Сценарийлері Сценарии мероприятий воспитательной работы



Pdf көрінісі
бет35/69
Дата08.12.2023
өлшемі1,83 Mb.
#195588
түріСценарий
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69
Байланысты:
сценарии 2016

«Қайраттың тұтқындалуы».
2-жүргізуші: Кәдімгі миллиондаған түндердің бірі. Бірақ бұл түн өзгеше түн еді. Себебі 
бұл түнде қаланың кез-келген тұсынан ұсталған жастарды ұрып соғып, өлімші халге 
жеткізді. Осындай өатыгещдікті көрген оларға араша түсем деп жұргендердің арасында 
Қайрат Рысқұлбеков те бар еді. 
Миллиционер: — Ұстаңдар бұзақыны! Әкетіңдер, жауып тастаңдар! 
Савицкийді өлтірген сен бе ? 
Қайрат: — Жоқ, мен емес! 
Миллиционер: — Сен өлтірген мойныңа ал! Алып кетіңдер! Бәрібір 
құтылмайсың бұзақы 
(Қайратты алып кетеді)
1-жүргізуші: Би: 
«Жұмыр қылыш».
Орындайтын: Тілеш Зоя, Байғали Дана 
2-жүргізуші: Қайрат ақынның түрмеде жазған өлеңдерінен үзінді. 
(жай музыка жүріп тұрады.)
Жарасқан: «Түрме жыры» 
Тор темір жамбасыма тақылдайсың, 
Өзіммен бірге туған жақындайсың. 
Телміріп темір торға қаматқанша 
Сұм дүние, бұл жалғаннан неге алмайсың, 
Ауылдағы жақсы екен ғой салған әнім 
Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін, 
Қайдағы пәлеқорлар жала жауып, 
Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім 
Тас төбе, төрт қабырға, темір есік, 
Ас берер ортасында жалғыз тесік, 
Күніне ұстатады үш тілім нан 
Өлмейтін саған ішер осы нәсіп 


62 
1-жүргізуші: 
Көрініс:
«Қайратты тергеу сәті».
2-жүргізуші: Тұрыңдар! Сот келеді. 
Тергеуші: Сот процесін бастаймыз! 
1-ші куәгерді шақырамыз. Сізге сұрақ: Сіз алаңда Қайрат 
Рысқұлбековтің Савицкийді өлтіргеніне куә бола аласыз ба? 
1-куәгер: Боламын өз көзіммен көрдім. Керек десеңіз мен де қолында 
таяғымен түскен суреті бар. Ол – ұлтшыл Қайрат оңбаған! 
Тергеуші: 2-ші куәгерді шақырамыз. Сіз Қайрат Рысқұлбековтың 
Савицкийді өлтіргенін бейнетаспаға түсіргеніңіз распа? 
2-куәгер: Рас — рас ол Савицкийді аяғымен теуіп, таяқпен ұрды. Менің 
қолымда түсірген бейнетаспа бар. 
Тергеуші: Енді Қайрат Рысқұлбековке сөз беремін. 
Қайрат: Мен ұлтшыл да кінәлі де емеспін. 
Сот: Барлық куәгерлерді тыңдай отырып Қайрат Рысқұлбековті айыпты деп 
табамын. 
Қайрат: Хақ. о халқым! 
Өткен заманымызда бас кесер өлім алдында өлім жазасына 
кесілгендердің соңғы тілегін орындайды. Менің де соңғы ақтық сөзім 
бар. 
(Қайғырған музыка журіп түрады)
Ақтық сөзі: 
Жалалы боп, қатты батты жаныма, 
Жазалаушы қағаз алдым қолыма 
Жігіттер ай, айтып айтпай не керек 
Жазған екен маңдайыма сорыма, 


63 
Біріншіден мен анамды сағындым, 
Екіншіден бұл құдвайға не қылдым 
Бостандықта еркін жүрген жан едім 
Енді міне абақтыға жабылдым, 
Әкетай ау Пайғамбардай жасың бар 
Туа бермес сіз секілді асылдар 
Қартайғанда жүрегіңізді жаралап, 
Кесір болды ай біз секілді масылдар. 
Айналайын, қарындасым, қарағым, 
Қолда кісен, мен айдауға барамын. 
Қайғы шегіп, азап тартқан ағаңды, 
Айтшы жаным, қандай жанға баладың. 
Айналайын, інішегім, құлыным, 
Сені ойласам үзіледі жұлыным. 
Сенің ерке ақ жүзіңді көре алмай, 
Кетіп барам мен айдауға құлыным. 
Айналайын ағалар мен жеңгелер, 
Сіздерге кім бұл өмірде тең келер. 
Сүмірейіп сот алдында отырған, 
Бауырыңды енді кімдер ескерер. 
Өздеріңе аман — саулық тілеймін, 
Өздеріңмен бірге болсын тілегім 
Өздеріңе тіл қата алмай достарым, 
Қайғы мұңлы өмірімді бастады. 
Күнәдан таза басым бар, 
21-де жасым бар. 


64 
Қасқалдақтай қаным бар, 
Бозторғайдай жаным бар 
Алам десең алыңдар! 
Қайрат деген атым бар, 
Қазақ деген затым бар, 
Еркек тоқты құрбандық 
Атам десең атыңдар! 
Мен не етермін, не етермін, 
Мен келмеске кетермін. 
Көрмеген хош бол, таңдарым, 
Көре алмай мен өтермін. 
Тергеуші: Сот процесі аяқталды. 
1-жүргізуші: Осыдан кейін жастайынан қыршын кеткен Қайрат сияқты ағамызда 21 
жасында қаза тапты. 
2-жүргізуші: Міне, осы тәуелсіздіктің туын желбіреткен ұлтжанды аға-апаларымыздың 
арқасында егеменді ел болуға қол жеткіздік. 
1-жүргізуші: Қазақ биі 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   69




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет