Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі


Бастауыш мектептете математиканы оқытуда ресурстарды пайдалану және оның тиімділігін анықтау



бет7/11
Дата11.12.2022
өлшемі100,67 Kb.
#162311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Алпысова К

2.2 Бастауыш мектептете математиканы оқытуда ресурстарды пайдалану және оның тиімділігін анықтау
Қалыптастыру экспериментін өткізу барысында негізінен біз оқушылардың белсенділігін арттыру жұмыстарын жүргіздік.
Бастауыш мектепте математиканы оқытуда ресурстарды пайдалану бойынша кезеңдерді дайындадық, мұғалімдердің қаншалықты сабақта ресурстарды пайдалана алатындықтарын анықтадық. Ол үшін осы ресурстарды бастауыш мұғалімдері қаншалықты түсініп, он өз сабақтарында тиімді қолдана алатындықтары бойынша бақыладық.
1-кезең – педагогикалық маңызы бар Интернет-ресустарды іздеу тәсілдерін меңгеру.
2-кезең – педагогикалық маңызы бар Интернет-ресустарды бағалау және таңдау тәсілдерін меңгеру.
3-кезең – Бастауыш сынып оқушылары сабақта қаншалықты Интернет-ресурстарды пайдалана алудыдың тәсілдерін меңгергендігін анықтау.
Әдістеменің 1-кезеңі мұғалімдердің педагогикалық мәні бар Интернет-ресурстарды іздеу әдістерін меңгерулеріне бағытталды. Бастауыш сынып мұғалімдерінің күнделік бағдарламасы, слайд жасауы, электронды кітаптарды пайдаланулары, сабақта АКТ пайдаланулары.
Қаншалықты мұғалім балаға үйретпес бұрыс өзі сол ресурстарды қалай пайдалана алады, солай ол оқушыға үйретеді. Интернет желісі, браузерлермен және навигациялармен жұмыс жасау, іздестіру желілері арқылы бастауыш мектептерге арналған порталдармен жұмыс жасау арқылы электронды портфолио жасау жұмыстары атқарылды.
Әдістеменің екінші – бағалау-таңдау кезеңі Интернет-ресурстарды оқу бағдарламаларына, кіші мектеп жасындағы балалардың жас ерекшеліктеріне, бастауыш сынып оқушыларының дербес ерекшеліктеріне сәйкес бағалау және таңдау әдістерін меңгеруге бағытталды. Бағалау қызметінің аксиологиялық функциясы былайша анықталады, оның маңызы, мазмұны мен негізгі міндеті бағалау туралы ақпаратты құрайды. Бағалау қызметінің осындай өзіндік функциясында танымның спецификалық тәсілі – бағалау пайымдауы бар. Сондықтан құндылық бағдардың жалпы әдістемесінің қажетті кезеңі бағалау пайымының бірегей деңгейін қамтамасыз ететін, бағалау іскерлігін қалыптастыру болып табылады. Бұған жұмыстың мынадай тәсілдері себепкер болады: белгілі өлшемдер бойынша бағалау, әрекеттің альтернативті түрлерін ұсыну және негіздеу, пікірлер, бағаны дәлелдеу, жетістік немесе сәттілікті талдау және т.б.
Сондықтан да әдістеменің бағалау - таңдау әдістері жалпы әдістеме барысында айтарлықтай мәнге ие, атап айтқанда, бағалау іскерлігінің қалыптасуы, Интернет-ресурстардың мұғалімдердің қажеттілігін қанағаттандыруы. Қалыптастыру экспериментіне қатысушылар ғаламдық желіден бастауыш мектеп үшін өздері іздеп, таңдап алған білім беру порталдары мен сайттарының мазмұнына сараптаманы былайша жасады: сабақты ұйымдастырудың әдістемелік тәсілдері мен формалары берілген; білім беру ресурстарының толық тізбесі берілген; тәжірибе алмасу мүмкіндігі жасалған; мұғалімдер мен ата-аналарға арналған білім беру тәжірибелерінің топтамасы берілген; оқушыларға арналған ресурстардың тізбелері жасалған және т.б.
Бұл зерттеу жұмысымызға тәжірибелі педагогтардан кеңес ала отырып келесі бағдарламаны құрдық. Бағдарламалық материалдардың мазмұны қысқа да нақты етіліп берілген. Блогта орын алған материалдар мұғалімдерге арналып жасалғанмен, ақпараттарды барлық оқушылар, ата-аналар қажетінше пайдалануларына болады. Себебі ата-ана мұғалімдердің балалармен қандай тақырыпта, нендей мәселелерді талқылап отырғанын, өз балаларының қандай нақты білімдерді меңгергенін бақылауларына жағдай жасалған.
Математика пәні бойынша 3-сыныпқа арналған «Математика» электрондық оқулығының «Заттардың қасиеті» модуліне әдістемелік нұсқау берілген. Нұсқауда 3-сыныпқа арналған «Математика» пәні электрондық оқулығын сабақтарда пайдалану әдістемесімен таныстыруы, «Заттардың қасиеті» модуліндегі материалды қолдануға әдістемелік кӛмек кӛрсету мақсатында берілген. Төмендегі кестеден блогта орналастырылған Интернет-ресурстардың толық мәліметін көруге болады (кесте 2).

Кесте 1 – Бастауыш мектепке арналған Интернет-ресурстар






Математика пәнінен тақырыптар

Сабақтын жоспары

слайдтар

анимациялар

Әдістемелік нұсқаулар

видеолар




Математикалық ұғымдар

1

2

20

1

1




Заттардың қасиеттері

1

4

15

1

1




Геометриялық фигуралар

1

3

25

1

1





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет