Қазақ тілі
2 сынып
Сабақ тақырыбы: Сөз құрамы
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: Түбір мен қосымша туралы ұғымдарын кеңейту, сөздік құрамын байыту, байланыстырыа сөйлеу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік:Шапшандыққа, ұқыптылыққа, сауаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: Топпен жұмыс
Сабақтың көрнектілігі: Тірек сызбалар, жұмбақтар, мақал-мәтелдер.
Саақтың жабдығы: Нөмір жазылған, сілтемелер
Сабақтың барысы.
I Ұйымдастыру кезеңі.
Сабақтың мақсатымен таныстыру. Сыныпты үш топқа бөлу. Ойын шарттарымен таныстыра отырып, әр топқа тапсырмалар беру.
А тобына-сөз құрамы
Б тобына-түбір
В тобына-қосымша
Топтар өз тапсырмаларына дайындалады. Дайындалып болған соң, төмендегі тәртіппен орын алмасады:бір үстелдің басына А-1,Б-1,В-1,тиыны барлар келесі үстел басына А-2, Б-2,В-2, соңғы үстелге А-3,Б-3,В-3 тиыны барлары орын алмасады.
Үстел басына жиналған әр топтың өкілдері өз тақырыптарын айтып шығады. Оқушылар өздерінің орныдарына келеді. Әр бір топтан бір оқушыдан шығып өз тақырыптарын айтып шығады.
А-тобының тірек-сызбасы.
Сөз құрамы
Түбір Қосымша
Бала лар
Оқу шы
Көл шік
Б-тобының тірек-сызбасы.
Түбір сөз
Түбір Қосымша
Заттың аты Сапа аты
Күн Терең
Қимыл атауы Сөздіңмағыналы бөлшегі
Оқы ақылды
В-тобының тірек-сызбасы.
Қосымша
Жұрнақ Жалғау
Сөз мағнасын өзгертеді Сөзбен сөзді байланыстырады
Ән-ші әнді, әнмен
Әр топтан сөйлеген оқушы мұғалім сұрағына жауап беріп отырады. Модульге енген тақырыпқа байланысты оқулықтан жаттығу жұмысын жүргізу.
А тобы: 257 жаттығу сқз түбірін тауып, тиісті белгімен көрсет: кезекші сызғыш үйретіп оқытыды.
Б тобы: 259 жаттығу сөздерге қосымша көшіріп жаз: Орын-дық,теіңз-ші, үлкен-дік, етік-ші, қобыз-шы.
В тобы: 260 жаттығу. Түбір сөзге тұсындағы жалғаулардың тиістісін жалға. Ананың,наурыздың, Мараттың, аспанның,шөлдің.
Әр топтан бір оқушы тапсырманың орындалу барысын айтады.
Сергіту сәті.
Қазір балалалар қандай мезгіл? ( Қыс)
Олай болса, әр топ қыс туралы жұмбақ ойлап, ішінен түбір және қосымшалы сөзді табамыз.
Енді мақал-мәтелдер ойлап көрейікші
Топпен шығармашылық жұмыс.
А тобы 264 жаттығу.
Суретке қарап шағын әңгіме жазу.
Б тобы 263жаттығу
Сөйлем құрау, сөз құрамына талдау.
В тобы
Ребусты шешу. Сөйлем құрау.
Сабақты қорытындылау мақсатында төмендегі сөз-жұмбақ шешіледі.Тігінен табылған тор көздегі сөзге қосымша жалғап көрейік. Оқушы, оқулық
Біз кімбіз балалар? (Оқушымыз)
Қандай уәде береміз?
«5» болсын алар бағамыз,
Білімнен бақыт табамыз
Өнер білім көп оқып
Өсе берсін санамыз.
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Достарыңызбен бөлісу: |