Сипаттаушысұрақтар Зерттеушілер сипаттаушы сұрақты бір айнымалыға немесе сұраққа қатысушылардың жауаптарын анықтау үшін қолданады. Бұл жалғыз айнымалы тәуелсіз, тәуелді немесе аралық айнымалы болуы мүмкін. Төменде сипаттаушы сұрақты жазуға арналған сценарийі берілген:
(Қатысушылар) (айнымалы) (зерттеу алаңына) қаншалықты жиі барады?
Бұл скриптті қолдану келесідей болуы мүмкін:
Университет қалашықтарында афро-американдықтар өздерін оқшауланғандай қаншалықты жиі сезінеді? (Cresswell, 2002)
Салыстырма сұрақтар Зерттеушілер тәуелсіз айнымалысы бойынша екі немесе одан да көп топтардың нәтиженің бір немесе бірнеше айнымалы нәтижелер тұрғысынан ерекшеленетінін анықтау үшін сұрақ қоюы мүмкін. Сынақ жұмыстарында салыстырма сұрақтары қолданылады және бұл зерттеулерде зерттеуші бір топқа әлдебір көмек көрсетеді және оны екінші топтан жасырады. Салыстырма сұрақ жазудың сценарийі келесідей болады:
(1-топ) (2-топтан) (зерттеу объектісіндегі) (қатысушыларға) арналған (тәуелді айнымалы) тұрғысында несімен ерекшеленеді?
Бұл сценарий афро-американдықтар мен еуро-американдықтарды салыстыру кезінде қолданылған кезде, былай боп шығады:
Афро-американдықтар мен еуро-американдықтар өздерінің этникалық сәйкестікті қабылдауы бойынша қалай салыстырылады?
4. Тыңдаушылар өздерінің зерттеу сұрақтарын жазады және қажет болған жағдайда түзетеді (Cresswell, 2002)