Байланысты: 35304950728 Пенитенциарлы психология бойынша дәріс кешені
Психологиялық қызметінің жұмысы екі бағытта жүзеге асырылады:
Сотталғандармен жұмыс :
сотталғандардың, күдіктілердің психологиялық ерекшеліктерін диагносттау;
сотталғандарды түзету процесін дараландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
сотталғандарды дағдарыстық және стресстік жағдайларды жеңуге көмектесу;
сотталғандардың, айыпталушылардың, күдіктілердің деструктивті мінез-құлқын болжау және алдын алу;
тұлғааралық қатынастарды оңтайландыру, қақтығыстық жағдайларды уақтылы шешу мақсатында сотталғандардың әлеуметтік ортасындағы әлеуметтік-психологиялық құбылыстарды зерттеу;
-сотталғандарды босатуға және бостандықта өмір сүруге психологиялық дайындау.
Қызметкерлермен жұмыс
Кәсіби психологиялық іріктеу жүргізу, кәсіби бағытта психологиялық көмек көрсету және қиын өмірлік жағдайға тап болған қызметкерлер мен олардың отбасыларын психологиялық сүйемелдеу;
Жас қызметкерлерге қызмет жағдайларына бейімделуде психологиялық көмек көрсету;
Қызметкерлердің тиімді қызметтік іс-әрекеті, жеке дамуы, өзін-өзі жүзеге асыруы үшін қолайлы жағдайлар жасауға ықпал ету;
Деструктивті құбылыстардың психопрофилактикасы және қызметкерлердің кәсіби деформациясы;
Кадрлар резервін психологиялық қамтамасыз ету;
Қызметкерлер ұжымындағы әлеуметтік-психологиялық климатын бақылау, оны оңтайландыру бойынша ұсыныстар әзірлеу;
Қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелеріне кәсіби және жеке мәселелер бойынша психологиялық кеңес беру;
Төтенше жағдайларда қызметкерлердің қызметін психологиялық қамтамасыз ету.