Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Ү. Жаңа материалмен жұмыс



бет19/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 35-жаттығу. Жаңылтпашты көшіріп жазу. Түбірлес сөздерді табу: шежіреші, шежіре, шежіресін. Мағынасын ашу. 36-жаттығу. Берілген сөздерден бірнеше түбірлес сөз жасау. 37-жаттығу. Суретпен жұмыс, түбірлес сөздерді: оқу, оқушы, оқулық, оқуға. 35-жаттығу. Сөздер тобын оқу, түбірлес сөздерді табу, әр сөздің түбірін тиісті белгімен белгілеу.

ҮІ. Бекіту: 39-жаттығу. Суретпен жұмыс.Сұрақтарға жауап бере отырып, түбірлес сөздерді табу: дәріхана, дәрігер, дәрі.

ҮІІ. Қорытындылау. Балалар, бүгін біз не үйрендік? Түбірлес сөздер деп қандай сөздерді айтамыз? Мысал келтіріңдер. ҮІІІ. Үйге тапсырма: 40-жаттығу, 131-бет.

ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Түбірлес сөздер

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға түбірлес сөздер жайында берілген түсінікті кеңейтіге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 40-жаттығу, 131-бет. Жұмбақты шешу, жұмбаққа жауап болатын сөзге түбірлес сөз болатын сөздерді көшіріп жазу.

ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 41-жаттығу. Түбірлес сөздерді теріп жазу, мағынасын түсіндіру: өнер, өнерпаз, өнерлі. Неліктен бұл сөздерді түбірлес сөздер деп атаймыз?

Ү. Жаңа материалмен жұмыс: а) оқулықпен жұмыс, дәптермен жұмыс Күн ретін жазу. Көркем жазу. 42-жаттығу. Нұрхан Жанаевтың өлеңін оқу, жаттау, жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Тасты жонып қашаған,

Әсем мүсін жасаған.

Мүсінші аға өнерін

Өте жақсы көремін.

43-жаттығу. Әңгімені түсініп оқу, мазмұнын айту. Түбірлес сөздерді табу, басқа түбірлес сөздермен толықтыру: ән, әнші. 44-жаттығу.Жұппен жұмыс. Оқушылар бір-бірімен түбірлес сөздер айта отырып жарысады.Мысалы: білім, білімді, білгіш; сый, сыйлы, сыйлық; сән, сәнгер, сәйқой. 45-жаттығу. Артық сөзді табу: 1. Еңбек, еңбекқор, бейнетқор, еңбекші, еңбектен. 2.Тәрбие, тәрбиеші, тәлімгер, тәрбиелі, тәрбиеле. Неліктен сол сөздерді артық деп есептейсің? Ол сөздердің мағыналары бір-біріне жақын ба?

Білгішбектің айтқанын оқу, түсіну, есте сақтау.



ҮІ.Бекіту:46-жаттығу. Сызбамен жұмыс. Сызбаға сүйене отырып, шаңғышы сөзінің қалай жасалғандығын түсіндіру. Шаңғы – түбір, шы – жұрнақ.

ҮІІ. Қорытындылау.Балалар, бүгін біз не үйрендік? Мағынасы жақын сөздер бір сөз табынан болады ма? Түбірлес сөздер неліктен әр түрлі сөз табынан бола береді? Мысал келтір.

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 47-жаттығу, 133-бет. ІХ. Оқушыларды бағалау
Тақырыбы: Жаттығу жұмысы

Сабақтың мақсаты: Оқушыларға қосымша жалғанғанда түбір сөздің көп ретте өзгермейтіндігін меңгертуге мүмкіндік туғызу; оқушылардың өз бетімен жұмыс жасауы арқылы теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту; ұйымшылдықа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұрақ-жауап, іздену, көрнекілік, талдау, жинақтау. Сабақтың көрнекіліктері: мазмұнды суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: сабаққа даярлық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру 47-жаттығу, 133-бет. Жаңылтпашты оқу, жатқа жазу, түбірлес сөздердің астын сызу.

Шалғышы. Шалғы алды. Шаңғышы. Шаңғы алды.

Бұл сөздер қандай сөздер болып табылады?



ІІІ. Мақсат қою кезеңі: Сабақтың тақырыбын, мақсатын хабарлау.

ІҮ. Жан-жақты білімдерін тексеру 48-жаттығуды «Жеміс жинау» ойынын ойнату арқылы орындау. Ойын шарты: күй, жыр сөздеріне тиісті қосымша белгіленген шиені теру.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет