Сабақ типі: аралас Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап Көрнекілігі: таблицалар, суреттер Сабақтың барысы


Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі



бет2/10
Дата27.12.2016
өлшемі1,98 Mb.
#5461
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Жж \сөздер жазу\.



Есте сақта!

Дауыссыз дыбыс әріптері:б,в,г,ғ,д,ж,з,и,к,қ,л,м,н,ң,п,р,с,т,ф,х,һ,ц,ч,ш,щ,(у).



17-жаттығу.Төлдер атасы: Шопаната,Сексеката,Ойсылқара,Зеңгібаба,Қамбарата.

\дауыссыз дыбыстардың астын сызу\.

Қорытындылау.18-жаттығу.Мәнерлеп оқыңдар.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Өлеңді оқу,мазмұндау. 19-жаттығу. 9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

12



Тақырыбы: Түйе.Ботақан.Өздік жұмысы.№4

Мақсаты: 1.Төрт түлік мал туралы әңгімелеу,түйе,ботақан туралы оқу,түсінік

беру.


2.Оқушыларды ой-пікірлерін айта білуге,еркін сөйлей білуге

дағдыландыру,сауатты жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларға төрт түлік малдың пайдасын түсіндіру,оларды күтіп-

баптауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: төрт түлік суреттері

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Төлді қалай шақырады?”өлеңін оқу,талдау,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

-Төлдерді қалай шақырады?

-Төлдер туралы білетін өлеңдеріңді әңгімеле.

-Ит,мысық туралы әңгімеле.2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Түйе.Ботақан.Өздік жұмысы.№4” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Түйе еті-тамақ,шұбаты-сусын,жүні-киім.Түйе шөлге шыдамды жануар.Ол қос

өркешті,сыңар өркешті болып келеді.Сыңар өркештіні”нар”дейді.Түйе екі жылда бір

боталайды.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-Әке-шешелерің сендерді неге “ботам”- дейді ?

- “Ботақаным”- деп сені кім еркелетеді?

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты. Жұмбақ:

Зз\сөздер жазу\. Ірі денесі,түздің кемесі,

Жонында бар екі төбесі. (түйе).



20-жаттығу.Сөйлемдерді көшіріп жазыңдар.\дауыссыз дыбыс әріптерінің астын сыз\.

Түйе боздайды.Сиыр мөңірейді.Қой маңырайды.Жылқы кісінейді.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 21-жаттығу.9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

14



Тақырыбы:Жылқы. Алфавит.22-24 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтіндіоқып,төрт түлік малдың бірі жылқымен таныстыру,алфавит ретін

үйрету.


2.Оқушыларды мәтінді мәнерлеп оқуға,талдай білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды малды күтіп-баптауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен мәтіндерді оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Жылқы.Алфавит.22-24 жаттығу” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

“Алфавит” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Йй \сөздер жазу\.

22-жаттығу.1.Алфавиттегі әріптерді ретімен оқып,жаттап алыңдар.

2.Алфавитте дауыссыз дыбыс әріптерінің қалай оқылатынын айтыңдар.

Алфавиттегі а,е,э арқылы оқылатын дауыссыздарды топтап жазыңдар.

3.Қай таңбалар оқылмайды?



Аа, ,Әә, Бб,Вв,Гг,Ғғ,Дд,Ее,ё,Жж,Зз,Ии,й,Кк,Ққ,Лл,Мм,Нн,Ң, Оо,Өө,Пп,Рр,Сс,

Тт,Уу,Ұұ,Үү,Фф,Хх,Һ,ЦцЧч,Шш,Щщ,Ъъ,Ыы,Іі,Ь,Ээ,Юю,Я.я

Батырлардың тұлпарларының атын жазыңдар.

1.Кендебайдың Керқұласы,Қобыландының Тайбурылы,Алпамыстың

Байшұбары,Қамбардың Қарақасқасы,Ақанның Құлагері-нағыз тұлпарлар.

Қорытындылау



8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 22-жаттығу.\жаттау\.

9.Бағалау.
Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

15



Тақырыбы:Боз бие.Құлыншақ.Өздік жұмысы №4

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуді үйрету.

2.Оқушылардың сөздерді алфавит ретімен оқи,жаза білуіне,ой-пікірін еркін

айта білуге машықтандыру.

3.Оқушыларды төрт түлік малды күтіп-баптауға,әрқайсысының пайдасын

түсінуге тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Жылқы”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

2. Сұрақтарға жауап алу.

3. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Боз бие.Құлыншақ. Өздік жұмысы №4

Жуан,жіңішке дауысты дыбыстар.Олардың әріптері” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңдерді мәнерлеп оқу,талдау.

Жылқының етін,қазы,қарта,жал,жая,сүр еті,шұжық,қуырдағын жейміз.

Мақал-мәтелдердің мазмұнын ашу: 1.Ат-адамның қанаты.

2.Аттың көркі-құйрығы,жалы,құлағы.

Таудың көркі-тасы менен бұлағы.

Жаңылтпашты жатқа оқу: 1.Мынау асау,мұндай асау тумас-ау!

Шуу асау да құрық түссе,жуас-ау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Ии \сөздер жазу\.



23-жаттығу.1.Кісі аттарын лфавит ретімен көшіріп жазыңдар.

24-жаттығу.1.Адамдардың аты-жөндерін алфавит ретімен оқыңдар.

25-жаттығу.1.Сөздерді оқып,алфавит ретімен жазыңдар.

26-жаттығу.1.Сөздерді оқып,алфавит ретімен жазыңдар.

Қорытындылау.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 27-жаттығу 9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

16



Тақырыбы:Сиыр.Ақ бұзау.28-29 жаттығулар. Жуан,жіңішке дауысты

дыбыстар.Олардың әріптері.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге,мазмұнын қара сөзбен айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды жуан дауыстыларды сөз ішінен таба білуге,сауатты

да,көркем жаза білуге машықтандыру.

3.Оқушыларға төрт түлік мал жайында әңгімелей отырып,оны күтіп-

баптауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Боз бие.Құлыншақ”өлеңдерін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Жылқы туралы білетіндерін айту. Ат-адамның қанаты. \мақалды талдау\.

3. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Ақ бұзау.28-29 жаттығулар” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ .\мысалдар келтіру\.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.Ққ \сөздер жазу\.

Өздік жұмысы: 1)Ыстық-ыстық сүт ішсең,дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,буы шығар маңдайдан.

2)Жуан дыбыстары бар сөздер:орындық,отын,ыстық,ырым,ырыс,тырыс,ынтымақ.



28-жаттығу.1.Өлеңді мәнерлеп оқып,көшіріп жазыңдар.

2.Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды табыңдар.

3.Өздерің жуан дауысты дыбыстары бар бірнеше сөз ойлап жазыңдар.

29-жаттығу.1.Сөздерді оқыңдар.

2.Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды теріп жазыңдар.

Қорытындылау. Жұмбақ шешу:Екі айнасы бар,

Екі найзасы бар,

Сыртылдаған тұяғы бар,

Бір желпуіш сияғы бар. \бұзау\.



8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 29-жаттығу.1.Өлеңді оқу,мазмұндау,жаттау.

9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

17



Тақырыбы:Сиыр.30-31 жаттығулар.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқи білуге,мазмұнын қара сөзбен айта білуге үйрету.

2.Оқушыларды жуан дауыстыларды сөз ішінен таба білуге,сауатты

да,көркем жаза білуге машықтандыру.

3.Оқушыларға төрт түлік мал жайында әңгімелей отырып,оны күтіп-

баптауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“ Ақ бұзау”өлеңдерін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Ақ бұзау туралы білетіндерін айту.

3. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Сиыр.30-31 жаттығулар” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Жуан дауыстылар: а, о, ы, ұ .\мысалдар келтіру\.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Көркем жазу минуты.Лл \сөздер жазу\.

1)Ыстық-ыстық сүт ішсең,дәмі кетпес таңдайдан.

Бой жадырап кенеттен,буы шығар маңдайдан. Бұл өлең не туралы?

2)Жуан дауысты дыбыстары бар сөздер:сиыр,бұзау,қой,қозы.



30-жаттығу.1.Жаңылтпашты көшіріп жазыңдар.

2.Сөздерден жуан дауысты дыбыстарды тауып,астын сызыңдар.

Қырда қырау,қызыл ала бұзау,тауда тарғақ,тарғыл ала торпақ.

31-жаттығу.1.Сөздерді оқыңдар.

2.Көп нүктенің орнына жуан дауысты дыбыстарды қойып жазыңдар.

Қорытындылау. Мақал мәнін ашу: Сиырды теппейді,

Сүтті төкпейді.

Сиыр өлеңін оқу,талдау,жаттап алу. Әукім,әукім сиырым,мүйізінің сүйірін.

Шүйгін жерге келгелі,шығып қапты бүйірің.



8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 31-жаттығу.\аяқтау\1.Өлеңді оқу,мазмұндау,жаттау.

9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

18



Тақырыбы:Қой . Қошақан. Өздік жұмысы.

Мақсаты: 1.Мәтінді мәнерлеп оқуды үйрету.

2.Оқушыларды сауатты сөйлеуге машықтандыру.

3.Оқушыларды ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Сиыр”өлеңін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Қой,қозы.Өздік жұмысы”.

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Қой туралы білетіндерін еске түсіру

Қойдың-еті,майы,сүті,терісі пайдалы.Төрт түліктің ішіндегі ең момыны.Жейтін

шөбі-изен,жусан,ажырық.Жүнінен киіз басылады.Киіз үйдің туырлығы,үзігі,түндігі

жасалады.Иірілген жүнінен киім-кешек,кілем,алаша тоқылады.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.“Жуан дауысты дыбыс” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Мм \сөздер жазу\.



32-жаттығу.1.Әр топтағы сөздерден сөйлем құрап жазыңдар.

2.Сөйлемдегі сөздердің ішінде келген а,о,ы,ұ әріптерінің астын сызыңдар.

3.Олар қандай дауыстыларды білдіреді?

Мал өріске жайылды.Қозы шөп жеді.Құлын су ішті.Лақ тасқа секірді



33-жаттығу.1.Көп нүктенің орнына жуан дауыстылардың тиістісін қойып жазыңдар.

Ала қойым қоздады.Ақ қошақан сүйкімді.

Ол маған ұнайды.Мен қозыға сүт бердім.

34-жаттығу.1.Сөздерді оқып,олардың айтылу мен жазылу айырмашылықтарын

байқаңдар.\салыстырып,байқау\.

Құдық-құдұқ, құлын-құлұн, құрық-құрұқ, ұршық-ұршұқ, шұжық-шұжұқ..

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі: 1.Мәтінді оқу,мазмұндау.34-жаттығу.9.Бағалау.


Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

19



Тақырыбы:Мен даланың ұлымын.Төлдер. Өздік жұмысы.

Мақсаты: 1.Мәтінді мәнерлеп оқуды үйрету.

2.Оқушыларды сауатты сөйлеуге машықтандыру.

3.Оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Қой,қозы ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу.

2. Қорытындылау

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.

Мен даланың ұлымын.Қозы. Өздік жұмысы”.

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі: Жіңішке дауыстылар:ә,е,ө,і,ү.

Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау.

Кең дал,туған жер туралы білетіндерін еске түсіру.

“Қозы” өлеңін мәнерлеп оқыту,мазмұнын сұрау.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.“Жіңішке дауысты дыбыс” тақырыбын қайталау.

Көркем жазу минуты.Нн \сөздер жазу\.



35-жаттығу.1.Өлеңді мәнерлеп оқыңдар.

2.Сөздерден ә,е,ө,і,ү әріптерін оқып,олардың жіңішке болып

дыбысталуын аңғарыңдар.

Мен даланың ұлымын.

Мен даланың ұлымын.

Жас түлектің бірімін.

Көкірегін аймалап,

Көктеп шыққан гүлімін.

Мен сүйемін даланы.

Дәнге толы алабы.

8.Үйге тапсырма беру кезеңі 1.Өлеңді оқу,мазмұндау.



36-жаттығу. 9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

20



Тақырыбы:Әнші төлдер. Ешкі.Бөрте лақ.І.Жансүгіров.37-38 жаттығу.

Мақсаты: 1.Мәтінді түсініп оқып,мазмұнын айта білуді үйрету.

2.Оқушылардың ой-пікірлерін еркін айта білуіне,өлеңді нақышына

келтіре,мәнерлеп оқи білуіне машықтандыру.

3.Оқушыларды төрт-түлік малды күтіп баптауға тәрбиелеу.



Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1.Ұйымдастыру кезеңі: Cабаққа дайындықтарын тексеру.

2.Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:“Бұзау”өлеңін жатқа сұрау,

”Қозы”өлеңін оқыту,мазмұндау.



3.Білімді тексеру кезеңі:

Сұрақтарға жауап алу.

-Қозы қандай шөптерді сүйсініп жейді?

-Жүнінен нелер жасалады?

1.Қорытындылау

4.Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Ешкі.Бөрте лақ.І.Жансүгіров.37-38 жаттығу” .



5.Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

Төрт түлік ішінде ешкіге тоқталу. Ешкі.

Ешкі өте мазасыз,жүрдек,қағілез келеді.Ыстыққа да,суыққа да төзімді

келеді.Ол тасжарған,ырғай,итмұрын,тобылғы сияқты таулы -тасты жерге өсетін бұта-

бүргеннің бүрін жейді.Ешкі сүті мен түбіті пайдалы.Ол өте өсімтал мал.

Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

-“Бөрте лақ” өлеңін қайталау.

3.Сергіту сәті



6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Ңң \сөздер жазу\.



37-жаттығу.1.Сөздерді дауыстап оқып,көшіріп жазыңдар.

2.Жіңішке дауысты дыбыс әріптерінің астын сызыңдар.

Қой,ешкі,серке,қозы,тоқты,лақ.

38-жаттығу.Мәтінді түсініп оқып,жіңішке дауысты дыбысы бар сөздерді табу,жазу.

Өрісте. Мал өрісте.Далада шөп мол.Шөпті жерде ешкі,қой семіреді.

Мал күйлі болса,қыстан жүдемей шығады.

Қорыту


8.Үйге тапсырма беру кезеңі.

1.Мәтінді оқу,мазмұндау. 38-жаттығу.

9.Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Тақырыбы:Мазмұндама.Төрт түлік.

Мақсаты: 1.Мәтінді оқи отырып,оның мазмұнын өз түсінгені бойынша жаза білуге

үйрету.


2.Жеке сөйлемдер мен мәтінді бір-бірінен ажырата білуге машықтандыру.

3.Мәтіннің мазмұны мен ондағы негізгі ойды анықтауға үйретіп, төрт

түлікті күте білуге тәрбиелеу.

Сабақ типі:аралас

Әдісі: мазмұндама,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

Өткен тақырыптарды оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі:

1. Сұрақтарға жауап алу

2. Қорытындылау.

4. Мақсатын қою кезеңі:

Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Мазмұндама.Төрт түлік” .



5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Мәтінді мәнерлеп оқу,талдау.

Төрт түлікке қой,ешкі,сиыр,түйе,жылқы жатады.Олар үй жануарлары.Сондықтан

оларға шөп-жем дайындап,күтім жасау керек.

Әр түліктің мал атасы болады.Шопаната,Қамбарата,Сексеката,Ойсылқара,Зеңгібаба.

Төрт түліктің пайдасы зор.Оларды: көлік ретінде ,етін –тамақ,жүнін –киім ретінде

қолданады.

Түсіндірілетін сөздер мен сөз тіркестері:

Төрт түлік,үй жануарлары,шөп-жем,мал атасы,көлік.



Жоспарға арнап берілген сұрақтар.

1.Төрт түлікке не жатады?

2.Оларға қандай күтім жасау керек?

3.Төрт түліктің қандай пайдасы бар?

1.Өз түсінгендерін әңгімелету.

2.Мазмұндама жазу кезінде ескеру керек:

-Сөйлем дұрыс құралатын болсын.

-Сөйлемдер бір-бірімен байланыста болу керек.

-Бір сөз екі-үш рет қайталанбау керек.

-Мазмұны шағын,түсінікті болсын.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс. Мазмұндама жазу.

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:


Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________ №21

Тақырыбы:Малдың төлін сүюі.39-42 жаттығу.

Мақсаты: 1.Өлеңді мәнерлеп оқуға,мазмұнын өз тілімен айта білуге үйрету.

2.Оқушыларға сөздегі дауысты дыбыстар жуан болса,сөз жуан

айтылатынын түсіндіру,сауатты да,әдемі жазуға машықтандыру.

3.Оқушыларға төрт түліктің төлдері жайлы әңгімелей отырып,оларды

күтіп-баптауға тәрбиелеу.

Сабақ типі: аралас

Әдісі: түсіндіру,сұрақ-жауап

Көрнекілігі: суреттер

Сабақтың барысы.

1. Ұйымдастыру кезеңі:

Cабаққа дайындықтарын тексеру.



2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі:

“Ешкі ”мәтінін оқыту,мазмұндау.



3. Білімді тексеру кезеңі: Сұрақтарға жауап алу.

-Ешкі қойға қарағанда қандай мал?

-Ешкі қандай шөптерді жейді?

-Ешкінің қандай пайдасы бар?

-“Бөрте лақ”өлеңін мәнерлеп оқыту.

2. Қорытындылау



4. Мақсатын қою кезеңі:Тақырыбын,мақсатын хабарлау.”Малдың төлін сүюі” .

5. Жаңа материалды түсіндіру кезеңі:

-Өлеңді мәнерлеп оқу,талдау. - Қой-момыным,қоңырым.

Сиыр-торпағым,қорқағым.

Түйе-боташым,тоташым.

Ешкі-лағым,шұнағым.

Жылқы-құлыным,жұрыным.

3.Сергіту сәті

6. Жаңа материалды меңгергенін тексеру кезеңі:

1.Оқушыларға оқыту.іштей,дауыстап-тізбектей.

2.Сұрақтарға жауап алу.

3. Теріп оқыту.



7.Бекіту кезеңі:Дәптермен жұмыс.

Көркем жазу минуты.Оо \сөздер жазу\. Қозы,лақ,құлын,бұзау.



39-жаттығу.Мәнерлеп оқу,сөздер қалай жазылатынын,естілетінін айту.

Ауылдардың қойы бар,Қойы бардың тоны бар.



40-жаттығу.Жуан айтылатын сөздерді атау.

Ешкі маған түбітін берді,-қолғап кидім.

Қой маған жүнін берді,-қалпақ кидім. (ауызша орындау).

Ойын ойнау:”Ненің төлі?”сиыр,жылқы,қой,ешкі,түйе.(лақ,қозы,құлын,ботақан,бұзау).

Қорытындылау

8.Үйге тапсырма беру кезеңі:1.Мәтінді оқу,мазмұндау. Тыйым сөздерді жаттау.

9.Бағалау.



Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________

Cабақтың тақырыбы:Әлди , әлди


Сабақтың мақсаты:

1)Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт – дәстүрін дәріптеу, соның бірі отбасының басты қызығы , алтын тіреу діңгегі – бала, баланы бесікке бөлеу дәстүрін атадан балаға жеткізу. Бесік жырының маңызын ұғындыру.Жуан және жіңішке айтылатын сөздер туралы түсіндіру


2)Жаңа технологияларды пайдалана отырып оқушылардың өз ойларын, пікірлерін еркін айтуға, дәлелдей білуге, сөйлеу мәдениетін, топпен жұмыс істеу, шығармашылық, танымдық қабілеттерін дамыту. Пәнге қызығушылығын арттыру.
3)Салт – дәстүрді құрметтеуге , адамгершілікке , мейірімділікке , тазалыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, баяндау, талдау, ой қозғау.
Сабақтың көрнекілігі: Кітаптар, суреттер, «Қазақ халқының салт- дәстүрлері» фильмінен үзінді, интерактивті тақта, слайдтар, бағалау жетондары. .
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі.
Психологиялық сәт. 
Сабақтың мақсатымен және өтілу барысымен таныстыру.Топқа бөліп , топ басшыларын сайлау.
ІІ.Үй тапсырмасын тексеру..
1.Оқушылар өлеңді мәнерлеп оқиды.
2.Әр топ бір - біріне сұрақ қояды..
-Мал аталарын ата.

-Әр үй жануарының төлдерін қалай атайды?


ІІІ.Жаңа сабақ.
1. Қызығушылығын ояту. Жұмбақ шешу.
Сәбиге сәнді үй 
Анаға ән – күй.
(Бесік)
2. Ой қозғау
- Бесік деген не? Бесік неден жасалған?
- Бесікке жатқан бала бар ма?
- Бесікке байланысты қандай салт – дәстүрлерді білесіндер?
Слайдқа назар аударып, оқушылардың шілдехана, бесік той, қырқынан шығару, тұсау кесу туралы ойларын тыңдау.
3. Қорытындылау.
- Бесік- бабамыздан қалған киелі мүлік.
Қазақ бесікті қатты қадірлейтіндігі сонша , қазақ атасы жатқан бесікке баласы, немересі, шөбере, шөпшегін бөлейді. 
Бесікке салуды көрсету. ( фильмнен үзінді )
4.Жаңа материалмен жұмыс..
Адамзаттың ғасырлар бойы жинақтаған мәдени нұсқалары , ұлағатты сөздері, көркем туындылары, ұрпақтан – ұрпаққа , атадан – балаға мирас ретінде жетіп отыр. Бұл тарту Атамұра деп аталады. Қазақ халқының дәстүрлі киім- кешегінен бастап , үй жиһаздары, ата – кәсіп құрал – саймандары, тарихи ескерткіштері, туған өлке, туған жер, туған тіл бәрі де мұра болған.
Басты мұралардың бірі – «Бесік жыры». 
1) Оқулықпен жұмыс.
Өлеңді мәнерлеп оқу. Оқушыларға тізбектей оқыту.
2) Сөздік жұмыс: .
3) Мазмұнын талдау
– Осы бесік жырын айтып отырған ананың көңілі қандай?
- Бесік жырын не үшін айтады?
I - Өлеңнен анасының баласын қалай жұбататынын тап.
II – Баласын жақсы көрген сезімін қандай сөздермен білдіреді?
Бесік жыры баланы тыныштандырып, жұбатады екен. Балаға жағымды әуенмен айтылады, әуен- сазсыз мәні де, сәні де болмайды. Ендеше, «Бесік жырын» айтып көрейік. 
5.Сергіту сәті: «Бесік жыры» (қимылға салып, орындау).
Әлди, әлди бөпем- ай,
Әлди әнге салам- ай.
Әлди әнге мен салсам,
Бөпем ұйықтап қала ма.
6.Ой – қиял . Топпен жұмыс.
Тапсырма: Жағдаяттарды талда. 
І топ . «Көшпенді қазақ халқының өміріндегі бесіктің рөлі»
ІІ топ. «Мен бесікке салуға қарсымын».
ІІІ топ. «Мен бесікті қалаймын».
7. Топ жұмысын қорытындылау.
Ырым- тыйым сөздер: Бос бесікті тербетпе.
Бесікті бір қолмен көтерме 
Бесікті ашық қалдырма
Ана, бала туралы мақал –мәтелдер

IV. Сабақты қорытындылау. - Сабақ ұнады ма?


- «Бесік жырын» кім жазған?
- Бүгінгі сабақтан не алдың? 
- Әрбір ана баласының адам болғанын қалайды, сол ананың тілегі орындалсын деп , «Тілек шоғын» жолдайық. 
Балалардың тілегі.
V. Үйге тапсырма : «Әлди,әлди » жаттау,
VI Бағалау.

Ана тілі Бекітілді: ___________

Мерзімі:________ Сыныбы ______

Пән мұғалімі:___________________ №23


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет