Сабақтың тақырыбы Ұнды кондитерлік өнімдерді өндіру кезінде қолданылатын құрал саймандар Педагог



бет16/31
Дата22.09.2024
өлшемі1,16 Mb.
#204894
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31
Байланысты:
ЛПС КМ2 ТМ-241

Асханалық маргарин (1 кг): құрамында 82% май болатын сұйық немесе қатты маргаринмен; 0,83 кг сұйық маймен немесе кулинариялық майлармен (майқоспалы, баранка тоқаштары мен балаларға арналған нан өнімдерінен басқа); 0,85 кг күнбағыс майымен (3,5 кг маргариннің орнын ғана) алмастыруға болады.
Күнбағыс майын (1 кг) жүгері, соя, мақта және зәйтүн майымен 1:1 ара салмағында алмастыруға болады.
Майлылығы 3,2%-тік сиырдың 1 кг (0,97 л) пастерленген сүті: майлылығы 2,5%- дық 1,07 кг сүтпен; 1,4 кг майсыз сүтпен; ақуыздық майлылығы 1% сиырдың пастерленген сүтімен және майлылығы 2,5%-дық 0,87 кг сиыр сүтімен; қаймағы алынбаған және майсыздандырылған 0,12 кг сиыр сүтімен; қойылтылған майсыз 0,38 кг сүтпен; 0,435 кг қант мөлшері 0,191 кг-ға азайтылған майсыз қойылтылған сүтпен алмастырыла алады.
Сүттің сарысуы және оның концентраты өзара алмаса береді. Тек олардың нормалары мен нормативті-техникалық құжаттарындағы құрғақ заттардың мөлшерін есепке алу керек. Майлылығы 18% сүзбе (1 кг) ылғалдығына байланысты майлылық көрсеткіші әртүрлі басқа сүзбелермен алмастырыла береді. Майлылығы 30%-дық қаймақ құрамындағы май мөлшерін есепке ала отырып, әртүрлі майлылықтағы қаймақтармен алмастырыла алады.
Кондитерлік өнімдерді дайындау барысында тауық жұмыртқаларының (1 кг – 25 дана) орнына жұмыртқа мұздағын немесе 0,278 кг жұмыртқа ұнтағын немесе 0,54 кг жаңа алынған жұмыртқа сарыуызын пайдалануға болады. Данасы аз, майқоспалы нан өнімдерінің үстіне жағуға арналған шәрбат дайындау барысында 1 кг жұмыртқаның орнына 1...1,5 л сумен араластырылған 0,3 кг құмшекер пайдалануға болады.
Жұмыртқа мұздағы тауық жұмыртқасы орнын алмастыра алатын кез келген азық- түліктің нормаларына сәйкес келеді.
Жұмыртқа ұнтағы (1 кг) 3,6 кг жұмыртқа (90 дана) және жұмыртқа мұздағының эквивалентімен алмастырыла алады.
Баспаланған ашытқылардың (1 кг) орнына қамырды 70 минут ішінде ашытуға қабілетті, құрамында 1 кг баспаланған ашытқылар немесе 0,5 кг кепкен ашытқылары бар және 90 минут ішінде қамырды ашытуға қабілетті 0,65 кг сүтті ашытқы қолдануға болады. 1 кг тағамдық ас тұзының орнына йодталған ас тұзын (йод мөлшері (40 ± 20) мкг /
кг) пайдалануға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет