (кальмарлар мен каракатицалардың топтасып өмір сүруі), көбею сферасында ритуалды мінез-құлық формалары (түрге тән еркек дарақтардың ұрғашыларды «күтуі») тән.

Зерттеушілер сегізаяқтардың «қызығушылықтарының» ерекше дамығандығын атап көрсетеді. Бұл биологиялық «пайдасы жоқ» заттарды тексеруден, жоғары дамыған манипуляциялық және конструктивті қабілеттердің дамуынан байқалады.

Ең маңызды нәрсе насекомдарға қарағанда басаяқтылардың адаммен қарым қатынасқы түсе алу қабілеті байқалады.

Сөйтіп, басаяқтылар басқа моллюскілерді және төменгі омыртқасыздарды артта қалдырып, психикалық дамудың жоғары деңгейіне жетеді де, омыртқалыларға тақалады.

Соның өзінде де, басаяқтыларда насекомдардағыдай үйрену қабілетіндегі қарама-қайшылықтар байқалады. Мәселен, сегізаяқ көру және тактильді стимулдарға қатысты үйрену қабілеті жоғары дамыған, ал кейбір кездері ондай қиын емес мәселелерді шеше алмайды. Мәселен, сегізаяқ кедергілерден өте алмайды – егер жем түссіз кедергінің ар жағында болса (шыны цилиндр, тор), сегіз аяқ айналып өту жолын таба алмайды.

Әрине бұл жағдай сегізаяқ үшін биологиялық неадекватты жағдай болатындығын ескеру керек. Табиғи жағдайда оның тікелей қабылданып тұрған жемі ешқашан кедергі артында болмайды. Сонымен бірге, айналып өту жолының мәселеелрі қиын мәселелер разрядына жатады. Соның өзінде де, басаяқтылардың психикалық белсенділігінде омыртқалылырға жақындататын прогрессивті кескіндермен бірге төменгі моллюскілармен жақындататын примитивті кескіндер аралас келеді. примитивті кескіндерге үйренудің «негативизмін» жатқызуға болады: олар жағымсыз тітіркенулерден қашуға жағымдыларды табуға қарағанда оңай үйренеді.

Перцептивті психиканың жоғарғы деңгейі.

Жануар әлемінде эволюция процессі үш шыңға әкелді: омыртқалылар, насекомдар және басаяқты моллюскілер. Осы үш «шыңның» өкілдері заттық қабылдау қабілетіне ие, тек омыртқалыларда ған бұл қабілет толық дамыды деп айта аламыз. Тек жоғары омыртқалылырда ғана психикалық іс әрекеттің күрделі формалары кездеседі. Омыртқалылар дөңгелекжақтылар (минога, миксиналар), балықтар, қосмекенділер жорғалаушылар, құстар, сүтқоректілер кластарына бөлінеді. Жоғары омыртқалыларға тек соңғы екеуі ғана жатады. Тек осында ғана жануарлардың жоғары психикалық қабілеттері байқалады. Төменгі омыртқалыларда төменгі және жоғарғы перцептивті психиканың элементтерінің түрлі үйлесімділігімен сипатталатын психикалық дамудың аралық сатысы байқалады.

Омыртқалылырдың бұлшықет жүйесі дене бойында симметриялы орналасқан сегменттерден тұрады. Эффекторлық мүшелерге қызмет ететін соматикалық бұлшықеттер мен ішкі мүшелер мен терінің висцериалды бұлшықетін бөледі.

Жануар аяқтарының негізгі функциясы – локомоциялық – жануардың кеңістіктегі орын ауыстыруы – болып келеді. Көптеген буынаяқтылар мен омыртқалылардың аяқтары, сонымен бірге, субстраттың үстіндегі тұрған денені тіреу функциясын атқарады.

Локомоторлық қозғалыстар жануардың қозғалыс сферасының ең автоматтандырылған, бірыңғай орныдалатын компоненттеріне жатады. Локомоторлық қозғалыстар жануарға айналадағы орта туралы минималды ақпарат береді. Әрине, локомоторлықбелсенділіктің ішіне бағдар жасайтын компоненттер де кіреді. Бұл белгілі бір танымдық мәнге ие.

Омыртқалылардың эффекторлық мүшелері бірнеше функцияларды бірден орындайды – негізгі функциядан басқа бірнеше қосымша функцияларды орындайды. Бұдан мүшелердің мультифункционалдығы көрінеді. Жануарлардың аяқтарының негізгі функциясы тіректі-локомоторлық болғандықтан қосымша функциялары ретінде заттармен манипуляциялаудың түрлі формалары жатады. Сүтқоректілердің локомоциялық сферасында специялизацияланатын алдыңғы аяқтарының қосымша функцияларының бір бөлігін жақтар атқара бастайды.

Манипуляциялаудың бір түрі комфортты мінез-құлық болып келеді (жануардың өзін-өзі күтуі). Комфортты қозғалыстарға денені тазалау, сілкіну, қасыну, белгілі бір субстратта домаау, жуыну т.б. жатады. Комфортты қозғалыстардың тегі инстинктивті болып келеді.

Ұйықтау мен дем алу позалары да түрге тән болып келеді.

Жоғары жануарлардың эффекторлық жүйелерінің жоғары дәрежеде дамуына сәйкес сенсорлық қабілеттердің деңгейі де жоғары болып келеді. Есту, тепе-теңдікті сақату, иіс сезу және көру мүшелерінің маңызы зор. Сонымен бірге, тері және бұлшықет, термикалдық сезімталдылық, дәм және т.б. да сезімталдылық түрлері жақсы дамыған.

Көптген сүтқоректілер үшін иіс сезу ең басты роль атқарады.

Бірақ әрбір нақты жағдайда иіс сезудің нақты даму дәрежесі тұқымның биологиясының ерекшелігімен анықталады.

Көру приматтар мен құстарда жақсы дамыған. Ол тамақ табуда, қорғаныстық мінез-құлықта, көбеюде және т.б. мінез-құлық формаларында жануардың кеңістікте нақты бағдар жасауында маңызды роль ойнайды.

Өмір тәсілі мен жалпы биология жануардың мінез-құлқы мен психикасын анықтайды.

Жоғарғы омыртқалылардың қарым қатынасы аса күрделі сипатқа ие болады. Коммуникациялық тәсілдеріне түрлі модальдықтағы элементтер кіреді.

Ольфакторлық сигнализацияда, яғни, басқа дарақтарға информацияны химиялық жолмен беру, территориялық мінез-құлықта басым болады. Жануарлар арсындағы акустикалық және оптикалық қарым қатынас үшін қызмет ететін омыртқалылардың түрге тән, инстинктивті мінез-құлық компоненттері ритуалды сипатта болып келеді. оптикалық қарым қатынас дене қимылдары мен позалары арқылы жүреді.

Оптикалық мінез-құлықтың нақты формалары жоғарғы омыртқалыларда алуан түрлі болады.

Сүтқоректілердің оптикалық қарым қатынасы ольфакторлықпен біргелікті жүреді.

Құстардың дыбыстық сигналдарының зоосемантикасы олардың тіршілік ету сфераларының бүкіл бүкілін қамтиды.

Эволюция процессі барысында инстинктивті мінез-құлық өз мәнін жоғалтпайды. Ол түгелдей үйренумен ауыстырыла алмайды. Инстинктивті мінез-құлықтың прогресі индивидуалды өзгермелі мінез-құлықтың прогресімен тығыз байланысты. Сондықтан жоғары үйрене алу қабілетері бар омыртқалылар инстинктивті мінез-құлықтың күрделі дамыған формаларына ие.

Эволюциялық қайта құрулардың темпі мен эволюциядағы инстинктивті мінез-құлық пен үренудің спецификалық рольдері әртүрлі болады. Северцовтың көрсеткеніндей сүтқоректілердің психикасы үйрену процестерінің күшті дамуы арқасында эволюцияның шешуші факторына айналады. Интеллектуалды әрекеттер – үйрену процесінің ең жоғарғы көріністері де психиканың эволюциядағы шешуші факторға айналуына септігін тигізеді. Бірақ мұнда мінез-құлықтың инстинктивті негізінің толық мәні мен оның баяу жүретін өзгерістері сақталады. Әрине, жоғарғы омыртқалыларда инстинктивті компоненттер өмірлік маңызды мінез-құлық акттарының кеңістікті-уақыттық бағдары үшін қызмет етеді. Мұндағы кеңістікті бағдар таксистер негізінде, яғни, туа біткен мінез-құлық элементтері арқасында жүзеге асады. Алайда бұларға мнемотаксистер қосылады. Ал бұл индивидуалды түрде ориентирларды есте қалдырумен сипатталады. Яғни жеке бастың тәжірибесінің жинақталуы, мнемотаксистер жоғарғы омыртқалылардың өмірінде маңызды роль атқарады. Сайып келгенде, туа біткен бағдарлау тәсілдері жеке бас жинаған тәсілдермен толықтырылады.

Басқа жануарлар секілді жоғарғы омыртқалылардың қоршаған орта компоненттеріне қатысты биологиялық адекватты түрде жауап беруі мінез-құлықтың инстинктивті элементтерімен қамтамасыз етіледі. Жануарды қоршаған ортада биолоүгиялық мәнді объекттер алуан, үнемі өзгеріп отыратын түрлерінде кездеседі. Биологиялық жағдайларға адекватты жауап беру тек егер жануар осы объекттер мен жағдайлардың тұрақты белгілерімен басқарылса ғана мүмкін болады. Осының барлығы генетикалық бекітілген, туа біткен негізіде жануар кілтті тітіркендіргіштерге жауап бергенде жүзеге асады. Жоғарғы омыртқалыларда инстинктивті әрекеттер жануар үшін танымдық мәнге ие болады, себебі, қоршаған ортаны тануда көмектеседі. Инстинктивті мінез-құлықтың ең жоғарғы дамыған деңгейі жоғарғы омыртқалылардың ритуалды қарым қатынасында байқалады. Қарым қатынас сферасында мінез-құлықтың инстинктивті формаларыаса жоғары стереотиптілікке ие болады. себебі, қатаң бекітілген зоопрагматикалық тәсілдерсізжануарлар арасындағы өзара түсіністік, яғни, ақпарат алмасу мүмкін емес. Ал қарым қатынас мінез-құлық аймағында жоғары интеграцияланудың – жеке дарақтар мен тұтас қоғамдастықтардың мінез-құлқының интеграциялануының қажетті шарты болып келеді.

Алайда қарым қатынас сферасында да жүре пайда болған компоненттердің мәні зор. Мәселен, көптеген құстардың балапандары өз енесінің әнін естімесе өз тұқымдастары тәрізді әндете алмайды.

Күрделі дағдылар үйренудің басқа түрлері арасынан ерекшеленеді. Солардың арқасында күрделі дағдылар жануарлардың психикалық іс әрекетінің жоғарғы формасының - интеллектуалды әрекеттердің – дамуына алғышар пен негіз бола алды.

Жануарлардың интеллектуалдық мінез-құлқының жалпы сипаттамасы

Интеллектуалды мінез-құлық жануарлардың психикалық дамуының шыңы болып келеді. Алайда, интеллект туралы, жануарлардың «ақылы» туралы, олардың ойлауы туралы айтқанда қандай жануарларға қатысты интеллектуалды мінез-құлық туралы айтуға болады, ал қандай жануарларға қатысты айтуға болмайтындығын көрсету қиын.

Жануарлардың интеллектуалды мінез-құлқы инстинктивті мінез-құлық пен үйренудің түрлі формаларымен тығыз байланысты ғана емес, сонымен қатар, өзі де туа біткен негіздегі мінез-құлықтың индивидуалды өзгермелі компоненттерінен тұрады. Ол индивидуалды тәжірибені жинаудың ең жоғарғы қорытындылық көрінісі, сапалы ерекшеліктерге ие үйренудің ерекше категориясы. Сондықтан интеллектуалды мінез-құлық ең жоғарғы бейімделу эффектісін береді.

Жануар интеллектісінің дамуының алғышарты мен негізі ретінде биологиялық «нейтралды» объекттермен манипуляциялау болып табылады. Маймылдар үшін манипуляциялау жаңа заттарды немесес оның жаңа қасиеттерін терең әрі жан-жақты тану болып келеді. манипуляциялау барысында, күрделі манипуляциялық әрекеттерді орындау барысында жануар іс әрекетінің тәжірибесі жалпыланады, қоршаған ортаның заттық компоненттері туралы жалпылама білімдер қалыптасады. Міне, осы жалпыланған қозғалыстық-сенсорлы тәжірибе маймылдар интеллектісінің басты негізін құрайды. Маймыл манипулояциялау барсыныда үздіксіз өзінің қолының қимылдарын қадағалайды; осы қадағалаудың негізінде түрлі әрекеттер – объекттің тұтастығын бұзбайтын – затты жан-жаққа аудару, жалау, сипаубасу, домалату т.б. және деструктивті сипаттағы – сындыру, бөлу, жеке бөліктерге ажырату т.б.

Деструктивті әрекеттер ерекше танымдық құндылыққа ие. олар заттардың ішкі құрылымы туралы мәліметтер алуғамүмкіндік береді. Манипуляциялау барысындажануарбір мезгілде түрлі сенсорлық каналдар арқылы ақпарат алады. Нәтижеде жануар объект туралы түрлі спапалы қасиеттерге ие тұтас нәрсе ретіндегі комплексті мәлімет алады.

Интеллектуалды мінез-құлық үшін көріп қабылдау мен көріп жалпылау ең басты мәнге ие.

Интеллектуалды мінез-құлықтың кейінгі бір элементі қозғалыс сферасындағы күрделі көпфазалы дағдылар болып келеді. күрделі дағдылардың тәртібін таба алу жануарды жоғары деңгейге көтереді.

Алайда жоғарғы омыртқалылар локомоторлыққа қарағанда инструментальды міндеттерді қиын шешеді. Жануарлардың психикалық іс әрекетінде кеңістіктегі қатынастарды локомоторлық әрекеттердің көмегімен тану басым болып келеді. ал маймылдарда, әсіресе, адамтәріздес маймылдарда манипуляциялық әрекеттердің күшті дамуына байланысты кеңістіктегі қатынгастарды локомоторлық тану өзінің басты рөлін жоғалтады.

Интеллектуалды мінез-құлықтың өте маңызды алғышарты дағдыларды жаңа ситуацияларға кеңінен көшіре білу де жатады. Бұл қабілет жоғарғы омыртқалыларда дамыған болып келеді. Әрине, әр түрлі жануарлардатүрлі дәрежеде дамыған.

Сөйтіп, жоғарғы омыртқалылардың алуан түрлі манипуляциялай алу, кең сезімдік түрде жалпылай алу, қиын мәселелерді шеше алу және күрделі дағдыларды жаңа ситуацияларға көшіру, толыққұнды бағдар жасау мен жаңа жағдайда бұрынғы тәжірибесіне сүйене отырып, адекватты жауап бере алу қабілеттері жануар интеллектісінің маңызды элементтері болып келеді. соның өзінде де, аталған қасиеттер жануардың ойлауының, интелектісінің критерийі бола алмайды. Мәселен, ең жоғары дәрежеде дамыған аралардың оптикалық жалпылай алу қабілеттері.

Жануар интелектісін ажырататын ерекшелік бұл – жеке заттарды бейнелеумен қоса, олардың қатынастары мен байланыстарын бейнелей алу қабілеті пайда болады.

Жануарлардың күрделі дағдылары көпфазалы болып келеді. Бұл фазалар, мәселен, егеуқұйрықтың тартылатын саты арқылы бір алаңнан екіншісіне өрмелеуі немесе «мәселеелі жәшіктегі» құлыпты біртіндеп ашуы мәселені шешудің бірыңғай теңсапалы этаптарының тізбегі, қосындысы ғана болып келеді. интеллектуалды мінез-құлықтың формаларының дамуы барысында мәселені шешу фазалары анық түрлі сапаға ие болады: бұрын біртұтас процеске біріктірілген іс әрекет, енді дайындалу мен жүзеге асыру фазаларына бөлінеді. Дайындалу фаза интеллектуалды мінез-құлықтың кескінін құрайды. Леонтьев көрсеткендей, интеллект қандай да бір операция немесе дағдыны жүзеге асыру мүмкіншіліктерін дайындайтын жерде пайда болады.

Н.Н.Лалыгина-Котс дайындалу процесі мен техникалық қиын емес мәселені шешуге қажет құралдарды дайындауын детальды зерттеген.

Леонтьев бойынша, дайындалу фазасы әрекет бағытталатын заттың (таяқпен емес) өзімен емес (мәселен, маймылдың жемді алу үшін қолданатын таяқты дайындауы), таяқтың жемге деген объективті қатынасы арқылы туады. Осы қатынасқа жауап беру жануардың бүкіл іс әрекетін тудыратын объектке (мақсатқа) бағытталған екінші – жүзеге асыру фазасына дайындық болып келеді. Екінші фазаға, сөйтіп, дағды күйінде бекітілетін белгілі бір операция жатады.

Интеллектуалды мінез-құлықтың критерилерінің бірі болып келетін жануарлардың мәселені шешуде бір ғана стереотипті орындалатын тәсілді қолданбай, бұрын жинақталған тәжірибенің нәтижесі болып келетін түрлі тәсілдерді қолдануы үлкен мәнге ие. сайып келгенде, интеллектуалды әрекеттерде түрлі қозғалыстарды байқап көрудің орнында түрлі операцияларды байқап көру орын алады. бұл бір мәселені түрлі тәсілдер арқылы шешугемүмкіндік береді.

Сөйтіп, интеллектуалды мінез-құлықта операциялар көшіріледі, және мұнда мәселе бұрынғысына ұқсамауы да мүмкін.

Жануардың интеллектуалды мінез-құлқы ортаның тек заттық компоненттерінің бейнелеуі ғана емес, сонымен бірге, олардың арасындағы қатынастарды бейнелеумен сипаталатын болғандықтан, мүнда операцияларды көшіру берілген операция байланысты заттардың ұқсастық принципі бойынша ғана емес, сонымен бірге, ол жауап беретін заттардың қатынастары мен байланыстары принципі бойынша да жүреді.

Көпжылдық экспериментальды зерттеулердің негізінде Ладыгина-Котс жануарлардың ойлауы әрқашан нақты сезімдік-қозғалыстық сипатқа ие деген қорытындыға келді. Бұл әрекеттегі ойлау, бұл әрекеттер затқа қатысты болады.

Ладыгина-Котс адамтәріздес маймылдардың күрделілігі мен тереңдігі бойынша екі түрлі ойлау формасы болады деп есептейді. Бірінші форма жануардың іс әрекетінде тікелей қабылданатын тітіркендіргіштердің (зататр немесе құбылыстардың) байланысын құрумен сипатталады. Бұл көрнекті жағдайдағы анализ бен синтез.

Екінші форма тікелей қабылданып жатқан тітіркендіргіш пен елестер (көрген іздер) арасындағы байланыстарды түзумен сипатталады.

Сөйтіп, шимпанзе ойша объекттерді детальдарға бөле алады. маймылдардың интеллектуалды мінез-құлқында басты рөлді қолдары, қолының тактильді-кинестетикалық сезімталдылығы атқарады. Тактильді-кинестетикалық сезімталдылықтың көрумен араласуы маймылдың практиаклық анализі мен синтезі үшін кеңістіктік-уақыттық байланыстарды түзуге үлкен мүмкіндіктер береді.

Осылардың барлығымен бірге. Маймылдардың интеллектуалды мінез-құлқының шектеулілігін айту керек. Басқа мінез-құлық формалары секілді интеллектуалды мінез-құлық та өмір сүру тәсчілі және таза биологиялық заңдылықтармен анықталады. Мәселен, шмпанзе өте шебер тоқылған жататын ұялар жасай алады, бірақ олар ешқашан пана жасамайды, жаңбырдан қорғана алмайды.

Маймылдар далада құралдармен де сирек қолданады. Күнделікті өмірде шимпанзе, басқа да адамтәріздес маймылдар секілді құралсыз тіршілік ете алады. Екінші жағынан, басқа омыртқалылар жүйелі түрде заттарды құрал ретінде пайдаланады. Осыдан құралдық әрекеттер өз алдына жануардың жоғары дамыған психикалық іс әрекетінің міндетті критерийі деп айта алмаймыз.

Ладыгина-Котстың айтуынша, шимпанзе бірден жаңа жағдайдың мәнді ерекшеліктерін бақап, тікелей қабылданып жатқан заттар арасындағы қатынастарды мағына елегінен өткізу негізінде жаңа байланыстарды түзе алмайды. Ең күрделі маймылдар интеллектісінің көріністері жаңа жағдайларда филогенетикалық бекітілген әрекет тәсілдерін қолдану ғана болып келеді.

Психикалық белсенділіктің жалпы сипаттамасы.

Элементарлы сенсорлық психиканың төменгі деңгейінде психикалық белсенділік примитивті. Қарапайымдарға психикалық бейнелеудің элементарлы формасы – түйсіну тән, яғни сезімталдық.

Сонымен бірге, психикалық бейнелеудің дәрежесі мен сапасы қозғалыс қабілетінің даму дәрежесімен, кеңістікті уақыттың ориентациямен және туа біткен мінез-құлықты өзгерте алуымен анықталады. Жалпы қарапайымдардың белсенділігі кері белгімен жүреді, ыңғайлы ортаға ыңғайсыздан қашу арқасында тап болады.

Инстинктивті мінез-құлықтың ізденіс фазасы онша дамымаған. Сөйтіп, психикалық бейнелеу ең төменгі деңгейде қарауылшы функциясын атқарып, орта компоненттің зиянды қасиеттерін ғана сезеді. Әрине, қарапайымдардың примитивті мінез-құлықы микорәлемінде жеткілікті түрде күрделі, әрі икемді болып келеді.

Дәріс № 3

Тақырып: Сана және бейсаналық.

Сағат: 1
Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.

Жоспар:

  1. Сана және бейсаналықтың пайда болуы мен дамуы.

  2. Сана және санадан тыс психикалқ үрдістер.

  3. Іс – әрекетті реттеудегі саналы және бейсаналық үрдістер арасындағы арақатынас.

  4. Сана және бейсаналық: екі негізгі психологиялық тұжырымдамалар ретінде.

  5. З.Фрейд пен К. Г. Юнг еңбектеріндегі бейсаналық мәселесі.

  6. Кеңестік психологтар жұмысындағы бейсаналық мәселесі.

Әдебиет тізімі:

  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.

Дәріс № 3

Тақырып: Сана және бейсаналық.
Сана концепциялары. “Психологиялық процестер, қасиеттер мен күйлер” ұғымдары психиканың қызметтік-мазмұндық жағын сипаттайды. Психологиялық белсенділіктің әртүрлі деңгейлері “Сана және бейсаналық” ұғымдармен бейнеленеді. Психология тарихына үнілсек, Жаңа дәуірге дейін сана тұтастай психикамен ұқсастырылып келді. Р. Декарт сананы ішкі дүниенің субъектісі ретінде тұжырымдады. Мұндай түсінік (ХIX ғ. соңында) әсерленулер мен ой-толғамдардың ағыны ретіндегі сананың психологиялық анықтамасымен (У. Джемс, Э. Б. Титчинер) байланысты болды, сонымен қатар оның зерттеу әдісі – сананың элементтерін – түйсік, бейнелер, аффекттерді бөлуге бағытталған жүйелі өзіндік байқау (интроспекция) болған еді. Санаға деген мұндай көзқарас қазіргі батыстық психологияның көптеген бағыттарында сақталған. Түсіндіруші психология төңірегінде сана түсінуші және әсерленуші ішкі шындық ретінде қарастылады, олар елестету, бейнелер және еріктік әрекеттерге бөлінеді. Сондықтан сана ішкі құрылымдылық құбылыс ретінде қарастырылады. Г. В. Фартинг бастапқы сананы - сыртқы және ішкі тітіркендіргіштерді қарапайым перцептивті ұғыну және рефлексивті сананы – жеке саналы әсерленулерді ұғыну деп бөледі.

А. Тульвинг сана құрылымының үш элеметтерін бөледі:

  • Сыртқы тітіркендіргіштерді қарапайым ұғыну;

  • Қоршаған ортаның символикалық репрезентацияларын ұғыну;

  • Өзін және уақыт бойынша өтетін жеке тәжірибесін ұғыну;

Субъективті әсерленулердің феноменін сипаттап, түсіндіруге бағытталған түсінуші психологияға қарағанда, когнитивті психология сананың себептері мен механизмдерін түсіндіруге бағытталған. Оның шеңберінде психиканың құрылу деңгейлері субъективті құрылымдар – жеке конструктивтер негізінде ақпараттарды өңдеу деңгейлері ретінде көрсетіледі.
Сананың дамуының қайнар көзі

Еңбек құралдарын дайындау

Іс-әрекеттің жемісті, ұжымдық және шығармашылық сипаты

Тіл және басқа да белгілер жүйесін қолдану

Материалды және рухани мәдениет заттарын жасау, қолдану

Сурет – 14 Сананың дамуының қайнар көзі
Адам саналы жан иесі. Сана адамзат өмірінің ажырамас атрибутын құрайды. Адамның саналы өмірінің ерекшелігі оның өзін, айналасындағылардан өз “Менін” ажырату, өзінің ішкі дүниесін жасау қабілетінде. Нақ осы қабілет жануарлар (шынайы-табиғи) мен адамзат (қоғамдық-тарихи) өмірі арасындағы айырмашылық шегін анықтайды. Бұл қабілетті Тейяр де Шарден адамзат санасының өзегі ретінде түсіне отырып, рефлексия деп атады.

Психикалық дамудың жоғары деңгейі ретіндегі сана. Қазіргі психологияда сана қоғамдық – тарихи жан иесі ретіндегі адамға ғана тән психикалық бейнелеудің және өзіндік бақылаудың жоғары деңгейі ретінде қарастырылады. Сананың басты қызметі әрекеттерді ойша құру және олардың салдарын алдын ала көру, жеке басының мінез-құлқын бақылау және басқару, қоршаған ортада, өзінің ішкі дүниесінде болып жатқан жағдайлар туралы өзіне - өзі есеп беру қабілеті болып табылады.

Сана бізді қоршаған дүние туралы білімдер жиынтығынан тұрады. Сана құрылымына танымдық процестер кіреді, осы процестің көмегімен адамдар өз білімдерін үнемі байытып отырады. Аталған процес қатарына түйсік және қабылдау, ес, қиял және ойлау кіруі мүмкін.

Сана:

а) белсендігімен;

ә) интенционалдығымен (затқа бағытталатындығымен);

б) рефлексияға қабілеттігімен (ішкі психикалық актілері мен күйлерін өзіндік тану, оларды өзіндік талдау және өзіндік бағалау);

в) кезеңдік күйлерімен (сергектік, ұйқы) сипатталады.

Сана мазмұны, механизмдері мен құрылымдары өмір тәжірибесінде және осы өмірдегі мақсат үшін пайда болып, іске асады.

Сана қызметтері іс-әрекет мақсаттарын және әрекеттерді алдын ала ойша құрастыруымен нәтижеленеді, яғни бұл адам мінез-құлқы мен іс-әрекетін саналы басқаруды қамтамасыз етеді.

Сананың келесі қасиеттерін бөледі: қатынастарды құру, таным және әсерлену. Осыдан сана процестеріне ойлау және эмоциялар кіреді. Ойлаудың басты қызметі сыртқы дүниедегі құбылыстар арасындағы объективті қатынастарды анықтау болса, эмоцияның негізгі қызметі – адамның заттарға, құбылыстарға, адамдарға субъективті қатынасының қалыптасуы. Сана құрылымында қатынастың бұл түрлері бірігіп, мінез-құлықтың ұйымдасуын, сондай-ақ өзіндік бағалау мен өзіндік сананың терең процестерін анықтайды.

Сана

Қызметтері

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8

©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет