Сабақтың түрі: Жаңа сабақ. Сабақтың әдіс-тәсілдері


Ү.Бекіту: Сабақтан саған не ұнады? - Қандай тапсырманы орындағанда қиналдыңдар? ҮІ. Үйге тапсырма



бет37/53
Дата04.11.2016
өлшемі22,18 Mb.
#324
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53

Ү.Бекіту: Сабақтан саған не ұнады?

- Қандай тапсырманы орындағанда қиналдыңдар?



ҮІ. Үйге тапсырма: № 4, 5,10, 35 бет. бағалау
19. Тақырыбы: Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар.

Мақсаты: Көбейту және бөлу- өзара кері амалдар деген түсінікті қалыптастыру; кері есеп құрастырып шығара білуге дағдыландыру; байқағыштыққа және жадында сақтай білуге баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, өзіндік, түсіндіру. Көрнекілігі: суреттер, кестелер, ереже

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, мен сендермен жұмыс істегеніме қуанамын. Көршілеріңмен қол ұстасып, шағын шеңбер жасап, бір-біріңе жақсы көңіл күй сыйлаңдар, табыс тілеңдер.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру. № 4, 5, 10

ІІІ. Мақсат қою: Тақырыбымен мақсатын хабарлау.

  • Біз бүгін сабақта көбейту мен бөлу амалдарын өзара кері амалдар ретінде қарастырамыз.

ІҮ. Білімдерін тексеру.

Ауызша есептеу. 1. Теңдік тура болатындай етіп сандарды қой.

2∙ = 6 2 = 18 : 2 = 2

2 ∙ = 8 2 = 10 12 : = 6

2 ∙ 8 = 2 = 14 20 : 2 =

2.Ауызша есеп шығару:

Кітап 100 теңге тұрады. 2 кітап қанша тұрады? 4 кітап қанша тұрады? 6 кітап?

Ү. Жаңа материалды түсіндіру:

а) Оқулықпен жұмыс. Есептердің шешуін ауызша түсіндір:

Ш: 18 : 2 = 9 9 2 = 18 кері есеп құрастыр.

ә) № 3. Фронтальді жұмыс. Сызбанұсқа бойынша көбейту мен бөлуге теңдіктерқұр.

( 15 : 3 = 5 5 3 = 15 15 : 3 = 5 )

б) Тақтада түсіндіріп шығару. № 4

6 = 4 = 24 7 ∙ 2 = 14 ∙ 2 =

24 : 4 = 8 14 : 2= 7 : 2 =

в) Жұптық жұмыс, № 5. Есепте :

286 : 2, егер 143 ∙ 2 = 286; т.с.с.



ҮІ. Түсінгенін бекіту:

  1. Есеп шығару. № 6.


Шешуі: 12 + 12 : 2 = 12 + 6 = 18


+ + Жауабы: барлығы 18 қонақ келді.
: :
№ 7.


Шешуі: 820 + (820 -254) = 820 + 566 = 1386


+ Жауабы: барлығы 1386 адам.
-



  1. Геометриялық материалмен жұмыс. № 8.

а = 6 см , в = 2 см тең тік төртбұрыштың Р = ? Р = 6 + 2 + 6 + 2 = 16 (см)

  1. Шығармашылық жұмыс. № 9.

ҮІ.Бекіту.топтамаларға жауап алу.Жеке оқушымен жұмыс

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 10, 37бет. бағалау.
20. Тақырыбы: Қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге берілген екі амалмен шығарылатын есептер

Мақсаты: Қосуға, азайтуға, көбейтуге және бөлуге берілген екі амалмен шығарылатын есептер шығаруды үйрету; жылдам есептеу дағдысын қалыптастыру; Ұқыптылыққа баулу.

Әдісі: сұрақ-жауап, іздену. Көрнекілігі: суреттер, кестелер

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ. Мақсат қою кезеңі: екі амалмен есеп шығаруды үйрену.

ІІІ. Білімдерін тексеру. а) Салыстыр. 30 + 5 * 20 + 10; 50 + 3 * 70 – 10; 38- 8 * 46- 6 ;

70 + 4 * 26 – 6; 47 – 7* 70 + 20; 90 + 3 * 26 – 6;



ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

а) № 1. Оқулық бойынша ауызша жұмыс. Мәндері тең өрнектерді тап.

(3 ∙ 7 = 40 – 19; 7 + 5 = 2 ∙ 6 ; 52 – 34 = 9 ∙ 2 ; 5 ∙ 3 = 60 – 45.

ә) № 2. Есеп шығару.




Шешуі: 6 ∙ 2 + 3 = 12 + 3 = 15


+ Жауабы: барлығы 15 машина.


?


3. Шешуі: 4 ∙ 5 + 4 ∙ 3 = 20 + 12 = 32

Жауабы: барлығы 32 құрт пен кәмпит.



+
∙ ∙

Жұптық жұмыс. № 5.



Ү . Білімін тексеру:

  1. № 7, Өздік жұмыс. Ұзындығы 18 : в (см) кесінділер сыз. Мұндағы: в = 3, 6, 9.

  2. Түсіндіріп теңдеуді шеш: № 8.

27 – х = 9 ∙ 2 х – 12 = 14 : 7 (күрделі теңдеу шешу)

27 – х = 18 х – 12 = 2

х = 27 – 18 х = 12 + 2

х = 9 х = 14

27 – 9 = 18 14 – 12 = 2

18 = 18 2 = 2



  1. Шығармашылық жұмыс. № 9. Өрнектер құр, мәнін тап.

ҮІ. Қорыту: Сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға шағын сыйлық тарату.

  • Жақсы жұмыстары үшін рахмет айту.

ҮІІ. Үйге тапсырма: № 4, 10; 38 – 39 бет.
21. Тақырыбы: Көбейту және бөлу амалдары арасындағы байланыс

Мақсаты: Көбейту және бөлудің компоненттері арасындағы өзара байланысты анықтау, қайталау; есептерді, теңдеулерді шеше білуін, шамалармен жұмыс істеу, фигуралардың периметрін таба білуге үйрету, танымдылық қабілетін, математикалық тілін дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, іздену, ауызша және жұппен жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, үлестірмелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі.

  • Балалар, сендер математиканы жақсы көресіңдер ме? Жаңалық үйренгілерің келе ме? Ендеше кеттік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 4, 10 ІІІ. Өткенді қайталау: ауызша жұмыс. мәндерін тап .

2 ∙ 6 = 2 ∙ 9 = 7 ∙ 2 =

2 ∙ 7 = 3 ∙ 2 = 8 ∙ 2 =

2 ∙ 5 = 4 ∙ 2 = 1 ∙ 2 =



ІҮ. Мақсат қою кезеңі: Компоненттер арасындағы байланысты анықтаймыз, өте мұқият болыңдар есептегенде. Ұқыптылық жақсы қасиет.

Ү. Жаңа материалды түсіндіру:

  1. Көбейту мен бөлудің өзара байланысын анықтауда,үлестірме карточкалармен жұмыс.

2 ∙ 9 = 3 ∙ 5 = 5 ∙ = 10

9 ∙ 2 = 5 ∙ 3 = ∙ = 10

18 : 2 = 15 : 3 = 10 : =

18 : 9 = 15 : 5 = 10 : =



  1. Оқулықпен жұмыс. № 1 (ауызша) сызба бойынша.

а)12 : 3 = 4 Ж: 4бет. ә) 4 ∙ 3 = 12 Ж: барлығы 12

Қорытынды. Бөліндінің мәні – бөлгішке көбейткенде бөлінгіш шығатын сан



  1. Жұптық жұмыс. № 2.

  1. Көбейтулерді пайдаланып, бөлудің белгісіз компоненттерін тап.

9 ∙ 2 = 18 ; 18 : 2 = 9

  1. Бөлуді пайдаланып, көбейтудің белгісіз компоненттерін табу.

14 : 2 = 7 7 ∙ 2 = 14

ҮІ. Түсінгендерін тексеру: Есеп шығару. Топ ішінде талқылау. № 3
Сатылды – 30 кг 60 кг Шешуі: (60 – 30) : 5 = 30 : 5 = 6

Қалғаны 5 кг бөлінді - ? Жауабы: 6 пакет қажет.


№ 4.


Шешуі: 90 – 6 ∙ 2 = 90 – 12 = 78

- Жауабы: 78 самса қалды.

∙ ∙


Өз бетінше жұмыс. № 7 ( Р = (5 + 3) ∙ 2 = 8 ∙ 2 = 16 )

Шығармашылық жұмыс. № 8 (Қайрат – 1, Руслан – 2, Аида – 3 орындыққа отырды)



ҮІІ. Бекіту. 1 сағатта неше минут бар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: № 5,6,9. 40 бет. Бағалау.
22. Тақырыбы: Нөлді натурал санға бөлу

Мақсаты: Оқушыларды нөлді натурал санға бөлу ережесімен және нөлге бөлудің мүмкін еместігін таныстыру; зейінін, жадын, математикалық тілін дамыту; ұқыптылыққа, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Түрі: аралас. Көрнекілігі: сызба, суреттер, кесте. Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, талдау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 5, 6, 9. ІІІ. Білімдерін тексеру: ауызша жұмыс.

  1. Өзіндік жұмыс. (карточкамен). Көбейтіндінің мәндері өсіп отыратынетіп орналастыру керек.

2 ∙ 2 2 ∙ 3 2 ∙ 4 2 ∙ 5 2 ∙ 6 2 ∙ 7 2 ∙ 8 2 ∙ 9

М и х а л к о в



  1. Математикалық диктант. Тек жауабын ғана жаз.

  • Қандай сандардың көбейтіндісі 15-ке тең? (3 ∙ 5, 5 ∙ 3)

  • Егер бірінші көбейткіш 6, екіншісі 2 болса, көбейтіндінің мәні қандай?( 6 ∙ 2 = 12)

  • 2 және 6 сандарының көбейтіндінің мәні неге тең?

  • 3 ∙ 2 = ? (6)

  • Қандай сандардың көбейтіндісі 10 болады? ( 2∙ 5, 5 ∙ 2)

  • Қандай санды 2-ге көбейткенде 8 шығады? (8 : 2)

  • 5 және 1 сандарының бөліндісінің мәні неге тең? (5 : 1)

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру: а). карточкамен жұмыс

Көбейтіндінің мәнін есепте және есепте және көбейтудің ауыстырымдылық қасиетін пайдаланып, көбейтінділерді қосып жаз.

0 ∙ 2 = 0 ∙ 6 = 0 ∙ 12 = 0 ∙ 123 = 0 ∙ 5 =


  • Қандай өрнек «артық»? Неліктен? Оның мәнін қалай есептедіңдер?

ә) оқулықпен өз бетінше жұмыс. Оқып, есептеу.

- Жаңа нені білдіңдер? Қорытынды жаса.

0 : 7 = 0 0 ∙ 7 = 0 Нөлді натурал санға бөлгенде нөл шығады:

ә) № 2. Жұптық жұмыс. Неліктен нөлге бөлуге болмайтынын түсіндір.


а : 0

Ү. Түсінгендерін тексеру: а ). Оқулық бойынша өздік жұмыс. № 3

ә) Ауызша есеп шығару. Ұжымдық жұмыс. № 4.

6 ∙ 6 = 6 + 6 + 6 + 6 + 6 + 6 = 36 Жауабы: барлығы 36 қалайы сарбаз.

б) Жұптық жұмыс. № 5. Жақшалар қойып, қолайлы тәсілмен есепте:

( 1000 – 560 – 40 = 1000 – (560 – 40) = 1000 – 520 = 480 )

в) № 7.


Ақ тауық – 14 шөже Шешуі: 47 – ( 14 + (14 + 7)) = 47 - 35= 12

Қара тауық - ?, 7 шөже артық 47 шөже Жауабы: ала тауықпен 12 шөже жүр.

Ала тауық - ? қалғаны

г) Өздік жұмыс. № 10. д) Шығармашылық жұмыс № 11, 12.



ҮІ. Қорыту: бір жылда неше ай бар? аптада неше күн бар? Бір ғасырда неше жыл бар?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: 1. № 9,13 , 42 бет 2. бағалау
23. Тақырыбы: Натурал санды 1-ге бөлу

Мақсаты: Натурал санды 1-ге бөлу туралы түсінік беру; мысал, есеп, теңдеулер шешуге дағдыландыру; ұғымталдыққа, еңбексүйгіштікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Әдісі: талдау, іздену, ауызша, жұптық жұмыс істеу. Көрнекілігі: сызбалар, кестелер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі. Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 9, 13.

ІІІ. Білімін тиянақтау: ауызша жұмыс.

а) Нөлді натурал санға бөлу.

65 +40 15 : 0 37 ∙ 0

60 : 3 0 ∙ 60 90 : 3

0 : 5 85 ∙ 0 100 ∙ 0

ә) – Біздің класта 12 қыз, 15 ұл бар еді. Тағы 1 қыз, 3 ұл бала келді. Барлығы неше оқушы болды?



ІҮ. Мақсат қою кезеңі. Сызбамен жұмыс.


7 : 7 = 1 7 ∙ 7 = 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 + 7 = 49


Ү. Жаңа материалды түсіндіру.

а) Кіріспе. Жеке тапсырма.

8 : 1 17 : 1 19 : 1

43 : 1 98 : 1 99 : 1

35 : 1 102 : 1 1 : 1

ә) Ұжымдық жұмыс. № 1. Сызбамен жұмыс.

36 : 1 23 :1 16 : 1 Қорытынды жаса.

Кез келген санды 1-ге бөлгенде сол санның өзі шығады. а : 1 = а

ҮІ. Білімдерін тексеру: № 2, № 3. Схеманы пайдаланып , тура теңдік құр. а)Фронтальді жұмыс.

25 : 1 = 25 25 ∙ 1 = 25; 40 :1 = 40 40 ∙ 1 = 40

№ 3. 5 : 1 18 : 1 23 : 1 49 : 1 77 : 1

5 ∙ 1 18 ∙ 1 23 ∙ 1 49 ∙ 1 77 ∙ 1

ә) Сергіту сәті.

б) № 4 Теңдеулер құр, оларды шеш:

а ∙ 5 = 10 24 : а = 8

а = 10 : 5 а = 24 : 8

а = 2 а = 3

2 ∙ 5 = 10 24 : 3 = 8

10 = 10 8 = 8

в) № 5. ( жұптық жұмыс)

6 ∙ а , мұндағы а = 2, 3, 4, 5.

6 ∙ 2 = 12 6 ∙ 3 = 18 6 ∙ 4 = 24 6 ∙ 5 = 30

г) Есепті қатар бойынша шығару, № 6. (үш қатардан шығып 1, 2, 3)

1)

Б – 6 к Шешуі: ( 6 + 8 ) :7 = 14 : 7 = 2



7 қор. қаншадан? Жауабы: әр қорапта 2 кекстен.

Ш – 8 к


2).

6 адам – 4 бәләштен Шешуі. 32 – 6 ∙ 4 = 32 – 24 = 8

32 бәліш Жауабы. 8 бәліш қалды.

Қалды ?
3). Шай – 35 түрі, 14 артық Шешуі: 35 + (35 – 14) = 35 + 21 = 56

? жауабы: барлығы 56 түрі сатылды.

Кофе - ?



ҮІІ. Сабақты қорыту. 1) № 8. Өздік жұмыс.

Ұзындығы (10 : а ) см. Тең кесінді сыз, мұндағы а= 2, 5. (10 : 2 = 5(см); 10 : 5 = 2(см).)

2). Шығармашылық жұмыс. № 9.

М

Ф К ( Ең аз жинаған Фарида, ең көп жинаған Сандуғаш)



Ә

С

ІҮ. Үйге. № 7, 10. 44 бет. Бағалау.


24 . Тақырыбы: Натурал санды өзіне өзін бөлу

Мақсаты: Натурал санды өзіне- өзін бөлу туралы түсінік беру; көбейту, бөлу, қосу, азайту дағдыларын бекіту, ойлау, зейінін дамыту.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Сендерге табыс тілеймін, Жарық пен жылу, денсаулық! Бір – біріңе сендер де, тілеңдер біраз жақсылық.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру: № 7, 10.

ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

  1. Ауызша жұмыс.

  • Ал енді, өрнектердің мәнін есептеп шығарыңдар.

27 : 1 0 : 5 20 ∙ 0 0 ∙ 9 0 : 30

33 : 1 0 : 4 13 ∙ 1 0 ∙ 17 40 : 1



ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

№ 1. Өрнектердің мәндерін тап: Сызбамен жұмыс.

7 : 7 = 14 19 : 19 = 1 32 : 32 = 1

№ 2. Амалдарды орында. а ) .


1
6


∙ 6 = 1 ∙ 13 = 1 ∙ 35 =

6

1
: 6 = : 13= : =


6


6

: 1 = : 1 = : =


ә). Тақтада мысалдар: (балалар қатар бойынша шешеді)

1 қатар 2 қатар 3 қатар

7 : 7 21 : 21 35 : 35

15 : 15 90 :90 56 : 56

18 : 18 25 : 25 92 : 92

б). Ұжымдық талқылау. № 3 схема бойынша , тура теңдік құру.

7 : 7 = 1 19 : 19 = 1

7 ∙ 1 = 7 19 ∙ 1 = 19 Бұдан, қорытынды.



Натурал санды өзіне – өзін бөлгенде 1 шығарады: а : а = 1

Ү. Өткен тақырыпты пысықтау.

1) Есеп шығару. № 5.

Іт. - 45 қара.қ. және 18 қызыл. қ. Шешуі: (45 + 18) – (16 + 34) = 63 – 50 = 13

ІІт. - 16 қара.қ. және 34қызыл қ. қ.қ ? Жауабы: 13 қ. бірінші ағаштың түбіндегі

артық.

№ 5 (2).


Қарағай б. - 43 және 28 Шешуі: (43 + 28) – (14 + 54) = 71 – 68 = 3

? б.


Шырша б. - 14 және 54

2). Өздік жұмыс. № 6.

345кг > 1ц – 20кг 2 тәул. < 50 сағ

1 кг > 615г + 380 г 5 сағ < 180мин

3). Шығармашылық жұмыс. № 8. Қандай фигура артық? Оның периметрін тап.

Бесбұрыш артық. Р = ? ( Р = 1 + 1 + 1 + 1 + 1 = 5 немесе 1 ∙ 5 = 5)



ІҮ.Үйге тапсырма : 7, 9. 46 бет. Бағалау

Тақырыбы:Есепті әр түрлі тәсілмен шығару.

Мақсаты: оқушылардың көбейту мен бөлу амалдары туралы білімін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай білуге баулу

Әдісі: қайталау, талдау, сұрақ – жауап.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 7,9.. ІІІ. Оқушы білімін жан – жақты тексеру.

Ауызша жұмыс.

5 : 5 6 ∙ 1 70 :70

7 ∙ 1 8 : 0 0 : 56

200 ∙ 0 1 ∙ 0 25 : 0

0 : 65 1 ∙ 10 40 : 40

ІҮ. Өткен материалды бекіту.


  1. Ой қозғау жұмыс. Кубтың көлемін қалай табамыз?

  2. ТСанның квадртаты дегеніміз не?

  3. Санның кубы дегеніміз не?

Жаңа сабақ.

№1. І омартадан -18 кг бал

ІІ омартадан 9 кг бал жинады

Оны 3 кг ыдысқы бөліп салды.

С; сонда неше ыдыс қажет болды?

Ш: `18+9: 3 = 9

Ж : 9 ЫДЫС ҚАЖЕТ

3). № 4. Өрнектердің мәнін тап: (екі оқушы тақтада, қалғаны дәптерге орындайды)

4). Жұптық жұмыс. №6 Теңдеулерді шеш.

Х ∙ 4 = 360 360 :А = 40 х : 4 = 90


Сергіту сәті.

№ 3


Ұзындығы 7 см

Ені -3 см 2

Тік төртбұрыштың ауданы- ? 7.3=21см


  1. Шығармашылық жұмыс. № 8. ІҮ.Үйге тапсырма: № 9, 47 бет. Бағалау

26 Тақырыбы: Бақылау жұмысы № 1



Мақсаты: оқушылардың көбейту мен бөлу амалдары туралы білімі мен білігін жүйелеу; есеп шығару, есептеу дағдысын қалыптастыру; салыстырып, талдай отырып өздігінен жұмыс істеуге баулу, білуге баулу.

Әдісі: өздік жұмыс. Көрнекілігі: тақтадағы жазу, дәптер, сызбалар. Түрі: бақылау.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі: Күнге қолдарыңды созыңдар. Күннің жомарт сәулелері ананың нәзік алақанындай аялайды, сипалайды, жылытады.Сиқырлы күн барлық өкпе мен мұңды ерітіп жібереді. Жүрегімізді жылу мен махаббатқа толтырады.

Барлығы: Күн жарығын алақанға саламын,

Жүрегіме басып ұстай қаламын.

Ізгі әрі нәзік, жарық, мейірімді,

Болып кетер сонда дереу жан-жағым.

-Міне, жүрегіміздегіосындай жылумен сабағымызды бастаймыз. Бүгін «Білгенімізді қайталаймыз!» деген мақсатпен жұмыс істейміз.



ІІ. Мақсат қою кезеңі: өздігінен жұмыс істей отырып, өткенді қайталау, білімін тиянақтау. ІІІ. Бақылау жұмысы

І нұсқа

  1. Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте: 628; 937; 132.

(628 = 600 + 20 + 8; 937= 900 + 30 + 7: 132 = 100 + 30 + 2)

  1. Есепте:

549 -40 = 509 980 – (263 + 37) = 980 - 300 = 680

305 + 95 = 210 (389 + 164) – 245 = 553 – 245 = 308



  1. Қосындыны көбейтіндімен алмастыр және өрнектердің мәндерін тап:

2 + 2 + 2 + 2 + 2 = 2 ∙ 5 = 10 4 + 4 + 4 + 4 = 4 ∙ 4 = 16

6 + 6 + 6 = 6 ∙ 3 = 18 5 + 5 = 5 ∙ 2 = 10



  1. Есепті шығар.

Залды безендіру үшін 86 қызыл шар және одан 48-і артық көк шар сатып алынды. Барлығы неше шар сатып алынды?

Қызыл ш. – 86 шар Шешуі: 86 + (86 + 48) = 86 + 134 = 220

? Жауабы: барлығы 220 шар сатып алды.

Көк ш. - ?, 48 шар артық

Қабырғасының ұзындығы 3 сантиметрге тең шаршы сыз. Оның периметрін тап.

Р = 3 ∙ 4 = 12 (см)



ІІ нұсқа

1). Сандарды разрядтық қосылғыштардың қосындысына жікте: 739; 421; 996.



  1. = 700 + 30 + 9; 421 = 400 + 20 + 1; 996 = 900 + 90 + 6

2). Есепте:

728 + 80 = 808 (349 + 58) – 146 = 407 – 146 = 301



  1. – 566 806 – (487 +113) = 806 – 600 = 206

3). Қосындыны көбейтіндімен алмастыр және өрнектердің мәндерін тап:

3 + 3 + 3 + 3 = 3 ∙ 4 = 12 8 + 8 + 8 = 8 ∙ 4 = 24

4 + 4 + 4 = 4 ∙ 3 = 12 5 + 5 + 5 + 5 + 5 = 5 ∙ 5 = 25

4). Есепті шығар.

300г шоколад кәмпит сатып алынды. Бұл карамель кәмпитке қарағанда 50г кем. Сатып алынған кәмпиттердің массасы қандай?

Шоколад к. – 300г Шешуі: 300 + ( 300 – 50) = 300 + 250 = 550

? Жауабы: барлықсатып алынған кәмпиттің массасы 550 г

Карамель к. - ?, 50г кем

5).Қабырғаларының ұзындықтары 4 сантиметрге және 2 сантиметрге тең тік төртбұрыш сыз. Оның периметрін тап.

Р = (4 + 2) ∙ 2 = 6 ∙ 2 = 12 (см)


ҮІІ. Сабақты қорыту. Бүгінгі сабақта не істедік? Саған не ұнады?

ҮІІІ. Үйге тапсырма: Қайталау. Бағалау.

Тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі.

Мақсаты: Санды 2-ге көбейту кестесін құрастырумен таныстыру, қалыптастыру; қосуға жанама есептер шығара білуін жетілдіру;дербес, өздігінен жұмыс істеуге баулу.

Түрі: жаңа сабақ Әдісі: сұрақ-жауап, түсіндіру, өзіндік жұмыс.

Көрнекілігі: кестелер, сызбалар, суреттер.

Сабақтың түрі: І. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Мен бүгін көңілді келдім. Кәне, шеңбер құрайық, өзіміздің жақсы көңіл күйімімізді бір- бірімізге берейік. Өйткені көңіл күйіміз жақсы болса қиындықтарды оңай жеңеміз ғой.

ІІ. Білімін тексеру: 1) математикалық диктант

58+1 60+9 75-70 3 ∙ 2 6 : 2 4 ∙ 5

70+1 91-1 27-20 2 ∙ 3 10 : 2 20 : 4

ІІІ. Жаңа материалды түсіндіру.


  1. Мақсат қою кезеңі: Санды 2-ге көбейту кестесін құрастырумен танысамыз.

  2. Жаңа білімді меңгеру

Тақтада демонстрациялық кесте.

2 ∙ 1 = 2

2 ∙ 2 = 2 + 2

2 ∙ 3 = 2 + 2 + 2

2 ∙ 4 = 2 + 2 + 2 + 2

2 ∙ 5 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2



2 ∙ 6 = 2 + 2 + 2 + 2 + 2 + 2

  • Бірінші көбейткіші 2 саны болатын көбейтінділерді қарастыр.

  • Теңдіктердің сол және оң жақ бөліктерін салыстыр.

  • Әрбір келесі жолдағы өрнектердің мәні алдыңғы жолдағы өрнектің мәнінен 2-ге артық болатыны неге?

  • Біз бүкіл кестені құрастырып, үйреніп алған соң, өзіндік дәптерге Пифагордың кестесін орналастырамыз.

  • Ал, сендер Пифагордың кім екенін білесіңдер ме? Ол көбейту кестесін жасаған әйгілі математик.

  1. Бекіту а) көбейту кестесімен таныстыру.ә) № 2 бос тор көздегі тиісті санды ата:

б) № 3 жазбаны толтыр.

2 ∙ 2 = 2 ∙ 1 + 2 2 ∙ 5 = 2 ∙ 4 + 2 2 ∙ 8 = 2 ∙ 7 + 2

2 ∙ 3 = 2 ∙ 2 + 2 2 ∙ 6 = 2 ∙ 5 + 2 2 ∙ 9 = 2 ∙ 8 + 2

2 ∙ 4 = 2 ∙3 + 2 2 ∙ 7 = 2 ∙ 6 + 2 2 ∙ 10 = 2 ∙ 9 + 2

в) № 4 (жұптық жұмыс) Теңдік дұрыс болатындай сандарды жаз.

2 ∙ = 2 ∙ 5 + 2 2 ∙ 6 + 2 = 2 ∙

2 ∙ + 2 =2 ∙ 7 2 ∙ + 2 = 2 ∙ 9

Сергіту сәті.

ІҮ. Өткен материалды бекіту.

Шаршының жартысы боялған. Боялған фигураның периметрін тап.

(4 : 2 = 2) а = 2 см в = 4 см Р = (2 + 4) 2 = 8 2 = 16 немесе Р = 2 +4 + 2 + 4 =16

Ү .Үйге тапсырма: № 6, 9. 49 бет. Бағалау

Тақырыбы: 2 – ге көбейту кестесі.

Мақсаты: 2-ге көбейту кестесін құрастыруды түсіндіру, көбейту кестесін дұрыс пайдалана білуін пысықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 6, 9.

ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс. 1. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру


2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

1). Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

2) Тақтаға өрнектер жазылған. 2-ге көбейту кестені қалай құрылғанын қарап, түсініп ал.


3 ∙ 2 = 2 ∙ 3

4 ∙ 2 = 2 ∙ 4

5 ∙ 2 = 2 ∙ 5

6 ∙ 2 = 2 ∙ 6

7 ∙ 2 = 2 ∙ 7

8 ∙ 2 = 2 ∙ 8

9 ∙ 2 = 2 ∙ 9



(Оқушылар кезек –кезек шығып түсіндіреді.) дәптерлеріңе жазып алыңдар.

3). Жұптық жұмыс. № 2. 2-ге көбейту кестесін толықтыр:




2-ні көбейту кестесі

2 ∙ 2 = 4

2 ∙ 3 = 6

2 ∙ 4 = 8

∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙

2-ге көбейту кестесі

2 ∙ 2 = 4

3 ∙ 2 = 6

4 ∙ 2 = 8

∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙∙

Сергіту сәті.


4). № 3 ( карточка) Өздік жұмыс. Бос тор көзде тұруға тиісті санды ата.


І. Үйге тапсырма: № 5; Бағалау.

Тақырыбы: 2-ге бөлу кестесі

Мақсаты: 2-ге бөлу кестесін құрастыруды түсіндіру, бөлу мен көбейту кестесін құру, арасындағы байланысын анықтау; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: сұрақ-жауап, талдау, өзіндік. Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі:

Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.

ІІ. Үй жұмысын тексеру. № 5. ІІІ. Тірек білімді өзекті ету.

Ауызша жұмыс. Көбейту кестесі бар карточкалар таратып беру

2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20
ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру.

Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

1 (сызба бойынша жұмыс істеу). 1). Ұжымдық жұмыс.

2-ге бөлу кестесі қалай құрылғанын түсіндір.

6 : 2 = 3 3 ∙ 2 = 6



Тақтаға өрнектер жазылған: (оқушылар кезек –кезек шығып түсіндіреді.)

дәптерлеріңе жазып алыңдар




2-ге бөлу кестесі:

4 : 2 = 2

6 : 2 = 3

8 : 2 = 4

10 : 2 = 5

12 : 2 = 6

14 : 2 = 7

16 : 2 = 8

18 : 2 = 9
4 : 2 = 2, себебі 2 ∙ 2 = 4

6 : 2 = 3, себебі 2 ∙ 3 = 6

8 : 2 = 4, себебі 2 ∙ 4 = 8

10 : 2 = 5, себебі 2 ∙ 5 = 10

12 : 2 = 6, себебі 2 ∙ 6 = 12

14 : 2 = 7, себебі 2 ∙ 7 = 14

16 : 2 = 8, себебі 2 ∙ 8 = 16

18 : 2 = 9, себебі 2 ∙ 9 = 18



Сергіту сәті. Ү. Бекіту.

1) № 2, № 3 (карточкада ауызша). Бос тор көзде тұруға тиісті санды ата.

2). Есеп шығару. № 5 (1, 2, 3.) 3 оқушы түсіндіріп тақтада шығарады.

а) 6 күн – 2 інжу

барлығы-? 6 ∙ 2 = 12 Жауабы: барлығы 12 інжу

ә) 16 інжу – 2 інжуден

барлығы - ? қобдиша 16 : 2 = 8 Жауабы: барлығы 8 қобдиша

б) І – 46 інжу Шешуі: 154 – (46 + (46 + 34)) = 154 – 126 = 28

ІІ - ?, 34 інжу артық 154 інжу Жауабы: үшінші Су перісі 28 інжу жинады

ІІІ - ? қалғаны

3). Жұптық жұмыс. № 7 Басқа фигуралардың периметрінен өзгеше фигураны тап.

Ол: үшбұрыш, оның Р = 4 + 4 + 4 = 12 (см) немесе Р = 4 ∙ 3 = 12 (см)

4). Шығармашылық жұмыс. № 8. ( 10 : 2 = 5, жауабы. 5 қазық қақты.)

ҮІ.Үйге тапсырма: № 4, 10. 52-53бет Бағалау
30. Тақырыбы: Бөлу амалына берілген бір амалмен шығарылатын есептер

Мақсаты: Мазмұны бойынша бөлудің қарапайым есептерімен таныстыру; есепті өздігінен талдап шығара білуге дағдыландыру; ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту; жауапкершілікке тәрбиелеу.

Әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, өздік, жұптық. Көрнекілігі. схема, кестелер, суреттер.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру кезеңі Сабағымыз басталды, балаларға пайдалы.

Бәрін ұғып алыңдар, санауға зер салыңдар.



ІІ. Үй жұмысын тексеру: № 4, 10 ІІІ. Білімін бекіту: ауызша жұмыс.

1).


2 ∙ 2 = 4 2 ∙ 5 = 10 2 ∙ 8 = 16

2 ∙ 3 = 6 2 ∙ 6 = 12 2 ∙ 9 = 18

2 ∙ 4 = 8 2 ∙ 7 = 14 2 ∙ 10 = 20

2). Әріптердің орнына қандай сан жазылады? Дымбілмеске көмектесіңдер.



а = 20



  • 6 + 5 - а + 30

∙ 4 : в ∙ 6 :1




в = 8
4 : 2 = 2, себебі 2 ∙ 2 = 4

ІҮ. Жаңа материалды түсіндіру:

  1. Мақсат қою кезеңі. Сабақтың тақырыбы мен мақсатын хабарлау.

  2. Практикалық жұмыс.

  • Бір оқушыны шығарып 10 дәптер беріп, әр оқушыға 2-ден таратып беруге көмектесші. (оқушы таратады)

  • Кәне, кім дәптер алды, орындарыңнан тұрыңдаршы. Неше оқушы дәптер алғанын санаңдар.

  • «Тарату» сөзін қандай сөзбен алмастыруға болады? (жіктеу, бөлу) Біз 10 дәптерді 2-ден бөлдік.

  • Бұл математикада қалай аталады? (бөлу) 10 : 2 = 5 (оқушы)

Есеп шығару. № 1. Дымбілмеске көмектесейік. Схема арқылы шығарылатын есептерді таңда: (Үш оқушы көмектеседі)


? ==


1) Шешуі: 18 : 2 = 9

2


18
Жауабы: 9 пакет қажет.

:
2) Шешуі: 18 : 2 = 9


Жауабы: 9 көйлек тігуге болады.

3) Шешуі: 18 : 2 = 9 Жауабы: 9 күн жаттығуға барады.

4) Шешуі: 18 : 2 = 9 Жауабы: әр бала 9 шелек судан құйды.

- Біз қандай есепті шығардық?



Сергіту сәті. Ү. Жаңа сабақтан алған білімін бекіту.

1) № 2. Бос тор көзде тұруға тиісті санды




2).№ 4. Жұптық жұмыс. Салыстыр. 1 дм 3см › 15 см; 1 км › 698 м т.с.с.

3). № 5 есеп шығару.

Құдыққа – 40 бөрене Шешуі: 90 – ( 40 + 35) = 90 – 75 = 15

Жылыжай – 35 бөрене 90 бөрене жауабы: 15 бөрене қалды.

Қалды?


4). Өздік жұмыс: № 6 (жауабы: ең соңында гүлдеген інжу гүл)

5). Шығармашылық жұмыс. № 8

Шешуі: 4 : 2 ∙ 8 = 16 Жауабы: 16 жылқы бар.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет