Крахмал сірнесі.
Сірне – крахмалдың толық есем қышқыл гидролизі жолымен алынатын, қою шәрбәт тәрізді тәтті өнім. Сірне өзінің жоғарғы құндылығымен ерекшеленеді, оның 100 г өнімдегі калориялығы – орташа 320 ккал.
Сірне өндірісінің сұлбасына келесідей негізгі операциялар кіреді: крахмал гидролизі, қышқылды бейтараптандыру, гидролизатты тазалау, сірнені қайнатып қоюландыру, оны салқындату және буып - түю.
Сірне (патока) - крахмалдың толық емес ыдырау (гиролизі) өнімдерінің - глюкоза, мальтоза, дикстриндерден түратын сироп тәрізді қою сүйықтық. Бөлшек сауда орындарына сірне түспейді, ол карамель, крахмал, алуа, және т.б. өндірістерде негізгі шикізат болып табылады. Сірне антикристализатор болып табылады. Бұйымдардың қатуын нан және пряниктің кебуін тежейді, тәттілігін төмендетеді.
Тағайындалуы бойынша сірненің келесі түрлерін шығарады: карамельдік, жоғары және томен қантталған мальтозалық.
Достарыңызбен бөлісу: |