Сабақтың тақырыбы: Ыбырай Алтынсарин.«Кел,балалар,оқылық»



бет4/23
Дата25.03.2017
өлшемі6,39 Mb.
#12371
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23

Сабақтың тақырыбы: ТОРЫ ҚҰЛЫН

Сабақтың мақсаты:

Төрт түлік түрлерімен таныстыру, пірлерін қалай атайтыны, пайдасы туралы әңгімелей отырып, өлеңді сауатты, мәнерлеп оқуға үйрету.

Тіл байлықтарын, байланыстырап сөйлеу дағдыларын, шығармашылық қабілеттерін арттыру.

Ұлттық салт-дәстүрді қадірлеуге тәрбиелеу.


Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Қой» өлеңін мәнерлеп жатқа айту

Оқимыз, үйренеміз , жалықпаймыз,

Білімнің шыңына біз шарықтаймыз

ІІІ. Жаңа сабақ

Ребусты шеш: төрт түлік

Төрт тұлік түрлері: жылқы, қой, сиыр, түйе.

Жылқы қолтұқымы туралы мағлұмат беру:

Қолға үйретілген жылқының арғы тегі жабайы жылқылар – тарпан мен түзат. Жабайы жылқылар тарихы дәуірлерде Еуразияның далалы, шөлейтті аймақтарында үйір-үйірмен тіршілік еткен. Олар ретсіз аулау нәтижесінде жойылып кеткен. Жылқының алғашқы қолға үйретілген Қазақстан даласы деп саналады. Жылқы қазақ халқының ерекше қастерлеп, пір тұтатын жануары. Жылқының пірі – Қамбар ата. Дүние жүзінде жылқының 250-ден астам қолтұқымдары бар. Жылқы малын тек көлік ретінде ғана емес, оның дәмді еті, шипалы қымызы үшін де өсіреді. Қымыз халқымыздың кәделі сусыны. Қымыздың 40 жуық түрі бар, уыз қымыз, бал қымыз, бесті қымыз, дөнен қымыз т.б. Қымыздың шипалық қасиетіне шет елдерде көңіл бөле бастаған.

Оқулықпен жұмыс:

Өлеңді 1-қатар: тізбектей, 2-қатар: іштей, 3-қатар: мәнерлеп оқиды.

IV.Дәптермен жұмыс:

Жылқы төлдерін былай бөледі:

- Құлын (биенің жас төлі);

- Жабағы (6 айдан асқан құлын),

- Тай (1 жастан асқаны) деп атайды.

V.Сергіту сәті:

-Жақсы балалар, енді айта қойыңдаршы сендерді үйде апаларың, аналарың қалай еркелетеді?

-Ия, дәл осылай малдар да өз төлдерін еркелетеді екен,қалай екенін білгілерің келе ме?Олай болса Малдың төлдерін сүюін оқып көрелік

Кубизм стратегиясы.

Дәлелде:Жылқы,бота,қой сөздері неге жуан айтылатын сөздерге жатады.

Әңгімеле:Жылқының пайдасы туралы айт.

Бейнеле:Төрт түліктің бірін бейнеле.

Жарнама:

1-қатар: сиырды

2-қатар: түйені

3-қатар: жылқыны

VI.Бекіту:

Ұйқасын тап:

Менің атам бақты оны,

Үстінде бар ақ тоны.

Ол не?-төлдің бозымы,

Білемін ғой....
Ащыдан басқа жемейтін,

Ыстық шөлде отаны.

Шөлдесе “су” демейтін,

Кім біледі....


Өнері бар сан қилы

Тастан-тасқа қарғиды

Ол не?-шұнақ құлақты

Білемін ғой ...

Оқушылардың үйден дайындап келген жұмбақтарын бір-біріне жасыруы.

VII.Бағалау: балалар, бүгінгі сабаққа жақсы қатыстыңдар .....

VIII. Үй тапсырмасын беру: «Торы құлын» жаттау.

Ат әбзелдерін жазып келу.



Сабақтың тақырыбы: Сиыр. Түйе

Сабақтың мақсаты:

Төрт түліктің бірі түйе малына тоқталып,адамға пайдасы жөнінде түсінік беру. Сиыр туралы жырға тоқталып,пайдасы жөнінде түсінік беру. Сиыр туралы анықтама беріп ,олардың өнімінің денсаулыққа пайдасы жөнінде түсінік беру.Оқушыларға сиырды қалай шақыру керек,пірлерінің атаулары жөнінде түсінік бере отырып ,ойлау қабілеттерін жетілдіру.Оқушыларға төрт түлік малын ұрмауға ,күтіп-баптауға тәрбиелеу. Түйе туралы жырды түсініп оқып суреттеу,шудасы,төлі ,жүрісі туралы мағлұмат беру.

Оқушыларға мақал-мәтел,жұмбақ шешу арқылы сөздік қорын дамыту.

Оқушыларға түйенің табиғаттағы және адам өміріндегі рөлі жөнінде түсінік беру.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Торы құлын» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ

1-тапсырма.«Суретпен жұмыс»

2-тапсырма.Сөзжұмбақ шешу.







С

А

Ғ

А

Т







И

Т




М

Ы

С

Ы

Қ

К

І

Р

П

І

3-тапсырма .Жұмбақты шешу.

Иір-иір денесі

Сахараның кемесі

Ащы шөптер-тамағы

Шөлге шыдар бағады.

(Түйе)


Сиыр туралы не білеміз? Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді? Оның етінен не әзірленеді? Терісінен ше?

Түйе туралы не білеміз? Оның төлі қалай аталады?

Оқулықпен жұмыс

ә/ өлеңді мәнерлеп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.

А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:

1. Өлең не туралы?

2. Түйенің төлін қалай атайды? Сүтін ше?

3.Түйенің жүрісі туралы не деуге болады?

Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары:

1.Түйе қандай шөпті жақсы көреді?

2. Түйенің пайдасы қандай?

Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:

б/ Дәптермен жұмыс

1.сызбаны толтыр



Түйе жүніне істелетін бұйымдар Түйе сүтінен істелетін тағамдар Түйе терісінен істелетін бұйымдар
Қызығушылығын ояту.Сиыр туралы жырды топқа тарату.Топ ішінде ортақ мәмілеге келу. Түйе туралы жырды тарату.Топ ішінде ортақ мәмілеге келу.СТО.Әдіс :«Кластер»,«Вен диаграмма»,«Семантикалық карта» 1-топ


Сиыр


Жылқы Сиыр



3-топ


Сиыр

Тамағы

Қимылы

Сүт

Тас

Шөп

Ұшады

Жүреді



















4-топ 3 топты бағалау.Топтық бағалау.

СТО.Әдіс«Қабырға газеті»

1қадам Түрлі –түсті геометриялық фигуралар тарату.Алған білімдерін жазады.

2 қадам Қабырға газеті бөлме қабырғасына ілінеді.

СТО.Әдіс «Галереяға саяхат»

3қадам Белгі беріледі.Галереяға саяхат жасалады.

4 қадам Қабырға газеттеріне жазылған сұрақтарға жауап береді.

Қорыту: Тест арқылы бекіту.

Үйге тапсырма:Сиырдың суретін салу.Түйе оқып келу.

Сабақтың тақырыбы: Төрт түліктің кеңесі

Сабақтың мақсаты:

Төрт түліктің кеңесі туралы мәтінді рөлге бөліп, түсініп оқуға үйрету. Төрт түлік мал жайлы білімдерін тереңдету, жүйелеу. Бірлесіп жұмыс жасай отырып, оқушының өз пікірін білдіруге, ойын дәлелдеуге, өзгенің ойын тыңдай білуге баулу. Ой — өрісін, сөздік қорын байыту, мәнерлеп, түсініп оқуда білім-білік дағдыларын дамыту.Қазақ халқының өмірін төрт-түлік малмен байланыстыра отырып, оқушыларды төрт түлікті құрметтеуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың типі: жүйелеу,пысықтау



Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Сиыр» «Түйе» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

Түйе туралы не білеміз? Оның сүтінен қандай тағамдар әзірлейді? Оның етінен не әзірленеді? Терісінен ше?



ІІІ. Жаңа сабақ

Кіріспе

Балалар, қазір біз барлығымыз бірлесіп, бүгінгі сабағымыздың тақырыбын сөзжұмбақ арқылы шешіп, тауып алайық.
қ

а


й

т


а

л


а

у
1. Кішкене ғана бойы бар,

Айналдырып киген тоны бар.(қозы)

2. Ер қанаты не?

3. Төрт аяғын тең басқан. ( түйе)

4. Жабағыдан кейінгі не ? (тай)

5. Сиыр сүтінен алынатын сусын. (айран).

6. Ешкінің төлі. ( лақ)

7. Сүттің түсі қандай? (ақ)

8. Малдың төлдегендегі алғашқы сүті не деп

аталады? (уыз)

-Сонымен бірінші қатардағы ,торкөздегі әріптерді қосқанда қандай сөз шықты?

-Қайталау.

-Қандай ауыз әдебиетінің саласымен таныс едік?

Төрт түлік туралы жырлар.

Оқулықпен жұмыс

ә/ Жырды мәнерлеп рөлге бөліп оқу,іштей оқу,тізбектей оқу,жеке-жеке оқу.



А) І-деңгей(міндетті) сұрақ-тапсырмалары:

1. Өлең не туралы?



Ә) ІІ деңгей(алгоритмдік) сұрақ-тапсырмалары: Дәптермен жұмыс

Мәтіннен төмендегі сөздердің мағынасын ашатын тіркестерді дәптеріңе теріп жаз


Берілген сөздер Мәтіндегі осы сөздердің мәні

*Тұрмыс жағдайы төмен адам -Қоры үзілген қу

* Еңбекқор адам -Шаруа қуған

*Батыл, өжет адам -Найза ұстаған ер

*Шаруасы жақсы, бай адам -Ел ішіндегі зор
Б)ІІІ деңгей (эвристикалық) сұрақ-тапсырмалар:

59 беттегі суреттерге зер сал.Қай түлік қай жерді қалайтынын айт.Мәтіндегі сөз тіркесін пайдалан.

Қой 1 сурет: күнгейлі қара тас

Сиыр 2 сурет. Қалың қорыс ну

Жылқы 3 сурет: бетегелі бел

Түйе 4 сурет: жалмаң құлақты сор
ІҮ.жаңа білімді бекіту:

Сонымен,төрт түлік қандай жерді, қандай кісіні қалады екен?



Төрт түлікті бағып-күтуге байланысты еңбек түрлерін ата.
Ү. Қорыту: Сабақта не туралы білдік?
ҮІ. Үйге тапсырмасы. ІҮ деңгей топ бойынша мәтінді сахналауды ұйымдастыру

Бағалау.


Сабақтың тақырыбы: Аңыздар туралы түсінік. Қожанасыр мен ашқарақ.

Сабақтың мақсаты:

Аңыздың не екенін ұғындыру, аңыздың мазмұнын түсіндіру. Аңыздың не екенін ұғындыру, аңыздыңмазмұнын салыстыру, негізгі ойды анықтату,



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру,оқыту,талдау ,іздену,

Көрнекілігі: оқулық, суреттер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Психологиялық кезең:

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: «Төрт түліктің кеңесі» мәтінін мәнерлеп оқу, мазмұнын өз сөздерімен әңгімелеу

ІІІ. Жаңа сабақ Аңыздар туралы түсінік. Қожанасыр мен ашқарақ.

А)Аңыз туралы мағлұмат

Аңыз-халық ауыз әдебиетінің бір түрі. Аңыздар тарихта болған адамдардың іс-әрекетіне байланысты оқиғалар әңгімеленді.

«Қожанасыр мен ашқарақ» аңызын мәнерлеп оқып беріп, өз сөздерімен әңгімелеу



Ә)«Ойлан-Бірлік-Талқыла» әдісі.

1-топ Кейіпкерледі ата және суретін сал.

2-топ Ашқарақтың іс –әрекетін туралы не дер едің?

3-топ Қожанасырдың іс–әрекеті туралы не дер едің?

4-топ Сен ашқарақтың орнында болсаң не істер едің?

Б) «Қонақ туралы не білеміз»

1-топ «Қонақ күту» ережесін құру

2-топ «Қонақта өзіңді қалай ұстайсың» сол туралы ереже құру

3-топ «Келген қонақты қалай қарсы аласың» сол туралы ойыңды жаз

4-топ «Қонақтың түрлері» қалай болып бөлінеді



В)

Каталог: uploads -> doc
doc -> Тақырыбы: Ғарышты игеру (аудандық семинар)
doc -> Ғарыш әлеміне саяхат
doc -> Сабақ тақырыбы: Шерхан Мұртаза «Ай мен Айша» романы Сабақ мақсаты: ҚР «Білім туралы»
doc -> Сабақтың тақырыбы Бала Мәншүк ( Мәриям Хакімжанова) Сілтеме
doc -> Ана тілі №2. Тақырыбы: Кел, балалар, оқылық Мақсаты
doc -> Сабақ жоспары «Сәулет және дизайн» кафедрасының арнаулы пән оқытушысы, ҚР «Еуразиялық Дизайнерлер Одағының» мүшесі: Досжанова Галия Есенгелдиевна Пәні: Сурет және сұңғат өнері
doc -> Сабақ Сабақтың тақырыбы : Кіріспе Сабақтың мақсаты : «Алаштану» курсының мектеп бағдарламасында алатын орны, Алаш қозғалысы мен Алашорда үкіметі тарихының тарихнамасы мен дерекнамасына қысқаша шолу
doc -> Тәрбие сағаттың тақырыбы: Желтоқсан жаңғырығы
doc -> Сабақтың тақырыбы : Әбунасыр Әл- фараби Сабақтың мақсаты
doc -> Сабақ жоспары Тақырыбы: Үкілі Ыбырай Мектеп:№21ом мерзімі


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет