2 Бастауыш мектепте математика оқытуда ресурстарды тиімділігін тәжірибелік-эксперименталды зерттеу
2.1 Бастауыш сынып оқушыларының математиканы оқытуда ес процесі дамуының ерекшелігін зерттеу
|
Бастауыш мектепте оқушыларды математикаға оқытуда олардың оқуға деген ынтасы табысты болу үшін, ең алдымен танымдық үрдістерін зерттеуді анықтап алған дұрыс. Жалпы бастауыш мектепте танымдық үрдіс маңызды болып табылады. Олардың ойлау, есте қалдыр, қабылдау, зейін үрдістерінің дамуы бастауышта білімін дамытуға жол ашады деуге болады. Демек, мектептегі оқу үрдісі оқушылардың танымдық белсенділігін арттырып, шығармашылық әрекетін дамытуына жол ашуы қажет. Шынында да түрлі ақпарат сезім мүшелерінің негізгі – есту мен көрудің негізінде қабылданады. Көру есі көз арқылы пайда болатын бейнелерді, елестеулерді есте қалдырумен, оларды еске түсірумен байланысты процестерді жүзеге асырады. Есте қалдыратын бейнелердің, елестеулердің көбі естумен байланысты. Есту есі есту мүшелері арқылы нәрселерді, бейнелерді, күйлерді, т.б. түрлі дыбыстарды қабылдауда орындалады.
Бастауыш сыныпта математика сабағында ресурстарды пайдаланғанда есте қалдырудың және еске түсірудің динамикалық ерекшеліктеріне, яғни жанама есте қалдыруға, оның өнімділігінің көрсеткіштеріне, мағыналық байланыс құруға аса көңіл бөле қарау керек. Осы орайда логикалық есті дамыту міндеті туады. Логикалық есте сөздік байланыстар құрылады.
Ес баланың мектеп өмірі бойында даму үстінде болады. Бастауыш мектеп жасында жанамаланған және мағыналанған еске сақтауға тенденция пайда болады. Мектептік оқыту процесінде баланың дамуы үшін оған логикалық, бейнелік, есту және көру есі керек болып табылады.
Бала есінің сапасы төмен болуы көптеген себептерге байланысты, баланың сабақты дұрыс тыңдамауынан, еске қалдыратын жадығатқа зейін қоймауынан, есте қалдыруда логикалық байланыстарды орната алмауынан болады. Мұндай балалар үнемі бақылауда болулары тиіс және осындай оқушылармен жеке жұмыс істеу педагогикалық-психологиялық маңызды болып келеді.
Бастауыш сынып оқушыларында естің ерекшеліктерін зерттеу үшін келесі әдістемелер таңдап алынды:
1. Пиктограмма әдістемесі.
2. Сөздік-логикалық есті зертеу.
3. Жанама есте қалдыруды зерттеу.
Бастауыш сыныптарға 1-4-ке дейінгі сыныптар жатады. Зерттеуге Павлодар қаласының №22 жалпы білім беретін орта мектебі алынды. Зерттеу жұмыстары 3-сынып оқушыларымен жүргізілді. Жалпы зерттеуге екі сынып қатысты. 3 «а» сыныбы – эксперименталды және 3 «б» сыныбы – бақылау тобы ретінде таңдалынды. Әрбір топта сыналушылар саны 20 оқушыдан болды. Олардың жастары 7-8 шамасында. Бұл жаста оқуышаларда есті дамыту қолайлы болады, өйткені мектепке келгеннен кейін олардың таным процестері өзгеріске түседі. Сондықтан оларда ес процесінің дамуын анықтау мақсаты алға қойылды.
Әдістемелер екі топта бірдей жүргізілді.
Достарыңызбен бөлісу: |