Қорытынды
Қазіргі заманның мектеп жүйесінінің алдына қойып отырған талабына орай, әрбір білім алушы өркендеген қоғам мүшесі ретінде жан-жақты дамыған, жаңалыққа ұмтылушы, өзгерістерден хабары бар, өзін-өзі бағалай және бақылай алатын, табиғи қабілеттері мен мүмкіндіктерін жүзеге асыра білетін, қоршаған әлемге қатысты өзіндік көзқарасы қалыптасқан және оны көпшілік алдында қорғай білетін тұлға болуы шарт. Бұл мәселе қажетті мемлекеттік нормативтік құжаттарда да айқын көрініс тауып келеді.
Интернет ресурстар оқушыларға ақпараттық кеңістікте еркін қозғалу мүмкіндігі мен ақпаратты іздеу және өңдеу жолдарын таңдау еркіндігін береді. Бұл, өз кезегінде, ақпаратты интерактивті беру құралымен жұмыс істеуге ынталандырады. Интернетті білім беруде пайдалану оқушылардың ақпаратты ойша құрылымдау мен түсінуінің жаңа қабілеттерін игеруіне әкеледі. Мұндай оқытудың барысында оқушылардың экрандағы ақпаратты қабылдау, көрнекі бейнелерді ауызша жүйеге түрлендіру, сапаны бағалау және ақпаратты тұтынуда тапқырлық таныту, сонымен қатар, хабарламаларды кең мағынада талдау – ақпараттың жасырын мағынасын түсіну қабілеті дамиды.
Ресурстарды тиімді пайдалана отырып, оқушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасын жүзеге асырады. Ол оқушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғарғы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпараттық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатын оқу процесі екенін жақсы түсінуге мүмкіндік береді.
Жалпы қорытындылайтын болсақ, әрине эксперименталды топта ресурстарды тиімді пайдалану арқылы білім беруде оқушылар тапсырманы жеңіл орындап, соның негізінде жоғары нәтижелерге қол жеткізгендіктерін байқадық. Сонымен, оқушыларда математиканы оқытуды ресурстарды тиімді пайдалануда олардың танымдық процестерін дамыту мақсаты тиімді болғандығына көз жеткізілді деуге болады.
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда ресурстарды пайдаланудың тиімділігі келесідей түйін жасауға мүмкіндік берді: Бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың тенденциялары анықталып, қазіргі кезде мұғалім үшін де оқушы үшін де Интернет-ресурстарды пайдалана білудің қажет екені анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |