Сабақ жоспары (Өңделген оқулық бойынша жасалған) Әліппе Сабақтың тақырыбы : Елбасы. Еліміздің рәміздері



бет17/42
Дата07.02.2017
өлшемі13,57 Mb.
#8925
түріСабақ
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін нелерден құралады?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Қазір бізге қандай сабақ?

-Үйге қандай тапсырма берілді?

ә) «Торғай» өлеңін жатқа сұрау.

б) «Тоқылдақ »мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Тоқылдақ неде отыр?

-Ол тұмсығыменнені тоқылдатады?

-Ағаш қабығында нелер бар?

-Тоқылдақ нелермен қоректенеді?

-Олардың жерге түскенін нелер теріп жейді?

-Сондықтан тоқылдақ не деп есептеледі?

в) «Тоқылдақ»мәтінінің мазмұнын толық айтқызу.

IV. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

г)Жатқа жазу.

V. Мақсат қою кезеңі.Сабақ мақсатын айту.

VI. Жаңа сабақ.

Кіріспе.

Мамандық түрлерін атап, таныстыру.

ғ)- Балалар, қысқы табиғат көрінісін кім сипаттап береді?

- Қыстағы шопан еңбегі туралы не білеміз?



Мұғалімнің «Шопан еңбегі» мәтінін оқуы.

Оқушылардың іштей оқуы.

Тізбектей оқуы.

Тауып оқу.



VII. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



д) «Саққұлақ» өлеңін мұғалімнің мәнерлеп оқып беруі.

Оқушылардың тізбектей оқуы.

VIII.Тіл ұстарту.

Жаңылтпашты тез айтуға жаттықтыру.

Бұл қар-

Сүр қар,


Сұр қар-Кір қар.

Үстіне аунама,

Үстіңді былғар.

ІХ.Дәптермен жұмысы.

е)Көркем жазу.

шопан шопан шопан шопан

15 -жаттығу .

1. Көп нүктенің орнына керекті әріпті қойып,өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2. Дауысты дыбыстарды атап айтқызу.

Х.Сергіту сәті.

Бір, екі, үш

Бойға жинап күш.

Қолға қалам алайық,

Әдемі етіп жазайық.

ХІ. Қорытынды.

ё)Сұрақ-жауап:

- Ал енді дыбыс ,дауысты дыбыс туралы ережені кім пысықтап береді?

-Қандай өлеңмен таныстық?

«Шопан еңбегі» мәтіні бойынша түсініктерін сұрау.

-Қай жерде болған?

-Айнала не?

-Не ұйытқып соғады?

-Алыстан ненің дауысы естіледі?

-Нелер мазасызданып,отарды айналып үреді?

-Кім сыртқа шықты?Нені айналып келді?

-Ол сақтық үшін не істеді?

-Шопан ата түні бойы не істеді?

-Шопан еңбегі қандай кәсіп иесі?

-Шопан атаны қандай адам деуге болады?

-Балалар, өлең неге Саққұлақ деп аталады?



ХІІ. Бағалау.Мадақтау.ХІIІ. Үйге тапсырма. «Шопан еңбегі» мәтінін оқып,мазмұнын айту.«Саққұлақ» өлеңін жаттап келу.


Ана тілі. 18.01.2013 ж.

Сабақтың тақырыбы: Қоян.Өзіндік жұмыс.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Дауысты дыбыстар туралы түсініктерін қалыптастыру. Мәтіндегі қоянды суреттей отырып, білімдерін қалыптастыру.

Дамытушылық: Сөздік қорын, логикалық ойлау қабілетін қалыптастыру.Дыбыс түрлерімен ,дауысты дыбыс оның ерекшелігі мен айырамшылығын ажырата білуге үйрету.

Тәрбиелілік:Аңдарды қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақта пайдаланатын көрнекті-құралдар: кеспе сурет.

Пайдаланатын әдіс-тәсілдер: сұрақ-жауап.

Пәнаралық байланыс: дүниетану.

Сабақтың барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылармен сәлемдесу, түгелдеу, класс бөлмесінің тазалығына көңіл бөлу, оқушылардың сабаққа дайындығы тексеру, олардың назарын сабаққа аудару.

II. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

IIІ.Өткенді қайталау.

а)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін нелерден құралады?

-Мәтін сөздерден құралады?



III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

-Үйге қандай тапсырма берілді?

ә) «Еңбек», «Саққұлақ» өлеңдерін жатқа сұрау.

б) «Шопан еңбегі »мәтіні бойынша сұрақ-жауап:

-Қай жерде болған?

-Айнала қандай қар?

-Не ұйытқып соғады?

-Алыстан ненің даусы естіледі?

-Иттер нені айналып,үре бастады?

-Шопан ата қайда шықты?

-Нені айналып өтті?

-Ол сақтық үшін нені атты?

-Ненің ұлығаны бәсеңдей түсті?

-Шопан ата түні бойы не істеді?

-Шопан еңбегі қандай кәсіп?

-Шопан атаны қандай батыр десе болады?

в) «Шопан еңбегі»мәтінінің мазмұнын толық айтқызу.

г)14-жаттығуды тексеріп ,бағалау.

IV. Сергіту сәті.

Бір,екі,тұрайық,

Алақанды ұрайық.

Жүгірейік,жүгірейік,

Аяқтың ұшынан басайық.

Саңырауқұлақтай отырып,

Емендерше тұрайық.

Тұрайық, отырайық,

Тұрайық, отырайық.

Партамызға жайғасып,

Отырайық ,тып-тыныш.

V. Мақсат қою кезеңі.

-Балалар, қысқы табиғатты кім сипаттап береді?

-Ең қызығы не?



VI. Жаңа сабақ.

д) Жұмбақ жасыру.

Сылдырдан қорқады,

Шошынып жортады.

(Қоян)


е)Мұғалімнің «Қоян» мәтінін оқып беру.

Оқушылардың іштей оқуы.

Тізбектей оқуы.

Тауып оқу.



ё)Сұрақ-жауап:

-Басқа аңдар туралы не білесіңдер?

- Қыста аңдарға не табу қиын?

- Түлкіқыстыгүні не аулайды?

- Түлкігеқыстақоянды табу неге қиын?

- Қоян қыста қандай тонын киіп алады?

- Ол неге ұқсап қалады?

- Неніңтүбіндеұйықтайбереді?

- Ал басқа аңдартуралы не білесіңдер?

- Олар қыста азығын қалай тауып жейді?



VII. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



VIII.Өзіндік жұмысы.

1.

ал+ша=алша а+ғаш=ағаш

ар+ша=арша а+лаш=алаш

ай+на=айна а+тай=атай

ой+на=ойнаа+пай=апай

ой+ла=ойла а+ғай=ағай

2.

т

о

р

қ

о

р

с

о

р

д

о

п

м

о

л

г

о

л

ж

о

л



а

п

а

й

а

ғ

а

ш

а

т

а

й

а

р

а

й

а

ж

а

р

А

б

а

й

а

п

а

т


а







а




а







а







о




а







о




а







а




а




о







а







у




а





ша+шу= ай+ран=

ша+ра= ой+лан=
3.т,р,а– тар ш,ш,у,а -шашу

т,р,о -тор ш,н,а,а-шана

т,й,а –тай ш,р,а,а-шара

т ,й,о –той т,ғ,й,о,а-тоғай

т,н,о-тон ш,п,н,о,а-шопан

ш,л,а-шал т,ғ,н,о,а-тоған

ш,р,а-шар а,а,р,н,й-айран
4.Отан- . -ағаш.

Отан- . –ағаш.

Отан . – ағаш.
IХ. Қорытынды.

- Ал енді дыбыс ,дауысты дыбыс туралы ережені кім пысықтап береді?

-Қандай мәтінмен таныстық?

Х. Бағалау.Мадақтау.

ХI. Үйге тапсырма. «Қоян» мәтінін оқып,мазмұндап айтуға дайындалып келу.

Ережелерді қайталап келу.



Сауат ашу. 10.02.2013 ж.

Сабақ тақырыбы: Мал атасы. Төлді қалай шақырады?Дауыссыз дыбыстар.

Сабақ мақсаты:

Білімділік: Төрт түлік малды, олардың төлдері мен түрлерін танып білуге үйрету. Төрт түлік малдың бейнесін, дауысын тану, ажырата білу, төлдерін қалай шақыратынын үйрету. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу.

Дамытушылық: Ой – өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу.

Тәрбиелік: Малды күтуге, оларға қамқор болуға баулу. Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.

Сабақ көрнекілігі: суреттер, сызбалар, интерактивті тақта.

Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Әдіс – тәсілдер: Ой қозғау, топтастыру, түсіндіру, ойын, талдау- жинақтау.

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру кезеңі.

1) Балалардың сабаққа дайындығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2) Сабақ тақырыбымен таныстыру.



II. Психологиялық дайындық:

-Терезеге қараңдаршы. Бүгінгі күн неткен тамаша,жарқын күн!Күннің сәулесі бізге жылу, жарық,мейірім мен қуаныш сыйлайды.Келіңдер, күннен өтінейік,ол әрдайым жылы,әрі жарық сәулесін шаша берсін.

Жарқын күн, жарқын күн!

Мен сені сүйемін.

Мен сеннен сұраймын!

Бер маған жарқын күн,

Бейбіт күн жылуын!

Бер маған жарқын күн,

Денсаулық,ізгілік!

III.Өткен материалдар бойынша білімдерін тексеру кезеңі.

а)Үйге қандай тапсырма берілді?

«Қоян» мәтінін мазмұнын сұрау.

ә)Сұрақ-жауап:

-Сөз нелерден құралады? Сызбасын көрсет.

-Сөз дыбыстардан құралады.

-Дыбыстар немен таңбаланады?

-Дыбыстар әріптермен таңбаланады.

-Дыбыстар дегеніміз не?

-Дыбыстарды айтамыз,естиміз.

-Әріптер дегеніміз не?

-Әріптерді көреміз,жазамыз.

-Дыбыс нешеге бөлінеді?

-2-ге бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Дауысты,дауыссыз дыбыстар.

- Дауысты дыбыс қалай айтылады? Қандай текшемен белгілейміз? Сызбасын көрсет.

-Дауысты дыбыс созылып айтылады,өлең айтуға келеді.Қызыл текшемен белгілейміз.

-Дауысты дыбыстар әріптерін атаңдар?

-Дауысты дыбыс әріптері:а,ә,е,о,ө,ұ,ү,ы,і,и,у,ю,я,ё,э.

-Дауысты дыбыс нешеге бөлінеді?

- Дауысты дыбыс 2 бөлінеді.

-Қандай болып бөлінеді?

-Жуан дауысты,жіңішке дауысты.

-Сөйлем нелерден құралады?

-Сөйлем сөздерден құралады. Сызбасын көрсет.

-Сөйлемнің бірінші сөзі қалай жазылады?

-Сөйлемнің бірінші сөзі бас әріптен басталып жазылады.

-Сөйлем соңынан қандай тыныс белгісі қойылады?

-Сөйлем соңынан нүкте,сұрақ,леп белгісі қойылады.

-Сөйлем нешеге бөлінеді?

-Сөйлем 3 бөлінеді.

-Сөйлем түрлерін атаңдар?

-Сұраулы сөйлем,хабарлы сөйлем,лепті сөйлем.

-Мәтін нелерден құралады?

-Мәтін сөздерден құралады?



IV. Жаңа сабақ.

Дауыссыз дыбыс әріптері:б,в,г,ғ,д,ж,з,й,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у)

а) Кіріспе.

Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.

1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қозы)

2. Ер қанаты не? (ат)

3. Қойда бар, тонда жоқ. ( Й)

4. Төрт түліктің төресі не ? (түйе)

5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).

6. Ешкінің төлі. ( лақ)

7. Сүттің түсі қандай? (ақ)

8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп

аталады? (уыз)

-Төрт түлік мал туралы.

Қай мал қалай дауыстайтынын тыңдату.

Сиыр «М-ны» «Ө-ге» қосып: «Мө»,-дейді

Түйе «Б-ны» «Ө-ге» қосып: «Бө»,-дейді

Жылқы «Е-ні» «Е-ге» қосып: «Ее»,-дейді

Қой «М-ны» «А-ға» қосып: «Ма»,-дейді

Ешкі «М-ны» «Е-ге» қосып: «Ме»,-дейді



1.Суреттер арқылы балаларға төрт түлік малдың қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде алатын орнын түсіндіру.

ТӨРТ ТҮЛІК – мал: түйе, жылқы, қой, сиыр. Қазақ халқы осы төртеуін төрт түлік деп атаған. Ауыз әдебиетінде “төрт түлік малды құрадың” деген тіркес жиі кездеседі. Бұл дәулетіне сәулеті сай адамдарға арналып айтылған. Мысалы, “Байбөрі деген бар екен, Байбөрі малға бай екен, Төрт түлігі сай екен...” (“Алпамыс батыр” жырынан). Халық төрт түліктің әрқайсысының сақтаушы иесі бар деп ұғынып, оларды ойсылқара, қамбар ата, жылқышы ата, шопан ата, зеңгі баба деп атаған. Төрт түлікті кейде жұп (аша, айыр) тұяқ, тақ (тік) тұяқ деп те атайды. Қазақ төрт түліктің ішінде түйе малын байлық ретінде де, көлік ретінде де, азық ретінде де қатты қастерлеген. “Нар жолында жүк қалмас” деген мәтел осының айғағы. “Ат – ердің қанаты”, “Мінсең – көлік, жесең – ет” деп жылқы малын да аса жоғары бағалаған. Сондай-ақ қой мен ешкі, сиыр малының да өзіне тән ерекше қасиеттері болатынын ұмытпаған.

- Балалар, «Малы бардың- жаны бар», « Елдің көркі- мал» деген халық нақыл сөздерінен- ақ қазақ халқының тұрмыс тіршілігінде төрт түлік малдың ерекше орын алатынын түсінуге болады.Қазақ халқы ежелден-ақ мал шаруашылығымен айналысқан халық. Ғасырлар бойы қалыптасқан бай тәжірбиесі бойынша олар малдың өрісін, тіршілік ету сырын, жай- күйін , қадір –қасиетін әбден зерттеп білген. Қазақ халқының ұлттық ойындарында да төрт түлік малға байланысты қызықты ойындар көптеп кездеседі.

Мысалы: «Көкпар», «Қыз қуу», «Бәйге» және тағы басқалары.

Оның өнімдерін тіршілік құралы ретінде пайдаланып, малдың еті, еті, терісі, тіпті мүйізі мен сүйегіне дейін өз қажетіне пайдаланып отырған.

Мал шаруашылығы біздің еліміз үшін қазіргі таңда да маңызды саланың бірі болып келеді.Сондықтан біз ұлтымыздың қасиетті төрт түлікке қатысты ұғымдары мен бай тәжірбиесін ұмытпай, күнделікті тіршілігімізде ала беруіміз керек.

Ендеше балалар, төрт түлікке қандай түліктер жатады:

2.Енді осы төрт түлікті топтастырамыз.

Жылқы


Ешкі Түйе
Қой Сиыр

V.Мәтінмен жұмыс.

Төлді қалай шақырады?

Мұғалімнің мәнерлеп оқуы.

Іштей оқу.

Тізбектей оқу.



VІ. Сергіту сәті.

Солға, солға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Оңға,оңға түзу тұр.

Алақанда шапалақ...

Алға қарай бір адым

Алақанда шапалақ...

Артқа қарай бір адым

Алақанда шапалақ.

..Шыр көбелек айналып,

Орнымызды табайық.
3.Төрт түліктің төлдерін ,мал пірлерін атау .

Жылқының төлі- құлын, пірі- Қамбар ата.

Түйенің төлі – бота, пірі – Ойсылқара.

Сиырдың төлі – бұзау, пірі – Қамбар ата.

Қойдың төлі – қозы, пірі – Шопан ата.

Ешкінің төлі – лақ, пірі – Сексек ата.



VІІ.Дәптермен жұмыс.

б)Көркем жазу.

төрт түлік



17-жаттығу.

1.Өлеңді түсініп оқу.



2.Қамбарата, Зеңгібаба, Ойсылқара, Шопаната,Сексекатасөздерін жазып,дауыссыз дыбыстардың астын сызу.

4. Төрт түлік туралы тақпақтар айту.

Құлыншағым.

Құлыншағым- құндызым

Құлдырайды, шабады.

Жылтылдаған жұлдызым,

Құстай қанат қағады.

Боз бие.

Әжем жиі сауады, Құлыны да тояды.

Боз биені баяғы. Сабамыз да толады.

Сүті неткен көп еді, Қанады әбден қымызға

Суалмай- ақ келеді. Біздің үйдің қонағы.


Ақ бұзау .

Ақ бұзауым ұнайды, Келеді өсіп күн санап,

«Мө- мө» деп сүт сұрайды. Қоямын ба тұмшалап.

Ақ бұзау жақсы фермада, Тұмсығын созып қарайды,

Апарамын көрмеге. Тілімен мұрнын жалайды.

Сиыр.

Әукім, әукім, сиырым,

Мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі,

Шығып қапты бүйірің.

Қозы

Кіп- кішкене момақан

Қошақанды ұнатам.

Сүйеді апам қозым деп,

Қошақаным өзің деп.

Бөрте лақ.

Шөре- шөре лағым Марқа туған бөрте лақ,

Тентек болма, шырағым. Әңгімеме сал құлақ.

Секектеме деміңді ал, Ойнай көрме тым ұзап,

Селтеңдемей құлағың. Боп жүрмесін бөрі тап.

VIIІ. Сергіту сәті.

Ұзын мұртты құмырсқа,

Келе жатыр жұмысқа.

Алды допты қолына,

Қойды допты жанына.

Оңға қарады,

Солға қарады,

Үлкен тау деп санады.



19-жаттығу.

1.Мәнерлеп оқу.

2.Қара әріппен жазылған сөйлемді көшіріп,әр сөздегі дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

Құлыншағым-құндызым

Құлдырайды,шабады.

5. Төрт түліктің адамға пайдасын суреттер арқылы әңгімелеу.

6. Төрт түлік туралы мақал мәтелдер айту.
1.Сиырдың сүті – тілінде. 2. Ат- адамның қанаты.
3.Қойдың сүті қорғасын, 4. Аттың бәрі сұңқар емес,

Қойды ұру болмасын. Құстың бәрі сұңқар емес.


5. Жалғыз шапқан ат жүйрік. 6. Түйе көп болса жүк сыймас.
7. Малды бақсаң, сиыр бақ, 8. Сиырды теппейді,

Сүт кетпейді шарадан. Сүтті төкпейді.


ІХ. Жұмбақтардың шешімін табу.
Туа сап жүріп кеткен,

Енесін қуып кеткен. ( құлын)


Басында таяғы бар,

Төрт аяғы бар.

Егіз құлағы бар,

Иегінде сақалы бар. ( ешкі)


Кезікті бір жануар,

Үстінде екі тауы бар. ( түйе )


Кішкентай ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар. ( қозы )


Екі айнасы бар,

Төрт жылтырмағы бар,

Бір шыбыртқысы бар. ( сиыр )

Х. Сабақты қорытындылау.

Сұрақ-жауап:

-Төлдерді қалай шақырады?



-Мысықты,итті қалай шақырады?


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет