Бастауыш мектепте математика пәнінде ақпараттық технологияларды пайдалануға негізделген сабақ жоспары Пәні: математика Сыныбы: 3
Сабақтың тақырыбы: Кестелік бөлу және көбейту.
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың Санды 5-ке, Санды 5-ке көбейту және бөлу,Санды 6-ға көбейту және бөлу, Санды 7 ге көбейту және бөлу, Санды 8 ге көбейту және бөлуден алған білімдерін пысықтап, көбейту және бөлудің кестелік жағдайы туралы білімдерін бекіту.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау, танымдық қабілеттерін
арттыру, шығармашылықпен жұмыс істей білу дағдысын
қалыптастыру.
Тәрбиелік: Ойындар арқылы балаларды ұйымшылдыққа,
жылдамдыққа, өзбеттерімен жұмыс істей білуге, шапшаң әрі
қатесіз есептей білуге, алған білімдерін өмірде қолдана білуге тәрбиелеу.
Сабақ типі: Білімді бекіту (ойын сабақ)
Сабақтың түрі: дәстүрден тыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, қайталау, көрнекілік ,талдау- жинақтау, деңгейлік, ақпараттық;.
Көрнекіліктер: слайдтар, ойындар, дидактикалық үлестірмелер, смайликтер.
Пәнаралық байланыс: Әдебиеттік оқу, дене шынықтыру, күнделікті өмірмен.
Сабақтың барысы: I.Ұйымдастыру кезеңі а) Сынып тазалығына қарау
ә) Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
П с и х о л о г и я л ы қ д а й ы н д ы қ .
Математика керекәркүнге,
Математика қажетөмірде
Математиканыоқимыз
Миымызғатоқимыз
Барлығыңа сабақта сәттілік тілеймін!
Математика- ғалымдар патшасы деген екен Абай атамыз. Яғни,математиканы білсек барлығын да біледі екенбіз.
Үй тапсырмасын тексеру. 1) № 4 есеп. 9,12,15,18,20,21,24,27 сандары берілген. Жұп сандарды 2 есе ал тақ сандарды 3 есе кеміт;
Сынып: 1 «А» Пәні: математика
Сабақтың тақырыбы: 5 санын қосу және азайту
1. Білімділік: Сандар құрамы туралы білімдеріне сүйене отырып, қосу және азайту амалдарының өзара баланысын түсіндіру. 5 санын қосу және азайту тәсілдерін үйрету.