Тақырып 4. / Тема 4. Лизинг, тұрғын үйді жалдау, мүлікті тегін пайдалану (ссуда шарты) . Кәсіпорынды жалдау. Үйлер мен ғимараттарды жалдау.
Тапсырмалар / Задания:
1 тапсырма
Лизинг шартының негізгі ережелері.
Тұрғын үйді жалдау шарты.
Мүлікті тегін пайдалану (ссуда шарты).
Кәсіпорынды жалдау.
Үйлер мен ғимараттарды жалдау.
2 тапсырма
Ситуацилық есептер
Талап қоюшы (жалға беруші) мен жауапкер (жалға алушы) арасында 2000 жылдың 1 шілдесінде №30 шарты жасалды.
Осы шарттың 1.1. тармақшасы бойынша, жауапкерге 257,1 шаршы метр көлемінде Свобода даңғылының, 44 үйінен 2300 АҚШ доллор тұратын пәтер жалға берілді. Жауапкер жалға алынған пәтердің сомасын АҚШ долларын беларусь рубліне сол сәттегі курс бойынша аударып төлейді. Шарттың 5.1. тармағы бойынша жалғат. берушінің шотына әр айдың 20 –на дейін жалға алушы ақша сомасын өткізуі керек.
Аренданың төлемін кешіктірген әр күн үшін 0,15% көлемінде айыппұл төлейді.
2000 жылдың маусым-қыркүйек айларында жалға алушы пәтердің арендасын төлемеді.
№30 жалдау шартының №1 қосымша келісімшартының 1.1. тармағында жалға алушының арендаға қатысты қосымша шарттар қосылды: жалпы сомасы 1 323 283 рубль көлемінде жалға алушы ғимараттардың фасадтарын жөндеуі тиіс. № 1 қосымша келісімшартының 4.3. тармағы бойынша жалға алушы ғимараттың фасады бойынша құрылыс жұмыстарын жүргізгендіктен, 2000 жылдың 11 сәуір айының есебі бойынша сол жылдың маусым-қыркүйек айларында пәтердің арендасынан 580 509 рубль көлемінде босатылады, және іс жүзінде жөндеуге кеткен шығындарын толықтай өтелгенге дейінгі мерзімге дейін босатылады.
№1 Қосымша келісімшартының талаптары жауапкермен ішінара орындалды.
Ол 456 350 рубль көлемінде жұмысты орындағанын растайтын анықтаманы ұсынды.
2000 жылдың 7 қыркүйек айында жауапкер өзінің жіберген хатында ол 2 қыркүйек айынан бастап жалға алынған 194,55 шаршы метрді құрайтын тұрғын емес үй-жайды босатқаны туралы хабарлады. Осы хатта жалға алушы жалдау шартын бұзі туралы ұсыныс айтты.
2000 жылдың 15 қыркүйегінде біз жігерген жауап хатында оның ұсынысын қабылдамайтынымыз, яғни шартты бұзды деп есептемейміз, және де жалға алушы ғимараттың фасады бойынша жүргізген жөндеу жұмыстарына кеткен шығынды есептемегенде, қалған аренда үшін төленетін ақша сомасын толықтай төлеуді талап етеді. Сонымен қатар, барлық жалға берілетін тұрғын жайларда жөндеу жұмыстары қажет.
Осы жоғарыда айтылғандардың және Беларусь Республикасының Азаматтық кодексінің 364 бабының негізінде, жауапкерден: 1) аренда төлемі бойынша қарыздарды (есеп-шот қоса беріледі);
жылу энергиясы бойынша қарызды (есеп-шот қоса беріледі);
жалға алынған үй-жайлар бойынша жүргізілуге тиіс жөндеу жұмыстарының төлемі (есеп-шот қоса беріледі), төленген мемлекеттік бажды өндіріп алуды талап етеді.
Талап арызды қараңыз. Тараптармен келтірілген ділеледерді саралап, талдап өзіңіздің шешіміңізді беріңіз.
Әдістемелік нұсқаулар:
Қойылған сұрақтар бойынша толықтырып конспект жасау қажет болады,
Конспект жасау барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша талдау жасап, заң актілерімен салыстыру қажет болады.
Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі
Тақырып 5. / Тема 5. Жұмыстарды орындау бойынша шарттар (мердігерлік типтегі шарттар). Мердігерлік туралы жалпы ережелер. Тұрмыстық мердігерлік. Құрылыс мердігерлігі. Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік, ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.
Тапсырмалар / Задания:
Достарыңызбен бөлісу: |