Студенттер мен жас ғалымдардың «фараби әлемі» атты халықаралық ғылыми конференциясы


ТҰЗДЫ СУДЫ ТҰЩЫЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЦЕОЛИТ НЕГІЗІНДЕ ГРАНУЛАЛАР



Pdf көрінісі
бет182/399
Дата06.11.2023
өлшемі2,6 Mb.
#190003
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   399
Байланысты:
Сборник конф Фараби Әлемі 2023 химфак-печать

ТҰЗДЫ СУДЫ ТҰЩЫЛАНДЫРУ МАҚСАТЫНДА ЦЕОЛИТ НЕГІЗІНДЕ ГРАНУЛАЛАР 
ДАЙЫНДАУ 
 
Жақсыбай Б.Б., Кенесова А.К., Рахым А.Б
Ғылыми жетекшісі: х.ғ.д., профессор Сейлханова Г.А. 
әл
-
Фараби
 
атындағы
 
Қазақ
 
Ұлттық
 
университеті
 
bagazhaksybay@gmail.com 
Тұщы судың жетіспеушілігі ерте заманнан бастау алып, технологияның дамығанына қарамастан, жылдан 
жылға шиеленісіп келеді. Зерттеулер бойынша 2050 жылға қарай әлем халқының шамамен 75 %-ы тұщы су 
көздерінсіз қалады. Бұл мәселе біздің елімізді де айналып өтпейді, қазірдің өзінде ел тұрғындарының 30%-дан 
астамы құдық суын немесе көліктермен тансымалданатын суды пайдаланады. Қазіргі уақытта тұзды суды 
тұщыландырудың қолданыстағы әдістері шартты түрде үш топқа бөлінеді: термиялық, мембраналық және 
химиялық. Бұл жұмыста, термиялық және мембраналық әдістердің экономикалық жағынан тиімсіздігін ескере 
отырып, экономикалық жағынан тиімді әдістердің бірі сорбция әдісі таңдалды. 
Цеолиттер өздерінің меншікті бетінің ауданы, кеуектілігі, беттік заряды, функционалды топтарының болуы 
сияқты маңызды қасиеттеріне байланысты жоғары сорбциялық қабілетке ие. Осы қасиетіне байланысты 
цеолиттер су қоймаларын әртүрлі ластаушы заттардан тазарту үшін жиі қолданылатын сорбент болып табылады. 
Бұл жұмыста сорбент ретінде Алматы облысы, Шаңқанай кен орнынан алынған цеолиттің модифицерленген 
түрі пайдаланылды. Модификатор ретінде NH
4
Cl және HNO
3
қолданылды. Цеолиттің ұнтақ сорбент ретінде 
айтарлықтай кемшілігі бар, ол оның суға таралуы. Осының нәтижесінде ерітіндіні фильтрлеу қажет болады. Осы 
мәселені шешудің бір жолы сорбентті полимерлік матрицамен байланыстырып гранула жасау болып табылады. 
Матрицаның негізгі қызметі материалдың суға таралуын болдырмау. Матрицалық материал ретінде натрий 
альгинаты мен поливинил спирті қолданылды. Зерттеулер тұзды судың негізгі компоненттері Na
+
, К
+
, Cl
-
иондарын грануланған сорбенттермен бөліп алуға байланысты жүргізілді. Судың құрамындағы иондардың 
анализі И-160-MИ иономерімен жасалды. Сонымен қатар, модификацияланған сорбенттердің СЭМ, БЭТ, ИҚ, 
элементтік талдау сияқты физика-химиялық сипаттамалары зерттелді. Композитті гранулалармен судан Na
+
натрий иондарын бөліп алу дәрежесі (E) = (44,32±1,65)%, адсорбциялық шамасы (А) = (1,07±0,15) мг/г тең екені, 
ал калий иондарынын К

бөліп алу дәрежесі E = (76,83±2,45)%, адсобрциясы А = (1,54±0,16) мг/г екені анықталды. 
Хлор иондарын Cl
-
бөліп алу дәрежесі E = (30,87±1,97)%, ал адсорбциясы А = (0,60±0,07) мг/г екені анықталды. 
Эксперименттік нәтижелері негізінде Na
+
, К
+
, Cl


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   178   179   180   181   182   183   184   185   ...   399




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет