Республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясының материалдары



Pdf көрінісі
бет25/55
Дата26.12.2019
өлшемі8,24 Mb.
#55072
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55
Байланысты:
Sbornik Zholamanov


Литература:  

 

1. 


Новые  педагогические  и  информационные  технологии  в  системе 

образования/ под ред. Е.С. Полат. - М.: Академия, 2000. – 315с. 

2. 

Хуртова  Т.В.Обучающие  семинары:  Методическая  поддержка 



компетентностного обучения. - Волгоград: Учитель, 2007. – 265с. 

3. 


Лаврентьев  В.Н.  ИКТ-компетентность  педагога.  -  М.:  Академия, 

2000. – 125с. 

4. 

Савчук  Н.В.  Инновационные  методы  развития  творческих 



способностей учащихся в процессе профессионального образования: Автореф. 

дис. ... канд. пед. наук. — М., 2002. — 18 с. 

 

 

 



206 

 

ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҦНЫНДА КРИТЕРИАЛДЫ 



МОДЕЛІН ҚОЛДАНУ 

(Кӛкшетау қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің тәжірибесі негізінде) 



 

Оспанова Т.А., Сабдина А.А. 

Кӛкшетау қ. ФМБ Назарбаев Зияткерлік мектебі 

ospanova.tleules@mail.ru

a_sabdina@mail.ru



 

 

Бұл  баяндамада  бастауыш  сынып  мұғалімдері  жаңартылған  білім  беру 



мазмұнында  критериалды  моделін  қолданудың  әдіс-тәсілдерімен  танысады. 

Ӛзекті  мәселелердің  бірі-ол  оқушының  жетістіктерін  бағалау  жолдары 

қарастырылған. Тәжірибеден мысалдар келтірілген. 

 

Мектепте  білім  алу-бала  ӛмірінің  маңызды  кезеңдерінің  бірі.  Соңғы 



жылдары  білім  беру  жүйесінде  кӛптеген  ӛзгерістер  болып  жатыр.  Сонымен 

бірге    мұғалімдердің  алдында  жаңа  міндет  қойылған:  балалардың  жеке 

қабілеттілігін,  дарындылығын,бейімділігін  анықтау  және  оны  дамыту,  соның 

негізінде олардың болашағына бағыт-бағдар беру, ӛз заманының озық ӛнегесін 

санасына сіңіру.  

Қазіргі  таңда  Назарбаев  Зияткерлік  мектептерінде  Кіріктірілген  білім 

беру бағдарламасы жүзеге асып, ӛз орнын тапты. 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасының  алға  қойған  мақсаты  айқын, 

бағдары  жүйелі.  Зиялы  азаматты  –  сана  әлеуеті  жоғары  дамыған,  сын 

тұрғысынан  және  жаңашыл  ойлай  білетін,  рухы  мықты,  ӛз  білімін  қоғамның 

алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеуге бағытталады. Аталмыш білім 

беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады. 

КББ  ерекшелігі  беріліп  отырған  пәндердің  басқа  пәндермен  кіріктіріліп 

ӛткізілуі, оқушыны ӛмірге бейімдеп, білімді ӛздігінен алу. 

Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасымен  бірге  білім  беру  жүйесіндегі 

ӛзекті мәселелердің бірі-ол оқушының жетістіктерін бағалау болып табылады. 

«Бағалау»  термині  «жақын  отыру»  дегенді  білдіретін  латын  сӛзінен 

шыққандығы кездейсоқ емес, себебі бағалаудың негізгі  сипаты бір адам басқа 

адамның не  айтып, не  істегенін немесе  ӛзін-ӛзі бақылау,  бақылау  жағдайында 

ӛзінің  дербес  ойлауын,  түсінігін  немесе  тәртібін  мұқият  бақылауы  болып 

табылады. 

Назарбаев  Зияткерлік  мектептеріндегі  оқушылардың  оқу  жетістіктерін 

бағалау  Критериалды  бағалаудың  кіріктірілген  моделі  (әрі  қарай  -  КБКМ) 

қолдану арқылы іске асырылады. 

КБКМ    дәстүрлі  баллдық  бағалаумен  салыстыратын  болсақ,  мынадай 

қорытынды шығаруға болады. 

 

Дәстүрлі бағалау 



Критериалды бағалау 

Баға  оқушы  білімінің  нәтижесін 

сыныптағы 

орта 


деңгеймен 

Баға  оқушының  нәтижесін  білімі,  білімін 

қолдануы,  дағдылары,  ақпаратпен  жұмыс 


207 

 

салыстыру арқылы қойылады 



істеуі,  анализ,  синтез    бойынша  бірыңғай 

критерийлермен  салыстыру    арқылы 

қойылады 

Білімі 


және 

оны 


ішінара 

қолдануы бағаланады  

Тек  білімі  ғана  бағаланбайды,    дағдылары, 

олардықолдануы, 

ақпаратты 

іздеуі 


жәнепайдалануы,  тілдік  дағдылары,  жеке 

және  топта  жұмыс  істеу  қабілеттері 

бағаланады 

Бағалау  оқу  бағдарламасындағы 

нақты  тақырыптарды  меңгеру 

деңгейін кӛрсете алмайды 

Бағалау  оқу  бағдарламасындағы  нақты 

тақырыптарды  меңгеру  деңгейін  кӛрсете 

алады 

Бағалау  оқушы  жетістігі  мен 



деңгейлерін 

анық 


сипаттай 

алмайды  

Бағалар  критерийлерге  сәйкес  жетістіктері  

мен деңгейлерін анық сипаттай алады 

 

Былтырғы  жылы  Кіріктірілген  білім  беру  бағдарламасы  бірнеше 



пилоттық  мектептерге  еніп  отыр.    Осы  мектептердегі  мұғалімдерін  мазалап 

жүрген сұрағы да осы бағалау болып табылып тұр. КБКМ жүзеге асу үшін, мен 

мұғалімдерге бағалаудың ұйымдастыру жолдарын ұсынғалы отырмын. 

Критериалды  бағалау  дегеніміз  не?Критериалды  бағалау–  оқу 

бағдарламасындағы  күтілетін  нәтижелерге  жету  мақсатында  оқушылардың 

білім  алудағы  жеке  даму  жолына  түзетулер  енгізуге  мүмкіндік  беретін, 

оқушының 

оқу 


жетістігін 

алдын-ала 

нақты 

анықталған 



бағалау 

критерийлерімен  сәйкестігін  бағалау  болып  табылады.  Оқушы  дағдыларының 

даму деңгейін бағалауға мүмкіндік береді.  

Критериалды  бағалау  сабақ  беру,  оқыту  және  бағалау  арасындағы  ӛзара 

байланыс  принципіне,  сонымен  бірге  оқушылардың  оқу  жетістіктері  нақты 

анықталған,ұжымдасып  жасалған  критерийлермен,  білім  мазмұны  мен 

мақсатына  сәйкес,  оқушыларға,  ата-аналарға  және  педагогтерге  түсіну  үшін 

салыстыруға негізделген. 

Критериалды бағалаудың үш түрі бар: 

 

Қалыптастырушы бағалау (ҚБ) 



 

Ішкі жиынтық бағалау (ІЖБ) 

 

Сыртқы жиынтық бағалау (ЖБ) 



Қалыптастырушы  бағалау(ҚБ)  –оқу  үдерісін  дер  кезінде  түзетуге 

мүмкіндік  беретін,  білім  алушы  мен  мұғалім  арасындағы  кері  байланысты 

қамтамасыз етіп, үздіксіз жүргізілетін бағалаудың түрі. 

Ішкі  жиынтық  бағалау  (ІЖБ)  –  оқу  бағдарламасындағы  бӛлімдер/ортақ 

тақырыптар  бойынша  белгілі  бір  оқу  кезеңі  (тоқсан/триместр,  оқу  жылы) 

аяқталғанда ӛткізілетін бағалаудың түрі.  

Сыртқы  жиынтық  бағалау  (ЖБ)  –  бастауыш,  негізгі  және  жоғарғы 

мектептерді    бітіргенде  оқу  дағдылары  және  білімнің  қалыптасқанын 

анықтайтын,мектептен тыс сыртқы ұйымдар дайындап  ӛткізетін бағалау. 

Ӛз  жұмысында  КБКМ  қолданатын  мұғалім  ҚБ-дың  оқу  бӛлмесіне 



208 

 

кіргенінен басталатынын есінен шығармауы тиіс.  



Мұғалім  сабақта  жаңа  тақырыпты  бастамас  бұрын  оқушыларға  ӛткен 

сабақтағы материал бойынша сұрақтар қояды. Мысалы, «Біз ӛткен сабақта нені 

үйрендік?»,  «  Қандай  қорытынды  шығардық?»,  «Неліктен?».    Сол  сәттен 

мұғалім оқушылардың білімін тексеріп, алдағы жұмысты жоспарлайды.  

Оқыту  мен  оқу  процесі  аясында  мұғалім  оқушылардың  жетістіктері  мен 

пәнді  түсіну  деңгейін  қалыптастырушы  бағалауда  үздіксіз  бақылап 

отырады.Қазақ тілінде оқу бағдарламасы тӛрт тілдік дағдыға бағытталған. Олар 

- тыңдалым/айтылым, жазылым, оқылым. 

ҚБ-ны ӛткізу үшін осы дағдыларға байланысты оқу мақсаттары алынады. 

Мысалы,  қазақ  тілі  пәні  бойынша  1-  сыныпта,  «Ӛзім  туралы»  және  «  Менің 

мектептерім» бӛлімдерінен мынадай мақсаттар алынған.(1-қосымша, ҚБ іріктеп 

алынға  оқу  мақсаттары).  Берілген  мақсаттар  оқушының  негізгі  қабілеттерімен 

қатар, пәндік білімін жан-жақты кӛрсетуге мүмкіндік береді.  

Мұғалімге  оқушының  оқыту  мақсатына  жеткен  және  қол  жеткізуге 

талпынып жатқанын анықтау үшін дескрипторлар құрастырылады. (2-қосымша, 

бағалауға арналған ұсыныстар)  

Бұл  жетістік  критерйі  дағдылармен  байланыста  болып,  оқушыларға  оқу 

мақсатына  қалай  жетуге  болатынын  кӛрсетеді,  ал  мұғалімдерге  бағалауға 

арналған ұсыныстар беріледі.  

Мұғалім  берілген  оқу  мақсаттарына,  ұсынылған  бағалауға  сүйене 

отырып,  тапсырмаларды  ойластырып  оқушылармен  қалыптастырушы 

бағалауды ӛткізеді. 

Жоғарыда  айтылып,  қойылған  талаптар  бойынша,мен  1-сыныпта 

ӛткізілген қалыптастырушы бағалау түрлерін мұғалімдерге ұсынғалы отырмын. 

 

Пәні: «Қазақ тілі және әдебиеті» пәні 

Бӛлімі: Менің мектебім 

Тақырыбы: Әңгіменің мазмҧнын ретімен айту 

Мақсаты:О1  -Ақпаратты  түсіну.  Әңгіменің  мазмұнын  түсінеді,    басты 

кейіпкерлерін        анықтайды    және  қарапайым  мәтіндерден  нақты  ақпаратты 

табады  

Т/А  3  -  Тыңдалған  материал    бойынша  жауап  беру  және  мазмұндау. 

Тыңдалған  материалдың  мазмұнын  жетекші  сұрақтардың  кӛмегімен  жай 

сӛйлемдермен айта алады. 

Қалыптастырушы  бағалауды  бастамас  бұрын  мұғалім  оқу  мақсатын  

оқушылармен бірге талқылап алғаны дұрыс.Бұл оқушыларға  алдын-ала ӛздері 

қол  жеткізуге  тиісті  дағдылар  деңгейін,  сол  деңгейге  қол  жеткізу  үшін 

дұрысталаптар қоюларына  мүмкіндік береді. 

Оқушылар  берілген  тапсырмаларды  орындай  бастайды.  Тапсырмаларды 

орындай  барысында  оқушыларға  кӛмек  ретінде  қажетті  материалдарды 

дайындаған жӛн(сӛздіктер, анықтама т.с. 

Қалыптастырушы  бағалау  үнемі  жүргізіледі.  Мұғалім  оқушылардың 

қабілеттері  немесе  дағдыларының  шыңдалғандығын  бақылауға  бірнеше 


209 

 

сабағын ғана арнай алады (кӛп ретте бір сабақтың ӛзі жеткілікті).  



Оқушылардың  оқу  мақсаттарының    жетістіктері  кері  байланыс  арқылы 

беріледі. 

Кері  байланыс-дегеніміз  кӛздеген  мақсатқа  жетелейтін  нақтылы  іс-

әрекеттер  жӛнінде  комментарийлер  айту  және  алу.  Оқушыларға  ӛткен 

жұмыстарына  қатысты  олардың  міндеттерін  қаншалықты  жақсы  орындағанын 

айту  маңызды.Оқушыларға  ӛздерінің  қалай  оқып  жатқанын  түсіну  қажет. 

Оқушыларға  ӛздерінің  оқуында  туындайтын  мәселелерді  анықтау  және 

қарастыру тәсілдерін табуға кӛмектесу керек.  

Сабақ  үстіндегі  кері  байланыстар  бірнеше  бағытта  ӛтілуі  тиіс:  мұғалім-

оқушылар,оқушы-оқушылар,мұғалім-оқушы,оқушы-оқушы.  Ол  ауызша  және 

жазбаша түрінде отеді. 

Кері байланыстың түрлері: 

 

Жазбаша түсініктемелер 



 

Бақылаулар 

 

Сұрақ-жауап 



 

Сұрақтар қою 

 

Кері байланыс күнделіктері 



 

Ӛзің-ӛзі бағалау дәптерлері 

Жазбаша  кері  байланыс-  оқушының  жазба  жұмыстарының  нәтижесі 

бойынша берілген  нақты түсініктемелер. Мұғалім оқушыға түсініктемені беру 

барысында  ӛз  қателерін  тауып,  түзетуге  мүмкіндік  беру  керек.Мұғалім  кері 

байланыс  жасау  барысында:оқушыға  қай  жұмысты  жақсы  орындағанын 

кӛрсетіп    айту,  оқушыларға  қателер  болған  жағдайда,  оларды  жоюға  ұсыныс 

жасау керек. 

Ауызша  кері  байланыс-оқушының  жұмысына    бақылау  барысында 

ауызша берілетін түсініктемелер.Бұл жерде кері байланыс толық немесе қысқа 

берілуі мүмкін. 

Мұғалімнің түсініктемелері бұл нұсқау бойынша берілуі мүмкін: 

 

Дұрыс  жауап  берген  кезде:  «Рахмет,  сенің  жауабың  дұрыс», 



«Жарайсың»,  «Рахмет,  Алинаның  жауабына  назар  аударайықшы. 

Ол ӛз ойын толық айта білді». 

 

Дұрыс  жауап  бермеген  кезде:  «Рахмет,  біршама  жақсы,  әлі  де 



ойлана тұр». 

 

Кері  байланыс  мұғалімге  және  оқушыға  ӛз  қателерін  кӛруге  және 



оларды жоюға кӛмектеседі. 

Оқу  мақсатына  қол  жеткізуге  талпынатын  оқушылар  жетістікке  жетуі 

үшін  мұғалімнің  кері  байланыста  кӛрсеткен  нұсқауларын  үнемі  ескеріп 

отырғаны жӛн. Сол секілді оларға оқу мақсатына қол жеткізу үшін екінші рет 

мүмкіндік берілуі керек.  

Мұғалімнің міндеті оқушыны  ӛз жұмысының нәтижесін бағалауды білу 

және  ӛз  қателерін  кӛру  дағдыларын  қалыптастыру.  Бұл  міндеттерге  жетудің 

тиімді жолдары ол: ӛзін-ӛзі бағалау және ӛзара бағалау түрлері. 

Оқушылар  ӛзара  бағалау  арқылы  алған  білімдерін  пысықтап,  әрі  қарай 


210 

 

дамытуға мүмкіндік береді. 



Оқушыларға  ӛзін-ӛзі  бағалау  парағы  таратылады.  Оқушы    кестеге 

орындаған  тапсырмаларын  тексеріп,таңбалар  қояды.  Дұрыс  «+»,  қате  «-». 

Тексеріп болған соң қорытындысын шығарады. 

 

Ӛзін-ӛзі бағалау парағы 



Оқушының аты-жӛні: 

 

«+», «-» 



Теңдіктерді білемін 

 

Теңсіздіктерді білемін 



 

Теңдік пен теңсіздіктерді ажырата аламын 

 

 

Оқушылардан күтілетін жауап: 



 

Мен  ӛзіме  барлық  жерге  қосу  таңбаларын  қойдым,  ӛйткені  мен 

теңдікті, теңсіздікті, оларды бір-бірінен ажыратуды білемін. 

 

Мен,  теңдік  пен  теңсіздікті  ажырату  бағанында  ӛзіме  азайту 



таңбасын  қойдым,  ӛйткені  мен  теңдік  не  екенін  білемін,  бірақ 

теңсіздікті  білмеймін,  сондықтан  теңдікті  теңсіздіктен 

ажырата алмаймын. Келешекте теңсіздікті білу үшін жұмыстар 

жасау керектігін түсіндім. 

Ӛзін-ӛзі  бағалау  оқушылардың  тұлға  ретінде  ӛсуіне  маңызды  болып 

келеді. Мысалы, оқушылардың санды, әріпті ӛрнектер, теңдік пен теңсіздіктер 

жайлы білімдерін пысықтау  үшін тапсырма берілетіні айтылады. 

Тапсырма  берілмес  бұрын,  оқушыларға  «Жетістік  жолы»  кӛрсетіледі. 

Оқушылар  бұл  тақырып  аумағында  қандай  орында  тұрғанын  анықтайды 

(білмеймін, білемін, түсінемін, орындаймынбасқаларға  кӛмектесе аламын). 

 

 



 

Оқушылар ӛз орындарын анықтап болған соң, мұғалім тапсырма береді. 



І. «Білмеймін» нүктесінде тұрған оқушыларға1 тапсырма - Оқушыларға 

қима  қағазда  жазылған  теңдік  пен  теңсіздіктер  беріледі.  Оқушылар  ӛз  қалауы 

бойынша оларды екі топқа бӛледі. 

ІІ. Оқушыларға тура теңсіздік құруға тапсырма беріледі. 

 «Білемін»  нүктесінде  тұрған  оқушыларға2  тапсырма  -  Оқушыларға 

жұмыс  парақтары  таратылады.  Парақтың  сол  жағында  теңсіздік  берілген, 

теңсіздіктің  бір  саны  белгісіз.  Оқушылар  оң  жағындағы  сандардың  арасынан 

бұл теңсіздікке сәйкес келетін санды қоршап алады. 

ІІІ.  Оқушыларға  әріпті  ӛрнектегі  әріптің  орнына  сан  қойып,  мәнін 

табуға тапсырма беріледі

«Түсінемін,  орындаймын»  нүктесінде  тұрған  оқушыларға3  тапсырма  - 

Оқушыларға қағазда жазылған әріпті ӛрнектер беріледі. Оқушы әріптің орнына 

берілген сандырды қойып, мәнін табады. 

«Басқаларға  кӛмектесе аламын» нүктесінде тұрған оқушыларға: 


211 

 

ІV.  Оқушыларға  ӛз  ойларынан  үш  теңсіздік  құрастыруға  тапсырма 



беріледі. 

Оқушыларға  тапсырмалардың  дұрыс  орындалған  нұсқаулары  беріледі. 

Оқушылар тексереді.Тапсырмаларды тексеріп болған соң ,оқушылар «Жетістік 

жолына»  қайтадан  оралады.Оқушылар  ӛз  таңдауларын  дәлелдейді.Күтілетін 

жауап: 

  -Мен,  үшінші  орынға  тұрдым.  Ӛйткені  бұл  тапсырманы  орындау 



барысында  мен  теңсіздіктерді  қалай  құрастыратынын  білемін, 

тапсырманы түсінемін және дұрыс орындадым. 

  -Мен,  екінші  орында  тұрдым.Ӛйткені  теңсізідіктер  не  екенін 



білсем  де,  оларды  дұрыс  құрастыра  алмадым.  Яғни,  сәйкес 

сандарды таба алмадым. 

Мұғалім  ҚБ  жоспарлануы  тікелей  оқу  мақсаттарына  байланысты  екенін 

ұмытпау  керек.  Мұғалім  осы  ҚБ  –да  оқушылар  қандай  білім  алу  керектігін 

шешіп  болғаннан  кейін,  ол  оқу  жоспарына  сүйене  отырып,тапсырмаларды 

ойластырады.  ҚБ әр түрлі әдіс-тәсілдер арқылы ӛтуі тиіс.  Бірқатар дағдыларды 

дамытып,  бағалауды  топтық,  жұптық    жұмыстар    бірден-бір  қолайлы  тәсіл 

болып  табылады.  Мұғалім  әдеттегідей  оқушыларды  оқу  мақсаттарымен 

таныстыру  тиіс.  Осы  кезде  оқушылардың  барлығы  топта  жұмыс  істеп 

отырғаннан    мұғалімге  барлық  оқушыларды  бағалап,  кері  байланыс  жасауға 

қиынға түседі. Сол кезде мұғалім не істеуі тиіс? 

Сол кезде мұғалім «бақылаушы» рӛлін атқарады.Мысалы, қазақ тілі және 

әдебиеті пәні бойынша «қарапайым сӛздер   мен сӛйлемдерді  буындап, тұтас 

дауыстап  оқиды»  деген  мақсатты  жүзеге  асыру  үшін    мұғалім  оқушыларға 

шағын мәтін береді. Сол мәтінге сай суреттер беріледі. Оқушы әр суретке сай 

сӛйлемді  оқиды. 

Мұғалім  бақылау  күнделігіне  бір  белгілі  таңбалар,  символдар  немесе 

геометриялық  фигуралар  арқылы  оқушылардың  іс-әрекетін,  олардың  айтқан 

сӛздерін түртіп алады. 

Таңбалардың анықтамасы: 

 

-  тӛмен                       -орташа                        



-жоғары 

 

Әрине,  бұл  жазбаны  жүргізу  үшін  барлық  оқушыларды  бақылап  жүруге 



қиын  болады.  Сондықтан  мұғалім  ӛзі  үшін    қай  оқушыларды  бақылайтынын 

анықтап алуы тиіс. 

Топтық  жұмыс  барысында  мұғалім  топтың  жұмысын  емес,  жеке 

оқушыларды бағалайтынын ескеру керек.  

Мұғалім  оқу  жетістіктері  бойынша  дәлелдемелерді  оқушының  жеке 

портфолиосына жинастырады. 

Оқушының портфолиосында келесі дәлелдемелер жатуы мүмкін: 

 

үй жұмыстары; 



 

карточкалар; 

 

мұғалімнің жазбалары; 



212 

 

 



оқушының жазбалары; 

 

бейнетаспалар; 



 

суреттер, фотолар; 

 

шығармашылық жұмыстар. 



Жиынтық  бағалау  белгілі  бір  оқу  кезеңінде  оқу  бағдарламасының 

мазмұнын  меңгеру  деңгейін  тіркеу,  анықтау  үшін  жүргізіледі.  Тіркеу  үдерісі 

кезінде  оқу  бағдарламасының  мазмұнына  сәйкес  білім  алушылардың  білімін, 

дағдысын  кӛрсететін  дәлелдерді  жинау  жүзеге  асырылады.  Жиынтық  бағалау 

тоқсан  барысында  (бӛлім/ортақ  тақырыптар  бойынша  жиынтық  бағалау), 

тоқсан  соңында  (тоқсандық  жиынтық  бағалау)  және  білім  беру  деңгейін 

аяқтағанда  (негізгі  орта,  жалпы  орта)  жүргізіледі.  Жиынтық  бағалау  бойынша 

балл/деңгей/баға  туралы  шешімді  мұғалім  бағалау  критерийлеріне  сәйкес 

қолданады.  Сонымен  бірге  мұғалімге  әр  білім  алушының  жұмысы  бойынша 

дұрыс  шешім  қабылдауы  үшін  дескрипторлар  немесе  балл  қою  кестелері 

кӛмектеседі.  

Мысалы, математика бойынша 1-сыныптың ұзақ мерзімді жоспарында 1-

тоқсанда 3 бӛлім берілген: «Сандар мен цифрлар», «Геометриялық фигуралар», 

«Шама және ӛлшем бірліктері». Оқу мақсаттарының саны әр бӛлімде әр түрлі: 

бірінші  бӛлімде  –  12,  екінші  бӛлімде  –  4,  үшінші  бӛлімде  –  4.  Сәйкесінше 

математикадан  бӛлім  бойынша  жиынтық  бағалау  1-тоқсанда  әр  бӛлімді 

меңгеруді аяқтаған кезде үш рет ӛткізіледі. 

Тоқсандық  жиынтық  бағалауда  бақылау-тексеру  жұмыстарын  әр  түрлі 

ӛткізу қарастырылады. Жиынтық бағалау жұмыстарын құрастыру кезінде ойлау 

дағдыларының  деңгейлерін,  жетістігін  кӛрсетуін,  ойлау  деңгейлерінің  талдау, 

синтез  және  бағалау  сияқты  жоғарғы  сатыларымен  қоса  әр  түрлі 

тапсырмалардан тұруын есепке алу қажет. 

Осы 

айтылған 



жұмыстарды 

қортындылайтын 

болсақ,бастауыш 

сыныптарда критериалды бағалау жүйесі негізінде педагогикалық іс-әрекеттегі 

сапалық  ӛзгерістерге  жету  жолдарында  бұл  әдістің  артықшылықтары  мынада 

деп ойлаймын: 

 

Оқушының жеке басы емес, тек қана жұмысы бағаланады



 

Оқушының  жұмысын  бағалау  алдын  –ала  ұсынылған  бағалау 

критерийлерге негізделеді; 

 

Бағалау алгоритмі оқушыларға алдын-ала белгілі



 

Оқушы нақты қандай мақсатта жұмыс істеп отырғанын анық біледі; 

 

Оқушыға ӛзінің білімділік деңгейі анық кӛрініп тұрады; 



 

Білім берудің сапасы артады. 

Қазіргі  уақытта  дамытудың  нақты,  бағытты,  жүйеленген  әдістемелері 

жасалып,  психологиялық  қолайлы  жағдайлар  тудырып  отырса,  кез  келген  

ерекше қабілетті оқушы дарынды оқушыға айнала  алады. Ал дарынды ұрпақ – 

еліміздің  ертеңі  екені  бәріне  мәлім.  Сондықтан  жастан  белсенді  азаматтық 

позициясымен  ерекшеленетін  бала  қоғамымыздың  ертеңгі  интеллектуалдық 

потенциалы, зияткерлік тобы екенін үнемі есімізден шығармайық. 

 


213 

 

МҦҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ТҦРҒЫДА ӚЗІН -ӚЗІ  ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 



 

Пазылова Г.Ш. 

Педагогикалық шеберлік орталығы филиалы, 

Кӛкшетау қ., Қазақстан 

gpazilova@mail.ru 



 

Автор мақалада жаңартылған білім бағдарламасының заман талабына 

сай  келешек  ұрпақтың  сұраныстарын  қанағаттандыратын  тың  бағдарлама 

екеніне сипаттама берген. Жаңа ӛзгеріс талабына сай, мұғалімнің  дайындық  

деңгейі  мен  мамандық    сапасын  дамытуда  рефлексия  мен  коучинг 

үдерістерінің ықпалына шолу жасалған. 

 

Қазақстандық  білім  беруді  реформалау    мектептің  білім  беру  форматын 

ӛзгертуді  ғана  емес,  білім  беру  мазмұнын,  сонымен  қатар  мұғалімнің 

біліктілігін  арттыруды,  әлемдік  даму  үдерісі  тұрғысынан    оның  оқу  мен 

оқытуға  қатынасын  қайта  қарауды  пәрменді  құралға  айналдырып 

отыр.Жаңартылған  білім  беружүйесінің  басты  мақсаты    оқушыларға 

білімдерді  ғана  емес,  сонымен  бірге  оларға  ХХІ  ғасырдыңкең  ауқымды 

дағдылар негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы 

мен дамуына қолайлы білім беру ортасын құру.Яғни, сын тұрғысынан ойлау; 

зерттеу  жұмысын  жүргізу;  ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды 

қолдану;  коммуникативті    қарым-қатынас  тәсілдерін,  оның  ішінде  тілдік 

дағдыларды  пайдалану;  топпен  және  жеке  жұмыс  жасай  білу  және  т.б. 

дағдыларды қалыптастыруға қабілетті мұғалімдер қажет. 

Оқушыларды  ХХІ  ғасырға  дайындау  үшін  мұғалімге  қажетті  дағдылар 

мен стратегиялар бойынша ЭЫДҰ тізімі тӛмендегідей: 

 

Мұғалімдер  педагогикалық  стратегиялардың  кең  ауқымын  игеруі 



және біліктілікпен үйлестіре білуі тиіс. 

 

Пайдаланылатын стратегияларға тікелей оқыту және барлық топпен 



оқыту, бағытталған зерттеу, топтық жұмыс пен ӛздігінен оқытуды және жеке-

дара 


зерттеуді 

үйлестіру 

енгізілуі 

тиіс. 


Оларға, 

соныменқатар, 

керібайланысенгізілуітиіс. 

 

Мұғалімдероқытудыңқалайӛтетінінтереңтүсінебілуіқажет;



 

 

Мұғалімдер  басқа  мұғалімдермен,  бір  ұйым  аясындағы  кәсіби 



мамандармен    немесе  басқа  ұйымдардың,  кәсіби  қоғамдастықтардың  басқа  да 

адамдарымен  және  тәлімгерлік  жасайтын  мұғалімдерден  тұратын  түрлі 

серіктестік байланыстармен неғұрлым бірлескен әдістер арқылы жұмыс жүргізе 

алулары қажет.  

 

 

Мұғалімдер  басқалармен  бірлесіп  оқу  ортасын  әзірлеу,  басқару, 



жетекшілік ету және  жоспарлауға кӛмектесу қабілетін дамытуы қажет. 

 

Мұғалімдер ӛз тәжірибесінен сабақ алу мақсатында тәжірибелік іс-



әрекеттеріне рефлексия жүргізуі қажет.  [1] 

Міне, осы үдерістердің нәтижесінде мұғалімдер құндылықтарының жаңа 



214 

 

жүйесі  дамиды,  қызметтің  жаңа  мәні  пайда  болады,  олардың  тәжірибесі 



ӛзгереді.  Сол  себептен  де,  бүгінгі    таңда  білім  беру  үдерісі  мұғалімнің  

дайындық  деңгейі мен мамандық  сапасына  үлкен талап қояды. Ол мұғалімнің 

ӛзін-ӛзі    дамуына,  ӛзіндік    білім  алуына  және  кәсіби    жетілуінемүмкіндік  

береді.  Мұғалімдердің  ӛз  білімдерін    жүйелі    жетілдіруі-  олардың  

шығармашылықпен  жұмыс  істеуіне ықпал ететін негізгі  фактор.  

Мұғалімнің  ӛзін-ӛзі  бағалау  құрылымы  қай  кезде  оңтайлы?  Ол  әрине, 

күнделікті  іс тәжірибесіне  үздіксіз рефлексия  жасауға  бейімделсе. Себебі: 

 

рефлексия  адамның  ӛзін-ӛзі  талдау,  ӛзін-ӛзі  ұғыну  және  ӛзін-ӛзі 



қайта  ұғыну  қасиеті  ретінде  ӛзіндік  сана-сезім  үдерістерін  ынталандырады, 

адамның  «Мен-тұжырымдамасын»  байытады,  жеке  адамның  ӛзін-ӛзі 

жетілдіруінің  маңызды  факторы  болып  табылады  (А.Г.Асмолов,  Р.Бернс, 

В.П.Зинченко); 

 

рефлексия  адамға  ӛз  ойын  оның  мазмұны  және  оның  құралдары 



тұрғысында 

саналы 


түрде 

реттеуге, 

бақылауға 

мүмкіндік 

береді 

(Л.Н.Алексеева, И.Н.Семенов, Д.Дьюи); 



 

рефлексия  ойлау  қызметі  ӛнімділігінің  факторы  (И.С.Ладенко, 

Я.А.Пономарев); 

Сонымен рефлексияның функциялары қандай? 

Біріншіден,  адамға  ӛз  ойын  саналы  түрде  жоспарлауға,  реттеуге  және 

бақылауға мүмкіндік береді (ойлауды ӛзін-ӛзі реттеуімен байланыс); екіншіден, 

ой  шындығын  ғана  емес,  сонымен  қатар  олардың  логикалық  дұрыстығын  да 

бағалауға  мүмкіндік  береді;  үшіншіден,  рефлексия  міндеттердішешу 

нәтижелерін  жақсартып  қана  қоймай,  оның  қолданылуынсыз  шешілмейтін 

міндеттерді шешуге де мүмкіндік береді. 

Педагогикалық үдерісте рефлексия мынадай функцияларды орындайды: 

— жобалау (педагогикалық үдеріске қатысушылардың қызметін жобалау 

жәнемодельдеу); 

—  ұйымдастырушылық  (бірлескен  қызметте  ӛзара  іс-қимылдың 

анағұрлым тиімдітәсілдерін ұйымдастыру); 

— коммуникативтік (педагогикалық үдеріске қатысушылардың нәтижелі 

қарым-қатынас жасау шарты ретінде); 

— мағыналы-шығармашылық (қызмет пен ӛзара іс-қимыл саналылығын 

қалыптастыру); 

—  уәждемелік  (педагогикалық  үдеріске  қатысушылардың  бірлескен 

қызметініңнәтижеге бағытталуын анықтау); 

— түзетуші (ӛзара іс-қимыл мен қызметтегі ӛзгеріске талаптандыру).[2] 

Рефлексияда    адам  ӛзімен    ылғи  да  диалогта  болады:  оның    психикасы 

екіге    бӛлінеді.    Бір  бӛлігі  «Мен-ӛзім»  болады  да,  екінші  бӛлігі«Мен-басқа» 

рӛлінде болады немесе М.М. Бахтин  бойынша, «Мен-орындаушы» және «Мен-

қадағалаушы»  болып  екіге    бӛлінеді.  Адам  осылайша  ӛз  әрекеттеріне    сырт 

кӛзбен    қарап,    оларды  екшейді,  таразы  басына  салады,  олардың  дұрыс 

бұрыстығын ажыратады.  Ылғи да «Мен оның (яғни ӛзінің) орнында  болсам не 

жасар едім?» деген ой үстінде болады.[3, 73-б]    



215 

 

Бұл ұйғарымға  сәйкес, психолог А.А.Бизяеваның ӛте орынды келтірілген 



мысалдарына    сүйенсек,  мұғалім    сабақта  «Мен-орындаушы»  ретінде  жаңа  

тақырыпты    түсіндіреді  де,  ал  «Мен-қадағалаушы»  рӛлінде  «мен  қалай 

түсіндіріп  тұрмын?»  деп  ӛз  әрекетін    талдап,  оны    бағалайды.  [4,  27-б]  

Сондықтан,  мұғалім  рефлексияға  қабілетті  болуы  маңызды  мәселе.  Себебі, 

рефлексия  арқылы  ӛзін-ӛзі  «түрлендіруге»,  ӛзінің  тұлғасын  ӛзгертуге  

ынталандырады. 

Бүгінгі білім беруге қойылатын жаңа  талаптарды  - педагогикалық ұжым 

жаппай,  ӛзігінен  білім  алуға,әр  мұғалімнің  әлеуетін  арттыруға  бағытталған 

әрекеттер  арқылы  мектептегі  кәсіби  білім  беру  қоғамдастықтарымен  желілік 

қоғамдастықтарарасында 

ӛз 

білімдерімен 



ұдайы 

бӛлісетін 

және 

тәжірибелерімен  алмасатын  және  мектептегі  әріптестер  коучингтері  мен 



тәлімгерлік  үдерістері  арқылы  жүзеге  асырылады.Мектеп  мұғалімдерінің 

кӛшбасшыларыбағдарламасы    бойынша  сертификатталған  мұғалімдер  ӛз 

әріптестерінің  кәсіби  дамуына  ықпал  етуі  үшін  тиімді  коучинг  үдерісін 

жоспарлау  қажет.  Себебі,  коучинг  -    әр  адамның    әлеуетін  ашады,  жоғары 



нәтижеге жетуге және жаңа сапалы деңгейге шығуға кӛмектеседі.  

Коучинг  ҥдерісінің  негізгі  сипаттамалары  қандай  деген  сҧраққа  

келетін болсақ: 

1. 


Коучинг үдерісі жүйелілік дегенді білдіреді.  

2. 


Коучинг-сабақтың  тақырыбы  «бір  реттік»;  мысалы,  бүгін 

формативті  бағалау  бойынша    коучинг-сабақ  ӛткізілсе,  келесі  жолы  дәл  осы 

топта осы тренермен сын тұрғысынан ойлау бойынша коучинг-сабақ ӛткізіледі 

(бірақ, 

аталған  тәсіл  бірінші  және  келесі  шеберлік-сыныптарының 

тақырыптары бір-бірімен мүлдем ӛзара байланыспайтын тренинг пен шеберлік-

сыныптарын ӛткізуде әбден мүмкін). 

3. 


Коучинг  тақырыптарын  таңдамас  бұрын,  коуч  мұғалімдердің 

қажеттіліктерін  анықтауы  тиіс.  Қажеттіліктерді  анықтаудың  ең  дұрыс  жолы  – 

әріптестерінің  сабақтарына  қатысу  немесе  мұғалімдердің  қажеттілІктері  мен 

сұраныстарын анықтау мақсатында диагностика жүргізу.   

4. 

Коуч  мәселені  қалай  шешу  керектігі  туралы  айтпайды,  ол 



тексабақты мұғалімдердің ӛз тәжірибесіне рефлексия жасау үшін жағдай жасай 

отырып ұйымдастырады; коуч дайын шешімдерді ұсынбайды, мәселені шешуге 

бағыттайды. 

(https://www.mindtools.com/pages/article/newTMM_15.htmсайт 

материалы бойынша)  

5. 


Коуч  әріптестерінің  коучинг-сабақтарға  қатысу  нәтижесі  бойынша 

ӛз тәжірибелеріне ӛзгерістер енгізуі туралы білуі қажет; ол ӛзгерістер іске асуы 

әріптестерінің  сабақтарына  қатысуында  болжамды  реттілік  жоспарынан 

байқалуы тиіс.  

6. 

Келесі  коучинг-сабақты  коуч  сабақтарға  қатысу  нәтижесін  есепке 



ала  отырып  жоспарлайды;  яғни,  ол  мұғалімдер  ӛз  тәжірибесіне  ӛзгерістер 

енгізетіндігі және оларда қандай қиындықтар туындайтындығы жайлы біледі.  

Ал  тиімді    коучингтің  нышандары  қандай  болу  керек  ?  Әрине,  бұл  

сауалға  жан-  жақтылы    сипаттама    беруге    болады.  Дегенмен,    оның    басты 



216 

 

ӛзіндік  ерекшелігі тӛмендегіні  қамтуы  тиіс  деп  ойлаймын. 



Коучингті қалай  тиімді етуге болады? 

 

Оқытудың белсенді формалары 

 

Практикалық тапсырмалар 

 

Бірлескен оқыту 

 

Білім алушылардың қажеттіліктеріне орай әрекет ету 

 

Дифференциация 

 

Үлгілеу (Модельдеу) 

 

Оқуда ӛзара әрекеттесу (диалогтік оқыту) 



Коучингтің тиімділігін қалай бағалаймыз? (Киркпатрик моделі) 

 

№1  қадам:  Кері  байланыс  немесе  реакция    –Қаншалықты  білім 



алушыларға оқу үдерісі ұнады/ұнамады?; 

 

№2  қадам:  Оқыту    -Оларненіүйренді?  (білім  алушылардың 



меңгерген білімі мен дағдылар деңгейі); 

 

№3  қадам:  Мінезқҧлық–оқыту  үдерісі  нәтижесінде  білім 



алушының  жұмыс  қызметінде  не  ӛзгереді?  (оқуда  алған  білімі  мен  дағдысын 

жұмыст ақолдана алуға  қабілеттілігі); 

 

№4  қадам:  Нәтижелер    –  Оқыту  үдерісінің  айтарлықтай 



нәтижелері  қандай  (оқу  үлгерімі  сапасының  артуы,  олимпиадаға  қатысушы 

оқушылар санының кӛбеюі, жобалық әрекеттер және т.б..? 

Осылайша,  оқыту  үдерісіне  оң  ӛзгерістер  енгізу    мақсатында  мұғалім  

ұдайы  ӛзгеріп    тұратын  әлемде    бейімделуге  және  жетілуге  қабілетті, 

ӛзгерістерге  бастама  жасай    алатын,  оқыту  үдерісін    жетілдіру,  ортақ  

мақсаттармен,  міндеттермен    бірлескен  мұғалімдер    қоғамдастығында  жұмыс 

істеу  мақсатында  ӛз  тәжірибесі мен әріптестерінің  тәжірибесіне сыни  кӛзбен 

қарай  алатын кӛшбасшы  болуы  қажет. 

Ӛйткені,  бәсекеге  қабілетті  тұлға  даярлауда  білім  сапасын  кӛтерудің 

негізгі тетігі — білімді ұстаз. Яғни мұғалімнің кәсіби  шеберлігі жоғары болған 

жағдайда – білім сапасы да артады дегім келеді. 

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   55




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет