050906 (06)
Пәннің аталуы
|
Дирижерлау
|
Қысқартылған атауы
|
Dir1- 4301
|
Оқу іс – шаралары / оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Жеке сабақтар, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 2-6.
|
Оқытушының Т.А.Ә.
|
Жомартова Ғ.Р.
|
Доцент / оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ
|
Оқу жоспарымен сәйкестігі
|
|
Оқу түрі / академиялық сағаттардың саны
|
Жеке сабақтар -165, ОСӨЖ -165, СӨЖ -165.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы - 495
|
Кредиттер / сынақ бірліктері
|
11
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттер: «Музыка теорисы», «Сольфеджио», «Фортепиано», «Музыка тарихы», «Арнайы музыкалық аспап», «Оркестр класы», «Дирижерлау техника негіздері», «Аспаптану» пәндері.
|
Білім беру мақсаттары / құзіреттілігі
|
«Дирижерлау» пәнінің негізгі мақсаты – студентті болашақта оркестр ұжымымен жүргізетін оқу-тәрбиелік және дирижерлық-орындаушылық қызметке даярлау. Курсты оқу барысында студенттің эстетикалық талғамы өсіп, мамандығына деген қызығушылығы мен ынтасы артады. Дирижерлау пәнінде қалыптасқан орындаушылық тәртіп, шығармашылық қарым-қатынас болашақ ұжым жетекшісінің жеке тұлғасын қалыптастыруға септігін тигізеді.
|
Мазмұны
|
Жеке сабақтар: Дирижерлау-орындаушылық өнердiң бiр түрi. Дирижерлық аппарат, оның құрылымы, құрамдас бөлшектерi (қол, дене, мимика және оркестрдi басқарудағы олардың алатын орны мен мiндеттерi).Дирижерлық аппаратты қою. Ауфтакт, оның дирижерлаудағы ролi. Дирижерлық қимылдың құрамдас элементтерi. Оң және сол қолдың міндеттері. Дирижерлық өлшемдердің түрлері . (жәй, күрделі, аралас). 2/4,3/4 өлшемдерін тактілеуге үйрену. Дирижерлық штрихтар. Дыбысты тоқтатуды көрсететiн қимылдар. Жай, орташа және жылдам екпiндер. Дирижерлау кезеңіндегі белсенді және енжар қимылдар. Дирижерлық қол қимылының ауқымы. Қарапайым ұлгiдегi шығармаларды дирижерлау. Дирижерлау кезеңiнде музыкалық тiлдiң көркемдiк, мағыналық,құрылымдық элементтерiн (әуен, фраза, сөйлем) жасау, көрсету жолдары. Шығармаға орындаушылық талдау жасау жолдары. Дирижерлық құралдары арқылы динамикалық құбылыстарды көрсетуде қолдану. Әр қолдың қимылындағы дербестігін дамыту жолдары. Фермата. Оның тұрлерi.
Тақырып 3. Ферматаны дирижерлау тәсілдері. Дирижерлау кезеңіндегі үзіліс (пауза). Оның түрлерін дирижерлау жолдары (люфтпауза, генералды пауза т.б.). Классикалық шығармамен жұмыс жасау. Шығарманың мазмұнын ашу жолдары. Сол қолдың көркемдік қимылдарының көрсету ерекшеліктері. Күй жанры. Күйлерді дирижерлау ерекшеліктері. Күйлердің мазмұның ашу жолдары. Ноталық мазмұнымен жұмыс жасау, тактілеу схемасын меңгеру. Музыкалық шығарманың өрлеу, шарықтау шегіне жету (кульминация) және қайта құлдырау кезеңдерін дирижерлау тәсілдері. Шығармада кездесетін созылыңқы дыбыстар, паузаларды т.б. дирижерлау тәсілдері. Дирижерлауда кездесетін белсенді қимылдарымен жұмыс жасау (акцент, сфорцандо, қатты дыбыс күші т.б. ). Шығармадағы дирижерлық қиын тұстарымен жұмыс.
|
Оқу жұмысының нәтижелері / қорытынды бақылау түрлері
|
|
2- СЕМЕСТР
Пәннің аталуы
|
Саясаттану
|
Қысқартылған атауы
|
Сая
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
2 - семестр
|
Оқытушының Т.А.Ж.:
|
|
Доцент/ оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ тілі
|
Оқу жоспармен сайкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
|
Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
2 - кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: «Философия», «Әлеуметтану», «Экономикалық теория», «Құқық негіздері», «Қазақстан ратихы»
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
«Саясаттану» курсының негізгі мақсаты студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстармен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын қалыптастыру, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету.
|
Мазмұны
|
Лекция: Саясаттану - әлеуметтік гуманитарлық білім беру жүйесіндегі маңызды оқу пәні. Саясаттану саясаттың қызмет заңдарын, оның тарихи дамуын зерттейді. Саясаттанудың мазмұны, биліктің, мемлекеттің, мемлекетаралық қатынастардың мәселелері болып табылады. Саясаттану ғылым ретінде. Саясаттанудың объектісі және пәні. Саяси философия, саяси әлеуметтану, саяси этика, саяси тарих–саяси ғылымдардың құрамды бөліктері. Саяси ғылымның қалыптасуы мен дамуының негізгі кезеңдері. Ежелгі Шығыс, Ежелгі Греция, Ежелгі Рим. Ортағасырлық Еуропа, Қайта өрлеу, Ағарту дәуірлерінің саяси ойлары. ХХ ғасырдағы шетелдік саяси ой. Қазақстан саяси ойының тарихы.
Практикалық сабақтар: Салыстырмалы саясаттану. Қоғамдық өмір жүйесіндегі саясат. Саяси феномен ретіндегі билік. Оның ұғымы, тұжырымдамасы, құрылымы. Әлеуметтік–этникалық қауымдастықтар және ұлттық саясат. Ұлттық–мемлекеттік құрылымның түрлері. Қазақстан халқы этно саяси қауымдастық ретінде. Қоғамның саяси жүйесі. Д. Истон, Г. Алмонд және К. Дойч теориялары. Мемлекет және азаматтық қоғам, оның пайда болуы мен мәні. Азаматтық қоғам идеясының генезисі. Саяси партиялар және қоғамдық қозғалыстар, қазақ қоғамын қоғамдық өміріндегі олардың орны, рөлі және түсініктері. Саяси режимдер: түсінігі, түрлері. Қоғамды демократияландыру және саяси тұрғыдан жаңғырту. Демократияның тарихи формалары. Саяси жүйені жаңғырту түсінігі мен мәселелері. Саяси үдеріс және саяси қызмет. Саяси сана мен саяси мәдениет. Саяси элита мен саяси көшбасшылық. Саяси технологиялар. Әлемдік саясат пен халықаралық қатынастар. ҚР сыртқы саясаты, оның көпжақты сипаты. Қазіргі уақыттағы жаһандық мәселелер. Тәуелсіз Қазақстанның саяси мәселелері.
|
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Студент қәзіргі қоғамдық құрылыспен саяси өмірдің мән-мағынасын терең түсініп білуге, адамдардың қоғамдағы жетекші қызметін түсініп білу қажет/емтихан.
|
Пәннің аталуы
|
Шет тілі 2
|
Қысқартылған атауы
|
Шет тілі 2
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
2 семестр
|
Оқытушының Т.А.Ж.:
|
|
Доцент/ оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Ангылшын, қазақ тілдері
|
Оқу жоспармен сайкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
|
Практикалық – 30, ОСӨЖ – 30, СӨЖ – 30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
2 – кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: «Қазақ тілі», «Орыс тілі»
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Курстың мақсаты коммуникацияның төрт түрін: оқу, хат, шет тілде сөйлесуді қолдана отырып, маманның кәсіптік ортасында шет тілін қолданумен анқталады.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақтар: Фонетика деңгейінде: фонетика бойынша мәліметтерді кеңейту және тереңдету, артикуляциялық дағдыларды бекіту. Сөйлемнің әр түрлі типтерін, яғни 1. хабарлы; 2. сұраулы; 3. бұйрықты сөйлемдерді интонациялық тұрғыдан рәсімдеу. Басқа тілдерден енген сөздердің жалқы есімдерді қоса алғанда, айтылуы. Морфология деңгейінде: аффикстік сөзжасам, зат және сын есімдердің, үстеудің, етістіктің префикстері: конверсия-сөзжасам тәсілі. Синтаксис деңгейінде: затты, тұлғаны, құбылысты, іс-әрекетті, жағдайды, үдрісті білдіретін грамматикалық түрлер мен конструкциялар, іс-әрекетке бейімдеу, іс-әрекеттің қажеттігі, мүмкіндігі, нақтылығы, іс-әрекеттің болған орны, уақыты, мәні, заттың, тұлғаның, құбылыстың қасиеті, сапасы. Сөйлемнің құрылымдық түрлері: сұраулы (сұраулы сөзбен), (сұраулы сөзсіз), хабарлы(болымды, болымсыз), бұйрықты: жай, құрмалас, салалас құрмалас, сабақтас сөйлем. Сөйлемдегі күрделі конструкциялар: жайылма анықтауыштың формалды белгілері, инфинитивті айналым топтың формалды белгілері. Мәтін элементтері арасындағы логикалық-мағыналық байланыстардың формалды белгілері (жалғаулықтар, жалғаулық сөздер, клише жасалған фразалар, енгізу айналымдары мен конструкциялары). Мәтін деңгейінде: экономикалық мәтіндерді аудару ерекшеліктері. Айтылым қызметі деңгейінде. Мәтін мазмұнын айту, диалог, монолог құру, іскерлік келісімдер, тұсаукесерлер өткізу. Жазу деңгейінде: резюме (түйіндеме) және іскерлік хаттар жазу.
|
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Күнделікті қолданысты жағдайларда сөйлесу үшін қажетті лексико-грамматикалық материалдарды меңгеру, сөйлеу түрлерінің және сөйлеу қызметінің әр қилы түрлерін дамыту/емтихан.
|
Пәннің аталуы
|
Қазақ (Орыс тілі) 2
|
Қысқартылған атауы
|
Қ(О) Т
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Практикалық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
2 - семестр
|
Оқытушының Т.А.Ж.:
|
|
Доцент/ оқытушы:
|
|
Жұмыс тілі
|
Орыс, қазақ тілі
|
Оқу жоспармен сайкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
|
Практикалық – 45, ОСӨЖ – 45, СӨЖ – 45.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 135 сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
3 - кредит
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: Мектеп бағдарламасы бойынша қазақ тілін меңгеріп, тіл дамыту, сөздік қорды байыту, екі тілді қоса меңгеру, сауаттылықты арттыру қарастырылған.
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Академиялық, арнаулы публицистикалық және басқа басылымдардан алынған мәтіндерді сыни көз қараспен оқи алу; эссе, баяндама, іскери хат, мазмұндама және басқа да түрдегі академиялық және арнайы прозаны сауатты жаза білу; академиялық, арнай және әлеуметтік ортада қарым-қатынас жасай алу; академиялық, арнайы және әлеуметтік контекстердегі ауызекі қазақ тілін түсіне алу; жоғарыда келтірілген дағдыларды игеру үшін негізгі терминологиялық өзекті меңгеру; сонымен қатар қазақ тілінің грамматикалық жүйесін меңгеру.
|
Мазмұны
|
Практикалық сабақтар:Орыс тілін оқыту барысында орыс тілінің фонетика, лексика, морфология, синтаксис салалары қамтылады. Грамматика бөлімінде орыс тілінің фонетикалық, орфоэпиялық, орфографиялық, пунктуациялық нормалары мен негізгі түсініктері беріледі. Сөйлем деңгейінде жай және күрделі сөйлем құрылысындағы субъектілі-предикативтік қатынастар, жай және құрмалас салалас пен құрмалас сабақтас сөйлемдердегі объектілік, анықтауыштық, толықтауыштық мәндері ашылады. Лексика саласы бойынша төмендегілер қарастырылады: тура, ауыспалы, көп мағыналы сөздер; омоним, синоним, антоним сөздер; фразеологизмдер; лексикография; жиі қолданылатын сөздер; кәсіби лексика; экономикалық терминдер; ауыз екі сөйлеу лексикасы. Мәтін деңгейінде түрлі тақырыптағы мәтін байланыстарының құралы мен құрылымы, қазіргі орыс тілінің түрлі стилінің (ғылыми, ауыз екі, көсемсөздік, ресми-іскерлік, көркем әдебиет стильдері) ерекшеліктері негізге алынады.Оқытудағы негізгі ұстаным–үйренушінің күнделікті сөйлеу жағдаятында (әлеуметтік–тұрмыстық және кәсіби– іскерлік жағдаяттарда) тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алуы. Сондықтан тілді үйрету барысында үйренушілердің сөйлесім әрекетінің 4 түрін-түрлі типтегі монолог, диалог, полилог құра білуге үйрету, мәтін мазмұнын талдау мен қайта жаңғыртып оқыту арқылы олардың белсенділігін арттыру көзделеді.
|
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Жоғары оқу орнында мектептен алған білімдерін арттыра отырып, жаңа технологиялық әдістермен қатар активті, интерактивті әдістерді қолданып, лексика-грамматикалық тақырыптарды еркін меңгертумен бірге, сөздік қорды молайту /емтихан.
|
Пәннің аталуы
|
Экология және тұрақты даму
|
Қысқартылған атауы
|
ЭТД
|
Оқу іс-шаралары/ оқу пәндерінің курстары (егер бар болса)
|
Лекция, лабораториялық, ОСӨЖ, СӨЖ
|
Семестр:
|
Семестр 2
|
Оқытушының Т.А.Ж.:
|
Мусалиев Б.
|
Доцент/ оқытушы:
|
Аға оқытушы
|
Жұмыс тілі
|
Қазақ тілі
|
Оқу жоспармен сайкестігі
|
Жалпы білім беру пәні, міндетті компонент
|
Оқу түрі/академиялық сағаттар саны
|
Лекция – 15, практикалық – 15, ОСӨЖ– 30, СӨЖ – 30.
|
Еңбек сыйымдылығы
|
Барлығы – 90 сағат
|
Кредиттер/сынақ бірліктері
|
2
|
Модуль аясында оқытуға қабылдау жағдайлары
|
Пререквизиттері: орта білім базасының жақсы білуі; биология, химия, табиғаттану негіздерін білуі; соңғы экологиялық және саясаттағы оқиғалар мен өзгерістерді білуі керек.
|
Білім беру мақсаттары/құзіреттілігі
|
Студенттердің экологиялық білімін жоғары дәрежеге көтеріп, қоршаған ортаны қорғауға және оны көркейтуге деген оң көзқарастарын қалыптастырып, жауапкершіліктерін арттыру.
|
Мазмұны
|
Лекция: Экология туралы түсінік. Экология ғылымының дамуы мен қалыптасуы. Экологияның мақсаты мен міндеттері, зерттеу әдістері. Экология – табиғатты қорғау мен табиғатты ұтымды пайдаланудың теориялық негізі. Негізгі тіршілік орталары, олардың сипаттамалары. Популяция – түрдің тіршілік ету формасы, популяцияның негізгі критерийлері. Негізгі биогендік элементтердің экожүйедегі айналымы. Экожүйелердің орта түзушілік рөлі жəне бұзылған экожүйелерді қалпына келтіру. Биосфера және оның ресурстары.Биосфераның құрылысы жəне биосфера шекаралары.Экономикалық және саяси мәселелерді шешудегі экологияның рөлі мен орны. Қоршаған ортаның факторлары мен жүйелоның ері, биологиялық әралуандыққа тигізетін әсері. Биоценоз, экожүйе және биогеоценоз туралы түсінік. Биосфера туралы ілім. Табиғи ресурстар мен оларды тиімді пайдалану. Табиғи ресурстарды экономикалық бағалау. Өзекті экологиялық мәселелер. Қоршаған ортаны бақылаудың жай-күйі мен негізгі экологиялық мониторингті ұйымдастырудың жолдары.
Практикалық сабақтар: В.И.Вернадскийдің ноосфера туралы ілімінің Тұрақты даму тұжырымдамасын қалыптастырудағы бағыттаушы ролі. Тұрақты қоғам моделі, оның белгілері жəне қызмет атқару принциптері. Адамзат қоғамының табиғи ресурстармен қамтамасыз етілу проблемасы. Қоршаған орта жəне тұрғындардың денсаулығы. Тұрақты даму. Қазіргі заманның əлемдік экологиялық проблемалары бойынша халықаралық конвенциялар мен келісімшарттар. Қазақстан Республикасының ерекше қорылатын табиғи территориялары. Қазақстаның экологиялық проблемалары. Арал өңірінің әлеу-меттік экологиялық проблемалары. Семей ядролық полигоны. Үшінші əлем” проблемалары. Мешеуліктен құтылу - тұрақты дамудың өзекті мəселесі. Өмір шындығы жəне тұрақты дамуды қамтамасыз етудің ықтимал уақыт кезеңдері
|
Жұмыстың нәтижелері/қорытынды бақылау түрлері
|
Студенттерді экологиялық проблемалармен таныстыру: глобалды, жергілікті, ҚР-ның негізгі түсініктемелерін және жалпы экология зандарын, табиғат қорғаудың қоғамдық ғылыми негіздерін білуі шарт; студенттердің экологиялық білімін арттыру үшін активті жұмыс жасауын қамтамасыз ету; қоғамның тұрақты дамуы үшін қоршаған ортаның сапасын сақтауға деген жауапкершілікке дағдыландыру/емтихан.
|
Достарыңызбен бөлісу: |