КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі
Орындаған:
Ғылыми жетекшісі
Мазмұны
Кіріспе
|
|
1 Бастауыш мектеп математикасын оқытуда интернет-ресурстарды қолданудың теориялық негіздері
|
|
1.1 Бастауыш оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері
|
|
1.2 Оқыту ресурстарын пайдалану ерекшеліктері мен әдістері
|
|
|
|
2 Бастауыш мектепте математика оқытуда ресурстарды тиімділігін тәжірибелік-эксперименталды зерттеу
|
|
2.1 Бастауыш мектеп оқушыларының танымдық іс-әрекеттерін анықтау бойынша эксперименттік жұмыстар
|
|
2.2 Бастауыш мектептете математиканы оқытуда ресурстарды пайдалану және оның тиімділігін анықтау
|
|
|
|
Қорытынды
|
|
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
|
КІРІСПЕ
Зерттеудің өзектілігі. Қоғамның өркендеп даму барысында болып жатқан өзгерістерге байланысты мемлекетіміздің білім беру стратегиясының мақсаты – жүйеленіп, дайын берген білімді, дағдыларды меңгеріп, қайталайтын емес, өзекті мәселені көре білетін, ой ұшқырлығы мен ізденімпаздық іс-әрекеті қалыптасқан, білімі мен біліктерін өмірдің өзгермелі жағдайына қарай оңтайлы пайдалана алатын, өзін өзі басқара алатын, танымдық дербестігі жоғары деңгейдегі тұлға тәрбиелеу болып айқындалған.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру, сондай-ақ жеке адамның шығармашылық рухани, біліктілік күш-қуатын жетілдіруге, жеке тұлғаның жан-жақты толысуына жағдай жасай оты-рып, зерделі азамат даярлау міндеті көзделген [1].
Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 30 елдің қатарына кіру стратегиясы» атты Қазақстан халқына жолдауында бізге экономикалық және қоғамдық жаңарту қажеттілігіне сай қазіргі заманғы білім беру жүйесі қажет екендігін айтып өткен [2]. Сондықтан күннен-күнге өсіп келе жатқан халықаралық бәсекелестік, қоғамда болып жатқан өзгерістердің ауқымы мен қарқынының артуы білім беру саласының, мемлекет дамуының басты факторына айналуына себеп болуда. Бұрын орта білім беру орындарының негізгі міндеті – сапалы білім мен саналы тәрбие беру ғана болып келсе, қазіргі міндет – ойы ұшқыр, шығармашылық қабілеті жоғары, өмірге икемді, жан-жақты және үйлесімді дамыған тұлғаны тәрбиелеу.
Ғылыми зерттеулерді, психологиялық-педагогикалық, әдiстемелiк әдебиеттердi және мектеп жұмысының тәжiрибесiн талдау нәтижелерi қазiргi кезде ресурстардың бастауыш мектепте бiлiм беру мiндеттерiн шешу мүмкiндiктерiнің ғылыми жетiстiктерге негiзделмей қолданылып отырғаны және оның iске асырылуының ойдағыдай емес екенiн көрсеттi. Бастауыш мектепте математиканы оқытуда интернет-ресурстарды пайдалануға болатыны анықталмаған және оны тиiмдi ұйымдастыруда сәйкес келетiн керi байланыс құралы ретінде қажеттiлiгi қарасырылмаған.
Бүгінде дүниежүзілік індеттің таралуына біздің елімізде де орын алып отыр. Сондықтан санитарлық-эпидемиялық жағдайға байланысты ағымдағы оқу жылының ІV тоқсанында барлық білім беру ұйымдары қашықтықтан оқытуға көшті. Бұл қашықтықта оқу біз үшін қаншалықты ресурстарды тиімді пайдалана алатындығымызды көрсетеді.
Осыған орай, біз зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі» деп анықтадық.
Достарыңызбен бөлісу: |