Сборник материалов май 2020 года г. Петропавловск



Pdf көрінісі
бет83/286
Дата18.11.2022
өлшемі12,93 Mb.
#158773
түріСборник
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   286
Байланысты:
Международная конференция сборник

Метод
 
 рефлексии «Светофор»
Цель: оценить собственный вклад в работу группы, найти пути улучшения 
взаимодействия в группе, создать ситуации успеха; отследить соответствие 
результатов с намеченными ожиданиями в начале урока. 
Участники: все обучающиеся.
Время проведения: 5 минут 
Необходимые материалы: ватман или флипчат, стикеры красного, желтого и 
зеленого цвета. 
Проведение: каждый оценивает свой вклад в работу группы: красный – не 
доволен, сделал не все, что мог; желтый – мог бы лучше; зеленый – сделал 


156 
все, что в моих силах для успеха группы. Листочки наклеиваются на плакат с 
изображением светофора, затем идет обсуждение и намечается дальнейшая 
стратегия для подобных заданий.
Варианты/ примечания: Листочки могут быть круглой формы. Особо 
сравниваются результаты с намеченными ожиданиями в начале урока. На 
доске появляется наглядный итог урока в виде светофора

 
Список литературы 
1.
 
Лесгафт П.Ф. Семейное воспитание ребенка и его значение. – М.: 
Педагогика, 1991 
2.
 
Загвоздкин 
В.К. 
Альтернативы 
Вальдорфской 
педагогики 

Психологическая наука и образование – М., 2002, №1. 
3.
 
Монтессори М. Мой метод. – М., ЭКСМО, 2002. 
МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАС ТҰЛҒА
ДАМУЫНЫҢ БІРЕГЕЙ КЕЗЕҢІ РЕТІНДЕ 
Гайнуллина Ш.Д. Контарова А.М. 
КМҚК «Астана» бөбекжайы
СҚО Ғ.Мусірепов ауданы Новоишим ауылы 
Аннотация
Пение – учить точно интонировать несложные попевки в 
упражнениях для развития голоса и слуха. Воспринимать характер песни, 
петь, правильно интонируя, точно передавать ритмический рисунок
динамику; различать музыкальное вступление, запев, припев и заключение.
Музыкально-ритмические движения. Менять движения в соответствии с 
изменением характера музыки, передавать характер марша четкой ритмичной 
ходьбой, подвижный характер музыки – легким ритмичным бегом. 
Слушание музыки. Учить детей различать эмоциональное содержание 
произведений, их характер, настроение, динамические оттенки. Выражать 
свое отношение к музыкальному произведению, высказываться о его 
характере, содержание. 
Музыкальные инструменты. Овладевать приемами игры на детских 
имузвыкальных инструментах – метадлловоне, дудочке, треугольнике, 
маракасе, бубне. Знать названия инструментов, узнавать их тембр. 
Мақала мәтініндегі негізгі сөздер: эстетикалық тәрбие, музыкалық аспаптар, 
қимылды ойындар, динамика, ырғақ. 
Мектеп жасына дейінгі тәрбиедегі басты міндеттердің бірі – баланың 
музыкаға деген қызығушылықты, сұранысты, қабілеттілікті, эстетикалық 
көзқарасы, жалпы рухани - мәдени дамуына ықпал етуші музыка 
білімініңнегізін қалыптастыру. Ақыл-ой мен дене жағынан дамуды, 
адамгершілік пен өмірге деген эстетикалық көзқарастарын үйлесімді 


157 
ұштастыру – жан – жақты жетілген жеке тұлғаны қалыптастырудың қажетті 
шарты. Балаларға музыкалық тәрбие беруді дұрыс ұйымдастыру көптеген 
мәртебелі міндетке жету ісіне көмектеседі. 
Музыка – балаға эстетикалық тәрбие беру құралы.Эстетикалық тәрбие 
мектеп жасына дейінгі балалардың әсемдікті қабылдап, сезіну және түсіну, 
жақсы мен жаманды байқап, шығармашылық тұрғыдан жеке қимыл жасау, 
сөйтіп көркемдік қызметтің әр түріне қамтылу қабылеттерінің дамытуға 
бағытталған. 
Ән салу.
Көптеген алдыңғы қатарлы қоғам қайраткерлері әншіліктің адам өміріндегі 
рөлін жоғары бағалап келеді. Н.Т.Чернышевский әншілікті «жоғары, 
жетілген өнер» қатарына жатқыза отырып «Ән айту сөйлеудің әуелгі және 
елеулі негізі іспеттес» деп атап айтқан.
Ән айтуға үйрету процесі балалардан үлкен белсенділікті және ой - қуатын 
талап етеді. Ол өзінің ән айтуын басқалардан ән айтуымен салыстыруды 
фортепианода орындалып отырған әуенге зейін бөлуді, музыкалыөқ 
фразалардың, жаттығулардың әр түрлі сипаттарын салыстыруды, әннін 
орындалу сапасын бағалауды үйренеді. 
Ән айту балал организмге жайлы тиіп, сөйлеу қабілетін жетілдіруіне, 
тынысын терендетуіне,дауыс апаратын шынықтыруына көмектеседі.
Ән айтуға үйрету процесінде баланың негізгі музыкалық қабілеттері: 
эмоциялық әсер алғыштығы, музыкалық есту қабілеттерді, ырғақты сезінуі 
айрықша тез дамиды. 
Балалрмен бірге ән үйрену алдында музыка жетекшісі әнді шамамен мына 
сызба бойынша мұқият талдауы тиіс: 
1. 
Тәрбиелік құндылығы: муызкалық бейнелеудің негізгі идеясы мен 
сипаты . 
2. 
Әдеби тексті: текстің жалпылама көркемдік спасы, ерекшеліктері – 
қаратпа сөздерінің, диалогтарының, айтылуы жағынан мәнді сөздерінің 
болуы. 
3. 
Әуен:әуеннің сипаты, интонациялық әсерлілігі, интервалдар, лад, 
мөлшері ырғағы, тисситура және диапазон. 
4. 
Фортепианомен сүйемелдеуі: көркемдік қасиеті, бейнелілігі, баланың 
қабылдауына оңайлығы. 
5. 
Әннің құрылымы (формасы): бір бөлімді, екі бөлімді (бастама, 
қайырма), шумақты. 
6. 
Балалар ересек адамдардың сөйлеу және ән салу интонациясына 
еліктейді, малдың, құстардың дауысын айнытпай салуға тырысады. 
Мұндайда есту қабілеті дыбыстың дұрыс, бұрыс еместігін аңғартады.
Есту мен дауыстын өзара байланыстылығын көптеген ғалымдар зерттеп 
келеді. Балалар даусының табиғатын зерттеуші доктор Е.И.Алмазов дамыған 
есту қабілетінің дұрыс және дауыс интонациясы үшін айрықша 
маңыздылығын атап көрсетеді. Балалардың ән салудағы кемшіліктерін 
талдай келіп, оның себептерін(есту мүкістігі, тамағы кесел, есту мен 


158 
дауысарасында байланыстың жоқтығы) атайдыжәне бұл кеселдердідәрігер 
дер кезінде қарап емдеуі қажет дейді. 
Балалардың жасы 
Диапазондар 
2-3 
3-4 
4-5 
5-6 
6-7 
Ми-ля 
Ре-ля 
Ре-си 
Ре-си(дә2)2 
До(ре-до2)до2диез-ре2 
Егер оқыту дұрыс жолға қойылса, есту қабілеті қалыпқакеледі. 
Музыкалық– ырғақты қимылдар. 
Түрлі музыкалық шығармалар балаларды сезімдік толғанысқа келтіріп
белгілі бір көңіл күйін келтіреді, соның нәтижесінде қимыл белгілі бір 
сипатқа ие болады. Мысалы, мерекелік марштың салтанатты үні адамды 
қуантады, жанына жігер береді. Бұл дененің тік ұсталуынан, қол мен аяқтың 
дәл және нық қимылынан айқын көрініс табады. Керісінше, салмақты, баяу 
қимылды билер денені бос ұстауға, қимылды асықпай, барынша еркіндікпен 
жасауға мүмкіндік береді.
«Музыканың 
сүйемелдеуімен орындалатын қимылды ойындар 
музыканың өзі сияқты естуді, жеңілдікті және қимылдың икемділігін, 
музыкадан алынатын әсерлерге шапшаң және дұрыс жауап бере білушілік 
қабілетті дамытады», - деп жазған болатын белгілі орыс педагогы 
Е.Н.Водовозова. Соған орай баланың ән айтуы ойыннан туындайды деп 
айтуға толық негіз бар. Балалар ойынының тәжірбиесі балалар музыкалық 
мәдениетінің бастапқы мектебі болып табылады... Балалар үшін орыс биі 
дегеніміз не деген сұрақтың жауабын да осы ойындардан іздеген жөн болар. 
Музыка мен қимыл арасындағы байланыс тек қана олардың жалпы сипаттағы 
үйлесімділігімен шектелмейді. Музыкалық бейненің дамуы, бір-біріне қарама 
қарсы және ұқсас музыкалық құрлымдарды салыстыру, мәнерлік реңкі, 
ырғақтық өрнек ерекшелігі, динамикалық ерекшеліктер, қарқын- осының 
бәрі қимылдан көрініс таба алады. Музыкалық қабілеттінің дамуы – естуді 
және өзінің қимылдарын музыкамен үйлестіре білуді жетілдіру үдерісінде 
жүзеге асырылады. Мектепке дейінгі жастағы балалар үшін бұл іскерліктерді 
ырғақты жаттығулар, музыкалық ойындар, билер, қол ұстасып әндетіп билеу 
түрінде түсінікті әрі қызықы етіп дамытуды мүмкіндігінше ерте бастау 
қажет. Музыкалық-ырғақтық қимылдар балаларды музыкада айтылғанды 
бастан кешіруге мәжбүр етеді. Ал бұл өз кезегінде орындаушылық сапасына 
ықпалын тигізеді. Музыкаға шаттану, өз қимылдарының әсемдігін сезіну 
арқылы бала эмоциялық жақтан толысады, ерекше бір өсуді сезінеді, өмір 
қуанышына бөленеді. 


159 
Музыка тыңдау.
Белгілі композитор Д.Б.Кабалевский былай деп атап көрсетеді: «....балаларға 
музыкалық тәрбие беру жөнінде жақсы жолға қойылған жұмыс болмаған 
жағдайда елімізде музыка мәдениетін одан әрі дамытуға әрекеттену — ірге 
тасы жоқ сәулетті үйлер тұрғызуға әрекеттенумен пара-пар». Кішкене кезден 
бастап зейінді, түсінуші тыңдаушыны тәрбиелеудің маныздылығын көрсете 
келіп, Д.Б.Кабалевский өзінің бүкіл музыкалық-насихаттық қызметін
композиторлық талантын осы ірге тасты қалауға арнап келеді. Өнердің басқа 
түрлері сияқты музыка да шындықты көрсетеді. Опера және балетте ол 
кейіпкерлердің мінез-құлқын, қарым-қатынасын, көңіл күйін сипаттайды. 
«Музыкалық живопись» деп атауға болатын бейнелеу сипатындағы музыкада 
табиғаттың тамаша «суреті» беріледі. Күнделікті өмірде музыка адаммен еріп 
жүреді, оның қоршаған өмірге көзқарасын айқындайды, рухын байытады, 
еңбек етуіне дем алуына көмектеседі.
Бағдарламаның мазмұны үш негізгі элементті қамтиды:

музыкалық шығармалармен таныстыру, оларды сүйе, есте сақтай 
білуге, музыкалық әсерлерді жинақтай білуге тәрбиелеу;

музыканы тыңдау мәдениетінің дағдыларына тәрбиелеу;

музыка туралы алғашқы мәліметтер, есту әсерлерін жинақтау 
процесінде музыкалық талғамға тәрбиелеу. 
Музыканы балалардың түсінуіне және есте сақтауына көмектесетін әр түрлі 
ойын тәсілдерін, музыкалық жұмбақтарды, ойыншықтарды қолданған жөн. 
Әрбір жаңа шығарма - әсер алу, тол¬қу, жаңалық болып табылады. 
Музыкалық аспаптар. 
Балаларға эстетикалық тәрбие беру міндеті өсіп отырған қазіргі жағдайда 
музыкалық ойыншықтар мен балалар аспаптарына айрықша роль жүктеледі. 
Олар балалардың зор қызығушылығын туғызады. Сондай-ақ бұлар 
балдырғандарды му¬зыка сферасына қызықтыру, шығармашылық, қабілетін 
жетілдіру мақсатында семьяда да, бала бақшада да кеңінен қолданылады. 
Мұндай музыкалық аспаптарды мектепке дейінгілерді тәрбиелейтін 
мекемелерде пайдаланудың алуан түрлі мол мүмкіндігі бар. Бос уақытта 
музыкаға жеке әуестенушілік те, балалар opкестріндегі ұжымдық орындаулар 
да осындай мүмкіндік болып табылады. 
Оркестрдің шамамен мынадай құрамда болғаны дұрыс: ксилофон – 5-7; 
металлофон – 5-7; сақпан – 1-2; асатаяқ2-3; тай –тұяқтар және қасықтр – 2-3; 
маракастар – 4 – 6; үшбұрыш–2-3; дауылпаз, бубендер, тарелкалардан бір-бір 
аспаптан. 
Музыкалық аспаптар 
Балалар мыңаны білуге тиіс: 

аспаптардың аттарын; 


160 

аспаптардың дыбыстау сипатын (мәселен, цитрдің, дыбысы нәзік әрі 
жұмсақ, металлофонныц дыбысы сыңғырлап, аккордеондікі ашық, 
тарелканікі қатты, анық, барабанның дыбысы даңғырлап шығады және т.б.); 

аспаптарды пайдалану және оларды сақтау ережелерін; 

оларда ойнау тәсілдерін; 

әр турлі музыкалық аспаптардағы жоғары және төменгі ды¬быстардың 
орналасуын; 

нотаның аттарын (до, ре, ми, фа, соль, ля, си) және олардың 
металлофон 
пластинкасындағы 
басқа 
музыкалық 
аспаптардың 
клавиштеріндегі орындарын; 
Балалар мыналарды үйренуі керек: 

әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнаудың қарапайым тәсілдерін 
меңгере білуі; мәселен, балғамен металлофонда, ксилофонда ойнаған кезде 
саусақтарды жеңіл қимылдата білуді; 

домбыра, триолда, кларнетте, сыбызғыда ойнағанда, дұрыс дем алуды, 
аккордеонда, 
баянда, 
пианниода 
ойнағанда 
саусақты 
қолайлы 
орналастыруды; тарелканың, треугольниктің дыбысын жаңғыртпауды, 
кастаньетті, маракасты сілки отырып, бубенде, барабанда oйнағанда қолды 
дұрыс ұстауды; 

ансамбльде ортақ динамиканы, темпті сақтап ойнауды; музыканы 
орындауға дер кезінде кірісіп, дер кезінде аяқтауды;

қарапайым динамикалық реңктерді пайдалануды;

қарапайым ән, өлеңдерді дербес орындауды;

есту арқылы өзіне жақсы таныс әндерді, әзілдерді, санамақтарды талғап 
алуды; 

ырғақтық және әуендік әндерді жанынан шығарып, айтуды үйренуге 
тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   79   80   81   82   83   84   85   86   ...   286




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет