Үй тапсырмасы
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Табу .Эвфемизм және дисфемизм
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Білімділік: оқушылардың эвфемизм мен дисфемизм туралы. Лингвистикалық білімдерін кеңейту, лексикалық талдау жасау дағдыларын дамыту, жаттығу жұмыстары мен қосымша тапсырмалар арқылы бекіту.
Тәрбиелік: оқушылардың эстетикалық сезімдерін ояту, ана тілді сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: оқушылардың таным қабілеттерін дамыту, пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, ауызша және жазбаша тіл мәдениетін дамыту.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Терме диктант.
1.Ажыландай тоғанды. 2.Адал ақы, маңдай тер. 3.Бет пердесін ашты. 4.Гүлдей солды. 5.Дүниеден озды. 6.Екі туып, бір қалғаным емес. 7.Жолы болды. 8.Зәре құты қалмады.
|
Мағынаны тану
|
Кейде бір нәрсенің атын тікелей айту дөрекілеу естіледі, көңілге жағымсыз естілетіндей сыңайы байқалады. Мұндай жағдайда олар басқа сыпайы, жағымды сөздермен ауыстырып айтылады. бұл құбылыс тілде эвфемизм деп аталады.эвфемизм әдепті, сыпайы, сөйлеу мақсатынан шыққан. Мысалы: «мылжың» деудің орнына «сөзуар», «ұрланды» деудің орнына «қолды болды» деген сөздер мен тұрақты тіркестер қолданылады. Эвфемизмдер – ойды бейнелеп, көркемдеп жеткізудің бір тәсілі.
Күнделікті ауызекі сөйлеуде әдепті сөзді әдепсіз, дөрекі сөзге ауыстырып айту әдеті де кездеседі. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизм деп атайды. Дисфемизм мағынасы жағынан эвфемизмге қарама- қарсы құбылыс.Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпа ұғымын тудырады. Мысалы: боқмұрын, боғы ботқа болу, қырт.
Дисфемизм – әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Дисфемизммен сөйлейтін адамдарды мәдениеті төмен адамдар деп есептейді. Бұлар көркем шығармада, көбінесе, ауызекі сөйлеу тілінің үлгісінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.
VІ. Жаңа тақырып бойынша түсінігін тексеру:
1-топ
1. Сөз тіркестерінен эвфемизмді бір бөлек, дисфемизмді бір бөлек топтап жазыңдар.
Аузы жеңіл, шірік неме, сылтып басады, жаман ит, құлағы мүкістеу, нұры кеткен, мес қарын, сасық ауыз.
2. Төмендегі сөздерді эвфемизмге айналдырып жаз.
Өтірікші, сатқын, ұры, сұмырай, надан.
ІІ -топ
1. Мына дисфемизмдердің синонимін тауып жаз.
Оңбаған, қайыршы, жалмауыз, кеңкелес,ұятсыз.
2. Сөйлеу мәдениетіне байланысты өз ой – пікіріңді жаз.
ІІІ -топ
1.Ауыз әдебиетінен табу, эвфемизм,дисфемизмге мысалдар келтір.
2. «Тіл халықтың жаны, кескін – келбеті» атты тақырыпта ойтолғау жаз. Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мына-аи дай олдары бар:
1. Ауру аттары алмастырылады. Науқас адамның көзінше аурудың нақ өзін атамай, оның жеңілірек түрін айту дәстүрі бар Мәселен, туберкулезнемесе құрт ауру деудің орнына өкпе ‘ауруы, рак немесе қылтамак, деудің орнына жаман ауру, гоноррея немесе сөз деудің орнына жіңішке ауру, сифилис деудіц орнына ‘самал немесе мұрнына жел түскен деп мағынасы қатты тиетін ‘сөздерді жұмсақ сөздермен алмастырып қолданады.
2. Адамның дене мүшесіндегі кем-кетік: атаулары алмастыры- лады. Мәселен, ауру, жарымжан, мүгелек адамды дімкәс деген сөзбен, саңырау, керең деген сөзді құлағының мүкісі бар, сараң естиді, құлағы тосақ деген сөздермен, аягы ақсақ дсгспді аяғының сылтымасы бар деп алмастырып айта беруге болады.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Бақылау диктанты «Алғыс»
Қатемен жұмыс.
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
Диктанттар жинағы
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Оқушылардың өткен сабақта алған білімдерін бекіту. Қатесіз,таза жазуға тәрбиелеу. Ойлау,сөйлеу қабілеттерін дамыту.
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Мен сендерді шаттық шеңберіне шақырамын. Кәнеки, былай деп айтайық:
Кел, балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік.
Қабақ түйген не керек?
Көңілді боп жүрейік.
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерін тексеру
|
Мағынаны тану
|
Қысқы ағаш
Қыс ағашқа қауіпті. Қарсыз аязды күндері суықтан жарылып кетеді. Ағаш қысқа өзінше дайындалады. Оның өркендеп өсуі үшін қорек зат керек. Ол қыста жетіспейді. Сондықтан ағаш қыста өсуін тоқтатады. Ағаштың суықтан қорғайтын қалың қабаты бар. Жыл өткен сайын оның қабағы қалыңдай түседі. Ағаштың түбін қармен көм. Сонда ағаштың тамырына суық өтпейді. (51 сөз)
Жазылуы қиын сөздер: дайындалады, өркендеп.
1. Соңғы сөйлемнен етістікті табыңдар. Астын сызыңдар.
2.Маңырайды, боздайды, кісінейді деген сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Білімнен мол сый-асы,
Балғындардың ұясы.
(Мектеп)
Ақыл-ойдың шырағы,
Зәулім көктей шынары.
Биігіне бойлаған,
Қанбайды адам құмары.
(Білім)
Білімнің жол басшысы,
Шәкірттің қолбасшысы
(Мұғалім)
Шәкіртке жанашыр,
Мейірман кім, жаны асыл?
(Ұстаз)
Білімнің дәнін тереді,
Балаға тәлім береді.
(Ұстаз)
|
Үй тапсырмасы
|
Қайталау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Тіл ұстарту.
Тоқсандық қайталау
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
Оқыту нәтижесі
|
Оқушылардың 1-тоқсанда алған білімдерін қорытындылау. Ойлау,сөйлеу,есте сақтау қабілеттерін дамыту.
|
Топқа бөлу
|
Геометриялық фигуралар арқылы топтарға бөлу
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
Балалар бір-біріне «сиқырлы таяқшаны» бере отырып, өздерінің игілікті тілектерін айтады:
Мен бәріңе Денсаулық тілеймін!
Мен бәріңе Қуаныш тілеймін!
Мен бәріңе Мейірім тілеймін!
Мен бәріңе шуақты күн тілеймін!
Мен бәріңе көңілді ойын тілеймін!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Үй тапсырмасы жазылған дәптерлерді тексеру,бағалау.
|
Мағынаны тану
|
1. «Сұлу» сөзінің синонимін табыңыз.
А) Әдепті.
В) * Әдемі.
С) Сыпайы.
D) Мықты.
Е) Салмақты.
2. Буын түрін анықтаңыз.
A) * Тұйық.
В) Жалғау.
С) Жалаң.
D) Буын.
Е) Тасымал.
3. - дар, - дер, - тар, - тер, - лар, - лер жалғаудың қай түріне жататынын көрсетіңіз.
А) Септік.
В) Жіктік.
D) Көптік.
C) * Тәуелдік.
Е) Етістік.
4. Төл сөзді сөйлемді белгілеңіз.
А) Сен дегенде сөз бар ма?
B) * "Келешек - өткен тарихты қорғау", - дейді Олжас Сүлейменов.
С) Балалардың соңғы ермегі -"Ақсүйек", "Соқыр теке".
D) Сауатты болу дегеніміз - дұрыс жазып, дұрыс сөйлеу.
Е) Әй дер әже, қой дер қожа жоқ.
5. Берілген сөйлемді дұрыс аяқтаңыз. 25 қазан -...
А) Ынтымақ күні.
В) Конституция күні.
С) Тәуелсіздік күні.
D) * Республика күні.
Е) Жеңіс күні.
6. Қазақстанның көне қаласын белгілеңіз.
А) Астана.
В) * Орал.
С) Ақтау.
D) Отырар.
Е) Атбасар.
7. Зергерлік бұйымдарды белгілеңіз.
А) Алаша, көрпе, төсеніш.
В) Кесе, қасық, пышақ.
С) Кітап, дәптер, қалам.
D) * Шолпы, білезік, сырға, қапсырма.
Е) Қару - жарақ, ер - тұрман, қоржын.
8. Қазақ халқының ұлттық ойынын белгілеңіз.
А) Шахмат.
В) Дойбы.
С) Баскетбол.
D) * Тоғызқұмалақ.
Е) Лото.
9. Күзден кейін келетін жыл мезгілін көрсетіңіз.
А) Апта.
B) * Қыс.
С) Жаз.
D) Күз.
Е) Көктем.
10. «Қоян жүрек» фразеологизмінің антонимін табыңыз.
A) * Қорқақ.
В) Әлсіз.
С) Салмақты.
D) Батыр.
Е) Күшті.
11. Синонимдік қатарды көрсетіңіз.
А) Іс, сапар.
B) * Кінәлі, айыпты.
С) Апару, әкелу.
D) Жүмысшы, оқушы.
Е) Мәртебелі, сыйсыз.
12. Жалғауы ұяң дауыссыздан басталып тұрған сөзді табыңыз:
А) Оқушылар.
В) Көйлектер.
С) Қонақтар.
D) * Қайындар.
Е) Дәптер.
13. Тек үнді дауыссыздары бар сөзді табыңыз.
А) Сапар.
В) * Айман.
С) Алпыс.
Б) Азат.
Е) Аймақ
14. Сөйлемдегі есімдіктердің түрін анықтаңыз: Мен ешқашан елімді сатпаймын!
А) Сілтеу, жалпылау.
В) * Жіктеу, болымсыздық.
С) Жіктеу, сілтеу.
D) Жалпылау, белгісіздік.
Е) Жіктеу, өздік.
15. Шартты райлы етістікті табыңыз.
А) Ертең мектепке кел.
В) Содан кейін мені сына.
С) Өзің білесің, біз момын шаруамыз.
D) * Бір көрсем, арманым болмас еді.
Е) Жүкті шешпе, үйді әуре қыласың.
16. Жалғаулық шылау қатысқан сөйлемді анықтаңыздар
А) 22 наурыз күні біз демаламыз.
В) Табиғатты аялайық.
C) * Біресе мәтін оқимын, біресе теледидар қараймын.
D) Табиғат адамға бәрін береді.
Е) Наурыз көжеге жеті түрлі дәм қосады.
17. Баяндауышты табыңыз.
Күзде жыл құстары жылы жаққа ұшып кетеді.
А) Күзде.
В) Жыл құстары.
С) Жылы.
D) * Ұшып кетеді.
Е) Жакқа.
18. Қазақ халқын жоңғарлардан қорғаған батырды табыңыз.
А) Тоқтар.
В) Мәншүк.
С) Бауыржан.
D) * Райымбек.
Е) Талғат.
19. Қазақ халқының ежелгі баспанасын табыңыз.
А) Шалаш.
В) Кірпіш үй.
С) * Киіз үй.
D) Саман үй.
Е) Коттедж.
20. Бірыңғай тұйық буынды сөздерді көрсетіңіз.
А) Ең, өте, тым.
В) * Аш, ат, от.
С) Есім, мысал, көп.
D) Ал, жай, көр.
Е) Ет, кет, аса.
21. Тәуелденген сын есімді табыңыз.
А) Айтарың бар ма?
В) * Сенің балаң.
С) Ешкімің жоқ.
D) Жақсың қайсы?
Е) Біреуің кел.
|
Сергіту сәті
«Қаражорға» биі
|
Ой толғаныс
Ұшымен қазық
Тор көзді жазық.
Үстіне өттім,
Асыл сөз жазып.
(Дәптер)
***
Кішкене құдықтан,
Найза ұшты шыбығым,
Су ішіп құныққан.
(Сиясауыт)
***
Қабы сояу,
Діні – бояу.
(Қарындаш)
***
Қысқа таяқ діңі бар,
Шиырлаған ізінде
Сайрап тұрар тілі бар.
(Қарындаш)
***
Ойларынды аңсаған,
Асыл сөзді ақ алаңға,
Түсіруден шаршаған,
Мен емеспін әмәнда.
(Қалам)
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Тұрақты тіркес
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
А) Білімділік: Оқушыларға тұрақты тіркестер туралы түсінік беру және
оларды сөз аралығында қолдана білуге үйрету.
Ә) Тәрбиелік:Тұрақты сөз тіркесін сөйлеу, жазу дағдысына енгізуге тәрбиелеу.
Б) Дамытушылық: Оқушылардың тіл байлығын, ақыл –ойын, сана – сезімін
дамыту.Оқушылардың дағды-машықтарын, таным белсенділіктерін арттыру.
Сабақтың түрі: Дәстүрден тыс сабақ.
Сабақтың типі: Жаңа ұғымды меңгерту.
Сабақтың әдісі: Түсіндіру, сұрақ-жауап, ой талқы.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, сөздіктер.
Пәнаралық байланыс:Әдебиет
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты «Алғырлар» және «Білгірлер» деп екі топқа бөледі.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Мағынаны тану
|
1.Сөздер жазылған парақшалар беріледі, әр оқушы сол сөздерден тұрақты сөз тіркестерін құрайды, мағынасын табады. Бір-бірінің жұмыстарын көршісімен алмастырып тексереді.
2. Оқушылар құрастырған мысалдар тақтаға жазылады
Екі көзі төрт болу – (күту)
Салы суға кету –(шарасыздық)
Жұмған аузын ашпау –(үндемеу)
Түн ұйқысын төрт бөлу – (бағып-қағу)
Қол ұшын беру – (көмектесу) жазылады.
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас мағынаны беретін тіркесті тұрақты тіркестер деп атаймыз.
Тұрақты сөз тіркестері қазақ тілінде «фразеология» деген термин арқылы таныс. Фразеология деген термин гректің фразис (сөйлемше), логос (ілім) деген сөздерінен біріктіру арқылы жасалған.Тіл ғылымындағы қазіргі мағынасы тұрақты сөз тіркесі деген ұғымды білдіреді.
Тілімізде еркін сөз тіркестері және тұрақты сөз тіркестері деген терминдер бар.
Еркін сөз тіркестері-тіркестегі сөздер еркін, орындарын басқа сөздермен ауыстыра беруге болатын сөздер. Мысалы: жасыл қала-әдемі қала, жасыл кітап-қызыл кітап.
Тұрақты сөз тіркестері-тілде екі немесе одан да көп сөздердің тіркесіп, бір ғана мағына беретін сөздер.Мысалы:ит тұмсығы өтпес(қалың, ну), қоян жүрек (қорқақ), беті бүлк етпеу (ұялмау)
Тұрақты сөз тіркестерінің негізгі белгілері
1. Тіркес құрамында кемінде екі сөз болады
2. Сөздердің орны ауыстырылмайды
3. Тіркес құрамындағы сөздерді басқа сөздермен өзгертуге келмейді
4. Тіркес құрамындағы сөздер жеке-жеке мағына бермей,барлығы тұтас бір мағынаны ашады
5. Сөйлем құрамында бүтін бір тұлға ретінде жұмсалады
«Оқулықпен жұмыс»
І топ.Тұрақты тіркестерді қатыстырып, сөйлем құрау.
ІІ топ.Тұрақты тіркестерді табу.
ІІІ топ. Жай сөз тіркестерін табу.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
«Ойланайық»
1-тапсырма.
Берілген мәтін қай шығармадан алынғанын анықтап және мәтін ішінен тұрақты тіркесті табу керек
1.Өз үйіне келгенде ол бой жазып қалады. Үйі өте кішкентай болса керек. Киізі қырық жамау күркесіне келіп «Қайран өз үйім, кең сарайым боз үйім» деп керілгенде, екі аяғы тізесіне дейін күркеден шығып жатады екен.
2.Ол қолына жүз батпан шоқпарын алып, Керқұла аттың шабысымен дәуге қарсы шаба жөнеледі. Көзді ашып-жұмғанша дәудің бір басы ұшып түседі.
3. Әкем би болмаса да, би түсетін үй болғаны ғой. Шешем қырық кісіні ренжітпей аттандырса, «Қырықтың бірі қыдыр» деген, маған бәлкім, қыдыр дарыған шығар, ата.
2-тапсырма.
Оқушылар тұрақты тіркестердің жалғасын табады.
1. .....нің түгі бар
2. .....ын шүйіру
3. ....нен қақпау
1. ...іне көк ала шыбын үймелету
2. .....тай ұшты
3. .....ыңды балта кеспейді
1. ....і тоймау
2. түйе үстінен ..... үйту
3. Жұмған ...ын ашпау
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықта берілген тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Тұрақты тіркестің ойды әсерлі берудегі мәні.
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Сабақтың мақсаты: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалана отырып еркін тіркес пен тұрақты тіркес айырмашылығын ажырата білу.
Оқыту нәтижесі: Сыни тұрғыдан ойлау әдісін пайдалану нәтижесінде оқушылар жай тіркес пен тұрақты сөз тіркесін практикалық жолмен ажырата білу.
Негізгі идея: Балалар бірлесе отырып ереже шығарады. Тұрақты тіркес ерекшеліктерін айқындайды.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Балалар, бүгін біз бірінші рет шаттық шеңберіне жиналайық! Шеңберге тұрайық, достарымызбен қол ұстасайық! Барлығымыз жақсы көңіл-күйде бір-бірімізге тілегімізді айтайық! Бір-бірімізге қарап күлкімізді сыйлайық!
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Тест тапсырмалары
|
Мағынаны тану
|
Екі не одан көп сөздің тіркесінен құралып, біртұтас ұғымды беретін, сөйтіп бір сөздің орнына жұмсалатын ауыспалы мағынадағы тіркесті тұрақты тіркес деп атаймыз. Мысалы: аузын ашпау – үндемеу, көзді ашып - жұмғанша – лезде.
Жаңа тақырыпты игеру кезеңдері:
«Баламасын табыңдар»
«Алғырлар»тобына ------------------- «Білгірлер» тобына
1. Ат ізін салмау -------------------------1. Инедей қадалу
2. қол ұшын беру -----------------------2. мұзға отырғызу
3. тіс жармау -----------------------------3. ит тұмсығы өтпейтін
4. мойны жар бермеу -----------------4. жерге кіріп кете жаздау
5. төрт көзі түгел ------------------------5. аузын қу шөппен сүрту
6. бетінен қақпау -----------------------6. қабырғаңмен кеңес
«Суреттер сөйлейді»
Оқушыларға слайдпен ауыз, мұрын, мұз, жүрек, пышақ, ит, қоян, шаштың суреттері көрсетіледі. Сол суретке қарап тұрақты тіркес құрайды және сол сөзді үш тілге аударады.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
«Әзіл аралас сұрақтар»
Екі топқа мағынасы қисық сұрақтар қойылады. Оқушылар оған тұрақты тіркеспен жауап береді.
1. Адамның төбесі аспанға жете ме?
2. Сөйлегенде сөз ауыздан түсіп қала ма?
3. Екі аяқ бір етікке сия ма?
4. Адамның қай жерінде нан піседі?
5. Көз сатыла ма? Ол не деген сөз?
6. Адамның аяғы, қолы түрлі - түсте бола ма?
7. Мәселенің қабырғасы бола ма?
8. Жұмыстың аяғы бола ма?
9. Қар жана ма?
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Мақал-мәтелдер
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Мақсаты: 1. Мақал - мәтелдер туралы түсіндіру, мағыналарын ашу, ұғындыру 2. Сауатты жазуға, ана тілін сүюге, құрметтеуге, сөз арасында мақалдарды орынды қолдана білуге үйрету.
3. Өз халқының әдебиетін, мәдениетін дәріптеуге тәрбиелеу, ұлттық сананы қалыптастыру, табиғатты сүюге, аялауға тәрбиелеу
Сабақтың түрі: жаңа сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, түсіндіру, шығармашылық
Көрнекiлiгi: «Мақал - мәтелдер» кітабы, интерактивті тақта, слайдтар
Пәнаралық байланыс: қазақ тілі
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
|
Қызығушылықты ояту
|
1. Халық ауыз әдебиеті дегеніміз не?
2. Ауыз әдебиетінің түрлері?
Ауыз әдебиетінің бір түрі - мақал - мәтелдер. Мақал - мәтелдерде көбінесе нақыл, ақыл айтылады. Мақал - мәтелдер - халық даналығының, көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал - мәтелдер - өмір шындығының көрінісі, халықтың кейінгі ұрпаққа қалдырған өсиеті, өмір сүру әрекетінің ережесі.«Сөздің көркі - мақал» деп тегін айтылмаған. Мақал - мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып, орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір, көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал - мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Қосымша жұмыс
1. Туған жердей жер болмас,
Туған елдей ел болмас
2. Еңбек түбі - берекет.
3. Нар тәуекел - ер ісі.
4. Ырыс алды - ынтымақ
Сөздік жұмысы
1. Зейнет - еңбек рақаты, жемісі, игілік
2. Елгезек - айтқанды екі еткізбейтін, тіл алғыш, пысық.
3. Мұрат - алға қойған мақсат, арман, тілек
4. Тәуекел - бір іске жалтақтамай батыл кіріскендік, белді бекем буғандық.
5 Батпан - қолақпандай, үп - үлкен.
6. Мысқал - болар - болмас, азғантай, кішкентай.
7. Шөміш - ожау.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Мағынаны тану
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
«Сәйкестендіру» әдісі
Ердің атын еңбек шығарар. ( Оқу, білім, өнер туралы)
Өнер алды – қызыл тіл. ( Еңбек)
Нар тәуекел - ер ісі ( Отан, туған жер, халық туралы)
Көп түкірсе - көл (Достық, жолдастық туралы)
Жігітті - жолдасынан таны. (Ерлік, батырлық туралы)
Шығармашылық тапсырма
«Мақал – сөздің мәйегі» шағын шығарма.
|
Үй тапсырмасы
|
Мақал - мәтелді жаттау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Мәтелдердің фразеологизммен ұқсастығы.
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Сабақтың мақсаты: білімділік – оқушылардың мақал-мәтелдер туралы білім, білігін тереңдету, салыстыру, ажырата білу дағдылары мен оқу, талдау машықтарын қалыптастыру;
тәрбиелік–ана тілін ардақтап бағалай білуге, сөз қадірін терең ұғуға тәрбиелеу;
дамытушылық – оқушылардың логикалық ойлауын, ой дәлдігін дамыту, сөйлеу мәдениетін жетілдіру,түрлі амал- тәсілдер арқылы іздендіре отырып шығармашылыққа баулу.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, тірек сызба,суреттер.
Сабақтың әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,деңгейлік тапсырмалар,іздендіру.
Пәнаралық байланыс:әдебиет, тарих,бейнелеу, математика.
Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Зымыран сұрақтар
Тұрақты тіркес деген не?
Тұрақты тіркесті ғылым тілінде басқаша не деп атаймыз?
Тұрақты тіркестер сөйлем мүшесі бола ала ма?
Тұрақты тіркестердің қандай баламасы болады?
Тұрақты тіркестер мәмағынасы жағынан бір-біріне антоним болуы мүмкін бе?
Тұрақты тіркестердің мағыналары оның құрамындағы сөздердің мағыналарымен байланысты бола ма?
Ана тілімізде тұрақты тіркестердің маңызы қандай?
|
Мағынаны тану
|
Суреттерге қарап (қас, көз, құлақ, мұрын) тұрақты тіркестер табу.
Шығармашылық деңгей. Кестені толтыру
Тұрақты тіркестер
|
Мағына
|
Сұрақтар
|
Тілі шығу
Ит арқасы қиянда
..........................
Таяқ тастам
Қоян жүрек
|
Сөйлеу
...........................
Қуану
.....
Жылдам
|
Не істеу?
...................
Қандай?
...............
|
Тақтадағы мақал-мәтелдер жазылған форматты іліп, ондағы мақал-мәтелдерді оқушыларға оқыту.
Білім қымбат,білу қиын.
Ықыласты шәкіртке сабақтың ауыры жоқ ,
Ықылассыз шәкіртке ұстаздың тәуірі жоқ.
- Балалар,бұл мақалдарды біздің бүгінгі сабағымыздың ұраны етіп алсақ, жаңа сабағымыз не туралы екенін аңғаруға болады. Демек бүгінгі жаңа сабақтың тақырыбы..
- Мақал-мәтелдер.
-Дұрыс, балалар, олай болса жаңа сабақты зейін қоя,мұқият түсініп алыңдар. Ол үшін жаңа тақырыпқа байланысты жұмыстар жүргіземіз
Мақал-мәтелдер–халық даналығының,көрегендігінің айнасы, тіл байлығының алтын қазынасы. Мақал-мәтелдерді адам баласы өзі айтайын деген оймен орайластырып,орынды қолданса, сөзі мірдің оғындай өткір,көңілге қонымды, көркем әрі бейнелі болады. Мақал-мәтелдер аз сөзбен терең мазмұнды ойды бере алады.
Мақал – халықтың өмірден алған тәжірибесінің, ой-тұжырымының қорытынды жиынтығы, айқын ойды үлгі-өнеге, ақыл ретінде қысқа қайырып, көркем бейнелеп жеткізетін халықтың дана, нақыл сөзі.
Мақал - мәтелдер қосарлана айтылғанмен,олар бір-біріне туыс болғанмен, екуінің өзара айырмашылықтары бар. Ол айырмашылықтар мақал мен мәтелдің ойды түйіндеу жағынан да, құрылымы жағынан да байқалады.
Мәтел мақалға қарағанда ойды ақырына дейін жеткізбей,топшылап,бол- жам ретінде түсіндіретін,сөйлем түрінде де,сөз тіркесі түрінде де келетін фразеологиялық бірлік.
сөйлем немесе сөз тіркесі
|
қорытынды пікір,дәлелдеу жоқ
|
Мәтел құрылысы ойды түйіндеу жағынан мақалдан өзгешерек. «Әлін біл- меген әлек»,«Көппен көрген ұлы той»деген мәтелде тұспал ғана бар,мағына ашық емес,қорытынды пікір жоқ.Оны ,бейнелік сөз айшығы арқылы берілген ойды тыңдаушы өзі топшылайды.Мәтелде тиянақты тұжырым да болмай- ды.
Мақал - мәтелдердің тақырыптары әр алуан. Ол халықтың әлеуметтік шаруашылық, рухани өмірін түгел қамтиды.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Оқушыларды іздендіре отырып кестені толтыру.
№
|
Мақал-мәтелдер
|
Тақырыптары
|
|
Денсаулық – зор байлық
....................
Досы көпті жау алмайды
....................
Ата көрген оқ жонар,.......
.....................
Ерді намыс өлтіреді
|
Өнер – білім
.....................
Еңбек
....................
Ынтымақ,бірлік
.....................
|
1.Мақал деген не?
2.Мәтел деген не?
3.Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неден байқалады?
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Қазақ тілі
|
Уақыты:
|
Кабинет:
|
Мұғалім:
|
Сабақтың атауы
|
Сөз мағынасы бойынша өткенді қайталау
|
Сілтеме
|
Қазақ тілі оқулығының әдістемесі
|
Сабақтың жабдығы
|
Тақта,суреттер,кеспе қағаздар
|
Жалпы мақсаттар
|
Сабақтың мақсаты:
1. Сөздердің әртүрлі мағынасымен таныстыру; сөздерді мағынасына қарай сөйлем ішінде орынды қолдана білуге үйрету.;
2. Сөздік қорын молайту;
3. Зейінділікке тәрбиелеу.
Сабақтың әдісі: салыстыру, жаттығу, сұрақ - жауап., дидактикалық ойындар.
|
Оқыту нәтижесі
|
Топқа бөлу
|
Сыныпты жыл мезгілдеріне қарай төрт топқа бөлу. Күз айында туылғандар 1 - топ, қыс айында дүниеге келгендер 2 - топ, көктем айындағылар 3 - топ, жаз айындағылар 4 - топ болып бөлінеді.
|
Ынтымақтастық атмосферасы
|
– Шеңбердің бір жақсы жері – онда бұрыш болмайды, сондықтан да Бақыт, Қуаныш, Махаббат, Достық адасып қалмайды. Олар міндетті түрде өздерін күткен барлық мейірімді адамдарға келеді.
Ұға білсең мені сен,
Бақытыммен бөлісем.
Жүрек сөзін жалғаймын,
Бәрін саған арнаймын!
|
Үй тапсырмасын сұрау
|
Көп нүктенің орнына қарама - қарсы мағыналы сөздерді жаз.
қатты -...... жүру -..........
таяз -.......... кию -............
жылы -........ кіру -...........
кең -.......... сөйлеу -.........
● әр бағандағы сөздердің ортақ қасиетін табу, қай сөз табына жататынын анықтау;
● тасымалданбайтын сөзді табу.
|
Мағынаны тану
|
Сөздер мен сөз тіркестерінің мағынасын, ондағы мағыналардың өзгеру жолдарын зерттейтін ғылым саласын — семасиология деп атайды. Сөз мағынасын сөздің семантикасы деу де олардың бір-біріне синоним болатын қасиетінен туған.
Сөз — дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұрады. Әрбір сөз белгілі 6ip зат пен құбылыстың аты, ол сөздердің әрқайсысына тән белгілі мағынасы бар. Бірақ бұл мағыналар өзі білдіретін зат пен құбылысты табиғи жолмен емес, сол ұғымды білдіретін белгі ретінде жұмсалады да, бір тілде сөйлейтін халықтың бәріне бірдей түсінікті болады. Сөздің мағынасында әрбір тілдің өзіндік ерекшелігі, бояуы, өзіндік мәні, сипаты болады.
Сөздің белгілі бір дыбыстық қүрамда айтылуы оның формасы десек, сөз мағынасы оның мазмұны болмақ. Сөз — aca күрделі тілдік түлға болғандықтан, ен алдымен, сөздің мағынасы мен сөз арқылы берілетін үғымның арақатынасы аныкталады. Мысалы, cym, нан, қapa, көк, оқ, сол, бес, он деген сөздердің дыбыстық қүрамы мен оның білдіретін мағынасының арасында ешқандай табиғи байланыс болмайды, өйткені, ондай дыбыстық құрамның қай қайсысы болмасын белгілі бір ұғымның аты яки белгісі есебінде қызмет ететін дыбыстық комплекс я сөз деп аталады.
Сөз мағыналары — негізгі мағына және туынды мағына болып екіге бөлінеді.
Оқулықтағы жаттығуларды,топтарда орындау.
|
Сергіту сәті
|
Орнымыздан тұрайық,
Алақанды созайық.
Оңға қарай иіліп,
Солға қарай иіліп,
Бір отырып, бір тұрып,
Сәл тынығып алайық.
|
Оқушылар денелерін жатықтырады
|
Ой толғаныс
|
Дұрыс па, бұрыс па?
а) Дұрыс емес тұжырымды түзетіп айту, дұрыс жауапты дәлелдеу
○ Мәндес сөздерді басқаша синоним деп атайды.
○ Қарама - қарсы мағыналы сөздер антоним деп аталады.
• Жақсы, жаман - синоним сөздер
○ Сөздің мағыналық бөлігі түбір деп аталады.
○ Қыстырма сөздер сөйлем мүшесі бола алмайды.
• Бастауыш – сөйлемнің тұрлаусыз мүшесі
○ Жалаң сөйлем тұрлаулы мүшелерден тұрады.
○ Дауысты дыбыстар 2 - ге бөлінеді
• Бірыңғай мүшелердің арасына нүкте қойылады.
|
Үй тапсырмасы
|
Оқулықтағы тапсырмаларды орындау
|
Күнделіктеріне жазады
|
Бағалау
|
Бағалау парақшаларын тарату
|
Парақшаларды толтырады
|
Кері байланыс
|
Достарыңызбен бөлісу: |