2.Алдыңғы білім Ақпараттар жинау,Ережелер. Өлең жолдарынан синтаксистік параллельдер құрау
3.Жаңа оқу материалын түсіндіру.
1-тапсырма. Мәтінді тыңдап, талқылау. «Инсерт» әдісі арқылы мәтіннен керекті ақпаратты түртіп алып, кестені толтырыңдар.
Білемін. Негізгі ақпарат. Мен ойлаймын. Сұрағым бар.
2-тапсырма. Оқылым мәтінінен «Маңыздылық аймағы» әдісі арқылы негізгі ақпаратты түртіп алып, іріктеп жазыңдар.
4.Жаңа білімді қалыптастыру. Қазақстан БҰҰ резервтік келісіміне 1996 жылы қосылып, БҰҰ- ның бейбітшілікті сақтаудағы іс-қимылдарына қатысуға өз әзірлігін білдірді. Біздің еліміз БҰҰ – ның жедел әрекет ету жүйесіне қосылған елу бірінші ел болды. Бұл бізге әлемде баянды бейбітшілікті тұрақтандыру мәселелерін шешуге қабілетті қызметкерлер даярлауға, қажетті ақпараттар мен материалдар алуға мүмкіндік берді. 1995 жылдың желтоқсанынан бастап 1996 жылға дейін Орта Азиядағы бейбітшілікті сақтау мақсатымен бірлескен «Центразбат» батальонын құру жұмысы белсенді түрде жүргізілді. Мұндай әскери күштерді даярлау барысында БҰҰ елімізге орасан зор көмек көрсетті. Бұл – Қазақстанның Орталық Азия аймағындағы тұрақтылықты және БҰҰ – ның халықаралық бейбітшілік пен қауіпсіздікті сақтау жолындағы күш-жігерін нығайтуға қосқан үлесі болып табылады. 1997 жылы наурызда Қазақстан БҰҰ – ның бейбітшілікті қолдау жөніндегі іс-қимылдар бойынша Арнайы комитетіне мүшелікке қабылданды. (А.Арыстанбекова. «Ұлттар ұйымы және Қазақстан» кітабынан)
3- тапсырма Мәтінді оқу, негізгі ақпараты табу; Ақпараттарды іріктеп, саралау.
4-тапсырма. Мәтінді оқы. Мәтіндегі берілген сөйлемдерді тілдік бірліктерді орынды қолданып, орфографиялық нормаға сай жазыңдар. «Т» кестесі» әдісі бойынша мәтінді орфографиялық нормаға сай, қатесіз көшіріп жазыңдар.
Бұрысы - Дұрысы +
1992 жылдың 2-наурызы қазақстан үшін тарихи күн болып табылады бұл күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше атанды. Пленарлық отырыстан кейін Қазақстанның көк туын БҰҰ штап 1992 жылдың 2 наурызы Қазақстан үшін тарихи күн болып табылады, бұл күні Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымына мүше атанды. Пленарлық отырыстан кейін Қазақстанның көк туын БҰҰ штаб- пәтерінің алдында салтанатты көтеру рәсімі өткізілді. Сыртқы және ішкі саясатта ынтымақтастық пен бейбітшілік қағидаларын ұстанған Қазақстан үшін бұл үлкен мәртебе. Жас мемлекет егемендігін Халықаралық қоғамдастықтың тануының айғағы болғандықтан, бұл оқиға Қазақстан үшін үлкен саяси мәңге ие болды. пәтерінің алдында салтанатты көтеру рәсімі өткізілді. Сыртқы және ішкі саясатта ынтымақтастық пен бейбітшілік қағидаларын ұстанған Қазақстан үшін бұл үлкен мәртебе. Жас мемлекет егемендігін Халықаралық қоғамдастықтың тануының айғағы болғандықтан, бұл оқиға Қазақстан үшін үлкен саяси мәнге ие болды.( Мәтін ғаламтор желісінен алынды .)
Оқулықтағы 100 бет б тапсырмасы
Пікірталас шеберлігіне үйрену жолдарымен таныстыру. Тақырып бойынша шағын пікірталас ұйымдастыру.
5.Рефлекция «Түсіну шыңы» әдісі бойынша әр оқушы - сабақтан не алғаны туралы 3 сөйлем жазады; - Әр сөйлемнен бір-бір тірек сөз алады; - Үш тірек сөзді біріктіріп, сөйлем құрайды.
6.Үйге тапсырма.Пікірталас шеберлігіне үйрену жолдары бойынша пікірталасқа дайындалу. «Ұрпақ бейбітшілікке үн қосады» шешендік сөз д/у.
А.Жұбанов атындағы Ақтөбе музыкалық колледжі
Достарыңызбен бөлісу: |