Сборник научных статей международной научно-практической конференции «Современные тренды педагогического образования»


ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ОЙЫН АРҚЫЛЫ



Pdf көрінісі
бет116/232
Дата02.06.2024
өлшемі8,65 Mb.
#203093
түріСборник
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   232
Байланысты:
pedagogikalyk bilim berudin zamanaui trendteri zhinak

ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ОҚЫТПАЙТЫН МЕКТЕПТЕРДЕ ОЙЫН АРҚЫЛЫ 
ТІЛ ДАМЫТУ 
Байтанаева–Молдалиева Д.Ә. – ф.ғ.к., ОҚМПУ доценті 
Шымкент қаласы 
 
Резюме 
В данной статье раскрываются приемы развития речи с помощью игр в школах с неказхским языком 
обучения. 
 
Summary 
This article reveals the methads of developing
speech through games in schools with a non-Kazakh 
language of instruction. 


298 
Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне мемлекеттік тіл ретінде оқыту жұмысы мектеп 
қабырғасынан басталады. Өзге ұлт өкілдеріне екінші тілді оқыту жұмысы қиын 
да абройлы. Мұғалім сабақта түрлі әдістерді қолданып қана қоймай, 
оқушыларды сол сабақка деген қызығушылығын арттырып, тілді оңай жолмен 
меңгертудің амалдарын қарастырады. Сол амал-әрекеттердің бірі –сабақ 
үдерісінде дидактикалық ойындарды пайдалану. 
Ойын – өзге ұлт өкідерінің қазақ тіліне деген қызығушылығын арттырып, 
оны оңай жолмен игертуге бағытталған әдістің бір түрі. Сондықтан қазақ тілі 
сабағында ойынды пайдалану арқылы жүргізілетін тіл дамыту жұмыстары тіл 
мамандары үшін қажетті, зерттеуді талап ететін мәселелердің бірі деп 
есептейміз. 
Қ.Д.Ушинский: «Егер 
оқушыны 
қиын 
сабақтардан 
қаншама 
алыстатсаңыз, ол соншама қиынға соғады, ал егер ол қиын сабақты оқушы 
үшін қызықты етіп берсеңіз, міне, бұл алғашқы оқыту сатысының міндеті болар 
еді. Демек, білім беруде ойын арқылы бірте-бірте оңайдан қиынға көшу керек. 
Сонда ғана бала қызыға отырып, пәнге деген ықыласы туады [1]», – десе,
В.А.Сухомлинский болса: «Ойынсыз, музыкасыз, ертегісіз, творчествосыз, 
фантазиясыз толық мәніндегі ақыл-ой тәрбиесі болмайды» [2], – деп дұрыс 
тұжырымдайды. Шынында да солай. 
Мектепке алғаш келген балалардың әлі мақсатқа бағытталған сезімі болмайды. 
Олар өздерінің зейінін негізінен өздеріне тікелей қызықтығымен, 
ашықтығымен, өзгешелігімен ерекшеленетін нәрселерге аударады. Мектеп 
жұмысы алғашқы күннен бастап оқушыны қызықтырмауы мүмкін, сондықтан 
пәндерді және мәліметтерді қызықты етіп өткізуге күш салуы қажет. Мұғалім 
ең алдымен өзіне тілге деген сүйіспеншілікпен қарағанда ғана мақсатқа 
жетеді. Ал сабақ үдерісінде дидактикалық ойындарды пайдалануға келетін
болсақ, мұғалім ең алдымен ойынды жүргізудің мақсатын, оның әдістемелік 
жолдарын, тиімділігін т.б. зерттеп, оқушылардың жас ерекшеліктеріне, білім 
деңгейіне қарай топтастырғаны дұрыс. 
Ойын – балалар үшін оқу, әрі еңбек, айналадағы дүниені танудың ең 
негізгі де, тиімді тәсілі. Сол арқылы баланың психологиясы, мінезі, болашағы 
қалыптасады. Ойын әсіресе төменгі сынып оқушылары үшін негізгі даму 
қызметін атқарады. Оқушынын ойы ойын арқылы дамып өрістейді, мінез-
құлқы, өмірге көзқарасы қалыптасады [3]. 
Бала санасындағы сөз – айналадағы обьектілерді бейнелеу құралы. Ал 
екінші тілді меңгеру баладан жат сөздің нені білдіретінін түсінуді, оны есте 
сақтауды, ана тілімен салыстыруды, өз тілінен өзгеше дыбыстарды дұрыс 
айтуды, грамматикалық, жаңа стильдік құрылым бояуларды тани білуді талап 
етеді. Сондықтан тіл үйретуде балалардың алғаш меңгерген ана тілінің 
грамматикалық зандылықтарын есте ұстаймыз да, сол тіл мен жаңа үйретіле 
бастаған тіл арасындағы елеулі айырмашылықтарды немесе ұқсастықтарды 
оқытуда ескертіп отырамыз. 


299 
Сонымен, ойынды пайдалану – сабақ сапасын арттырудың тиімді бір 
жолы. Төменгі сынып оқушыларының жан-жақты дамуы үшін әсіресе ойынның 
ролі ерекше. Өйткені бастауыш сынып оқушылары үшін ойын – негізгі іс-
әрекет. Ойын барысында балалардың айналасындағы дүние жайында таным 
белсенділігі артады, оқушы білім алып қана қоймайды, сонымен бірге оның 
еңбекке деген ынтасы да артады. Ойын –имандылыққа, адами қасиетке 
тәрбиелеудың және терең білім берудің ерекше бір түрі. 
Балалардың жасы төмен болған сайын сабақ үдерісінде ойынды көбірек 
пайдаланған жөн. Тіпті бағдарлама бойынша берілген барлық лексикалық 
тақырыптарға байланысты ойындар жүргізуге болады. Мысалы, төменгі 
сыныптарда «Үй жануарлары», «Үй құстары», «Адамның дене мүшелері», «Оқу 
құралдары», «Жанұя» т.б. тақырыптардың бәріне де лайықты ойындар 
жүргізуге болады. Ол ойындардың оқушы санасына сіңімді де, қызықты болуы 
мұғалімнің тәжірбелілігіне, ұйымдастыру қабілетіне байланысты. Төменгі 
сыныптарда әсіресе қимыл-әрекеті мен сөйлеу жұмыстары қатар жүретін 
ойындар оқушыларды еркін ойлап, дұрыс жауап беруге баулиды. Мұндай 
ойындар оқушыларды ізденімпаздылыққа жетелейді, қызықты әрекетер 
жүргізіп, сабаққа ынтамен кіріседі. 
Ойын арқылы білім алу мұғалім мен оқушының тілдік қарым-қатынас 
үдерісінде жүргізіледі. Ойын үдерісінде мұғалім оқушыларды тілдік қарым-
қатынас процесінде айтылатын ойды, сөздерді дұрыс айтуға машықтандырады. 
«Дидиктикалық ойындар оқушыларға бір саладан білім беріп қана қоймай, 
сонымен бірге олардың зеректілігін дамытып, ақыл-ойының қалыптасуына 
әсерін тигізуі керек» [4]. 
Оқытудың басқа түрлеріне қарағанда ойынның мынандай өзгешіліктері 
бар:
- біріншіден, ойынға барлық балалар бірдей қамтылады; 
- екіншіден, ойын оқушыларды қызықтырып, сабақ үстінде әрі демалып, әрі 
ойын барысында оқушылар сайысқа түсіп, өзінің білімдерін іс-тәжірибе 
жүзінде сынап көреді. 
Ойын универсал әдіс екен деп сабақты түгел ойынға айналдырып жіберуге әсте 
болмайды. Оны пайдаланудың өзіндік принціптері бар [4]. 
Ойынның дидактикалық принциптеріне мыналар жатады: 
1. 
Қызығушылық принципі.
Қандай да бір ойын болмасын ол негізінен 
қызығушылық принципі негізінде жүргізіледі. Қызықтырмайтын ойын пайда 
болуына, артуына мұғалім себепші болады. Оқушының қызығуы қандай да 
ойын болмасын мұғалімнің іс-әрекетіне байланысты туындайды. 
2. Жариялылық принципі. 
Ойынның мақсаты, жүргізу әдісі, оның нәтижесі 
ойнаушылардың бәріне жария, яғни белгілі болуы керек. Ойынның соңында 
оның жеңушісі мен жеңілушісі жарияланады. 
3. Көрнекілік принципі.
Ойында көрнекі құралдар, кеспе қағаздар, маскалар,
арнайы киімдер, жұлдызшалар, жалаушылар, орамал, жүзік, асық, таяқ, 


300 
кубиктер, шарлар т.б.(не болмаса ойынның барысын көрсетіп отыратын 
тақталар) болады.
4. Жас ерекшеліктеріне сай болу принципі. 
Бұл принцип бойынша ойындар 
оқушылардың жас ерекшеліктеріне және сыныптарына сай топтастырылады.
5
. Тақырыптық принципі. 
Ойындар тақырыптық (лексикалық тақырыптар 
бойынша) принциппен топтастырылып, оны ұйымдастыруда білім мен тәрбие 
жұмысы ұштастырылады. 
Қандай бір ойын болмасын ол келесі әдістемелік талаптарға сай 
ұйымдастырылуы керек: 
1. Ойынның тақырыбы, мақсаты, жүргізу әдісі, көрнекілігі және жеңімпаздары 
болады. 
2. Ойын сабақтың тақырыбына сай жүргізіледі. Мұғалім қалаған уақытта, 
қалаған 
тақырыпта 
ойын 
ұйымдастырмайды, 
қажетті 
кезде 
ғана 
ұйымдастырады. 
3. Ойынның белгілі мерзімі болады. Әдетте ойын сабақтың екінші жартысында, 
не соңында қайталау, пысықтау кезінде оқушыларды қызықтыру мақсатында да 
5-6 минут, ары кетсе, 8-10 минут аясында ғана жүргізіледі. 
4. Оқытушы ойынның мақсатын белгілеп, ойын барысында қолданылатын 
лексикалық материалдарды күні бұрын оқушылардың сыныбы мен жас 
ерекшеліктеріне қарай топтастырады. 
5. Ойынды бастамас бұрын ойынның ережесі мен жүргізу тәртібі
таныстырылады.
6. Ойынға оқушылардың түгел қатысуын қамтамасыз ету керек. Ойынды не 
мұғалім жүргізеді, не оқушылардың ішінен қабілеттілер кезек-кезек орын 
ауыстырып отырады. 
7. Ойын барысында оқушылардың ойлау қабілеті мен қимыл әрекеттерін 
бірлесе жұмыс істеуін қамтамасыз ету керек. 
8. Ойын соңында жеңімпаздары белгілі болады. Сонымен бірге мұғалім 
ойының мақсатына қарай жүргізілген жұмыстарды қортындылайды. Мысалы: 
Тақырыпқа сай берілген сөздер игерілді ме? Қай оқушы ойын барысында 
білімін көрсете алды? Қай оқушыға көбірек көңіл бөлу керек? Бұл ойынды 
дұрыс жүргізу үшін келесі жолы нені ескеру керек, т.б. 
В.А.Сухомлинский: «Менің өмірімдегі ең басты нөрсе не болды? Ойланбай 
жауап беремін – балаларға деген сүйіспеншілік» [5], - деп айтқандай
ұйымдастыртуда оқушыларға деген сүйіспеншілік, оларға қазақ тілін үйретіп,
қызушылығын арттырамын деген сезім ғана мұғалімдерге жетекшілік етеді. 
Жоғарыда көрсетілген принциптерге сүйеніп, әдістемелік талаптарды 
орындағанда ғана ойын жоғарғы дәрежеде ұйымдастырылып, өз нәтижесін
көрсетері анық. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   112   113   114   115   116   117   118   119   ...   232




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет