Тақырыбы: Бастауыш мектеп математикасын оқыту барысында ресурстарды тиімді таңдау әдістемесі



бет5/11
Дата11.12.2022
өлшемі100,67 Kb.
#162311
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11
Байланысты:
Курстық жұмыс Алпысова К

1-әдістеме. Пиктограмма әдістемесі есте қалдыру үшін мағыналық байланыстарды орнату мақсатымен қолданылды. Бұл әдістеме бойынша эксперименталдық топта шыққан нәтижелерді төмендегі 1-суреттен көруге болады.
Эксперименталды топтың нәтижесі

Сурет 1. Пиктограмма әдістемесі бойынша мағыналық байланыстарды орнатудың деңгейлері

Нәтижелер деңгей бойынша есептелді. Диаграммада берілген көрсеткіштерді сипаттайтын болсақ, қатысқан оқушылардың ішінен 6 оқушы жоғары деңгейді – 30%-ды, орташа деңгейді – 11 оқушы 55%-ды көрсетті. Төмен деңгейде орындаған оқушылар саны 3 оқушы – 15%-ды көрсетті. Оның себептері әр түрлі болуы мүмкін, мағыналық байланыстарды орнатуда қиыншылықтардың кездесуі, тапсырманы орындау барысында оқушылардың зейіні шашыраңқы болғандықтан, қызығушылық танытпағандықтан, сөзді басқаша қабылдауы, ойлау деңгейі төмен дамығандықтан, байланыс құруда қиялдың болмауы, т.б.


Есте қалдырудың ерекшеліктерін оқушылардың салған суреттерінің сапасынан байқауға болады. Суреттердің сапасы баланың қаншалықты әдемі немесе таза салынғандығында емес, олардың мазмұнында жатыр. Барлық бейнелер 5 негізгі түрге жіктеледі (әдістеменің мазмұнында аталған). Осыдан жиі қолданылған бейнелер түріне байланысты сыналушылардың ойлау процесінің сипаты жөнінде қорытынды жасауға болады. Оқушыларда олардың ішінде көбінесе сюжеттік, нақты бейнелер сипат алған. Бұл бейнелердің көрініс табуының негізінде оқушыларда ойлау әрекетінде ақпаратты жинақтауға, жалпылау мен қорытындылауға бейімді екендерін, абстрактілі-логикалық ойлаудың жоғары деңгейін меңгергендігін, көркем шығармашылыққа қызығушылық білдіретінін байқауға болады. Сонымен қатар кейбір суреттерде адамдар және олардың сөздік материалды қолданғандары бейнеленген. Мұндай суреттен баланың ашық, қарым-қатынасшыл екені жайлы қорытынды жасуға болады.
Пиктограмма әдістемесін бақылау тобында жүргізе отырып алған нәтижелерді 2-суретте ұсынылған диаграммадан байқауға болады.
Бақылау тобының нәтижесі

Сурет 2. Пиктограмма әдістемесі бойынша мағыналық байланыстарды орнатудың деңгейлері

Жауаптарды талдай келе 8 оқушы жоғары деңгейді – 40%-ды, 9 оқушы 45%-ды көрсеткіш орташа деңгейді, 3 оқушы 15%-ды төмен деңгейді көрсетті.


Ал оқушылардың салған суреттерін талдай келе, көбінде сурет салу барысында сюжеттік, метафоралық, абстрактілі немесе белгілі-символдық түрлерді қолданғандығы анықталды. Бұдан шығатын нәтиже ол оқушыларда ойлаудың жоғары формасының нормаға сай дамығандығы, бұл оқушылар «ойшылдар» типіне жатады, ойлау әрекетінде ақпаратты жинақтауға, жалпылау мен қорытындылауға бейім келеді, абстрактілі-логикалық ойлаудың жоғары деңгейін меңгергендігі бірден көзге түседі.
Сонымен, екі топ бойынша өткізілген екі әдістеменің нәтижелерін салыстырып қарайтын болсақ, эксперименталды топтағы сыналушылардың мағыналық байланысты орнату деңгейлерінің жоғары және орташа көрсеткіштері бақылау тобымен салыстырғанда, 10%-ға төмен болды, ал төмен деңгейдегі көрсеткіштер екі топта да бірдей болып шықты.
Жалпы әдістеме бойынша екі топта шыққан нәтижелерді салыстыру негізінде эксперименталды топтын нәтижелері бақылау тобына қарағанда орташа болып шықты.
2-әдістеме. Сөздік-логикалық есті зерттеу әдістемесі сөздік жадығатты қайта жаңғырту барысында есте қалдырудың беріктілігін анықтау мақсатымен қолданылады. Эксперименталды топта шыққан нәтижелерді келесі суреттен көруге болады.
Эксперименталды топтың нәтижесі



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   11




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет