1.2. Оқыту ресурстарын пайдалану ерекшеліктері мен әдістемелері
Компьютерлік техниканың дамуына қазіргі көзқараспен назар аударсақ, аппаратты қамтамасыз ету жағдайында өңдеуге жəне əр түрлі ақпарат таратуға мүмкіндігі қалыптасқан құралдар түрлері ерекшеленеді. Дегенменде, соңғы жылдары мультимедиалық құралдар деген атқа ие болған құралдар қатарына əуен, дауыс жазбаларының жəне фото, бейне суреттерінің құрылғылары кірген. Егер жақын арада иісті сандық өңдейтін құрылғы жасалып, дамитын болса ол құрылғыда мультимедиалық құралдар қатарына кіретін болады. Бұндай құрылғылар информатикалық білімнің дамуында жəне оларды өз алдына бөліп оқып үйренуде айрықша мағынаға (сұранысқа) ие.
Мультимедиалық құралдар информатикалық білімнің негізгі құралы болғандықтан, оның көрсеткіштерін – пайдалану тəсілін, түрлерін, т.б қасиеттерін білмегенше түсінуге болмайды[33]. Ақпараттық-қатынастық технологиялар құралдарын білім беруде пайдаланудың негізгі классификациясына тоқталайық. Ақпараттың жіктелінуінің себептердің (критерийлердің) бір неше түрі бар. Бірінші көрсеткіш бойынша ақпаратты қабылдаудың ең қарапайым түрін айтуға болады, ол адамның көру есту, дəмін сезу сияқты ақпарат қабылдау қасиеттері. Ақпараттық көзқарас бойынша адам компьютерлік жəне коммуникациялық техниканы қолданғанда алатын əсерін анықтауға болады. Оны барлық ақпаратты қабылдау түрі бойынша негізгі үш түрге бөле аламыз:
1. Адамның көру қабілетімен қабылданатын ақпарат, яғни көрермендік немесе визуалды ақпарат. Бұл ақпарат түріне мəтін, графикалық суреттер, фотосуреттер, мультфильм жəне бейнефильмдар жатады.
2. Адамның есту аппаратымен қабылдайтын ақпараты, яғни дыбыстық ақпарат. Бұл ақпараттарға сөйлеу, музыкалық шығармалар, шумдар жатады.
3. Адамның сенсорлы (сезгіштік) жүйесімен қабылдайтын ақпараты, яғни сенсорлы немесе такттік ақпарат. Бұл арнайы техникалық құрылғылыр көмегімен алынатын ақпараттар. Ақпараттың барлық көрсетілген түрлерін басқа да критерийлер көмегімен жіктеуге болады. Оның бір түрі ақпаратты адамның қабылдау тəсілі. Осыған байланысты қабылданатын ақпаратты ассоциативті жəне тікелей деп ажыратамыз. Адамның бұрын қабылдаған ақпаратының негізінде ойында пайда болған басқа бір ақпаратты ассоциативті ақпарат ретінде анықтаймыз.
Олай болса бұл ақпарат жіктемесіне мəтін, сөз, суреттер мен мультфильмдерді жатқыза аламыз. Оған мысал ретінде оқушылардың ботаника пəнін оқығанда танысатын өсімдіктердің мəтін немесе сөз түрінде жазылған анықтамаларын айтуға болады. Бұл жағдайда мəтінді оқу немесе оқытушының сөзін тыңдауы оқушының ойында бұрыннан өсімдікті көріп пайда болған ақпаратымен бірге жаңа ассоциациялы ақпарат пайда болады. Барлық оқушы ақпаратты бірдей қабылдамайтынын ескеру қажет, себебі əр оқушы ақпаратты өз алдына басқаша да қабылдауы мүмкін. Адамға тікелей ақпарат ең керекті, соның ішінде оқу мақсаты, нысана қасиеті сияқты ақпараттар жеткізеді. Бұл ақпараттарға тағы фотосуреттерді, бейнефильмді, шум ғылымында əуен деп аталатын дыбыстарды жатқыза аламыз.
Оқу үрдісінде компьютерлік технологияны қолдану ойды кеңейтуді іске асырып жаңа əдістің пайда болуына, оның ұйымдастыру түріне əкеледі. Білім беруді ақпараттандыру барысында дидактикалық жəне оқыту құралы болып табылатын компьютер. Бүгінгі мектепке келіп жатқан техникалық жаңалықтардың ішіндегі айрықша орын алатыны – интербелсенді тақталар – педагогтардың оқыту үдерісін көрнекі, анық етеді, сондай-ақ, кері байланысты сапалы жүзеге асырады.
Интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің мұғалім үшін артықшылығы:
1. Мұғалімге жаңа материалды сынып ортасында тұрып түсіндіруге мүмкіндік береді;
2. Кез келген қосымшалардың үстіне сурет салуға жəне жазба жазуға мүмкіндік береді;
3. Артық уақыт, күш-жігер жұмсамай тақтадағы кескінді, сабақ уақытында жасалған жазбаларды сақтауға жəне баспаға беруге жəне материалды қабылдау деңгейін тексеруді жеңілдетеді;
4. Мұғалімдерді оқытудың жаңа түрлерін іздеуге, кəсіби шеберлікке ынталандырады;
Оқушылар үшін интербелсенді тақтамен жұмыс істеудің артықшылығы:
1. Сабақты қызықты етеді жəне оқушының ынтасын арттырады;
2. Ұжымдық жұмысқа қатысуға, жеке жəне əлеуметтік дағдыларын дамытуға көп мүмкіндік береді.
3. Оқыту материалының түсінікті, тиімді жəне өзгермелі берілуінің арқасында оқушылар қиын сұрақтарды жеңіл жəне тез қабылдайды.
4. Оқушылар шығармашыл түрде жұмыс істей бастайды жəне өздеріне деген сенімі арта түседі. Бірақ тақта – тек қана құрал, ал оқыту үдерісінің тиімділігі көбінесе мұғалімнің шеберлігі мен арнаулы программалық қамсыздандырудың сапасына байланысты екенін естен шығармағанымыз жөн. Осылайша, интербелсенді тақтаны қол-дану оқу үдерісін кемелдендіруге жаңа мүмкіндік береді, оқушы мен мұғалімнің өз бетінше атқаратын жəне бірлескен жұмыстарын шығармашыл етеді. Бағдарламалық-ақпараттық жиынтық «Интербелсендік тақта» дегеніміз бұл дəстүрлі мектеп тақтасының барлық сапасына ие жəне мынадай кең мүмкіндіктері бар тақта:
– экрандық кесікіндердің графикалық түсініктемелерін беру;
– бір мезгілде сыныптың барлық оқушыларының істеген жұмысына сараптама жүргізуге жəне тексеруге мүмкіндік туғызады;
– табиғи амалмен (ұсынылатын ақпарат ағынын арттыру есебінен) сыныпта оқушылардың оқу жүктемесін арттырады;
– оқытуға жаңа құлшыныстың алғы шарттарын дайындайды; – сұқбатқа құрылған оқытуды жүргізеді;
– кей əдістерді пайдаланып, қарқынды əдістеме бойынша оқытады. Интерктивті тақтамен жұмыс жасау тəжірибесі стереометрия сабақтарында, функциялар мен олардың графиктеріне арналған алгебралық сабақтарында, мектеп оқулығынан тыс сабақтарда қолдануда көрініп отыр. Интербелсенді тақтаны оқу үдерісінде пайдалану нəтижесі.
– Оқушыларға тақырып шеңберінде немесе белгілі бір уақыт аралығында айтылуға тиіс мəліметтер көлемі ұлғайды.
– Оқушының пəнге деген қызығушылығы артады, дағды, зейін т.б. дамиды. – Тақырыптан қалып кеткен немесе дұрыс түсінбеген оқушыларға тақырыпты қосымша қайталауға мүмкіндік беріледі.
– Сурет, сызбалар, дыбыстық əсерлер, қимыл анимациялары іске асырылады.
– Дидактикалық материал қоры ұлғайды. Жасалған файлдар белгілі бір форматпен сақталып оқушыға электрондық пошта арқылы жіберуге болады.
– Электрондық оқулықты, интернет желісін сабақта, сабақтан тыс жұмыстарда, сонымен қатар олимпиадаға оқушылар дайындағанда қолданылады.
Сонымен интербелсенді оқыту технологиясының басты ерекшелігі оқушы оқыту үдерісінің пассивті тыңдаушысы емес, белсенді қатысушысы, керек қажетті материалмен тікелей жұмыс істеуші. Бұған қазіргі оқытудың жаңа технологиясы мүмкіндік беріп отыр. Ал басты мақсаты оқушының ойлау, табу, шешу қабілеттерін дамыту болып табылатын математика пəні үшін озық технологияның орны ерекше[37]. Сондықтан орта мектептегі математиканы оқыту əдістемесі жаңа əдіс, амалдармен толығуда. Бұл əдістерді қайталау, бекіту, жаңа тақырыпты түсіндіру сабақтарында еркін пайдалануға болады.
Интербелсенді құралдардың келесі ерекшеліктерін атап өтуге болады:
1. Бормен тақтаға жазылған кескінді интербелсенді тақтадағы түрлі-түсті айқын, ұқыпты кескінмен салыстыруға болмайды.
2. Тақта мен бордың көмегімен əр түрлі қосымшалары бар жұмысты түсіндіру қиын əрі мүмкін емес.
3. Слайдтарда, флипчартта қателер жіберілсе, тез арада түзетуге болады.
4. Сабақта ACTIVote тестілеу жүйесі арқылы тест алу мүмкіндігін қолдануға болады.
5. ACTIVwand указкасының көмегімен тақтаның жоғарғы бөлігіне кішкентайларға да қол жеткізуге мүмкіндік береді.
6. Сабақта көрнекілікті қолдану деңгейі артады.
7. Сабақтың өнімділігі артады.
8. Оқушылардың білім деңгейіне оң əсер етеді.
Достарыңызбен бөлісу: |