Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі



бет2/11
Дата11.12.2022
өлшемі100,67 Kb.
#162311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Алпысова К

Зерттеу нысаны: Бастауыш мектеп математикасын оқыту ресурстар.
Зерттеу пәні – Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді пайдалану әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты: бастауыш мектепте математиканы оқыту ресурстарын пайдалану әдістемесін теориялық тұрғыда негіздеу, тәжірибе жүзінде сынақтан өткізу және жасалған әдістеменің тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеудің ғылыми болжамы –Бастауыш мектеп математиканы оқыту ресурстарын пайдаланудың әдістемесі мына жағдайда тиімді болады, егер: сабақ жоспарларында, слайдтарда, анимацияланған сюжеттерде, бейнематериалдарда бастауыш білім беру субъектілерінің қажеттілігін көрсететін, оқу материалының іздену-бағалау-таңдау-проекциялау мүмкіндігін қамтамасыз ететін, бастауыш білім беру субъектілерімен қашықтан өзара әрекет етуде.
Зерттеудің міндеттері:
– педагогика ғылымы мен бастауыш білім беретін мектептердің тәжірибесіндегі Интернет-ресурстарды пайдалану тенденциясын талдау.
– бастауыш сынып мұғалімдерінің Интернет-ресурстарды пайдалануға даярлығының моделін жасау.
– бастауыш мектепте Интернет-ресурстарды пайдаланудың әдістемесін негіздеп, оның тиімділігін анықтау.
Зерттеу әдістері: ғылыми және әдістемелік әдебиеттерді талдау, теориялық талдау, модельдеу, сауалнамалар, сұхбаттар, сұрақ-жауап, компьютерлік диагностика, жинақтап қорытындылау, оқу үрдісінде Интернет-ресурстарды пайдалану кезінде оқытушы әрекетін сырттан бақылау, мұғалімдердің сабақтарда компьютерді пайдалану тәжірибесін зерттеп білу, педагогикалық эксперимент.


1 Бастауыш мектеп математикасын оқытуда интернет-ресурстарды қолданудың теориялық негіздері



1.1 Бастауыш оқу үрдісінде ақпараттық технологияларды қолданудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктері

Қазақстан білім беру жүйесінің сапасын жақсарту үшін бірқатар реформалар қабылдады және халықаралық стандарттар мен озық практикаға жиі жүгінеді. Реформалау бойынша бастамалар мектепке дейінгі білім беру жүйесін кеңейтуді, мектепті қаржыландырудың жаңа тетіктерін (оның ішінде жан басылық қаржыландырудың жаңа схемасын) әзірлеуді, шағын жинақталған мектептерді қолдаудың ресурстық орталықтарын құруды, мектеп инфрақұрылымын дамытуға одан әрі инвестицияларды және мектептерде ақпараттық технологияларды кеңінен қолдануды қамтиды. Осы реформалар мәнмәтінінде білім беруге бөлінетін ресурстарды ұлғайту ниеті анық болғанымен, бір оқушыға жұмсалатын шығын ЭЫДҰ елдері мен басқа да көршілес елдерге қарағанда едәуір төмен болып қалуда; сектордың иімділігі мен оның жұту қабілетінен туындайтын сенімсіздікке байланысты білім беруге жұмсалатын мемлекеттік шығынды ұлғайтуға ниеттің жоқ екені байқалады. Осы баяндамада Қазақстанда мектептегі білім берудің тиімділігі талданады және тиімділікті арттыру әлеуеті бар немесе одан әі мемлекеттік инвестицияларды талап ететін саясат салалары анықталады. Келесі саяси басымдықтар Қазақстанның мектеп жүйесіндегі ресурстарды пайдалану тиімділігін арттыру мақсатында анықталған.


Білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғарғы деңгейін және кәсіби білімділігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үдерісі [6]. Бүгінгі таңда мектеп бәсекеге қабілетті, ұлттық мәдениетті, әртүрлі бағыттағы білімді меңгеруге дайын, ақпараттық кеңістікті икемді әрі тез қабылдайтын, жаңа ақпараттық технологияларды меңгерген тұлғаны қалыптастыру мақсатын көздейді.
Бастауыш оқу үдерісінде ақпараттық технологияны қолдану оқушылардың ақпараттық өрісін кеңейтеді. Ал оның нәтижесінде оқушылардың бастауыштағы барлық пәндер бойынша ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды кең арнада тани білуіне зор мүмкіндік ашылады. Бастауыш мектеп сатысы әр оқушының өзіне тән қабілеттері мен табиғи талантын ашуымен, оны шығармашылылыққа, белсенді оқу-танымдық іс-әрекетке ұмтылдыруымен ерекшеленеді. Бұл үдеріс жоспарлы және жүйелі жүргізілсе, біртіндеп оқушыларды зерттеушілік іс-әрекетке жетелейді. Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекеті – балалар үшін жаңа білім мен әрекет тәсілдерін ашуға бағытталған шығармашылық іс-әрекет. Ол баланың зияткерлік, шығармашылық әлеуетін дамытуға жағдай жасайды, олардың
белсенділігін арттырудың, зерттелетін оқу-танымдық материалға қызығушылығын қалыптастырудың құралы болып табылады, пәндік және жалпы біліктерін қалыптастыруға ықпал етеді.
Білім беру жүйесінің дамуына байланысты ақпараттық технологиялар да дамыды. Білім беруде түрлі ақпараттар легін тиімді қолдану мен өңдеуге мүмкіндік беретін компьютерлік технология, жүйе кеңінен қолданыс тапты. Бұл бастауыш сынып оқушыларының ақпараттық мәдениетін қалыптастырады, оқу үдерісін жеңілдетеді. Сондықтан бүгінгі таңда бастауыш оқу үдерісінде оқушылардың жеке ерекшеліктерін ескере отырып, ақпараттық технологияны сауатты пайдалану мәселесін қарастыру қажеттілігі туындауда [7].
Ақпараттық технология – ғылыми және инженерлік білімдердің жүйесі, сондай-ақ білім беру аясындағы пәндік салада ақпараттарды жасау, жинау, беру, сақтау мен өңдеу үшін қолданылатын әдістер мен тәсілдер жүйесі [8]. Білім берудегі ақпараттық технологиялардың маңызы төмендегі нормативтік құжаттарда да орын алған.
«Қазіргі заманда жастарға ақпараттық технологиямен байланысты әлемдік стандартқа сай мүдделі жаңа білім беру өте қажет», – деп, Н.Ә. Назарбаев айтып өткендей [8], әрбір ұстаз аталған талапқа сай болуға ұмтылуы қажет. Осы мақсатта «технология», «ақпараттық технология» және оларға қатысты ұғымдардың мәнін айқындау қажет деп есептейміз.
«Білім туралы» Заңның 11-бабында «Білім беру жүйесінің міндеттері оқытудың жаңа технологияларын, оның ішінде кәсіптік білім беру бағдарламаларының қоғам мен еңбек нарығының өзгеріп отыратын қажеттеріне тез бейімделуіне ықпал ететін кредиттік, қашықтықтан оқыту, ақпараттық-коммуникациялық технологияларды енгізу және тиімді пайдалану», «Бастауыш білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында» бастауыш білім берудің мақсаты – ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдана білу дағдысы негіздерін меңгерген білім алушы тұлғасының үйлесімді қалыптасуы мен дамуына қолайлы білім беру кеңістігін жасау» деп көрсетілген [2].
Ұлт көшбасшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласында «Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдарының бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан, әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХІ ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек. Мысалы, компьютерлік сауаттылық, шет тілдерін білу, мәдени ашықтық сияқты факторлар әркімнің алға басуына сөзсіз қажетті алғышарттардың санатында. Сол себепті, «Цифрлы Қазақстан», «Үш тілде білім беру», «Мәдени және конфессияаралық келісім» сияқты бағдарламалар – ұлтымызды, яғни барша қазақстандықтарды ХХІ ғасырдың талаптарына даярлаудың қамы», – десе [10], «Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты 2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында Н. Назарбаев: «Біз цифрлы технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл – маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлы қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты», – деп көрсеткен [10].
Ақпараттық технологияны қолданудың басты сипаттарының бірі – білім беру үдерісінде даралау мен саралау мүмкіндігінің кең орын алатындығы, сонысымен де оқушылардың зерттеушілік-іс-әрекетін белсендіру мүмкіндігіне ие екендігі.

  1. Ақпараттық технологияны ұдайы орнымен қолдану арқылы мұғалімдер оқушының білімі мен қабілетін дұрыс бағалау білігіне ие болады. Мұғалімдер оқушылардың бір сабақта мол тапсырмаларды орындауына керекті жағдайларды ұйымдастырып, жаңа әдіс-тәсілдер қолдануға ұмтылады. Нәтижесінде, мұғалімнің кәсіби тұрғыда өсуіне де сабақта компьютерді қолданып өткізу білігі үлкен септігін тигізеді.

  2. Сабақта компьютерлік тестілер мен диагностикалық кешенді қолдану арқылы мұғалім оқу материалының қысқа мерзім ішінде қаншалықты меңгерілгендігін шынайы түрде анықтап, оқушылар жіберген кейбір жетіспес тұстарын дер кезінде түзетуге мүмкіндік алады. Әрбір нақты оқушы үшін тапсырманы жеңілден күрделіге қарай таңдауға да жағдай жасалады.

  3. Сабақта мұғалімнің компьютерді орынды және тиімді қолдануы нәтижесінде оқушы ауызша сұрағаннан гөрі маңыздырақ, өзекті мәтін бойынша орындаған тапсырмаларынан соң жіберген қателіктерінің шынайы нәтижесін де ала алады.

  4. Жаңа ақпараттық технологияны меңгеру. Информатика пәнімен кіріктірілген сабақтарда оқушылар компьютерлік сауаттылықты меңгереді. Компьютердің көмегімен сызба жасайды, кесте құрады, мәтін теріп, сурет сала алады. Бұл оқушылардың шығармашылық қабілетінің дамуына сенімді тірек болып табылады.

Ақпараттық технологияны орнымен, талапқа сай сауатты пайдаланудың нәтижесінде оқу үдерісінің әрбір кезеңі тиімді бола алады. Атап айтсақ, - оқу материалын ұсыну кезеңі; - өзара әрекеттестік арқылы оқу материалын меңгеру кезеңі;
- меңгерген білімі мен дағдыларын әр кезде қайталау және бекіту;
- оқу нәтижесін аралық және қорытынды бақылау мен өзін-өзі бақылау; - оқу үдерісі мен оқу нәтижесін оқу материалын жіктеу, жүйелеу арқылы түзету және тағы басқа.
Бастауыш сыныпта оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыруда қолданылатын оқытудың ақпараттық технологиялары мен оның құралдарының жалпы сипаттамаларын қарастырып өтейік. Бастауышта оқушылардың зерттеушілік іс-әрекетін ұйымдастыру үдерісіне үлкен мүмкіндіктері бар бағдарламалық өнімдер мен компьютерлік құралдарға сүйенетін ақпараттық технологияларды енгізу қажет және ыңғайлы болады. Қазіргі таңдағы да білім беру мекемелерінде түрлі бағдарламалық кешендер – қолжетімді мәтіндік пен графикалық редакторлар, компьютерлік презентациялармен жұмыс жасау мен оларды әзірлеу құралдары және тар шеңберде мамандандырылған күрделі кешендер, атап айтқанда, бағдарламалау жүйесі, дерекқорды басқару жүйесі, мәліметтерді статистикалық өңдеу қолданылады. Десек те, бұл аталған құралдар бастауыш сынып мұғалімдерінің қажеттіліктерін түгелдей қамтамасыз ете алмайтынын атап кету керек.
Сонымен, бастауыш мектептің оқу үдерісінде ақпараттық технологияны жағымды нәтиже алу үшін қолдану мұғалімнің жан-жақты білімді болуын, ақпараттық технологияны қолдану тұрғысынан жоғары білігінің болуын қажет ететіні анықталды. Сол талаптарға сай білікті мұғалім ғана оқушылардың жас және жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқу тапсырмаларын дұрыс таңдап және оқуды ұйымдастырудың түрлі жолын тауып, уақыт өзгерісімен бірге алға қарай жүріп отырады. Осындай келбетке енген оқу үдерісі анағұрлым қызықты, заман талабына сай, қажетті ақпаратпен дер кезінде қамтамасыз етуші, мол білім беру көзіне айналады.
Ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекет мотивациясын қалыптастыру үдерісін дұрыс ұйымдастыру және тиімділікпен жүзеге асыру үшін орындалуы тиіс белгілі бір педагогикалық тұғырлар мен ұстанымдар анықталуы қажет.
Бұл мақсатқа қол жеткізу үшін ақпараттық технологиялар негізінде бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік іс-әрекет мотивациясын қалыптастырудың құрылымдық-мазмұндық моделі жасалды. Келесі бөлімде осы мәселе қарастырылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет