«Психология» пәнінің дәрістік кешені Дәріс №1 Тақырып: Психологияның пәні, міндеттері және әдістері Сағат: 1



бет4/8
Дата15.03.2020
өлшемі0,74 Mb.
#60217
1   2   3   4   5   6   7   8
Байланысты:
Дәрістер кешені
русский, русский, 12.1 и 12.3, 15.1

Іс-әрекет құрылымы.


Іс-әрекет құрылымын талдауда іс-әрекеттің сыртқы ортаны саналы психикалық бейнелеу кезінде жүзеге асатындығын білеміз. Кез келген іс-әрекетте адам өз әрекетінің мақсатын, одан шығатын нәтижені ұғынып, операция жүйелілігін ойластырып, іс-әрекеттің барысын бақылап, ерік күшін жұмсайды.

Психика іс-әрекет жағдайын бағдарлап, басқарушы қызметін орындайды. Іс-әрекет бір жағынан тұлғаны дамыту жағдайы болса, екінші жағынан осы іс-әрекетті атқаратын субъектінің, тұлғаның даму деңгейіне байланысты.

Сондықтан да, іс-әрекеттің жалпы құрылымдық компоненттерін бөледі. Олар: мақсат, мотив және әрекеттер.

Әрекетті жоспарлау, бақылау және басқару механизмдерін П.К.Анохин, Н.А.Бернштейн, Э.А.Асратян т.б. зерттеді. Олардың зерттеулерінде кез келген әрекет мақсаты сана, психикалық бейне түрінде көрсетіледі.

Іс-әрекет құрамы іс-әрекеттер единицасы туралы ұғымда ашылады. Іс-әрекеттің негізгі единицасы әрекет болып табылады. Әрекет - ұғынылған мақсатқа жетуге бағытталған іс-әрекеттің аяқталған компоненті. С.Л.Рубинштейн операцияны әрекет ретінде анықтайды. А.Н.Леонтьев операцияны әрекеттің тәсілін анықтайтын шарт ретінде түсіндіреді.

Мотив - белгілі бір әрекетке итермелеуші күш.

Мақсат – белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған адам іс-әрекеті.

Іс-әрекет нәтижесі – қандай да бір іс-әрекеттің аяқталған қорытындысы.

Іс-әрекет түрлері адам өмірінің әр түрлі кезеңінде маңызы жағынан түрліше болады. Өмірдің бір кезеңінде жетекші іс-әрекет ойын болса, екінші кезеңінде оқу, ал үшінші кезеңінде еңбек болады.

Ойын – бала әрекетінің негізгі түрі. Ойын арқылы адам баласы қоғамдық тәжірибені меңгереді, өзінің психикалық ерекшеліктерін қалыптастырады.

Ойын – баланың үлкен адам дүниесін бейнелеу, айналадағы дүниені тану жолы. Ойынның қозғаушы күші – баланың нақты тілегі мен қызығуы.

Оқу – еңбек әрекеттерін орындауға қажетті білімді, дағдыны және икемділікті мақсатты түрде меңгеру процесі.

Оқытушының басшылығымен білімді, дағдыны игереді. Оқытушы оқушыларға білімді хабарлай отырып, оқытушы оларды ойлауға, ұққандарын өз сөзімен айтуға үйретеді. Оқу дамытушы құрал болу керек. Оқушылар білімді ғана игеріп қоймай, өздігімен ойлау, білім алу әдістерін үйрену керек.

Еңбек – адамның материалдық және рухани қажетін қанағаттандыратын қоғамдық пайдалы өнім өндіруге бағытталған іс-әрекет. Адам психикасын қалыптастыруда еңбек маңызды роль атқарады. Еңбекте адамның қабілеті мен мінез-құлқы, жалпы жеке басының қасиеті ашылып, қалыптасады. Еңбек адамның танымдық әрекетіне белсенді ықпал етіп, оның білімін, шеберлігін, дағдыларын жетілдіреді, сондай-ақ адамды рухани жағынан да, дене ккүші жағынан да шыңдайды.

Жоспарлылық, белгілі бір тәртіпке бағыну – жалпы еңбек әрекетінің негізгі ерекшелігі болып табылады.

Еңбек процесі қызметкерде арнайы білімді, дағды және икемділіктердің болуын, зейінділікті, ерік күшін талап етеді.

Білім. Адамның белгілі бір жүйедегі ұғымдарының, деректері мен пайымдарының т.б. жиынтығы. ол сана, таным, ойлау, ғылым т.б. күрделі де терең ұғымдармен тығыз байланысты, әрі солар арқылы анықталады. Білім тұлғаның әлеуметтенуінің шарты болып табылады.

Білім бүкіл адамзат ақыл-ойының адамды қоршаған табиғатты, айналаны танып-білудегі ғылыми мәлімет қорының жиынтығы. Қоғамдық өмірдің даму сатыларына сай теориялық анықтамалармен адамның өмірлік әрекетінде анықталып, дәлелденген белгілі бір жүйедегі ұғымдар дүниесі.



Икемділік – субъектінің алған білімдері мен дағдыларының жиынтығы арқылы іс-әрекетті орындауға қатысты меңгерген қабілеті. Икемділік жаттығу арқылы қалыптасады және іс-әрекетті үйреншікті жағдайда ғана емес, сондай-ақ өзгерген жағдайда да орындауға мүмкіндік жасайды.

Икемділік – белгілі бір әрекеттерді жоғары дәрежеде және нақты, ойдағыдай дұрыс орындау қабілеті. Ол білім мен тәжірибеге негізделеді. Икемділік жетіле, автоматтандырыла келе дағдыға айналады.



Дағды. Алғашқыда саналы орындауды қажет ететін іс-әрекет бөліктерін қайталап жаттығудың нәтижесінде автоматталуын дағды деп атайды. Мысалы, алғаш жазуды үйрене бастаған бала бастапқыда өзінің барлық қозғалыстарын санасымен бақылап, көптеген қимылдар жасайды. Барлық зейінін жазуға тоқтатып, бір мақсатқа бағытталады. Ал жазуға төселген адам жазуға қарамай, жазған нәрсенің мазмұнына қарайды. Өйткені онда жазу автоматталған.

Әдет – адамның өмірінде тұрақтанып, қалыптасқан, бойына сінып, үйреніп кеткен қылық, адамның қажеттілігіне айналып кеткен тұрақты дағды. Әдет - әрекет жасауды қажетсіну. Егер дағды саналы түрде жаттығулар арқылы қалыптасса, әдет – адамның ешбір күш салуынсыз-ақ пайда болады. Әдетте, қимыл-қозғалыстарды орындауға адам үнемі дайын болып, оны қажетсініп тұрады. Бірақ әдетті қанша тұрақты дегенмен де оны өзгертуге, тәрбиелеуге көнбейді деуге болмайды. Ол адамның тума қасиеті емес. Ол өмір сүру процесінде пайда болады.

Іс-әрекет

Мотив

Әрекет

Мақсат

Іс-әрекет тиімділігінің факторлары

Субъективті



Объективті

Орта бойынша



Аппаратуралық




Мотив - белгілі бір әрекетке итермелеуші күш.

Мақсат – белгілі бір нәтижеге жетуге бағытталған адам іс-әрекеті.

Іс-әрекет нәтижесі – қандай да бір іс-әрекеттің аяқталған қорытындысы.

Іс-әрекет әртүрлілігі



Материалдық, идеалдық, рухани, танымдық

Гносеологиялық аспект


Мүмкіндік және ақиқаттылық



Реалды, актуалды

Философиялық аспект

Сыртқы және ішкі

Сыртқы, ішкі ақыл-ой

Теория және практика



Теориялық, практикалық

Іс-әрекет түрі, саласы.



Еңбек, кәсіби, өндірістік, спорттық, оқу, ойын, тұрмыстық, шаруашылық, мәдени.

Сапасы


Өнімді, қоғамдық, пайдалы, тиімді.

Басқа ерекшеліктер



Мақсатты, саналы, шығармашылық, бірлескен, келісімді, күрделі, еңбек, монотонды, анайы, ұзақ, күнделікті.


Дәріс № 5

Тақырып: Психологиядағы тұлға мәселесі.

Сағат: 2
Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.



Жоспар:

  1. Тұлға түсінігі. Адамға қатысты басқа категория (индивид, субъект, жеке даралық).

  2. Тұлғаның негізгі көрсеткіштері: белсенділік, саналылық, дербестік, жеке даралық.

  3. Тұлға құрылымы жайлы түсінік, оның негізгі компонеттері.

  4. Тұлғаның әлеуметтік мәртебесі, әлеуметтік қызмет – рөлдері, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мотивтер, бағыттылық, мінезі.

  5. Тұлға құрылымдағы интеллект және қабілеттілік.

  6. З.Фрейд психоаналитикалық теориясындағы тұлға құрылымының көрінісі.

  7. Тұлға құрылымының концепциялары (А.Ф. Лазурский,В.И. Мясищев, Б.Г. Ананьев, С.Л. Рубинштейн).

  8. Тұлғаның «Өзіндік сана» теориясындағы «Мен» бірлігі. В. Джемстің «Меннің» үш өлшемді компонетті құрылымы жайлы.

  9. Өзін –өзі бағалау және өзіндік қатынас.


Әдебиет тізімі:

  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.

Дәріс № 5 Тақырып: Психологиядағы тұлға мәселесі.
1. “Тұлға” туралы жалпы ұғым. “Индивид”, “тұлға” және “даралық” ұғымдарының арақатынасы. Тұлға құрылымы. Тұлға бағыттылығы.

Тұлға – дербес әрекет ететін субъект ретіндегі нақты жеке адам болмысының қайталанбас, ерекше әдісі, адамның қоғамдық өмірінің дара нысаны. Тұлға әлеуметтік тіршілік ету әдісі жағынан дара болады, оның өзіндік дүниесі ерекше өмір жолын белгілейді және ол мазмұны жағынан әлеуметтік жағдайлармен анықталады. Ал, тегі, құрылымы және нысаны жағынан даралық сипатта болады.

Тұлға - - адамдар арасындағы өзінің ұстаным-орнын еркін және жауапкершілікпен анықтайтын, қоғамның өкілі ретіндегі адам. Қоршаған ортамен, қоғамдық және адами қарым-қатынастар жүйесімен, мәдениетпен өзара әрекеттестікте қалыптасады. Адам тұлға болып туа қалмайды, әлеуметтену процесінде тұлға болып шығады.

Индивид – жекелей табиғи тіршілік иесі. НOМO SAPIENS түрінің өкілі филогенездік және онтогенездік дамудың, туа біткен біртұтастығының өнімі, даралық белгілердің иесі ретіндегі адам.

Даралық - өзіндік ерекшелігі бар жеке тұлға. Даралық деген жеке тұлғада басқалардан ерекшелендіріп тұратын қандай да бір қасиеті. Кез келген адам өзінше дара.

2. Тұлға құрылымы.

Құрылымның бірінші компоненті жеке тұлғаның бағыттылығын сипаттайды. Бағыттылық әр алуан қасиеттерден, өзара байланысты қажеттіліктер мен қызығулар, түрткілер, дүниетаным, сенімдерден тұрады.

Екінші компонентті адамның мүмкіншілігі анықтайды және іс-әрекеттің табысты болуын қамтамасыз ететін қабілеттілік жүйесін қамтиды.

Жеке тұлға құрылымының үшінші компоненті мінез немесе әлеуметтік ортадағы мінез-құлқының сипаты болып табылады.

Аталған барлық компоненттерден басым тұратын төртінші компонент басқару жүйесі болып табылады. “Мен” бейнесі өзін-өзі реттеу қызметін атқарады, оған іс-әрекеттің күшейе түсуі немесе әлсіреуі, өзін-өзі бақылау, әрекеттер мен мінез-құлықтың түзетілуі, өмір мен іс-әрекетті жоспарлау жатады.


Тұлға бағыттылығы. А.Маслоу бойынша қажеттіліктер сипаттамасы.
Тұлға бағыттылығы дегеніміз сол адамның талғамы мен белсендігін көрсететін ниеттер жүйесі. Тұлғаның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. олардың бастылары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным, сенім, идеал, талғам.

Маслоу иерархиялық қатармен адамның түрлі қажеттіліктерін бөліп көрсетті: 1) физиологиялық қажеттіліктер; 2) қауіпсіздік қажеттіліктері; 3) қорғану қажеттіліктері; осы қажеттіктерден кейін гуманоидты қажеттіліктер тобы құрылады – 4) ақиқаттылық, мейірімділік, әділдік қажеттіліктері; Аталған қажеттіліктердің барлығы өзіндік актуализация қажеттілігінің мазмұнын құрайды. Өзіндік актуализация туа біткенмен де қажеттіліктердің алғашқы үш тобы қанағаттандырылған соң ғана кеңінен көріне бастайды.

Маслоу адам мотивациясының келесі принциптерін анықтады:


  • мотивтердің иерархиялық құрылымы болады;

  • төменгі “базалық қажеттіліктер” деп аталатын иерархия қанағаттанбай, жоғары иерархия өз мәнін, яғни мотивтік күшін жоғалтады;

  • қажеттіліктердің жоғарылауымен үлкен белсенділікке дайындық та жоғарылайды.


4. Тұлғаның өзіндік санасы. Тұлға бағыты ретіндегі “Мен” бейнесі. Өзіндік бағалау және тұлғаның өзіндік санасының қалыптасуындағы ролі.

Өзіндік сана. Өзіндік сана психика құрылымы мен сана құрылымында айрықша орын алады. Өзіндік сана – ұғынудың жүзеге асатын сана деңгейі, адамның өз білімдерін, сезімдерін, мінез-құлық және іс-әрекет мотивтерін бағалауы. Өзіндік сана рефлексиямен тығыз байланысты, және кеңестік психолог В.С.Мерлиннің пікірінше, төрт негізгі компоненттерден тұрады:

  • өзін басқа дүниелерден айыру;

  • “Менін” ұғыну;

  • Өзінің психикалық қасиеттерін, эмоциялық өзіндік бағалауын ұғыну;

  • Қарым-қатынас және іс-әрекет негізінде жинақталған тәжірибе негізінде қалыптасқан әлеуметтік-адамгершілік өзіндік бағалау, өзіндік құрмет;

Өзіндік сана өлшемдері: 1) өзін ортадан бөліп қарау, өзін субъект ретінде ұғыну (физикалық ортадан, әлеуметтік ортадан); 2) өз белсендігін – “Менін” ұғыну, өзін басқару; 3) өзін “өзгелер” арқылы ұғыну (“Менің өзгелерден көргенім, менің де қасиетім болуы мүмкін”); 4) өзін моральды бағалау, рефлексияның болуы - өзінің ішкі тәжірибесін ұғыну;

Рефлексивті сананың қалыптасуында қажетті әрі бірінші кезең өзіндік сана немесе өзін ұғыну болып табылады. Өзіндік сана өзін ұғыну ретінде түрлі формада өзіндік таным, өзіндік бағалау, өзіндік байқау, өзін-өзі қабылдау ретінде көрінуі мүмкін.

Өзіндік сана адамның талаптану деңгейімен тығыз байланысты. Талаптану деңгейі адам алдына мақсат, міндеттерді қою қиындықтары дәрежесінде көрінеді. Осыған орай, талаптану деңгейін адамның өзіндік бағалауының өзге адамдармен іс-әрекеті және қарым-қатынасында жүзеге асуы ретінде қарастыруға болады.

Адамның өзіндік танымының нәтижесі оның өзі туралы немесе “Мен бейнесін” жасауы болып табылады. “Мен бейнесі” индивидтің өзіне деген қатынасын анықтайды, өзге адамдармен өзара қатынас орнатудың негізі болып табылады. “Меннің” жалпы интегралды өлшемі тұлғаның өзіндік қабылдау және өзіндік құрметі. Өзіндік құрмет тұлғаның құндылық-мағыналы бағыттарымен байланысты; ол өзіндік сана құрылымына кіреді. Адамзаттың жеке басы мен даралығы адамның өзін-өзі қабылдауын, өз қабілеттерін, мінез нышандарын, өзге адамдар арасында өз орнын дұрыс бағалауы жағдайында ғана ойдағыдай, сәтті қалыптасады. Психологияда құқық бұзушыларға өзін төмен құрметтеу тән екендігі ұйғарылған.

Америка психологы У. Джемс адамның өзіндік құрметіне байланысты формуланы ұсынды.

Өіндік құрмет =_____________________Табыс___________



Талаптану

Дәріс № 6

Тақырып: Қарым қатынас пен топтар психологиясы.

Сағат: 2
Дәріс мақсаты: Тақырып бойынша теориялық білімдерді қалыптастыру.

Міндеті:

    • -студенттерді тақырып бойынша ғылыми психологиялық теориялармен таныстыру.

    • өзекті мәселелерді мысалға келтіре отырып, студенттердің белсендігін арттыру.

    • тақырып бойынша незізгі ғылыми психологиялық ұғымдарды бекіту.



Жоспар:

  1. Қарым – қатынас құрылымы, мазмұны, формалары мен механизмдері.

  2. Қарым – қатынастың негізгі жақтары: коммуникативті, перцептивті, интерактивті.

  3. Қарым – қатынастың коммуникативті жағы: вербалды және вербалды емес қарым – қатынас. Коммуникация түрлері. Кинесика және оның компонеттері. Қарым – қатынастың кеңістіктік-уақыттық ұйымдастырылуы.

  4. Қарым – қатынастың перцептивті жағы: тұлғааралық қабылдау және өзара түсіністік. Қаьбылдау механизмдері мен эффектілері. Стереотиптілік құбылысының мазмұны мен мәні. Әлеуметтік стереотип түсінігі және оның түрлері мен қызметі. Өзге адамдарды тану мен қарым – қатынас үрдісінде «алғашқы әсердің» ықпалы.

  5. Қарым – қатынас қиындықтары мен кедергілері. Деструктивті қарым – қатынас түсінігі. Табысты қарым – қатынас факторлары.

  6. Шағын топтардың жіктелуі. Тұлға және топ.

  7. Топтық әсер ету әдістері мен механизмдері. «Конформизм» құбылысы.

  8. Тұлғааралық қатынас жүйесіндегі жеке адам: персонализация концепциясы.

  9. Тұлғаның топтағы әлеуметтік-психологиялық беделі.


Әдебиет тізімі:

  1. Ананьев Б.Д. Избранные психологические труды: в 2-х томах. –М., Педагогика. 1980 г.

  2. Асмолов А.Г. Психология личности. – М., Изд-во МГУ, 1990 г.

  3. Божович Л.И. Личность и ее формирование в детском возрасте. – М., 2003 г.

  4. В.С. Мухина. Мектеп жасына дейінгі балалар психологиясы. Алматы, 1986.

  5. В.С. Мухина.Возрастная психология: феноменология развития. – 14 е изд.- М., «Академия» 2012 г.

  6. Выготский Л.С. Собрание сочинений.: в 6ти томах.- М., Педагогика, 1983 г.

  7. Грэйс Крайг. Психология развития. Санкт-Петербург. 2002.

  8. Жарықбаев Қ.Б. Жалпы психология. Алматы. 2004.

  9. Казанская К.О. Возрастная психология. Конспект лекций. – М.: «А-Приор», 2007. – 160 с

  10. Леонтьев А.Н. Проблемы развития психики. – М.: Изд-во МГУ, 1981 г.

  11. Намазбаева Х.Т. Психология. Алматы. 2005.

  12. Обухова Л.Ф. Возрастная психология. – М., 1999 г.

  13. Рубинштейн С.Л. Основы общей психологии. – СПб , Питер. 2005 г.

  14. Столяренко. Л.Д. Основы психологии. – Ростов –на –Дону, Феникс, 2004 г.

  15. Эльконин Д.Б. Детская психология. – М., 2004 г.


Дәріс № 6

Тақырып: Қарым қатынас пен топтар психологиясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет