Білім беру ұйымының атауы
|
|
Пәні:
|
Қазақстан тарихы
|
Бөлім:
|
Тәуелсіздікке жол және ұлттық мемлекеттіліктің қайта жаңғыртылуы
|
Педагогтің аты-жөні:
|
|
Күні:
|
|
Сынып: 10
|
Қатысушылар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы:
|
Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрі
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
|
10.3.1.2 - Қазақстанда мемлекеттіліктің қалыптасуының тарихи кезеңдерін түсіндіру;
10.3.4.4 -Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік түрін түсіндіру үшін
«автономдық кеңес республикасы», «кеңес одағы республикасы», «унитарлы мемлекет» ұғымдарын
пайдалану;
10.3.4.5 -Кеңестік кезеңдегі Қазақстанның қоғамдық-саяси дамуының жетістіктері мен қайшылықтарын талдау
|
Сабақтың мақсаты
|
Мемлекеттіліктің қалыптасу маңыздылығын түсінеді;
автономия, республика, одақ ұғымдарының мағынасын түсіндіреді.
|
Сабақтың барысы
|
Сабақтың кезеңі//уақыты
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
Өзін-өзі тексеру
Өткен білімді еске түсіру
|
Тақырыпқа шығу
Өткен тақырыптарды еске түсіру
1. Қосүкімет дегеніміз не?
2.Уақытша үкімет елде қандай саясат жүргізе бастады?
3. Түркістан автономиясы неліктен құлатылды?
4. Алашорда не үшін Кеңестермен тайталасқа түсті?
5. Большевиктер халыққа қандай уәделер берді?
Презентацияда негізгі ұғымдарды («Қазақ Кеңестік республикасы», «Кеңес Одағының республикасы», «Қазақ мемлекеттілігінің кеңестік формасын» «біртұтас мемлекет») сол сөздерге оқушылардың ауызша анықтама беруі тапсырылады. Тақырып қандай болуы мүмкін екендігі туралы болжамдары тыңдалады.
Сабақтың тақырыбы, мақсаттары мен жетістік критерийлері хабарланады.
Терминдердің анықтамалары беріліп, оқушылар бұл терминдердің ара-жігін анықтайды.
|
Оқушылар өз ойларын ортаға салады.
Бүкіл сыныптық талқылау арқылы тақырыпқа шығады
|
ҚБ Мұғалім кері байланыс беріп отырады
|
Тақырып
тық суреттер
|
Жаңа білім
|
Мәтінмен жұмыс
Оқушыларға ҚазАКСР-нің, ҚазКСР-нің, КСРО-ның құрылуы туралы мәтін беріледі.
Ол бойынша:
1.Мәтіндегі негізгі 3 ойды табады, топта талқылайды. Сынып алдында ойларын білдіреді
2. Сұрақтарға жазбаша жауап жазады:
-Казревком қандай мақсатпен құрылды?
-ҚазАКСР-нің басқару жүйесі қалай құрылды?
3. КСРО-ның құрылуы қазақ мемлекеттілігіне қалай әсер етті?
4. Қазақ КСР-нің құрылуы қазіргі Қазақстан мемлекетінің қалыптасуына қалай әсер етті?
ЕБҚ оқушыға тақырып бойынша ұсынылған мәтін негізінде кесте ұсыныңыз
|