Рапишева Жанат Дабылқызы. «Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология» курсының оқу бағдарламасы



бет55/57
Дата24.06.2020
өлшемі0,53 Mb.
#74451
түріБағдарламасы
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
Байланысты:
Лингвистикадағы кәсіби шетелдік терминология 7M01701701

14. Баға туралы ақпараттар

Студенттердің білімін бағалау критерийі


Рейтинг

Балдар

Ағымдық

50-100

Аралық

50-100

Қорытынды

50-100

Барлығы:

50-100



Балдар

Бағалау өлшемдері

90-100

5 үздік


Студенттердің теориялық мәселелерді толық меңгеруі, семинар сабақтарындағы белсендіділігі, іс қағаздары тіліне қатысты мәліметтерді толық меңгеріп, олармен жұмыс істей алуы.

75-89

4 жақсы

Студенттердің теориялық мәселелерді толық меңгеруі, семинар сабақтарындағы жауабы, реси стильдегі мәтіндердегі сөйлемдерді сөздік арқылы аударып, талдау жасай алуы

50-74

3 қанағаттанарлық

Теориялық мәселелерді толық меңгермей, семинар сабақтарындағы сұрақнамаға толық жауап бермегенде, ағымдық бақылауға қатысты тапсырмаларды толық орындамағанда

0-49

қанағаттанарлықcыз


Теориялық мәселелерді меңгермей, семинар сабақтарындағы сұрақнамаға мүлде жауап бермегенде, ағымдық бақылауға қатысты тапсырмаларды мүлде орындамағанда


15. Өзіндік бақылау үшін тест тапсырмалары


  1. Стиль дегеніміз не?

А Тіл білімінің бір саласы

В Стиль туралы ғылым

С Тілдік тәсілдер жүйесі

D Әдеби тілдің нормасы

Е Қатынас құралы

2. Стильдің қандай түрлері бар?

А Ауызша түрі

В Жазбаша тілі

С Сөйлеу стилі және жазба стильдер

D Кітаби стильдер

Е Жазушы стилі

3. Әдеби тілдің функционалдық стильдері

А Көркем әдебиет стилі

В Ғылыми әдебиет стилі

С Публицистикалық стиль

D Ресми іс қағаздар стилі

Е Аталғандардың бәрі

4. Ғылыми стильдің тууына әсер ететін жағдайлар

А Ғылымның дамуы

В Баспасөздің дүниеге келуі

С Кітап бастыру ісінің болуы

D Оқу-білім көздерінің пайда болуы

Е Аталған жағдайлардың бәрі

5. Ғылыми стильдің лексикасына тән ерекшелік

А Сөз тек өзінің негізгі мағынасында жұмсалады

В Сөздер ауыспалы мағынасында қолданылыды

С Сөздің экспрессивтік және эмоционалдық бояуы болады

D Сөздер синонимдік қатар түзеп қолданылады.

Е Сөз бірнеше мағынада жұмсалады

6. Қазақ тіліндегі ғылыми стильдің алғашқы үлгілері

А Мерзімді баспасөз материалдары

В Көркем туындылар

С Аударма әдебиеттер

D Көпшілікке арналған ғылыми кітапшалар

Е Ауыз әдебиеті үлгілері

7. Ғылымға қатысты алғашқы әдебиеттің тіліне тән ерекшеліктер

А Қазақтың жалпы халықтық тілін пайдалануы

В Сөйлеу стилі элементтерінің болуы

С Татар тілінің элементтерінің басым қолданылуы

D Қазақтың ескі жазба дәстүрін жалғастыруы

Е «Кітаби тіл» элементтерінің жиі қолданылуы

8. Ғылыми стильде жиі қолданылатын сөздер

А Қарапайым сөздер мен диалектизмдер

В Көнерген сөздер мен неологизмдер

С Термин сөздер мен атау сөздер

D Көп мағыналы сөздер

Е Синонимдік мәндегі сөздер

9. Термин дегенді қалай түсінесің

А Тұлғасы, дыбысталуы бір, мағынасы бір-бірінен алшақ сөздер

В Ғылымның тар аясындағы дерексіз ұғымдардың атауы

С Дыбысты жазуда белгілейтін негізгі таңба

D Тілдегі бір немесе бірнеше заттың атауы

Е Дербес мағынасы бар, жеке тұрып сөйлем мүшесі бола алатын сөз

10. Қазақ тіліндегі терминденуші лексика

А Жалпы қолданыстағы сөздер

В Аймақтық лексика

С Көнерген сөздер

D Кәсіби сөздер

Е Аталғандардың барлығы

11. Терминология дегеніміз не?

А Әдеби тілдің өзіндік сөздік құрамы, грамматикалық тұлғалары бар сараланған бір бөлігі

В Тілдегі дыбыстарды белгілейтін әріптердің белгілі тәртіпке салынған жинағы

С Белгілі бір тілдегі сөздердің дұрыс жазылуы туралы ережелердің жиынтығы

D Іштей бөліп-жаруға келмейтін тұтас мағынаны білдіретін сөздер тобы

Е Әдеби тіл лексикасының құрамына кіретін терминдер жиынтығын құрайтын бір бөлігі

12. Ғылыми мәтіннің синтаксистік құрылысына тән ерекшеліктер

А Тақырып пен мәтін арасындағы үзіліс, сөйлемдегі сөздердің жігі анық белгіленеді

В Ой күрделі беріліп, анықтамалар мен дәлелдемелерге негізделеді

С Ой құрастыруға, сөйлем құрауға негіз болған сөздер сөйлемнің дербес мүшелері қызметін атқарады

D Сөздерге сөйлемде түрлі мағына үстеу үшін грамматикалық қызметте қолданылатын көмекші сөздер жиі қолданылады

Е Күрделі құрылған сөйлемнің сөздері бір лексикалық мағынаны білдіріп, сөйлемнің бір ғана мүшесі қызметінде қолданылады

13. Термин емес сөз дегеніміз

А Деректі заттардың атауы

В Дерексіз заттардың атауы

С Бір тектес заттардың ортақ атауы

D Жалпы қолданыстағы бейтарап сөз

Е Жанды және жансыз заттардың атаулары

14. Стилистика нені зерттейді

А Әдеби тілдің ғылымға қызмет ететін саласын

В Табиғат пен қоғамның даму заңдылықтарын

С Қоғамның сан саласындағы тілдің қолданыс қызметінің ерекшелігін

D Бір сөзден немесе грамматикалық байланысқа түскен бірнеше сөздердің тіркестерінен жасалған сөйлемді

Е Сөйлемдегі сөздердің тіркесу тәсілдері мен түрлерін

15. Ғылым тілінің «орыстану» («ұлтсыздану») кезеңі

А ХХ ғасырдың бас кезі

В ХХ ғасырдың аяғы

С ХХ ғасырдың 30-90 жылдары

D ХХ ғасырдың екінш жартысы

Е Қазіргі кезең

16. Медицина саласындағы еминора, емдәм, қылтамыр, көктамыр, асқазан, көкжөтел, терминдері қалай жасалған?

А Сөздердің тіркесуі арқылы

В Сөздердің бірігуі арқылы

С Сөздердің қосарлануы арқылы

D Түбірге қосымшалар жалғану арқылы

Е Сөздердің терминденуі арқылы

17. Терминологиядағы «варианттылық» құбылысы нені көрсетеді?

А Тілден терминдер қатарының толығуы

В Терминді ізденістің нәтижесі

С Терминдердің қолданылу аясын

D Терминдердің нормалану процесін

Е Терминжасам тәсілдерінің бірін

18. Қазіргі қазақ тіндегі терминологиялық лексиканың жасалу принціптері

А Қазақтың байырғы сөздеріне терминдік сипат беру

В Түбірі бір түркі тілдерінің сөз қазынасын пайдалану

С Халықаралық териндердің аударуға келмейтінін қазақ тілінің ерекшеліктеріне үйлестіре қабылдау

D Жоғарыда аталған ұстанымдардың барлығы

Е Орыс тілі арқылы енген халықаралық терминдерді сол күйінде қабылдау

19. Ғылым тіліне берілген анықтамалардың дұрысын көрсетіңіз

А Ғылым тілі – халықтың ғасырлар боцғы іс-тәжірибесінен, өмір тануынан қорытылып, ереже түрінде тұжырымдалған ой-түйіні

В Ғылым тілі - әдеби тілдің атқаратын әлеуметтік-қоғамдық қызметінің үлкен бір саласы

С Ғылым тілі – адамның тілі, сағаттың тілі, техниканың тілі

D Ғылым тілі – адамдар арасындағы өзара қарым-қатынастың, табиғат құбылыстарын танып-білудің ең басты құралы

Е Ғылым тілі – ақпарат алмасудың қолайлы және ең көне тәсілі

20. Ғылыми стильдің негізгі қызметі

А Ғылыми стиль сөздің дұрыс айтылу нормасын белгілейді

В Ғылыми стиль әр түрлі заттың түріне, түсіне және басқа белгілерінің ұқсастығына қарай бір сөзбен аталуын қадағалайды

С Ғылыми стиль сөз түрлендіруші жұрнақтар арқылы сөз мағынасын құбылтып, оған түрлі мән береді

D Ғылыми стиль ғылыми еңбектер мен ғылыми-техникалық құжаттарда, оқулықтар мен ғылыми- көпшілік басылымдарда қолданылады



Е Ғылыми стиль заттың түрлі қасиетін, сапасын бір сөз арқылы да, көп сөз арқылы да білдіреді


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет