Сборник научных статей научно-практической конференции «Байтанаевские чтения-Х»



Pdf көрінісі
бет119/301
Дата22.10.2023
өлшемі8,82 Mb.
#187405
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   301
Байланысты:
baytanaev 2022 zhinak 1 tom gotov

Тапсырманың мақсаты:
оқушылардың Алтын Орда жайлы танымдық, 
іздемпаздық, зерделік оқылымын қалыптастыру. 
Тапсырманың тиімділігі:
мәнерлеп оқу арқылы мәтіннің мазмұнын және 
негізгі тақырыбын түсінеді. 
Алдымен мұғалім мәтінді мәнерлеп оқиды, кейіннен бірнеше оқушыға 
оқытады. Мағынасын түсінген оқушы ғана сөйлемдегі тыныс белгілеріне мән 
беріп, мәнерлеп оқиды.


230 
1.2 Сөздікпен жұмыс жүргізу 
арқылы оқушы білмеген сөзді меңгеруіне 
мүмкіндік туады. Сонымен қатар сөздікпен жұмыс жасауға дағдыланады, 
сөздерді орынды пайдалана білуге баулиды.
Мақсаты: 
оқушылардың сөздік қорын молайту. 
1-жаттығу. 
Төмендегі сөздердің дұрыс айтылуы мен жазылуын 
салыстырыңыз (көп ұлтты – көбұлттұ, өкімет – өкөмет, оң қанат – онғанат, сол 
қанат – солғанат). 
Жаттығудың мақсаты:
оқушылардың сауатты жазуын, орфоэпиялық 
норма бойынша дұрыс сөйлеуін қалыптастыру. 
Жаттығудың тиімділігі:
сауатты жазуға, дұрыс сөйлеуге және сөздік 
қорды қарым-қатынаста дұрыс қолдануға дағдыланады. 
1.3 Мәтіннен негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемдерді табу. 
Жеңілден ауырға қарай, оңайдан қиынға қарай ұстанымы негізінде 
алдымен, мәтіннің ішінен тарихи сөздерді тауып, кейіннен мәтіннің негізгі 
ақпаратын жеткізетін сөйлемдерді таптыртуды жөн көрдік. 
Мақсаты: 
Алтын Орда мәтінінің толық мазмұнын ұғыну арқылы өз ойын 
дұрыс жеткізе беруге үйрету. 
Тиімділігі:
тарихи деректерге сүйене отырып, өз ойын еркін жеткізе білуге 
дағдыланады. 
1-жаттығу.
Мәтіндегі тарихи сөздерді табыңыз. 
Мәтіннің ішінен мынадай тарихи сөздерді дәптерлеріне жазып алды: 
көп 
ұлтты мемлекет, халықтар, тайпалар, бұлғарлар, мордвалар, орыстар, 
гректер, шеркестер, мен хорезмдіктер, хандар, құрылтай, өкімет, уәзір.
2-жаттығу.
Мәтіннің ішінен негізгі ақпаратты беретін сөйлемдерді 
жазыңыз. 
Төмендегі сөйлемдерді дәптерлеріне көшіріп жазды:
 
Алтын Орда – көп ұлтты мемлекет, ол түрлі халықтар мен тайпалардан 
құралған еді. Алтын Орда Жошы ұрпағынан шыққан хандардың меншігі 
саналды. Алтын Ордада халықтарды басқарудың ұлыстық жүйесі құрылады.
Алғашқыда Алтын Орда монғолдардың ұлы ханына қарайтын. XIV ғасырдың
II жартысынан бастап Алтын Орда әлсірей бастайды. 1357-1380 жылдар 
арасында 25 хан аусады. Жошының ұрпағы Тоқтамыс Мамайдың күйрегенін 
пайдаланып, Алтын Орданы тартып алады. Ол 1382 жылы өз үкіметін 
нығайту үшін Мәскеуді өртейді. Ал Әмір Темір Алтын Ордаға бірнеше жорық 
жасап, оны талқандайды. 
 
1.4 Мәтін мазмұнын айту
.
Негізгі ақпаратты жеткізетін сөйлемдер арқылы оқушылар Алтын Орда 
жайлы мәліметті айтып береді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   115   116   117   118   119   120   121   122   ...   301




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет