Сабақ біздің сынып туралы түсіндіру, жаңа сөздермен таныстыру жаңа сабақты қосымша материалдар арқылы меңгерту, ұғындыру



бет7/9
Дата09.04.2017
өлшемі1,84 Mb.
#13526
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9

II Үй тапсырмасын - Оқушылар үйге қандай тапсырма берілді?

тексеру: - 45 бет. 3-тапсырма сөйлемдерді аударып жазуға берілген.

- Кім жазып келді? Кім көп нүктенің орнына сілтеу есімдігін қойып

жазып келді?

- Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, дәптерлерін тексеріп шығып,

күнделіктеріне бағаларын қоямын.

Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары:


  1. Сан есім түрін айт?

  2. Реттік сан есім жұрнақтары?

  3. Сұрағы?

  4. Сілтеу есімдігін айт?

  5. Мысал келтір.

III Жаңа сабақ: - Оқушылар, барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Кітапханағ саяхат» Мақсатымыз: Мәтінді оқу,мәтін бойынша сұрақттарға жауап беру,сурет бойынша сөйлем құрау, диалог түрінде сөйлесу, сұрақ қрю,сөздерді аударып жазу т.б. жұмыстар орындаймыз.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, жаңа сабақты бастамас бұрын мен қысқаша түсіндіріп өтейін. Саяхат түрлері өте көп. Кітапханаға,қалаға, мұражайға т.б. жерлерге саяхат жасауға болады.

Ой қозғау: оқушылар, сендер саяхат жасағанды ұнатасыңдар ма? Мұғалімдеріңмен саяхаттқа шяқтыңдар ма? Бізде кітапхана бар ма? Ол нешінші қабатта? Онда нелер бар?Сендер кітапханағ саяхат жасадыңдар ма?

Кітаппен жұмыс: 1- тап. Мәтінді оқы.

Менің көп ертегі кітаптарым бар. Мен ертегіні көп оқимын. Олар өте қызық.Әжем де маған көп ертегілер айтады.Мен қазақ ертегілерін А.С.Пушкин,Ш.Перро, Г.Х.Андерсендердің ертегілерін жақсы көремін.



Мәтін бойынша сұрақтар: Сендер ертегі оқығанды жақсы көресіңдер ме? Қандай ертегілер оқыдыңдар?Сөйлемдерді әрқайсымыз оқи отырып аударайық.

Кітап оқуды әдетке айналдыр! –Полюби книгу!


2 тапсырма. Сурет бойынша сөйле..



3-тапсырма. Диалогты жолдасыңмен оқы.

  • Сәлеметсіз бе?

  • Сәлеметсің бе?

  • Бұл кітапхана ма?

  • Иә,

  • Маған А.С:Пушкиннің ертегілері керек еді?

  • Бізде бар,кел.Кітапхана Абай көшесінде.

  • Рақмет,күтемін.

  • Сау болыңыз.

  • Сау бол.

4-тапсырма. Сұрақ қойып үйрен.

Мынау кітап ...?




Ма?

Ме?

Ба?

Бе?

Па?

Пе?


Мынау кітапхана ма ...?

Қызық..?


Ертегі..?

Оқыдың...?

Алдың..?

Қызықты ..?



IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- Өздеріңнің саяхат жасағандарың туралы айтыңдаршы.

- кітапханаға саяхат жасадыңдар ма?

- Оқушылар,сабағымызды сөзжұмбақты шешу арқылы бекітейік. Сөздерді қазақша аударып, ойланып шешіңдер. «Кім жылдам»



Сұрақтар:





  1. д

    о

    С













    ж

    А

    ң

    а







    с

    а

    Я

    б

    а

    қ










    Х

    а

    т







    м

    А

    й







    с

    у

    р

    е

    Т








    Друг.

  2. новый

  3. парк

  4. письмо

  5. масло.

  6. рисунок

V. Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 47 бет. 5 тапсырма сөйлемдерді аударып жаз.Үлгі: Это книга и терадь. Бұл дәптер мен кітап.



Бағалау: Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне алған бағаларын қойып беремін.Оқушыларға алған бағаларын айтып,хабарлаймын.

VI Қорытынды кезең: Тест.

  1. Реттік сан есім сұрағын тап. А)Кім? В)нешінші? С)қашан?

  2. Сілтеу есімдігін тап. А)Бұл В)екеу С)мен

  3. Сілтеу есімдігі бар сөйлемді тап. А)Мен оқушымын. В)Бұл мектеп. С) сен оқисың ба?

  4. Реттін сан есім жұрнға дұрыс жалған ссан есімді тап. А)Екіныншы В)екінші С)екіншы

  5. Кітапхана сөзі орысша қалай? А)бибиолетика В)столовая С)типография

Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!

Сабақ жоспары
Күні:

Сынып: 3

Тақырыбы: Күз.

Мақсаты: 1. Оқушыларға күз мезгілі жайлы түсінік беру, күз мезгілінің құбылыс,өзгерістерін ұғындыру,жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;

2. Оқушылардың ауыз екі сөйлеу тілін, көру, есту,есте сақтау, ойлану қабілеттерін жан-жақты дамыту,сөздік қорларын молайту;

3. Күз мезгілінде болатын жұмыстарға көмектесуге,еңбек етуге, еңбек сүйгіштікке баулу, достарына,туыстарын көмектесуге тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдер: жаздыру,оқыту, әңгімелеу, баяндау, суретпен жұмыс, қайталату,аударма, сұрақ-жауап, өзара сөйлестіру әдістері;

Көрнекі құралдар: Суреттер, кесте,мәтіндер, өлең жолдары т.б.
Сабақтың барысы:

I ұйымдастыру кезеңі: - Сәлеметсіздер ме,оқушылар?

- Көңіл күйлерің жақсы ма?

- Оқу құралдарын түгел ме?

- Сұрақ – жауап әдісін жүргізу;

- Тіл дамыту сұрақтарын қою;

- Қандай сабақ?

- Қандай жыл мезгілі?

-Бұл мезгіл ұнай ма?

- Несімен ұнайды?

II Үй тапсырмасын - Оқушылар, үйге қандай тапсырма берілді?

тексеру: - 47 бет. 5-тапсырма сөйлемдерді аударып жазуға берілген.

- Кім жазып келді? Кім көп нүктенің орнына сілтеу есімдігін қойып

жазып келді?

- Оқушылардан үй тапсырмасын сұрап, дәптерлерін тексеріп шығып,



күнделіктеріне бағаларын қоямын.

Өткен материалдар бойынша қайталау сұрақтары:

  1. Сан есім түрін айт?

  2. Реттік сан есім жұрнақтары?

  3. Сұрағы?

  4. Сілтеу есімдігін айт?

  5. Мысал келтір.

III Жаңа сабақ: - Оқушылар, барлығың бері қараңдар, дәптерлеріңді, ашып тақтадағы күнді, айды бүгінгі жаңа тақырып атын жазыңдар.Тақырып «Күз» Мақсатымыз: Мәтінді оқу,мәтін бойынша сұрақттарға жауап беру,сурет бойынша сөйлем құрау, диалог түрінде сөйлесу, сұрақ қрю,кестені толтыру т.б. жұмыстар орындаймыз.

Мұғалім сөзі: Оқушылар, біз қай мезгілде мектепке оқуға келеміз?жаңа сабақты бастамас бұрын жаңа сөздермен таныс болайық. Алтын – золото,золотая (-ое, -ой) мен күз жайлы қысқаша түсіндіріп өтейін. Бір жылда төрт жыл мезгілі бар.Олар күз,жаз.көктем,қыс. Бұл жыл мезгілдерінің өздіріне тән құбылыс,өзгерістері бар.Әр жыл мезгілінің мерекелері де бар.

Ой қозғау: оқушылар, күз мезгілінің айларын атаңдаршы? Бұл мезгілде қандай мерекелер болады?

Кітаппен жұмыс: 1- тап. Күз туралы айт .Оқушылар әрқайсысы күз мезгіліне сипаттама беріп айтып өтедеі,тыңдалады.





2 тапсырма. Диалогты досыңмен оқы.

Санжар: Күз айларын ата.

Дима: Күз айлары: қыркүйек,қазан,қараша.

Санжар:Сабақ қай айда басталады?

Дима:Сабақ қыркүйек айында басталады.

Санжар:1 қыркүйек қандай күн?

Дима:1 қыркүйек – Білім күні.

3-тапсырма. Үлгі бойынша жауап бер.
Кім қай айда туған?




қаркүйек

қазан

қараша

Коля









Ильдар









Нина










Үлгі: Коля қазан айында туған.

5-тапсырма. Сөйлем құрап үйрен.

1.Туған күн.

2. Катяның туған күні.

3. Бүгін Катяның туған күні.

4.Бүгін 5 қараша Катяның туған күні.

IV.Бекіту кезеңі: - Оқушылар, бүгін қандай тақырыппен таныстық?

- -Күз мезгілі не себепті найды?

-Не себепті ұнамайды?

-Күзде қандай жұмыстар болады?

-Күз мезгіліне байланысты қандай өлеңдер білесіңдер?

V. Үй тапсырмасын беру: - Оқушылар, күнделіктеріңді ашып, үй тапсырмасын жазып алыңдар. 49бет. 4тапсырма «Күзгі жапырақ» өлеіңін жаттап келіңдер.



«Күзгі жапырақ»

Алтын сары,қызыл,көк...

Алуан-алуан жапырақ.

Күзгі бақта күлімдеп,

Көз тартады жапырлап.

(Қ.Шаңғытбаев)



Бағалау: Сабаққа белсене араласып отырған оқушыларды бағалап, күнделңіктеріне алған бағаларын қойып беремін.Оқушыларға алған бағаларын айтып,хабарлаймын.

VI Қорытынды кезең: Тест.

1.Күз мезгілінің айларын көрсет?

А)Қыркүйек,қазан,қараша В)желтоқсан,қазан С)қазан.қараша,ақпан

2.Күзде күн қандай болады? А)ыстық В)суық С)ешқендай

3.Бір жылда неше жыл мезгілі бар? А)5 В3 С)4

4.Сабаққа қай мезгілде барасың? А)қыста В)күзде с)жазда

5.Кітапхана сөзі орысша қалай? А)бибиолетика В)столовая С)типография

6.Күзде қандай мереке болады? А)білім күні В)жаңа жыл С)наурыз

7.1 қыркүйек қандай күн? А)Тілдер күні В)білім күні С)жаңа жыл

8.Сенің туған күнің қай мезгілде? А)қыста В)күзде С)жазда Д)көктемде

9.Это школа сөзін аудар. А)Бұл мектеп В)Бұл дүкен С)Бұл кітапхана

10. «ертегі»сөзін аудар? А)сказка В)полка С)интересно


Сабақ аяқталды!

Сау болыңдар!



Сабақ жоспары
Күні:

Сынып: 3

Тақырыбы: Алтын күз.

Мақсаты: 1. Оқушыларға күз мезгілі жайлы түсінік беру, күз мезгілінің құбылыс,өзгерістерін ұғындыру,жаңа материалды көрнекіліктер арқылы түсіндіру,сұрақтарға жауап алу, сөйлемдерді аударту,сөздікдерді қайталау, суретпен жұмыс орындату, орысшадан-қазақшаға аударту;



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет