Сабақтың атауы: Ер Тарғын (жырдан үзінді) Мақсаты: Күтілетін нәтиже: Сабақтың жабдығы



бет15/25
Дата09.10.2019
өлшемі0,74 Mb.
#49500
түріСабақ
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25
Байланысты:
ҚМЖ ана тілі

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Жусан иісі

Сабақтың мақсаты:

С. Мұратбековтың шығармасымен таныстыра отырып, ҰОС жылдарындағы қазақ халқының өмірін білуге, сезінуге жағдай жасау

Оқыту нәтижелері:

С. Мұратбековтың шығармасымен танысады, ҰОС жылдарындағы қазақ халқының өмірін біледі, баланың ішкі сезімін түсінеді, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, сызбалар


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

15мин


Үй тапсырмасы: Бедел Тұрсынбаев «Алғашқы көмек»

1. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу

2. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын айту

3. Эссе жазу: «Әңгімеден алған әсерім»



Жеке жұмыс: белгіленген түстер бойынша жауап береді.

1. Сары түстер.

2. Жасыл түстер.

3. Бәрі жазады, көк түстілер оқиды



ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

3мин


1. 1941 - 1945 жылдар туралы білетіндерін айту

2. Жаңа сабақты хабарлау

3. Кіріспе:

а) Қазақ халқының басынан өткен ауыр кезеңдердің бірі – 1941-1945 ж. ҰОС туралы қысқаша дерек келтіру

ә) Мәтін авторы - Сайын Мұратбеков


1. 1941 - 1945 жылдар туралы өз білетіндерін айтады

2. Сабақ мақсатын қояды

3. Мәтін туралы қысқаша дерек алады.


Талдау және қолдану:

20 мин


Мәтінмен жұмыс:

І. Оқу: мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру, мәнерлеп оқу;

ІІ. Баяндап берушілер: мазмұнын айту, негізгі ойды анықтау;

ІІІ. Зерттеушілер:сұрақтарға жауап табу, сызба бойынша қора ішін сипаттаған сөздерді тауып жазу;

І\/. Өнер: кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың көңіл күйін анықтау, мәтіннен олардың сөзін тауып, тиісті дауыс ырғағымен оқу;

\/. Дәнекершілер: соғыс жылдары мен қазіргі өмірді салыстыру, мақал-мәтелдер айту




Топтық жұмыс: әр топ тапсырмаға сай жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдап, қорғайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

2 мин


«Ой толғау» : Әңгімеден алған әсерім

Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы ауызша айтады

Бағалау:

1 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Не қиын болды?

3. Қай тапсырма ұнады?


Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, ҰОС туралы қосымша дерек жинау

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:

Сабақтың тақырыбы:

Дегелеңдегі жарылыс

Сабақтың мақсаты:

А.Алтайдың шығармасымен таныстыра отырып, қазақ жерінде ядролық қаруды сынақтан өткізудің зардабы туралы түсінік беру

Оқыту нәтижелері:

Шығарма мазмұнымен танысады, қазақ жерінде ядролық қарудың сынақтан өткізілгенін, оның зардабын біледі, талдайды, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте, газет қиындылары, энциклопедия


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12мин


Үй тапсырмасы: С. Мұратбеков «Жусан иісі»

1. Әңгіме авторы кім?

2. Әңгімеде қай кездегі оқиға баяндалады?

3. Ауыл жағдайы қандай еді?

4. Қаралы қағаз алған Аян не істеді?

5. Аянман қоштасқан кезде достарының көңіл күйі қандай болды?

6. Әңгіме неліктен «Жусан иісі» деп аталған?

8. Әңгімеден қандай ой түйдің?




Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы ойларын тұжырымдап, қорытынды жасайды.


ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе:

а) Кеңес Одағы 1949 жылдан бастап қырық жылдай уақыт бойы Семей өңірінде ядролық қаруды сынақтан өткізді. Бұл сынақтан 300 мыңдай адам зардап шекті.

ә) Мәтін авторы - Асқар Алтаев



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Ядролық қарулар жайында қысқаша дерек алады.



Талдау және қолдану:

20 мин


Мәтінмен жұмыс:

І. Оқу: мәтінді бөліктерге бөліп, жоспар құру, мәнерлеп оқу;

ІІ. Баяндап берушілер: мазмұнын айту, негізгі ойды анықтау;

ІІІ. Зерттеушілер:ядролық жарылыстан бұрынғы және жарылыс кезіндегі табиғат жағдайын салыстырып, кестені толтыру ;

І\/. Өнер: кейіпкерлерге мінездеме беру, олардың көңіл күйін анықтау, мәтіннен олардың сөзін тауып, тиісті дауыс ырғағымен оқу;

\/. Дәнекершілер: Семей полигоны, ядролық қарулар туралы деректер келтіріп, қорытынды жасайды



Топтық жұмыс: әр топ тапсырмаға сай жұмыс жасайды, өз ойларын тұжырымдап, қорғайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

5 мин


«Ой толғау» жазу:

1. Қажымұратқа хат жазу

2. Авторға хат жазу


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

Бағалау:

2 мин


Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Не қиын болды?

3. Қай тапсырма ұнады?


Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, әңгімені өз ойымен аяқтап жазу

Күнделікке жазады
Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:




Сабақтың тақырыбы:

Қазына көтерген бала

Сабақтың мақсаты:

Қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы Қ. Сәтбаевтың балалық шағынан мағлұмат беру, әңгіменің тәрбиелік мәнін ашу

Оқыту нәтижелері:

Қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы Қ. Сәтбаевтың балалық шағынан мағлұмат алады, әңгіменің тәрбиелік мәнін ашады, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте, энциклопедия, интеактивті тақта


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Тілек сөздері арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

10мин


Үй тапсырмасын тексеру: А.Алтай «Дегелеңдегі жарылыс»

1. Әғгімені оқу, мазмұнын айту, қорытынды жасау



Топтық жұмыс: әңгімені оқиды, мазмұнын айтады, қорытынды жасайды


ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе:

а) Қаныш Имантайұлы Сәтбаев (1899 -1964) – қазақтың аса көрнекті геолог-ғалымы, академик, қоғам қайраткері. ә) Мәтін авторы - Әнуар Жапаровтың әңгімесін оқып, ғалымның өзіне тән бір ерекшелігімен танысамыз


1. Сабақ мақсатын қояды

2. Қ. Сәтбаев туралы қысқаша дерек алады.



Сергіту сәті: 1мин







Талдау және қолдану:

14 мин


Мәтінмен жұмыс.

- Осы әнгімеден бала Қаныштың қандай қасиетін білеміз деп ойлайсыңдар?

- Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

I бөлімді оқу. Сұрақтарға жауап беру:

-Оқиға қай жерде болды?

-Балалар қапшықтың ішінде не бар деп ойлайды?

- Ары қарай не болады деп ойлайсындар?

II бөлімді оқу. Сұрақтарга жауап беру:

-Суретте не бейнеленген деп ойлайсыңдар?

- Оқиға ары қарай қалай жалғасады деп ойлайсыңдар?

III бөлімді оқу.

- Ұстаз Қаныш туралы не айтты деп ойлайсыңдар?

- Мәтіннен көңіліңе не түйдің?


Топтық жұмыс: сұрақтарға өз ойларын тұжырымдап, әрбір топтан бір оқушы шығып, ойларын ортаға салады.


6 мин

Кестені толтыру:

Қаныш қандай бала болған?

Дәлел










Топтық жұмыс: мәтінге сүйеніп, кестені толтырады, оқиды, толықтырады

І\/. Сабақты қорыту:Жинақтау: 6 мин

Сұрақ-жауап арқылы жұмыс.

Жеке жұмыс: сұрақтарға жауап береді

Бағалау:2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың?2. Сабақ ұнады ма?

3. Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?



Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, сурет салу

Күнделікке жазады
Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:



Сабақтың тақырыбы:

Мен не үйрендім? Мазмұндама

Сабақтың мақсаты:

Жазба тілінің қалыптасу деңгейін анықтау

Оқыту нәтижелері:

Мәтін мазмұнын толық жазуға үйренеді, сөздерді орынды қолданып, сөйлемді дұрыс құрай білуге жаттығады

Негізгі дерек көздер:

Мазмұндамалар және диктанттар жинағы (Ұ.С.Ботабаева, К.Ә.Ерешева), сурет



Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

1 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.



Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Жақсы тілектер айтады



ІІ. Жаңа сабақ:

3 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. «Ой шақыру». Адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттерді айту, кестеге жазу




1. Сабақтың мақсатын қояды, критерийлерін анықтайды.

2. Адам бойында кездесетін жағымды және жағымсыз қасиеттерді қол көтеру арқылы айтады



2 мин

1. Мазмұндама мәтінімен таныстыру

Ұмытшақ


Еңбек сабағынан мұғалім үйшік жасап әкелуді тапсырған. Асан мазасыздана бастады. Кеше әкесінің көмегімен жасаған үйшігін мектепке әкелген сияқты еді. Таба алмай отыр. Данамен ренжіскені есіне түсті.

Үйшіктің жоғалғанын Данадан көрді. Асан күдігін мұғалімге де айтты. Дана үйшікті алмағандығын айтса да, Асан сенбеді.

Сабақтан соң Асан үйіне келді. Терезе алдында тұрған үйшігін көрді. Дананы жөнсіз ренжіткеніне өкінді. Асан үйден шыға жөнелді. Данадан кешірім сұрау керектігін ойлады.

2. Мәтінді қайталап оқу



Мазмұндама мәтінін тыңдайды


3 мин

Сұрақ-жауап арқылы мәтін мазмұнын талдау, түсінігін байқау

Жалпы жұмыс: қол көтеру арқылы сұрақтарға жауап береді


6 мин

1.Жоспар бойынша мазмұнын талдау:

1) Мұғалімнің тапсырмасы

2) Асанның мазасыздануы

3) Данамен ренжісуі.

4) Асанның күдігі.

5)Терезе алдындағы үйшік.

6) Асанның өкінуі.

7) Қорытынды ой


2. Мәтінді қайталап оқу

1.Топтық жұмыс: мәтін мазмұнын талдайды

2. Мәтінді тыңдайды



27 мин

1. Тірек сөздер мен сөз тіркестерін тақтаға жазу:

2. Мәтін мазмұнын жазу



Жеке жұмыс: сөздерді қатыстырып сөйлем құрайды, мәтін мазмұнын жазады

ІІІ. Сабақты қорыту: 3 мин

1. Өз бетінше қатесін тексерту

2. Жұмысты жинап алу



1.Өз бетінше қатесін тексереді

2. Дәптерді жинайды



Үйге:

Қайталау

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Дүниеде жамандық неден?

Сабақтың мақсаты:

Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен таныстыра отырып, мәтіндегі негізгі ойды анықтауға, ойын дамытуға мүмкіндік жасау

Оқыту нәтижелері:

Ы. Алтынсариннің шығармашылығымен танысады, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, шығарманы талдайды, ойлау қабілетін дамытады

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте, энциклопедия, интеактивті тақта


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Дүниеде жамандық неден деп ойлайсың? деген сұраққа жауап беру арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасын тексеру: Ә. Жапаров «Қазына көтерген бала».

  1. Әңгімені оқу, мазмұнын талдау, қорытынды жасау




Топтық жұмыс: әңгімені оқиды, мазмұнын айтады. қорытынды жасайды


ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе:

а) Ы. Алтынсарин туралы қысқаша дерек айту

ә) Дүниеде жамандық неден деп ойлайсың? деген сұраққа берген жауаптарына қысқаша түсініктеме беру



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Ы. Алтынсарин туралы қысқаша дерек айтады.

3. Өз ойларын тұжырымдап айтады


Сергіту сәті:

1мин


«Мақалды аяқта» ойыны: бір оқушы мақалдың 1- бө-лігін айтады, екінші оқушы 2-бөлігін тауып айтады

Бір оқушы мақалдың 1- бөлігін айтады, екінші оқушы 2-бөлігін тауып айтады

Талдау және қолдану:

18 мин


Мәтінмен жұмыс. Сұрақтарға жауап беру:

-Оқиға қай жерде болды?

- «Дүниеде жамандық түбі – аштық» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

- «Дүниеде жамандық түбі- махаббат» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

- «Дүниеде жамандық түбі-жаман мінез» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

- «Дүниеде жамандық түбі-қорқақтық» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

- «Дүниеде жамандық түбі- біздің тәнімізден» дегенді қалай түсінесіңдер? Өз ойларыңды дәлелдеңдер.

-Автор өзінің қорытынды ойын кімнің сөзі арқылы береді?




Топтық жұмыс: сұрақтарға өз ойларын тұжырымдап, әрбір топтан бір оқушы шығып, ойларын ортаға салады.


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау: 6 мин

-Өзің дүниеде жамандық неден деп ойлайсың? Кестені толтыру:

Жақсылық

Жамандық










Жеке жұмыс: кестені толтырады, оқиды

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың? 2. Сабақ ұнады ма?

3. Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?



Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту, сурет салу

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Орындалған арман

Сабақтың мақсаты:

С. Көбеевтің балалық шағынан мағлұмат беру, өмірін үлгі ету, негізгі идеяны түсінуге мүмкіндік беру

Оқыту нәтижелері:

С. Көбеевтің балалық шағынан мағлұмат алады, өмірінен үлгі алады, негізгі идеяны ашады, саралайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте, сызбалар, энциклопедия


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Бір-біріне жақсы тілектер айту

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасын тексеру: Ы. Алтынсарин «Дүниеде жамандық неден?».

1. Ы. Алтынсарин кім? Ол туралы не білесің?

2. Топтық жұмыс. Кейіпкерлердің айтқан сөздерін түсіндіре отырып, қорытынды жасау:

1-топ: «Дүниедегі жамандық түбі- аштық»

2-топ: «Дүниеде жамандық түбі- махаббат»

3-топ:«Дүниеде жамандық түбі-жаман мінез»

4-топ: «Дүниеде жамандық түбі-қорқақтық»

5-топ: «Дүниеде жамандық түбі- біздің тәнімізден»



Топтық жұмыс: мәтін бөлігін оқиды, мазмұнын талдайды, айтады, өмірмен байланыстырады, қорытынды жасайды


ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

2 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе:

а) Ы. Алтынсариннің «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айтқызу

ә) С. Көбеев туралы қысқаша дерек беру



1. Сабақ мақсатын қояды

2. Бір оқушы «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жатқа айтады

3. С. Көбеев туралы қысқаша дерек алады


Сергіту сәті:

1мин


Орны ауыстырылып берілген сөздерден мақалды құрастырып оқу, мағынасын ашу:

«Оқып үйрен , ғалым бол,

Ең керегі адам бол»


Топпен ойласып, бір оқушы пікірін айтады

Талдау және қолдану:

18 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Әр топқа мәтінді бөліктерге бөліп беру, оқыту.

2. Түсінгендерін топта талқылау.

3. Мәтін бөлігіне ат қою, сол бойынша мәтінге жоспар құру.

4. Кейіпкерлердің айтқан сөздерін сызбаға түсіру, оларға мінездеме беру, өз ойларын тұжырымдап айту:

Хамза Қаржасовтың сөзі:

Салмұғамбеттің сөзі:

Ыбырайдың сөзі:

Спандиярдың әкесінің сөзі:

Мектеп меңгерушісінің сөзі:



Топтық жұмыс: сұрақтарға өз ойларын тұжырымдап, әрбір топтан бір оқушы шығып, ойларын ортаға салады.


3 мин

Кестені толтыру:

Алғашқы мектеп

Қазіргі мектеп










Жұптық жұмыс: алғашқы мектеп жағдайы мен қазіргі мектепті салыстырады

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

3 мин


Сұрақ-жауап арқылы жұмыс:

1. «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

2. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?

3. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

4. Әңгіме неліктен «Орындалған арман» деп аталған?

5. Әңгімеден көңіліңе не түйдің?



Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың? 2. Сабақ ұнады ма?

3. Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?



Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Сабырсыз,арсыз,еріншек

Сабақтың мақсаты:

Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен таныстыра отырып, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйрету, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтқызып жаттықтыру

Оқыту нәтижелері:

Ұлы ақын А. Құнанбаевтың шығармашылығымен танысады, өлеңнің негізгі идеясын ашуға үйренеді, оқып түйгендері туралы ой қорытындысын айтуға жаттығады

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте, сызбалар


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.




Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Бір-біріне жақсы тілектер айту



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасын тексеру: С. Көбеев «Орындалған арман»

1. С. Көбеев кім?

2. «Үлкен той болды» деп қандай тойды айтып отыр?

3.Х.Қаржасовтың сөзі неліктен ұнамады?

4. Ыбырайдың неліктен қабағы түйіліп, жүзі сұп-сұр болып кетті?

5. Болыс пен байлардың әділетсіздігін қандай әрекеттерінен байқауға болады?

6. Әңгіме неліктен «Орындалған арман» деп аталған?

7. Әңгімеден көңіліңе не түйдің?



Жеке жұмыс: қол көтеру арқылымәтінді бөліктерге бөліп оқиды, сұрақтарға жауап береді, қорытынды жасайды


ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

3 мин


1.Абай «Ғылым таппай мақтанба» өлеңін жатқа айту.

2. Ақын өлеңінде бес асыл іс деп нелерді айтты? Сұраққа жауап беру арқылы топтарға бөлу

3. Жаңа сабақты хабарлау


1. Қол көтері арқылы Өлеңді жатқа айтады.

2. Бес асыл сөз арқылы

5 топқа бөлінеді

3. Сабақ мақсатын қояды



Сергіту сәті:

1мин


Орны ауыстырылып берілген сөздерден мақалды құрастырып оқу, мағынасын ашу:

«Оқып үйрен , ғалым бол,

Ең керегі адам бол»


Топпен мақалды құрастырып, бір оқушы пікірін айтады

Талдау және қолдану:

17 мин


1-топ: А. Құнанбаев туралы деректерді топтастырып жазу

2-топ: Өлеңді мәнерлеп оқу,сөздік жұмысын жүргізу

3-топ: Ақын бұл өлеңде адам бойындағы қандай жағымсыз қылықтарды сынайды?

4-топ: Абайдың қандай өлеңдерін жатқа білесіңдер?

5-топ: Кестені толтыру: Адамның мінез-құлықтары



Топтық жұмыс: әр топ берілген тапсырма бойынша жұмыс жасайды, ойларын тұжырымдап, қорытынды жасайды

І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


Эссе жазу

1. Авторға хат

2. Әдепті бала- ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

3. Мен қандаймын?


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері

Рефлексия:

2 мин


1.Бүгінгі сабақтан не алдың?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?


Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Өлеңді жаттау

Күнделікке жазады
Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:




Сабақтың тақырыбы:

Жолда

Сабақтың мақсаты:

М. Әуезовтың шығармашылығымен таныстыра отырып, ұлы ақын Абайдың балалық шағынан мағлұмат беру, мәтіндегі негізгі ойды түсіндіру

Оқыту нәтижелері:

Ұлы ақын Абайдың балалық шағынан мағлұмат алады, мәтіндегі негізгі ойды анықтайды, талдайды, қорытынды жасайды

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер, кесте,сызбалар


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

2 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.




Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Бір-біріне жақсы тілектер айту



ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

10 мин


Үй тапсырмасын тексеру: А. Құнанбаев «Сабырсыз, арсыз, еріншек» (Жаттау)

1. А. Құнанбаев кім?

2. Өлеңді жатқа айту

3. Өлеңнен көңіліңе не түйдің?



Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы өлеңді жатқа айтады

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

5 мин


1. Ұлы жазушы, Шығыс Қаз. облысы, «Абай жолы» романы, әдебиет зерттеушісі, Абайтану ғылымы сөздері арқылы топтарға бөлу. Бұл анықтамалар кім туралы деп ойлайсыңдар?

2. Жаңа сабақты хабарлау

3. Кіріспе:

а) М.Әуезов – қазақтың ұлы жазушысы, әдебиет зерттеуші, драмматург, қоғам қайраткері.




1.5 топқа бөлінеді

2. Сабақ мақсатын қояды

3. М. Әуезов туралы қысқаша дерек тыңдайды


Сергіту сәті:

1мин


Өлең оқып, қимыл-қозғалыс жасату

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Талдау және қолдану:

18 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді бөліктерге бөліп, тізбектеп оқып шығу.

Сөздік жұмысын жүргізу

2. Түсінгендерін топта талқылау, мазмұнын айту

3. Сұрақтарға жауап беру

4. Сызба бойынша Құнанбайға сипаттама берген тұсты тауып жазу, мінездеме беру

5. Абайға мінездеме беру, кестеге түсіру


Топтық жұмыс: әр топ тапсырма бойынша жұмыс жасайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

6 мин


Эссе жазу:

1. Абайдың өмірі - бізге үлгі

2. Әкенің қаталдығына көзқарасың қандай?


Жеке жұмыс: эссе жазады, оқиды

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақта нені үйрендің?

2. Сабақ ұнады ма?

3. Бүгін алған біліміңді өмірде қалай қолданасың?


Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту

Күнделікке жазады

Пәні: ана тілі

Сабақтың өту мерзімі:


Сабақтың тақырыбы:

Абылай хан

Сабақтың мақсаты:

Абылай хан туралы білетіндерін кеңейту, әңгімені түсініп оқуға, негізгі идеяны аша білуге дағдыландыру

Оқыту нәтижелері:

Абылай хан туралы білетіндерін кеңейтеді, әңгімені түсініп оқуға, негізгі идеяны аша білуге дағдыланады, талдайды, ойын қорытады

Негізгі дерек көздер:

Оқулық, бағалау парағы, суреттер,сөзжұмбақ


Сабақ кезеңдері

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

І. Ұйымдастыру кезеңі:

3 мин


Оқу құралдарын дайындатып, зейінін сабаққа аударту.

Ынтымақтастық атмосферасын орнату.

Түстер арқылы топтарға бөлу


Оқу құралдарын дайындап, зейінін сабаққа аударады.

Өлең оқиды

5 топқа бөлінеді


ІІ. Өткенді қайталау:

Еске түсіру

12 мин


Үй тапсырмасын тексеру: М. Әуезов «Жолда»

1. М. Әуезов кім?

2. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу

3. Мазмұнын айту




Жеке жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

ІІ. Жаңа сабақ:

Түсіну

3 мин


1. Жаңа сабақты хабарлау

2. Кіріспе:

1) Ш. Уәлиханов туралы қысқаша дерек беру

2) Абылай хан туралы қысқаша дерек беру




1. Сабақ мақсатын қояды

2. Шоқан және Абылай хан туралы қысқаша дерек алады



Сергіту сәті:

1 мин


Өлең оқып, қимыл-қозғалыс жасату

Өлең оқиды, қимыл-қозғалыс жасайды

Талдау және қолдану:

20 мин


Мәтінмен жұмыс:

1. Мәтінді бөліктерге бөліп оқу, жоспар құру.

Сөздік жұмысын жүргізу

2. Түсінгендерін топта талқылау, мазмұнын айту

3. Атаулы даталарда қандай оқиға болғанын теріп жазу, түсіндіру

4. Абылай өмір сүрген кезеңді, елдің халін сипаттау, сол кезеңдегі қазақтың батырларын атау

5. Абылай ханға мінездеме беру, ханның ұлылығын, беделін дәлелдеу


Топтық жұмыс: әр топ тапсырма бойынша жұмыс жасайды


І\/. Сабақты қорыту: Жинақтау:

3 мин


Сөзжұмбақты шешу

Жалпы жұмыс: қол көтеру арқылы жауап береді

Бағалау: 2 мин

Бағалау

Өзін өзі және топ жетекшілері бағалайды

Рефлексия:

1 мин


1.Бүгінгі сабақта нені үйрендің?

2. Сабақ ұнады ма?

3.Әңгімеден көңіліңе не түйдің?


Ауызша жауап береді

Үйге тапсырма:

Мәтінді мәнерлеп оқу, мазмұнын айту

Күнделікке жазады



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет