Сабақтарды өткізу әдістемелік құрал



Pdf көрінісі
бет9/35
Дата29.12.2021
өлшемі0,72 Mb.
#106353
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35
Байланысты:
1413346241336 (1)
биоремедиация, Тапсырма 1
Зерттеу  болжамы 

ретінде  бөлме  өсімдіктерін  арнайы  ұйымдастырылған 

шартқа сәйкес өсіру, күту және зиянкестерден қорғау, аурудан емдеудің тиімді 

тәсілдерін  пайдалану  арқылы  ресурстық  орталық  оқушылары  бойында 

табиғатқа  сүйіспеншілік,  жанашырлық  сезімдерін  қалыптастыруға  бейімдеуге 

болады, сол сияқты бөлме өсімдіктерін күтудің түрлі әдіс

-

тәсілдерін меңгертуге 



қол

 

жеткізуге болады.



  

Зерттеу міндеттері:

 

 

1.



 

Бөлме өсімдіктері туралы ғылыми әдебиеттерді жинақтау және

 

оларға 


шолу жасау;

  

2.



 

Бөлме  өсімдіктерін  егудің,  өсірудің,  зиянкестерден  сақтандырудың 

тиімді әдістерін айқындау;

  

3.



 

Ресурстық  орталық

 

жағдайында



 

бөлме  өсімдіктерін

 

күтудің


 

қолайлы


 

тәсілдерін анықтау.

  

Зерттеу  жа

ңалығы. 

Ресурстық  орталық  жағдайында  арнайы 

ұйымдастырылған зерттеу жұмыстары барысында алынған бөлме өсімдіктерін 

егудің, күтудің және оның аурулары және зиянкестермен күресу іскерлігі мен 

дағдысын оқушы

 

бойында қалыптастыру шарттары айқындалады.



  

Тәжірибе  барысы  оқушының  оқытудың  пассивті  обьектісінен 

шығармашыл  жеке  тұлға  әрекетіне  өтуі  оқушылардың  танымдық  әрекетін 

ұйымдастыруда  топтық  формаларды  қолданғанда  ғана  едәуір  тиімді 

шешілетіндігін  көрсетті.  Мұндай  сабақтардың  жалпы  схемасы  төмендегідей: 

пән  бойынша  білім  деңгейлері  әр  түрлі  оқушылар  үш  төрт  адамнан  топтарға 

бірігіп,  мазмұны  ұжым  жұмысына  есептелген  тапсырмалар  алады.  Сабақ 

соңында әр топша өз есептерін әзірлеп, жасалған жұмыстары туралы хабарлама 

жасайды (10

-

сынып бойынша, практикалық жұмыстар).



  

Зерттеу  тақырыптары  әр  алуан.  Ең  бастысы,  жұмыстың  балалардың  өз 

қалауларына,  қызығушылықтарына  жас  ерекшеліктеріне,  жеке  және 

интеллектуальдық  мүмкіндіктеріне  сәйкес  келуі.  Бақылау  мен  зерттеу  үшін 

жүйелі түрде уақтылы бақылауға мүмкіндігі бар, едәуір типтік және жергілікті 

табиғи  жағдайлардың  негізгі  сипаттарын  айқын  бейнелейтін  нысандар  мен 




33 

құбылыстар  таңдап  алынады.  Олар  оқушылардың  биологиялық  және 

экологиялық ұғымдарын қалыптастыру және дамыту үшін, логикалық ойлауын, 

танымдық  қызығушылығын,  тәжірибелік  білім,  білік  дағдыларын  жетілдіруде 

оқу үрдісіне қолдануы мүмкін.

  

Ресурстық  орталықтарда  биология  сабақтарында  басқа  пәндердің 



сабақтарындағыдай  әр  түрлі  практикалық  жұмыстардың  көмегімен 

оқушылардың  білімдерін,  іскерліктерін  және  дағдыларын  қалыптастырады. 

Осы  барлы

қ  жұмыстар  айқындалған  түрде,  яғни  жүйелі  түрде 

ұйымдастырылғанда ғана болымды нәтиже береді.

  

Оқыта  үйрету  ойындарын  практикалық  жұмыстарда  ұйымдастыруға 



мүмкіндік  мол.  Дидактикалық  ойындарда  міндетті  т

үрде  ойлау  әрекетін 

белсендіретін, қиындық  тудыратындай  танымдық  тапсырмалар  болуы  шарт. 

Ойын  арқылы  оқытуда  қызықтыру,  әзіл  үйлесім  табуы  керек.  Оқушылар  өз 

беттерімен викторина сұрақтарын тауып, экологиялық лото құрады, ойындарды 

да өз  беттерімен  ойластырады.  Бұл  тапсырмалардың  барлығы  олардың  пәнге 

деген,  биология ғылымына  деген  қызығушылықтарын  оятады,  практикалық 

жұмыстарда өзіндік зерттеушілік дағдыларын дамыта түсуіне ықпал жасайды. 

Сабақты  практикалық  жұмыстары  арқылы  ойын  түрінде  ұйымдастырудың 

тиімділігі бірнеше тәсілдердің көмегімен қамтамасыз етіледі: 

 



оқу  материалдарын  құрастыру  және  оларды  ықшамдалған  түрде  ірі 



блоктармен беру;

  



практикалық тапсырмалардың кешендік және шығармашылық сипаты;

 



оқушылардың білім, білік, дағдыларын жаңа жағдайда қолдануын талап 

ететін дәстүрлі емес жағдаяттар туғызу;

  



оқушылардың өзінің оқу



-

таньмдық іс

-

әрекетін өздігінен жоспарлауының 



қажеттілігі;

  

-



 

оқушыларға оқытудың барлық кезеңдерінде еркіндік, дербестік беру;

  

-

 



тақырыптың  ақпараттық  блоктарының  мазмұны  мен  оқытудың 

ұйымдастыру формаларын вариативті

 

түрде беру.



  

Оқушылардың  танымдық  дербестігін  біртіндеп  дамыту  барысында 

бақылау

-

бағалау  іс



-

әрекетінің  тәжірибесі  жинақталады  өзін

-

өзі  бақылау,  өзін



-

өзі  бағалау  білік,  дағдылары  қол  жеткен  жетістіктерді  мұғаліммен  бірлесе 

отырып  талқылау,  талдау,  бағалау  процесінде  қалыптасады.  Өз  жетістігінің 

деңгейін дұрыс, әділ бағалай білу машығы оқу материалын игерудің көлемі мен 

тәсілін,  күрделілігін  оқушылардың  саналы  түрде  таңдап  алуына,  өз  таным 

аумағын  кеңіту  және  тереңдету  үшін,  шығармашылық  үшін  уақытты  үнемді 

пайдалана  білуіне  мүмкіндік  береді.  Оқытудың  барлық  кезеңдерінде  өзін

-

өзі 



бақылау,  өзін

-

өзі  бағалау,  түптің  түбінде, әрбір  оқушының  танымдық  іс



-

әрекетінің  табыстылығын  қамтамасыз  етеді.  Оқу  процесіндегі  оқушылар  мен 

мұғалімнің  өзара  қарым

қатынасы  бағыну



-

бағындыру  қатынасы  болудан 

қалып, тепе

-

тендік, ынтымақтастық формасына айналады.



  

Биология  пәнін  оқыту  үрдісінде  ақпараттық  технологияларды  қолдану 

сабақтардың көрнекілік деңгейінің сапасын едәуір

 

арттыруға мүмкіндік береді, 



оқушылардың әрекетін белсендірудің мҥмкіндік деңгейін кеңейтеді, ал үздіксіз 

кері  байланыс  о

қыту  үрдісін  жандандырып,  оның  дамуын  арттырады, 



34 

нәтижесінде  оқушылардың  оқылатын  материалға  оңды  көзқарасын 

қалыптастырады.

  

Ресурстық



 

орталықтарда  компьютердің  қолданылу  мүмкіндігінің 

кеңейтілуі  мультимедиялық  технологиялардың  пайдаланылуына  жағдай 

туғызады.  Бұл  технологияның  арқасында  оқытушы  оқылатын  материалдың 

көрнекілік  деңгейін  түрлі  сызбанұсқаларды,  суреттерді,  кестелер  мен 

бейнетаспаларды  демонстрациялау  ар

қылы  айтарлықтай  арттыра  алады, 

сондай


-

ақ  мультипликациялық  құралдардың  көмегіменен  қозғалмалы 

көрнекіліктермен  қамтамасыз  ете  алады.  Көрнекі  материалды  қажетті 

мөлшерде  таңдауға  мүмкіндік  пайда  болады.  Оқытушы  сабаққа  әзірленгенде 

сабақтың  мақсат,  міндеттері  мен  бағдарлама  «беттерінің»  парақталу

 

ырғағы 



және  анимацияның  жіберілуінің  өз  сөзінің  ырғағымен  үйлесуін  қадағалай 

алады.


  

Іс жүзіндегі оқиғалар мен үрдістерді ресурстық орталық жағдайында оқып 

зерттеу мүмкін емес. Бұл жағдайда бағдарламаға салынған модельдерге сәйкес 

оқып  үйренетін  үрдістерді  басқару  қызметін  бейнелеуге  мүмкіндік  беруші 

таптырмайтын  бейнелеуші құрал  компьютер  болып  табылады.  Мысалы, 

«

өсімдіктер»  курсындағы  практиклық  жұмыстар 



– 

бұл  «Бөлме  өсімдіктерін 

күтіп

 

баптаудың  көктемгі  жұмыстары;  Мектептің  тәжірибе  учаскесі  үшін 



тұқымдар таңдап алу және көшеттер өсіру».

 

Егер



 

осы практикалық жұмыстарда 

дағды  нақты  да  дұрыс  қалыптасатын  болса,  онда  көптеген  қателіктерден 

аулақтатады. Бірақ осы практикалық жұмыстарды орындауға бар болғаны бір

-

екі сағат қана бөлінген. 



 

Компьютерді жүргізілуі күрделі тәжірибелерді көрнекілеу үшін ғана емес, 

сонымен қатар оны күрделі биологиялық және экологиялық үрдістерді олардың 

негізгі кезеңдерін модельдеуге пайдалануға болады.

  

Қазіргі жағдайда компьютерлік бағдарламалар ойын түрінде қолданылады.



  

Оқушыларға түрлі тақырыпта практикалық жұмыстар тапсырылады.

  

Орта  білімні



ң  жалпы  білім  беру  стандартына  сәйкес,  Қазақстан 

Республикасының 

жалпы 

орта 


білім 

және 


білім 

мазмұнының 

тұжырымдамаларын,  жа

ңа  базистік  оқу  жоспарын  құрастыру  кезінде 

орталықтан  басқарылатын  білімнен  бас  тарту  және  оның  үрдістік  және 

дамытушылық  жағына,  өз  бетімен  білім  алу  тәсілдеріне  басымдылық  беру 

көзделген.

  

Сондықтан қазіргі таңда білім беру жүйесінде: практикалық жұмыстарды 



орындау, яғни зерттеу әдістерін; проблемалық оқыту әдістерін; жобалап оқыту 

әдістерін қолдану бұл оқушылардың білімінің өзектілігін талап ететін күрделі 

мәселелердің  шешімін  іздестіру  мен  шешуге,  анализге,  жеке  фактілерден 

заңдылықтар  шығару  дағдыларына,

 

проблемалық



 

жағдаяттарға

 

негізделген



 

әдістер;


 

оқу


-

әдістемелік  кешеннің  болуы;  технологизациялау  білім  беру 

педагогикасы мен практикасының жаңа бағыты орын алуы тиіс.

  

Біздің  республикамыздағы  осындай  оқыту  технологиялар  қатарына  Ж.А.



 

Қараевтың  «Деңгейлеп  саралап  оқыту»,  М.М.

 

Жанпейісованың  «Модульдік 



оқыту»,  Т.

 

Тұрғымбаеваның  «Дамыта  оқыту»,  Н.Н.



 

Нұрахметов 

«Шоғырландырып

-

қарқындап  оқыту»,  Т.Т.  Ғалиевтың  «Жүйелік  тұрғысынан 




35 

оқыту» технологияларын атауға болады.

  

Биология пәнін оқыту  үрдісінде оқушылардың зертханалық, практикалық 



жұмыстарын  қолданудың  тиімділігін  төмендегідей  мақсатты  да  жоспарлы 

дидактикалық ұстанымдар мен әдіс

-

тәсілдер арқылы жүзеге асыруға болады:



  

-

 



оқу

 

процесіндегі



 

оқушылардың

 

танымдық


 

әрекеттерін

 

топтық,


 

жеке, 


ұжымдық, жарыс, оқыта

 

үйрету ойындары түрінде ұйымдастыру;



  

-

 



биологияны

 

оқыту



 

барысында

 

оқушылардың



 

практикалық

 

іс

-



әрекетіне 

баса көңіл бөлу;

  

-

 



оқыту үрдісінде жаңа технологияларды қолдануды жүзеге асыру;

  

-



 

сыныптан тыс практикалық жүмыс түрлерін ұйымдастыру;

  

-

 



осы  жұмыстарды  ұйым дастыруда  алдын

-

ала  дайындалған  әдістемелік 



нұсқауға сүйену. 

 

Осы  айтылғандардың барлығы да  педагогтарды  оқушылардың  өз  бетімен 



білім ала білу қабілетін дамытуға, оқу

-

тәрбие міндеттерінің шеңберін кеңейтіп 



бір мезгілде шешуге бағыттайды.

  



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   35




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет