Тағам өндіру процестерінің классификациясы



бет5/21
Дата02.12.2023
өлшемі96,22 Kb.
#194632
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21
Байланысты:
Protsess 1

Дистилляция (айдау) – фракция құрамы бойынша айырылатын сұйық қоспаларды бөлу.
Ректификация – бірнеше компоненттерден тұратын сұйық қоспаларды бір бірінен бөлу тәсілі. Ректификация сұйықтықтың көпретті булануы мен оның буының көпретті конденсациясына немесе кейінгі көпсатылы компоненттің конденсациясымен қоспаның бірретті булануы негізделген. Ректификацияны, мысалы, спирт өнеркәсібінде спиртаректификатты алу үшін қолданады. Егер судағы этил спиртінің ерітіндісінің бір бөлігі буланса, онда булы фазада спирт концентрациясы қалған сұйықтық пен алғашқы ерітіндіден үлкен болады. Егер одан кейін буды конденсацияласа, онда соңында спирт концентрациясы түрлі екі сұйықтық пайда болады. Осы үрдісті қайталау өте жоғары спирт концентрациясын қамтамасыз ете алады, яғни компоненттердің бөлінуінің өте жоғары дәрежесін қамтамасыз ете алады.
Бір – бірінде ерімейтін әр фазаларда компонент еріген жағдайда, компоненттің газ тірізді фазадан сұйық фазаға ауысу үрдісін абсорбция (көлемді жұту) деп атайды, ал кері үрдісті десорбция деп атайды. Мысалы, егер аммиактың ауамен қоспасын сумен байланысқа түсірсе, аммиактың бір бөлігі суға (су аммимакты абсорбциялайды) өтеді де, ауа біртіндеп одан тазарады. Кері үрдісте аммиактың сұйық ерітіндісін ауамен байланысқы түсірсе, ауаға аммиактың бір бөлігі өтіп – десорбция үрдісі болады.
Егер компоненттердің біреуі фазадан фазаға ауысса, фазалардың біреуінде сұйықтың (еріткіштің) мөлшері азаяды (көбейеді), мұндай үрдісті кептіру (ылғалдандыру) деп атайды. Мысалы, сүт ыстық ауамен байланысқы түссе, судың ауаға ауысуы болады. Мұнда сүт құрғатылып, ал ауа ылғалданады.
Қатты күйден газ тәрізді күйге сұйық фаза болмайтындай етіп ауысуды сублимация деп атайды. Газ бен қатты дене леп тесіктерде және қатты дененің беткі жағында болатын сұйықтықтың тек тасушылары болған жағдайда, жылу бергенде оның буға ауысуы кептіру немесе сублимациялық кептіру деп аталады. Көкөністерде мұндай жағдайда сұйық немесе бу тәрізді күйде ылғалды беткі жаққа береді де, содан кейін оны беткі жақтан жояды, яғни кептіру үрдіс болады. Кері үрдіс – қоспа компоненттерінің газтәрізді фазадан қатты фазаға ауысуын адсорбция (беткі жұту) үрдісі немесе ионды алмасу үрдісі деп атайды (38 бөлімді қараңдар). Адсорбция мысалы ретінде сулы будың бөліктерінің оның ауамен қоспасынан силикагель гранулаларына өтуін және оларды оның леп тесіктерінде ұстауын келтіруге болады; мұнда ауа құрғатылады.
Сұйықтық – сұйықтық жүйесінде бөлу кезінде байланысқа екі бір – біріне ерімейтін сұйықтықтар енгізіледі, олардың әрбіреуі бөлінетін компонентті түрлі дәрежеде ерітеді. Мысалы: этил спирті мен изобутанол қоспасының сумен байланысы кезінде олардың бөлінуі. Мұнда изобутанол белсенді түрде суға өтеді. Егер осыдан кейін изобутанолдың сулы ерітіндісін изобутанол мөлшері өте төмен оның этил спиртімен қоспасынан бөлсе (ал олар тұндырумен жақсы бөлінеді), онда үрдісті изобутанол мен спирттің таза сумен бөлінген қоспасының жаңа байланысы кезінде қайталауға болады да, және одан өте жоғары концентрациялы изобутанол алуға болады. Мұндай үрдісті сұйық экстракция деп атайды.
Өте таза заттарды фракционды кристаллизация үрдістерінде алады. Ерітіндіден түскен және бастапқы ерітіндімен салыстырғанда ластанатын компоненттерінің мөлшері аз кристалдар таза еріткіште ериді де, ерітіндіден қайта кристалданады. Ластанатын заттардың бір бөлігі қайта бөлінеді.
Егер екі фаза сұйықтық – қатты дене жүйесінде бейтарап заттар түрінде болады, ал бөлінетін компонент қатты денеден сұйықтыққа ауысады, бөліну үрдісін қатты дене – сұйықтық жүйесінде экстрагирлеу деп атайды. Осы үрдістің мысалы – шырынның қызылшадан суға (диффузионды шырынға) ауысуы.
Затты сұйық фазадан қатты фазаның бетіне жеткізудің кері үрдісі адсорбция мен ионды алмасу үрдістерінде болады, ал көлем – кері экстракцияның үрдістерінде. Адсорбция мысалы – қоспаларды адсорбциялайтын белсенді көмір басы арқылы өткізгенде қоспалардан суды тазарту. Кері экстракцияның мысалы ретінде ет немесе балық тұздауды келтіруге болады.
Фазалардың байланысу тәсілдері бойынша масса алмасу үрдістерін фазалық байланысы бар үрдістерге, мембрана арқылы байланысы мен фазалардың көрінетін (нақты) шектері жоқ үрдістерге бөледі. Егер фазалар арасында мембраналар орнатса, онда бөлу үрдісі мембранды технологиялар саласына жатқызылады.
Фазалардың өзара әрекеттесу сипаты бойынша масса алмасу үрдістері мен аппараттарын периодты және үзіліссіз болып бөлінеді. Одан басқа, үзіліссіз үрдістерде компоненттердің тікбағытты, керібағытты, қиылысқан және комбинирленген қозғалыстарын ұйымдастыруға болады. Үрдісті нақты ұйымдастыруына байланысты уақыт пен аппарат ұзындығы бойынша үрдісте қатысатын заттардың концентрацияларын түрлі өзгертуге болады. Олардың түрлілігі үрдістерді комбинирлеу жолымен ұлғаяды.
7. Абсорбция және адсорбция процестері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет