Сабақ жоспары Пән аты: Орта ғасырлардағы дүние жүзі тарихы Сыныбы: 7 «в» Сабақтың тақырыбы



бет3/3
Дата09.08.2017
өлшемі396,67 Kb.
#23134
түріСабақ
1   2   3

Флоренция

  • Ортағасырлық Италияда өшпес із қалдырған қалалардың бірі Флоренция. Сауда жолдарының тоғысқан торабында орналасқан Флоренция ХІ ғасырдан бастап банк ісінің, сауда мен қолөнер кәсібінің маңызды орталығына айналды. 1115 жылы Флоренция тәуелсіз коммуна құқығына ие болды.

1252 жылы Флоренция алтын флорин ақшасын шығара бастады. Ол жалпыеуропалық валютаға айналды. Флоренция банкирлері Рим папасымен байланыста болып, олардың шіркеулік салықтарын бүкіл Еуропа бойынша жинауға рұқсат алды

  • XIV ғасырда Флоренцияда дүние жүзіндегі ең алғашқы мануфактура ашылды.

  • Онда негізінен жалдамалы жұмысшылардың еңбегі пайдаланылды. Қанаудың жаңа түрі 1345 жылы еңбекші халық наразылығының жаңа толқынын-тарихтағы Бірінші жұмысшы ереуілін туғызды.

  • 1378 жылы Флоренцияда чомпилердің (жалдамалы жұмысшылардың) көтерілісі болды. Олар алғашында жеңіске жетіп, өз цехтарын құрды. Қаланың өкімет басшылығына-сеньорияға өз өкілдерін сайлады. Чомпилер байлардың үйлерін, сарайлар мен кеңселерді өртеп, талан-таражға салды. Шеберханалар жабылып, олардың иелері қашуға мәжбүр болды. «Қоңды халық» өкілдері қалаға азық-түлік әкелуді тоқтатты. Көтерілісшілер сөйтіп әрі жұмыссыз, әрі азық-түліксіз қалды.Чомпилдердің сеньорияны толығымен өз өкілдерімен алмастырмақшы болғаны сәтсіздікке ұшырады.Кеңсе үйіне жиналған чомпилерді «қоңды халықтың» жасағы қырып салды. Көтерілісшілер құрған цех таратылып, оның басшылары өлім жазасына кесілді, қалған чомпилер қатаң жазаланды.


Савонарола

Флоренцияда медичилер билігіне наразы топтар да болды. Ол топтың мүддесін білдіруші діни-саяси қайраткер Джироламо Савонарола (1452-1498) болды. Әрі оқымысты, әрі әрі дәрігер атасының қолында туып-өскен Савонарола 23 жасында үйінен қашып, Болоньядағы доминикандық орденге мүше болып кірді.

1491 жылы Флоренцияға қайтып келіп, монастырь билігін қолға алды.

Өзінің діни уағыздарында Медичилер тираниясын (қатыгез, өрескел билік) сынады. Өзі билік еткен монастырьда құдайға адал құлшылық етуге бағытталған қатаң тәртіп орнатты. Рим папасының саясаты мен өмір салтын айыптады.

1494 жылы француз әскері Италияға басып кіргенде Пьеро Медичи Флоренциядан қуылып, өкімет билігі уақытша Савонарола мен оның жақтастарының қолына көшті.

1497 жылы Савонарола шіркеуден аластатылды. Өз кезегінде Савонарола шіркеу соборын шақырып, папаны орнынан алуды ұсынды.

1498 жылы Савонарола дарға асылды. Савонароланың католик шіркеуін қайта құру жөніндегі пікірлерін кейін реформацияның жақтаушылары пайдаланды.

ІV. Жаңа сабақты бекіту 5-10мин

1.Венецияның күшею себептері қандай?



2.Медичилер қандай саясат жүргізді?

3.Чомпилер деген кімдер?

4.Италия қала-мемлекеттерінің дамуындағы ерекшеліктер.

V. Үй тапсырмасы 2-3мин

«XI-XV ғғ. Италия» тақырыбына эссе жазып келу.



  • Венн диаграммасы «XI-XV ғғ. Италия мен қазіргі Италия»



VI. Білімді бағалау 2-3мин

Оқушыларға «бағалау парағы» таратылады. Бұл параққа топ көшбасшылары сабақта белсенді қатысқан оқушыларға баға қояды. Баға «+» белгісі арқылы әр орындалған тапсырма бойынша белгіленеді. Белсенді қатысқан оқушыларды мадақтап, бағаланады.

VII. Сабақты қорыту

Италия, Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия,Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет .  Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы –Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия  территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика .


Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет