Сабақтың тақырыбы: ХХ ғасырдағы дүниежүзілік соғыстардың халықаралық қатынастар жүйесіне әсері


Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы



бет33/48
Дата03.04.2023
өлшемі3,75 Mb.
#173589
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48
Байланысты:
382 Т бұйрық 10 сынып Қаз т.-ІІІ тоқсан111

Мәмбет Қойгелді, тарих ғылымдарының докторы:
Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс қазақ халқының басын біріктірген ұлттық идея бар екенін, ортақ мүдде бар екенін көрсеткен көтеріліс болатын. Кенесары көтерілісі сол ортақ мүдде, ұлттық идеяға қазақтың басын қоса алды.
Тағы бір мәселе ол - ғазиз бабамыздың бас сүйегіне қатысты. Бірнеше болжам, алуанпікір бар. Сонау тоқсаныншы жылдардан бері осы іспен айналысып жүрген зерттеуші тың деректі алға тартады.
Кенесарының ұлт-азаттық көтерілісте қандай қолбасшы, тарихта қандай ұлы тұлға болғандығы туралы орыс тарихшысы Н.Середаның өзі былайша тамсана ой толғайды: «Кенесары өз жасақтарының мәртебелі әміршісі бола білді. Оның рухы дем берген жауынгерлерге еуропалық әскер қолбасшыларының өзі қызығар еді. Жортуылда жолындағының бәрін жайпайтын дала дауылындай екпінді де тегеурінді. Кенесары ешбір бөгет алдында кідірмейтін, қайта кездескен кедергі оның қайрат-жігерін жанып, шамырқандыра түсіп, көздеген мақсат жолындағы тос­қауылдарды талқандар керемет күш бітіріп, одан сайын өршелендіріп жіберетін. Кенесарының бойындағы күллі осындай қасиеттерді көшпенділер биік бағалап, оның қарекет-қимылына қатысушылардың жүрегі басшысына деген шексіз сүйіспеншілікпен соғып, жанын пида етуге дейін барғызады».
Мәтінмен жұмыс «HIPP формуласы» арқылы ұйымдастырылады.
H - (Historical context) – Тарихиконтекст,
I - (Intended audience) - Арнаулыаудитория,
P - (Point of view (author’s) – Автордыңкөзқарасы,
P - (Purpose (author’s) – Автордыңмақсаттары;
ЕБҚ оқушыға сөздерді түсіндіру, тапсырманың нақты бір бөлігін ерекшелеп көрсетіп ұсыныңыз
Зерттеу мен талдау
Әр түрлі ғалымдардың зерттеу материалдарынан үзінді немесе мәтін үлестіріледі. Жұмыс нақты критерийлерге сүйене отырып жүргізіледі.
1.Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясының құрылуының алғышарттары;құрылу тарихы мен маңыздылығы;
2.Түркістан (Қоқан) және Алаш автономиясының ұқсастығымен айырмашылығы;
3.Түркістан (Қоқан) және Алаш автономия идеяларының жүзеге аспау себептері мен салдары;
4 .Қазақ зиялыларының қоғамдағы саяси көзқарастары қандай және оған баға беріңіздер.
Мәтін
Алаш Орда басшысы Әлихан Бөкейханов былай жазған: «Мен өз отанымның ішкі істерімен өмір сүремін, мен үшін оның тағдыры бәрінен артық… Егер ол қандай жағдайда екенін білмесем, ұйықтай алмаймын». «Алаш» қозғалысының қайраткерлері қазақтардың мемлекеттілігін алуына күресті. «Біздің мақсатымыз — өз тағдырын шешу мүмкіндігін халықтың өзіне беру. Тек автономияға ие болған жағдайда ғана халық тағдырды өз қолына алады», — деп, атап өтті Жаһанша Досмұхамедов. "Алаш" партиясын құрған кезде басшылыққа алған негізгі мақсаты — қазақ халқының тағдыры, аумағы және мемлекеттілігіне бай дамыған жоғары мәдениетті халықтармен бірге тәуелсіз мемлекетті құру болды», — деп айтты Әлімхан Ермеков. Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев өзінің «Халық тарих толқыныда» атты кітабында Алаш Орда қайраткерлерінің қызметін былай деп сипаттады: «ХХ ғасырдың басында ұлттық нығаю идеясын ұсынған рухани-зияткерлік таңдаулы тобы қазақ ұлттық идеясын жасау міндетін өзіне алды… Ұлттық саяси ұйымды құру фактісінің өзі біздің отандық тарихта соңына дейін саналы түрде меңгерілген жоқ. Кезінде „Алаш“ партиясының жетекшілері ұсынған көптеген қағидалар бүгінгі күні-де өз маңызын сақтауда. Бұл қазақ қоғамының бірте-бірте ауысуын және қазіргі, ақиқатта бейімделуін өзінің мақсаты етіп қойған ұллтық ұйым емес, саяси ұйым болды». 1929 жылы қаңтарда Мыржақып Дулатов Бутыр түрмесінде болғанда, тарихқа әйгілі «Ұрпаққа хат» (Письмо поколению) — хатында алаш зиялылардың басты мақсаттары жайлы жазған: «Осы құлдық жағдайдан құл болған, қаналған халыққа шығуға көмектесу — менің парызым болады деп есептедім… Саяси саладағы жағдайды алдын ал болжай алдым деп ойламаймын; бүгінгі күні кеңес өкіметіне қарсы күресі ретінде ұсынатыны қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты көру тілегім болып табылады».Бұл үкіметтердің «алғашқысы Кеңестік (Кеңес үкіметі – авт.) негізде құрылып, ең алдымен россиялық қоңыс аударушылардың мүддесін көздеп, жағдайын нығайта түсуге қызмет ететіндігін білдірсе, соңғысы (Түркістан автономиясы – авт.) орталық езгіге қарсы діни және ұлттық қоғамдарды негізгі ала отырып, жергілікті елдердің өзін-өзі басқару құқығын баянды ету басты мақсаты екендігін жариялады». Бөкейханов Ә. Шығармалар. – Алматы, 1994. – 83 б. Бұл оқиға туралы Мұстафа Шоқай өз естеліктерінде былай деп жазды: «...Ол (Түркістан автономиясы – А.Б.) 1917 жылдың 10 желтоқсанында құрылып, 1918 жылдың 13 ақпанында таратылды. Қоқан үкіметінің не офицері, не әскері болған жоқ. Пошта, телеграф, теміржолдардың бәрі де жау қолында болатын. Осындай жағдайда дүниеге келіп, осындай қысқа ғұмыр кешкен Қоқан үкіметі Түркістан халқының ұлттық талаптарын қанағаттандыру жолында көзге көрінерлік ешқандай бір жұмыс тындыра алмағаны табиғи еді. Тіпті бұл үкіметтің осындай жағдайда құрылып, 64 күн өмір сүре алуының өзі таңғаларлық құбылыс деуге болады» (Шоқай М. Таңдамалы шығармалар жинағы. ІІ том. Алматы; 2007 жыл, 274 б. ). 
ЕБҚ оқушыға тапсырманың шешу жолының бастапқы бөлігін ұсыныңыз

Оқушылар мәтін бөліктерімен жұмыс жасайды;
Оқушылар сұраққа сәйкес келетін жауапты жазады
Отаршылдық саясатқа қарсы қарулы көтерілістер туралы мәтіндер үлестіріліп, талдау жасалады.
Дескриптор:
Отаршылдық саясатқа қарсы қарулы көтерілістерді анықтайды
қарулы көтерілістердің себептерін анықтайды
көтерілістердің қамтыған аумағын ажыратады көтеріліс басшыларын анықтайдыкөтерілістердің жеңілу себептерін көрсетеді
көтерілістердің тарихи маңыздылығын сипаттайды

Ғалымдардың зерттеу материалдарынанмен жұмыс

Критерийлер:
Келтірілген дәлелдердің нақтылығы;
Аргументтердің сенімділігі;
Аргументтер мен дәлелдердің орынды қолданылуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   48




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет