С. С. Жанибекова Қазақстан Республикасы
ШАКЕН ФАРИЗА
КІРІСПЕ Тәуелсіз мемлекетімізге терең білімді, ізденімпаз өз бетімен шешім қабылдай алатын, барлық іс - әрекеттерінде шығармашылық бағыт ұстанатын жеке тұлға қажет. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық қабілеттерін дамытуы қажет. Сол себептен біздің негізгі мақсатымыз инновациялық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының өздігінен білім алу қабілеттерін дамыту. Қазіргі таңда әлемнің жетекші елдерінің көпшілігі білім беру жүйесін оның нәтижесіне қарап бағалайтын болды. Білім берудің қазіргі негізгі мақсаты білім алу ғана емес, солардың негізінде дербес, әлеуметтік және кәсіби біліктілікке жету және жылдам қарқынмен өзгеріп жатқан бүгінгі дүниеде лайықты өмір сүру болып табылады. XXI ғасырда әлемдегі қайта құрулар, экономиканы дамытудағы жаңа стратегиялық бағдарламалар, қоғамның ашықтығы, оның жедел ақпараттануы мен қарқынды дамуы білім беруге қойылатын талаптарды түбегейлі өзгертті. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеті - оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық коммуникациялық желілерге шығу, ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау» - деп атап көрсеткендей, қазіргі кезеңде әрбір мұғалімнің алдына қойылып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жетілдіріп отыру және жаңа педагогикалық технологияны меңгеру. Дәстүрлі оқыту технологиясының оқушылардың ғылым негіздерін мемлекеттік стандарт деңгейінде толық меңгеруіне кепілдік бермей отырғандығы оқушылардың білім жетістіктерінің нәтижелерінен көрінуде. Метатану – яғни, жеті модульдің бірі.«Оқыту мен оқудың жаңа тәсілдеріндегі», «Қалай оқу керектігін үйрету» теориясына негізделген іс-әрекет. Метатануға танымдық үдерістерді білу, түсіну және реттеу немесе олар туралы ойлау, қатесін танып-білу және ойлауды реттеу деген анықтама беруге болады. Оқыту – оқушылардың оқуға қабілетін жақсартуға мүмкіндік беретін педагогикалық тетіктердің біртұтас кешені десек, «оқуды үйрету» мұғалім оқушыларға осындай оқу тетіктерін қалай бере алатынын қарастырады. «Оқуды үйретудің» қозғаушы күші «метатану» болып табылады. Басқаша айтқанда, оқу бар, бірақ сонымен бірге оқуды үйрету де бар. Адамдар ойлауға қабілетті және ойлау туралы ойлануға да қабілетті. Тап осы сияқты танымдық қабілет бар да, сол сияқты танымды тану да бар. Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыру екені сөзсіз. Білім беру мазмұнын жаңарту өте қажетті мәселе болып отыр. Оқу үрдісін жаңа әдіс-тәсілдермен жаңарту болып табылады. Н.Ә.Назарбаев : «Орта білім жүйесінде мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек» деген өз жолдауында. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі неде? 1. Ен бірінші пән мазмұнының спиральді берілуі керек. Өйткені спиральді білім арқылы пәнді оқушы терең меңгереді. 2. Оқу мақсатарына жету.3 Ортақ тақырыптардың берілуі. 4. Оқу мазмұнының қысқа мерзімді , орта мерзімді , ұзақ мерзімді болуы жоспарлармен ұйымдастырылуы. Жаңартылған білім беру бағдарламасының мақсаты мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру және критериалды бағалау жүйесін енгізу. Негізгі міндеттеріның бірі оқу мақсатына жету үшін критериалды бағалау жүйесін енгізу. Критериалды бағалау кезінде оқушылардың үлгерімі алдын-ала белгіленген критерийлердің нақты жиынтығының көмегімен өлшенеді. Бұл бағалау түрі оқушылардың үлгерімі сыныптастарының үлгерімімен салыстырмалы түрде бағаланатын нормаға негізделген бағалаудан ерекшелінеді. Оқушылардың пән бойынша үлгерімі екі тәсілмен бағаланады. 1. Қалыртастырушы бағалау. 2. Жиынтық бағалау. Қалыптастырушы бағалау күнделікті оқыту мен оқу үдерісінің ажырамас бөлігі болып табылады. Қалыптастырушы бағалау тоқсан бойы жүйелі түрде өткізіледі және үздіксіз жүре отырып мұғалім мен оқушы арасындағы кері байланысты қамтамасыз етеді. Қалыптастырушы бағалау оқу үдерісін түзетуге мүмкіндік беріледі. Сондықтан оқушылардың оқу жетістігін бағалауда жаңаша әдіс-тәсілдер қолданылып жатыр. Қалыптастырушы бағалаудың шарттары : 1.Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуі; 2. Оқушылармен тиімді кері байланыстың болуы ; 3.Оқушылардыңөзіндік тану үдерісіне белсенді қатысуы; 4. Оқушылардың бағалау критерийлерін білуі және түсінуі; 5. Оқушылардың өз жұмысын талдай алу білігі мен мүмкіндігі; Оқушылардың оқу мақсаттарын білуі және түсінуіне қалай жетуге болады: 1.Бастапқы кезеңде мұғалім сабақ мақсаттарын айқындап, оларды оқушыларға түсіндіріп, бірге талқылайды; 2. Күнделікті талқылаулар келешекте оқу мақсаттарын бірге айқындау дәстүріне айналуы мүмкін. Бағалау критерийлері оқытудың мақсатын және ара қатысын белгілеуге сәйкес белгі. Дескриптор –жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің тиімділігі: - Мұғалімге оқушының оқу жетістіктерін обьективті түрде бағалауға мүмкіндік береді; - Оқушыларға оқу үдерісі барысында туындаған қиындықтарды түсінуге бағалауға мүмкіндік береді; - Ата-аналармен оқушының оқу жетістіктері бойынша обьективті дәлелдемелерлмен қамтамасыз етіледі; Сонымен қатар оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда бірқатар дағдылар қолданылады. Олар: білу, түсіну, қолдану, сыни ойлау, анализ, синтез, бағалау, зерттеу дағдылары,рефлексия, комуникативті дағдылар, тілдік дағдылар, жекежұмыс жасау дағдылары, топта жұмыс жасау дағдылары , мәліметті іздеу дағдылары, тәжірибелік дағдылар, шығармашылық дағдылар Метатанудың маңызды компоненттерінің бірі - бағалау болып табылады. Мұғалімдер оқуды бағалаумен (жиынтық бағалау) қатар, оқыту үшін бағалауды (формативтік бағалауды) пайдаланғанда, бағалау оқудағы аса пайдалы құралға айналады. Мұнда оқушылар оқшауланып оқымайды. Бүгінгі таңда өзекті болып отырған «Оқу қоғамдастығы» деген ұғым бар, онда оқушылар да, мұғалімдер де өздерін білім алушылар деп есептейді. Оқушылардың арасында бірлескен жұмыс, бір-бірін қолдау, топтық рух мадақталады. Олар топпен жұмыс істейді, онда тыңдау, дене қимылдары, келіспеушілікті құрметпен білдіру қабілеттеріне назар аударылады. Бұл философия одан ары оқуда нық тұру үшін қажетті өзін-өзі құрметтеумен және өзін-өзі басқаруды дамытумен сипатталады; нәтижесінде тәуелсіз және ойшыл, өмір бойы оқуға қабілетті тұлға қалыптасады. Оқу қағидаттарын оқытуда оқушыларға көмектесу үшін мұғалімдердің айналысатынының айтарлықтай бөлігі метатану әлеуетін, атап айтқанда, олардың қалай ойлайтынын әрі оқитынын қадағалау, бағалау, бақылау және өзгерту қабілетін дамытудан тұрады. Бұл жеке тұлғаға бағдарланған оқытудың ең басты идеясы болып табылады. Оның себебі, метатанудың жеке адамға бағдарланған білімде аса маңызды болып есептелетін компоненттерді, мәселен, білім беруді бағалау сияқты бөлшектерді қамтитындығында. Метатану дағдыларының өрістеуі білім алушыларға ондай қабілеттері айқындалмаған оқушылармен салыстырғанда жаңа тақырыптарды, пәндерді және пән салаларын жылдамырақ оқуға және мұғалім тарапынан қосымша назар аударуды талап етпеуге жол ашатын ерекше мүмкіндіктер береді. Басқаша айтқанда, метатанымдық қабілеттер оқушыларға білім алуында тәуелсіздік береді. Олар қай кезде мұғалімнің араласуы қажет екенін біледі (мен тығырыққа тірелдім және менің стратегияларым нәтижесіз болып шықты, сондықтан маған көмек қажет). Әдетте, топта мұғалімнен үнемі көмек сұрайтын бірнеше оқушы болады. Кейбір өтініштер ол оқушының мұғалімге аса тәуелді екендігін көрсетеді: метатануды игермеген оқушылар қиындық кездескен кезде үнемі басқа адамнан көмек сұрайды. Метатану әдістерін игерген оқушылар оқыту мен оқудың үздіксіз үдерісінің жалпы мүддесінде мұғалімдермен тең әрекеттеседі және соңында мұғалімнің қызметін өздері атқарады. Білімде тәуелсіздікті қамтамасыз ету оқуды даралаудың шешуші критериі болып табылады. Дәстүрлі оқыту модельдерінде мұғалім оқу үдерісінде өте басым позицияда болады: ол білім міндеттерін және оларды іске асырудың нақты тәсілдерін таңдайды; міндетті шешу кезінде оқушыға жетекшілік етеді; жұмысқа жұмсалатын уақыт регламентін белгілейді; оқушының жұмысы жөнінде баға береді және пікір айтады. Осындай типті жүйеде оқушы мұғалімге тәуелді болады. Керісінше болған жағдайда, оқушы жұмыстың жеке құндылығын айқындайды, оқудың мазмұны мен регламентін таңдайды және күтілетін нәтижелерді өзі жоспарлайды. Мұндай жүйеде оқушы үшінші тұлғалардың басқару қызметіне тәуелсіз болады. Екі тәсілдің де артықшылықтары бар және оларды белгілі бір жағдайларға қолдануға болады. Бірақ оқушылардың есейіп, білімнің күрделенуіне және кәсіби қызметке тартылуына байланысты тәуелсіздікке қажеттіліктері артады. Қарқынды дамып жатқан өмір жағдайында үздіксіз білім алу қажеттігі бізден тәуелсіз оқи білу қабілетін талап етеді. Сонымен, жаңа кезеңдерден өтуіне қарай басқа адамдарға тәуелділігін қысқарту қабілетіне ие болған оқушы ең нәтижелі оқушы болады. Тәуелсіз оқушыларда тәсілдер, сапалар, дағдылар және білім кешені болады, олар бір нәрсені үйрену қажет болған кез келген жағдайда оны іске қоса алады. Есейген сайын оқушы тәуелсіздікті көбірек қажетсінеді; оқытудың әрбір кезеңін оқушы тәуелді жағдайда бастайды, содан соң (қолайлы жағдайда) мұғалімнің қолдауымен және мадақтауымен дербестік пен тәуелсіздіктің жоғары деңгейіне көтеріледі. Осылайша, жеке тұлғаның ішкі оқу-танымдық мотивациясын дамыту қажеттілігі мен жаңартылған білім беру кеңістігі жағдайында оқушылардың жасы мен жаңа педагогикалық технологияларды ескере отырып, оны мектеп оқушыларында қалыптастырудың тиімді жүйесінің болмауы арасындағы қайшылық анықталады. Аталған қарама-қайшылық жаңартылған білім беру кеңістігінде оқушылардың өзің-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерің дамытуынталандырудың оңтайлы педагогикалық жағдайларының жиынтығын негіздеу мен іске асырудан, сондай-ақ " Жаңартылған білім беру жағдайында оқушылардың өзің-өзі реттеу мен метатанымдық қабілеттерің дамыту "зерттеу тақырыбын таңдаудан тұрады. жүктеу/скачать 0,77 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |