Тақырыбы: Төзім.Н.Ақышев.63-64 жаттығу.
Мақсаты: 1. Мәтінді мәнерлеп оқи білуге, түсінгенін өз тілімен айта білуді
үйрету.
2.Буын, сөздерді буынға бөле білуге, сауатты да, көркем жаза
білуге машықтандыру.
3. Әрдайым төзімді болуға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кесте.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
2.«Бөрік» мәтінінің мазмұнын сұрау.
Сұрақтар:
Нұрмаш әкесінің бөркін не үшін кигісі келді?
Әкесінің бөркін киген Нұрмашты сипаттаңдар.
Бекбай атай неліктен бөрікке тіл қатты?
«Не деу керек?» Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау. Сыпайы сөздерді еске түсіру.
Рахмет. Рұқсат па? Кешіріңіз. Оқасы жоқ. тб.
3.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау «Төзім» мәтінін оқу талдау.
Сұрақтарға жауап беру.
Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?
Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?
Аяулы Гүлданаға неліктен таң қалды?
Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет еді?
Тізбекпен оқу, мазмұнын айту.
5.Сергіту минуты.
6.Көркем жазу.
Хх \сөздер жазу\.
Ы-қы-лас, ын-та, ы-рым, ын-ты-мақ,
Ықылас болса, төзім де болады.
63- жаттығу.Сөздерді буынға бөліп оқыңдар.
Бал-ға, жал-быз, и-ық
Жыл-қы дәп-тер и-ек
Дүр-бі қыр- ман и-іс
Өздік жұмысы дәптерімен жұмыс жүргізу.
7.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.64-жаттығу.
8.Бағалау
Сабақты қорыту.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№35
Тақырыбы: Оқымысты бала.М.Дулатов.65-66 жаттығу.
Мақсаты: 1.Мәтінді мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын аша білуге үйрету.
2. й, ң, у әріптерінің жазылу ережелерін, бір буынды сөздердің
жазылуын, әрдайым есте сақтау керектігін,және өз ойларын
еркін айта білуге машықтандыру.
3.Оқушыларды әрдайым үй жұмысын жасауға, үлкендерге
көмектесуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кесте.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Үй тапсырмасын сұрау. «Төзім» мәтінін оқу, талдау.
Сұрақтар:
Аяулы ертегіні неліктен тыңдай алмады?
Гүлдана ертегіні қалай тыңдады?
Аяулы Гүлданаға неліктен таң қалды?
Әже ертегісін тыңдау үшін Аяулыға не қажет еді?
3. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
Жаңа тақырып. Оқымысты бала.М.Дулатов.65-66 жаттығу.
Сурет бойынша әңгіме құрау.
«Оқымысты бала» мәтінін оқу, талдау.
Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
Баласы не деп жауап берді?
Бала қандай жағдайға душар болды?
«Оқымысты баланың» бұл қылығын қалай түсіндіресің?
Өз ой- пікірлерін ортаға салу.
4.Кесте бойынша жұмыс жүргізу.
Й, ң, у дыбыстарынан басталатын буындар.
Й қа-йық, о-йын-шық, қа-йың, мо-йын.
Ң жа-ңа, жа-ңа-лық,,қо-ңы-рау,қо-ңыр,жа-ңылт-паш,же-ңіс,те-ңіз,же-ңіл.
У та-уық,а-уа,а-уыл,да-уыс,қа-уын,ба-уыр.
5.Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты. У
А-уыл, ба-уыр, қо-ңы-рау, же-ңіс, о-йын- шық, қа-йың.
Сергіту сәті
Есте сақта:
й,ң,у екі дауыстының ортасында келсе,екінші буын басында айтылады.
Қа-йың,жа-ңа,та-уық.
6.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.66-жаттығу 7.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________ №36
Тақырыбы: Сен бақытты ұлансың. Тасымал.
Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге үйрету.
2.Сөздерді дұрыс тасымалдай білуге, буынға дұрыс бөлуге
машықтандыру.
3.Оқушыларды әрдайым сергек болуға, әрдайым спортпен
шұғылдануға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер, кесте.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.«Оқымысты бала» мәтінін сұрау.
Сұрақ қою арқылы қорыту.
Әкесі баласына қандай жұмыс тапсырды?
Баласы не деп жауап берді?
Бала қандай жағдайға душар болды?
Сен сол баланың орнында болсаң не дер едің?
2. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Жаңа тақырып: “Сен бақытты ұлансың”
Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.
Мақалдар мазмұнын талдау.
1.Қыз- қуыршақ, Бала- құлыншақ.
2.Қыз өссе- елдің көркі, Гүл өссе – жердің көркі.
3.Дәптермен жұмыс. Тасымал тақырыбын өту.
Кк Көгершін, көбелек, - сөздерінің тасымалдау түрлерін көрсету.
Кө-гер-шін кө-бе-лек
Кө-гершін кө-белек
Көгер-шін көбе-лек
Сергіту сәті
67- жаттығу.Сөздерді буынға бөліп жазыңдар.
Қарағай, Қа-рағай, Қара-ғай.
Ұшқыштар, Ұш-қыштар, Ұшқыш-тар
Автобус, Ав-тобус, Авто-бус
Дөңгелек, Дөң-гелек, Дөңге-лек
68-жаттығу.
Сөздердің бір не бірнеше буынын келесі жазу жолына тасымалдап жазыңдар.
Ке-зек-ші, кезек-ші, ке-зекші.
Ша-ға-ла, шаға-ла, ша-ғала
Қа-рын-даш қарын-даш қа-рындаш
Те-ре-зе тере-зе те-резе
4.Сабақты қорыту.
5.Үйге тапсырма беру кезеңі:68-жаттығу.\аяқтау\. 6.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№38
Тақырыбы: Отан. 69-71 жаттығулар.Ж.Әбдірашев.
Мақсаты: 1. Оқушыларға өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету. Тасымал жасау
түрлерін қайталап, есте сақтау.
2. Өз ой- пікірін ортаға сала білуге, еркін сөйлеуге, сауатты, әдемі
жазуға дағдыландыру.
3.Оқушыларды Отанды сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: суреттер.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Өс ұлан» өлеңін мәнерлеп оқу, талдау.
Тасымалдау түрлерін қайталау.
2.Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау. Жаңа тақырып: «Отан» өлеңін мәнерлеп оқу,
тізбек бойынша оқу.
Отан деген сөзді қалай түсінесің?
Біздің Отанымыз қай ел?
Отанымыздың астанасы қай қала?
Отанымыздың президенті кім?
3.Дәптермен жұмыс.
Көркем жазу минуты.
Өө
Қыз өссе- елдің көркі
Гүл өссе – жердің көркі
\Мақалдың мазмұнын аш, талдау. \
Сергіту сәті
4.Оқулық бойынша тапсырмалар орындау
69- жаттығу.Сөздердің басқаша тасымалдану түрлерін жазыңдар.
Те-ле-ди-дар Кі-тап-ха-на
Те-ледидар Кі-тапхана
Теле-дидар Кітап-хана
Теледи-дар Кітапха-на
Сергіту минуты
70- жаттығу.Сөздерді буынға бөліп,тасымалда.
Жи-на-лыс, Жи-налыс, Жина-лыс
Жұл-дыз-дар, Жұл-дыздар, Жұлдыз-дар
Му-зы-ка, Му-зыка, Музы-ка
Жің-іш-ке, Жің-ішке, Жіңіш-ке
5.Үйге: «Отан» жаттау.
1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 71-жаттығу. 6.Б
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы: Қазақстан- Республикам менің 72-73 жаттығулар.
Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының қала аттарымен танысу. Өлеңді
нақышына келтіре оқи білуге, мазмұнын өз сөзімен айта білуге
үйрету.
2. Й, у,ң әріптері бар сөздердің тасымалдану түрлерін қайталап, бір
буынды, екі буынды сөздердің жазылуын есте сақтап,сауатты
жазуға машықтандыру.
3.Оқушыларды Отанды сүюге, құрмет көрсетуге, қорғауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының картасы, суреттер, кесте.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Отан» өлеңін жатқа сұрау.
Отаның туралы не білесің?
Отаныңның астанасы қай қала?
Отан деп кімдерді атайсың?Сөздердің тасымалдау түрлерін қайталау.
2.Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
Жаңа тақырып: “Қазақстан Республикам менің.Өлеңді мәнерлеп оқу, талдау.
Қазақстан картасындағы қалаларды атау.
Алматы, Ақтөбе; Атырау; Жамбыл; Жезқазған, Көкшетау, Қарағанды;
Қостанай, Қызылорда, Орал, Өскемен, Павлодар, Қызылжар, Семей,
Талдықорған, Ақмола, Шымкент.
Елім менің жерге бай.
Айдынды шалқар көлге бай. \Жамбыл Жабаев.\
Өзіңнің облысың туралы әңгімелеу.
Сергіту сәті. Көркем жазу минуты.
Тт ІІ Тт Туған жерге туың тік
72- жаттығу. Сөздердің буын санын анықтаңдар.
Жа-йылым, ту-йе, қа-йық, сү-йек, ме-йірімді.
73- жаттығу. Сөздерді буынға бөліп, санын анықтаңдар.
Са-уысқан, да-уыс, жа-уап, та-уық, ба-уыр.
Өздік жұмысы дәптері бойынша тапсырмалар орындау.
1) Жа-пы-рақ са-уыс-қан жаң-ға-лақ
Жапы-рақ сауыс-қан жаңға-лақ
Жа-пырақ са-уысқан жаң-ғалақ- 2)Тасымалданбайтын сөздерді теріп жаз:от,сүт,қант,орақ,өзен,аю,ұя,қия.
3)Тасымалданбайтын екі буынды сөздер тауып жазу:а-сау,о-рақ,о-тан,а-ю,о-ю.
4)Кісі,жер-су және жануарлар аттарын тасымалдауға бола ма? Же-ті-су,
Жеті-су,Же-тісу,Тал-ды-қор-ған,Талдықор-ған,Талды-қорған,Тал-дықорған.
Оқушылардың жұмыс жасауын бақылау.
5.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Мәтінді оқу,мазмұндау.
6.Бағалау
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы: Қазақстан картасы.74-75 жаттығу.Т.Өтетілеу.
Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуды үйрету.
2.Оқушыларды сауатты жазуға машықтандыру.
3.Оқушыларды елін сүйе білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
“Қазақстан Республикам менің ” өлеңін оқыту,мазмұндау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу
2 .Қорытындылау
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қазақстан картасы.74-75 жаттығу.Т.Өтетілеу ” .
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
- Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.
- Жер аттарын есте сақтаңдар.
- Өзіңнің туған жерің жайлы әңгімеле.
- Картадан облыс орталықтарын,қала аттарын тап.
3.Сергіту сәті
6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2. Сұрақтарға жауап алу.
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. “ Буын ” тақырыбын қайталау.
Көркем жазу минуты.
74-жаттығу.1.Сөздерді оқып, й әрпінен басталған буынды атаңдар.
2.Сөз бөлігін й әрпінен бастап тасымалдаңдар.
75-жаттығу.1.Сөздерді оқып, у әрпінен басталған буынды атаңдар.
2.Сөз бөлігін у әрпінен бастап тасымалдаңдар.
Қорытындылау.
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.
2.Өзіңнің облысың туралы мәтін құра.
Елім менің жерге бай,
Айдынды шалқар көлге бай.
Жамбыл.
9.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы: Менің Отаным.Біздің ту.76-77 жаттығу.Тұманбай Молдағалиев.
Мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп, нақышына келтіре оқи білуді үйрету.
2. Сауатты жаза білуге, тасымалдауға келмейтін сөздерді есте сақтауға
машықтандыру.
Елін, Жерін, Отанын сүюге, құрметтеуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының мемлекеттік туы суреті.
Жүргізу әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:
Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру.
«Қазақстан картасы» тақырыбында әңгімелесу.
Өлеңді мәнерлеп оқу, қала аттарын атау.
Картадан көрсету:
Ойын:
І. Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола.
ІІ. Жамбыл, Жезқазған.
ІІІ. Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Қызылжар.
Алматы облысы туралы әңгімелеу.
. 3. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау Жаңа тақырып: “Біздің ту.”
Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.
Плакаттағы ту суретіне сипаттама беру.
4.Дәптермен жұмыс
Көркем жазу минуты.
Һһ \сөздер жазу\.
Отан, туған жер, туым, елтаңба, тілім, әнұран.
(Отан- деген сөзді айтқанда өз ойыңа не келеді?)
Отан үшін күрес- ерге тиген үлес.
Есте сақта!
Тасымалдауға болмайтын бір буынды сөздерді есте сақтау.
Бір буынды сөздер: От, сүт, қант.
Бір дыбысты буыны бар екі буынды сөздер: о-рақ, ө-зен, а-ю, ұ-я, қи-я.
Сергіту сәті
76-жаттығу.1.Өлеңнің бірінші шумағын көшіріп жазыңдар.
2.Тасымалданбайтын сөздерді табыңдар.
5.Үйге тапсырма беру: 77-жаттығу.
«Біздің ту» тақырыбында әңгіме жазу, тасымалданбайтын 6 сөз жазу.
Өлеңді мәнерлеп оқу.
6.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№37
Тақырыбы:Қорытынды сабақ.Мазмұндама.Бірлестік.
Мақсаты: 1.Мәтінді оқи отырып,оның мазмұнын өз түсінгені бойынша жаза білуге
үйрету.
2.Буын және тасымал тақырыптарын пысықтап,бір-бірінен ажырата білуге
машықтандыру.
3.Мәтіннің мазмұны мен ондағы негізгі ойды анықтауға үйретіп,
ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас
Әдісі: мазмұндама,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен тақырыптарды оқыту,мазмұндау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу
2. Қорытындылау.
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Қорытынды сабақ.Мазмұндама.Бірлестік” .
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
Бірлестік.
Құмырсқа қыста жейтін тамақ жинап алмақшы болды.Ол тамақ іздеп айналаны қарады.Құмырсқа бір күні үлкен дән тауып алды.Дән өте ауыр екен.Құмырсқа дәнді орнынан қозғай алмады.Ол көмекке серіктерін шақырды. Бәрі дәнді көтеріп илеуге әкелді.
Сұрақтарға жауап алу.
-Құмырсқа не іздеді?
-Дән қандай екен?
-Ол ссеріктерін не үшін шақырды?
1.Өз түсінгендерін әңгімелету.
2.Мазмұндама жазу кезінде ескеру керек:
-Сөйлем дұрыс құралатын болсын.
-Сөйлемдер бір-бірімен байланыста болу керек.
-Бір сөз екі-үш рет қайталанбау керек.
-Мазмұны шағын,түсінікті болсын.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Мазмұндама жазу.
Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Өткен мәтінді оқу,мазмұндау.
2.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
Тақырыбы:Шығарма. Аралардың достығы.
Мақсаты: 1.Шағын әңгімені толықтыру жұмысы туралы түсінік беру.
2.Оқушыларды өз ойын дұрыс жеткізе білуге машықтандыру.
3.Оқушыларды әдемі,сауатты жазып,дұрыс,мәнерлі сөйлеуге тәрбиелеу.
Сабақ типі:аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап,шығарма.
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен тақырыптарды қайталау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу
2. Қорытындылау
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Шығарма. Аралардың достығы” .
5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:
Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.
Аралардың достығы.
Орманда бір топ ара тұрыпты.Бәрі еңбекқор болыпты.Үнемі гүлден шырын
жинапты.Өздері тату тұрыпты.Сондықтан балдай тәтті өмір сүріпті.
Сөздік жұмысы:шырын,балдай,тәтті,өмір.
3.Сергіту сәті
6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:
1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.
2.Сұрақтарға жауап алу.
-Орманда қанша ара тұрыпты?
-Бәрі қандай болыпты?
-Үнемі не теріпті?
-Өздері қалай тұрыпты?
-Сондықтан қалай өмір сүріпті?
3. Теріп оқыту.
7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Шығарма жоспарын құрып,жазу.
Қорытындылау
8.Үйге тапсырма беру кезеңі:
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.Қайталау.
9.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№47-48
Тақырыбы: Елтаңба.
Мақсаты: 1. Өлеңді мәнерлеп оқи білуге, мазмұнын түсіне білуге үйрету.
2. Дауыссыз дыбыстардың жуан болып айтылуы жайында түсінік
беру, сауатты жазуға машықтандыру.
3.Оқушыларды рәміздерді білуге, құрметтеуге, сыйлауға
тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
2.Жазылған «Көктем» диктантының қорытындысын айту.
3.«Біздің ту» өлеңін мәнерлеп оқу, жазған шығарманы тексеру.
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.
Жаңа тақырып: «Елтаңба» өлеңімен танысу.
Қазақстан Республикасының рәміздерін атау.
Елтаңбаға сипаттама беру.
5.Дәптермен жұмыс жұргізу.
Цц \сөздер жазу\.
Дала, домбыра, достық.
(Сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса, дауыссыз дыбыстар да жуан болып
айтылады.)
1)Цц әрпіне байланысты жуан айтылатын сөздерді атау.
2)Дархан, дос, дауыс, дыбыс-сөздерін буынға бөл.
Сергіту сәті
78- жаттығу.1.Өлеңді оқыңдар.
2.Дауыссыз дыбыстары жуан айтылған сөздерді атау.
Ойын: ІІІ қатар үш әріпті алып, жуан айтылатын сөздер теріп жазады.
О, Ы, Ұ, А
6. Үйге тапсырма беру:
Елтаңба мәтінін оқу.
Жуан айтылатын 10 сөз жазу.
1.Мәтінді оқу,мазмұндау.
79-жаттығу.
7.Бағалау
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№49-50
Тақырыбы: Әнұран. 80-81 жаттығулар.
Мақсаты: 1. Қазақстан Республикасының әнұранын жатқа білуге
дағдыландыру. Әнұранды шын жүрекпен айтуға үйрету.
2.Оқушыларға сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса,
дауыссыз дыбыстар да жіңішке айтылатынын үйрету. Сауатты
жазуға машықтандыру.
3. Оқушыларды Қазақстан Республикасының рәміздерін жатқа
білуге, сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Қазақстан Республикасының рәміздері.
Жүргізу әдісі: түсіндіру, әңгімелеу.
Сабақ типі: аралас
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылардан Қазақстан Республикасының рәміздерін сұрау.
Ту. Әнұран. Елтаңба.
2.Үй тапсырмасын тексеру. «Елтаңба» өлеңін мәнерлеп оқуларын тексеру.
О, Ы, Ұ, А дыбыстарына жазған сөздерін оқу.
3. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау . Жаңа тақырып: “Әнұран.”
Авторлары: сөзі: Ж. Нәжімеденов, Н. Назарбаев.
әні: Ш. Қалдаяқов
Әнұранды әуенімен хормен айту.
4.Дәптермен жұмыс.
Чч \сөздер жазу\.
Еңбек, елік, ерлік, ежелден-сөздерін буынға бөлу.
Есте сақта!
Сөздегі дауысты дыбыстар жіңішке болса, ондағы дауыссыз дыбыстар да
жіңішке болып айтылады. Ө-зен, те-мір, сә-біз, түй-ме.
Сергіту сәті
80- жаттығу. Мәнерлеп оқып, жіңішке айтылған сөздерді көшіріп жазу.
Міне, сенің, мектебің, зейін, тентегім.
81- жаттығу. Ауызша орындау.
Жол- жел таң- тең орын- ерін
Сан-сән тамыр- темір тары- тері
Ә, Ө, Е, І, Ү \сөздер жазу\.
5.Үйге тапсырма беру:
Әнұранды жаттау, сөздер жазу.
1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Әнұран жаттау.
6.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________
Мерзімі:________ Сыныбы ______
Пән мұғалімі:___________________
№51-52
Тақырыбы:Отан тақырыбына қорытынды сабақ.
Мақсаты: 1.Туған жер,Отан туралы мәтіндерді мәнерлеп оқуды,өз сөзімен айтуды
үйрету.
2.Оқушылардың елге құрмет көрсетіп,Отанын сүю патриоттық сезімін
дамыту.
3.Оқушыларды отансүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақ типі: аралас
Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап
Көрнекілігі: суреттер
Сабақтың барысы.
1. Ұйымдастыру кезеңі:
Cабаққа дайындықтарын тексеру.
2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:
Өткен мәтіндерді оқыту,мазмұндау.
3. Білімді тексеру кезеңі:
1. Сұрақтарға жауап алу
2. Қорытындылау
4. Мақсатын қою кезеңі:
Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Отан тақырыбына қорытынды сабақ” .
Достарыңызбен бөлісу: |