Сабақ кезеңі
|
Педагогтің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
|
(Ұ). Ұйымдастыру кезеңі:
1. Оқушылармен амандасу, түгендеу.
2. Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырады.
Мақсаты: Оқушылар бір-біріне тілек білдіреді, тыңдау дағдыларын дамытуға бағытталады, сондай-ақ барлық оқушылардың қатыстырылуы арқылы сабаққа белсенділігі артады.
Тиімділігі: Оқушылар бір-біріне тілек айту арқылы жақындасады, көңіл-күйін көтереді және бауырмалдығын оятады.
Үй тапсырмасын сұрау: «Үш қадамды сұхбат» әдісі арқылы сұралады.
|
|
Жаңа сабаққа кіріспе
|
(Ұ) «Миға шабуыл» әдісі арқылы ой қозғау сұрақтарын ұжымдық талқылау.
|
«Қазақстан - ұлттардың мәдени шаңырағы» дегенді қалай түсінесің?
Мәдени шаңырақ деген не?
Ұлттық театрлар туралы не білесің?
|
Мақсаты: Жылдам әрі функционалды түрде сыни ойлануды дамыту.
|
ҚБ: белсенділікпен қатысқан оқушыға «Жарайсың!» деген мадақтау сөзімен ынталандыру.
|
Сабақтың ортасы
|
№1 тапсырма: Мәтінмен жұмыс.
|
Мәтінді оқып, мәтін негізінде «Еркін микрафон» әдісі арқылы сұрақтарға жауап береді. Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды.
Сұрақтар:
Елімізде қандай ұлттардың театрлары бар?
Елімізде қазақ театрлары қашан ашылған?
Қазақстандағы орыс театрлары қашан ашылған?
Ұйғыр, кәріс театрлары туралы қандай деректер бар?
|
|