Содержание практических



бет7/16
Дата26.05.2023
өлшемі43,98 Kb.
#177789
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16
Байланысты:
252655638215 Шарттық құқық (семинар)

1 тапсырма
Жұмыстарды орындау бойынша шарттардың жалпы ережелері (мердігерлік типтегі шарттар).
Мердігерлік туралы жалпы ережелер.
Тұрмыстық мердігерлік.
Құрылыс мердігерлігі.
Жобалау және іздестіру жұмыстарына мердігерлік
Ғылыми-зерттеу, тәжірибе-конструкторлық және технологиялық жұмыстарға мердігерлік.

  1. Ситуацилық есептер (кейс/шағын кейстер).

№1. Екі ағаш ұстасы Прокудинмен оның саяжайында 1 маусымға дейін ағаш гаражын салу туралы келіседі. Еңбек келісімі деп аталатын құжатта атқаратын қызметке төленетін соманың мөлшері көрсетілді. Осы келісімшартта салынатын ғимаратқа қатысты барлық талаптары көрсетілген (гараждың аумағы, фундаменттің материалы, темір шатыр, және т.б.). Прокудин құрылысқа қажетті материалдарды 10 мамырға дейін қамтамасыз етуге міндеттенеді.


Ағаш ұсталары өздерінің қызметіне уақытылы кірісіп кетті. 28 мамырда барлық жұмыстарды аяқтап қалды. Олар Прокудинге 30 мамыр күні орындалған жұмысты қабылдауға келуін сұрайды. 29 мамыр күні қақпаны салу қалған болатын. Мамыр айының 28-нен 29-на қараған түнде найзағай әсерінен, гараж толығыменен өртеніп кетті. 2 маусым күні Прокудин жұмысты қабылдауға келгенде, сақталған фундамент пен қақпаны көреді. Олардың арасында жасалған келісім мердігерлік шарт деп есептеп, Прокудин орындалған жұмыс үшін ақыны төлеуен бас тартады және де ақысыз негізде гаражды қайтадан өздерінің ебесінен салуды талап етеді. Ағаш ұсталары жұмыс қақпаны ілуді санамағанда, толықтай орындалды деп есептейді, және оларға сыйақыны алуға құқықтарын бар екенін айтады. Ал олардың арасында жасалған келісім қандай екендігін білмейді. Оларға атқаратын жұмысы үшін алдын ала келісілген сыйақының мөлшері маңызды.




Тараптардың дәлелдерін саралаңыз. Егер де осы жағдай маусым айының 1-нен 2-не қараған түнде болса, шешім өзгереді ма?
№2. Жеке кәсіпкер Седов Борисовпен үй ішінде жөнду жұмыстарын жүргізу туралы шарт жасасады. Шарт бойынша Седов 20 тамызға дейін ванна бөлмемінің қабырғаларына кафельді жапсыруға, паркетті қалпына келтіруге, төбелерді бояуға және түсқағаздарды қабырғаға жапсыруға міндетті еді. Барлық жұмыс тапсырыс берушінің материалдарыннан жасалды.

Седов осы жұмыстарды орындауды «Строитель» ЖШС-не тапсырады. Орындалған жұмысты 20 тамызда тапсыру барысында паркет сапасыз түрде төселгенін, араларында тесіктер бар, ал кафельдің түстері сәйкес келмейді. Борисов бір апта ішінде кемшіліктерді жоюды, сонымен қатар жұмыстың нашарлағаны үшін тұрақсыздық айыбын төлеуді талап етті. Седов тұрақсыздық айыбын төлеуге қарсылық білдірді, себебі олардың арасында жасалған шартта бұл туралы жазылмаған. Кемшіліктерді жою бойынша, тікелей «Строитель» ЖШС-не жүгінуді сұрады.


Әдістемелік нұсқаулар:

  • Қойылған сұрақтар бойынша толықтырып конспект жасау қажет болады,

  • Конспект жасау барысында ұсынылған әдебиеттер бойынша талдау жасап, заң актілерімен салыстыру қажет болады.

Әдебиеттер (пәннің оқу-әдістемелік қамтамасыз етілу бөліміндегі, оқу әдістемелік әдебиетке сілтеме)
Қараңыз.Оқу-әдістемелік әдебиеттер тізімі




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   16




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет