Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын»



Дата06.02.2022
өлшемі39,95 Kb.
#39270

Тақырыбы: «Ұлыс оң болсын».


Мақсаты:Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауы туралы толық мағлұмат беру,халқымыздың салт-дәстүрін,әдет-ғұрпын үйрете отырып, «Наурыз» Қазақтың ұлттық мейрамы екенін ашып көрсету.
1-жүргізуші:
Құрметті ұстаздар,оқушылар,ата-аналар!Сіздерді келіп жеткен көктем мерекесімен шын жүректен құттықтап,сіздерге шаттық тілей отырып,мерекелі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.
2 жүргізуші:
Жаңа өмірдің қайта басталатын күн есебінің басы,көктемнің көшбасшысы,қанатына маржан тағып қараторғай жеткенде көктемнің алғашқы жаңбыры себелейді.Сіресіп жатқан қар еріп,көл-көсір су болып ағады.Өсімдік ұйқыдан оянады,бәйшешек қаулайды.
1-жүргізуші:
Жер әлемді жайнатып,әнші құстарды сайратып,Наурыз тойын тойлайтын Ұлыстың ұлы күні келді.Той кұтты болсын,ұлыс оң болсын.
Хор: «Наурыз айы толғанда»
2-жүргізуші:
Күттіріп келген жыл басы,
Бізбен бірге жырлашы.
Дастарханға елімнің
Береке ырыс сыйлашы.
1-жүргізуші:
Ата-бабам тойлаған
Әз –Наурызым ,армысың!
Маханбет:
Уа халайық,халайық
Ақ сандықты ашайық.
Бұл мереке,бұл тойдың
Шашуларын шашайық.
Әже шашу шашады.
Бексұлтан:
Армысың Наурыз,
Қуаныш боп кір төрлет!
Ел болып саған,
Көрсетіп жатыр сый-құрмет.
Наргиза:
Бауырласқа тәнтіміз,
Бұзылмаған салтымыз.
Кең даламның ежелгі
Қазақ деген халқымыз.
Өзге ұлттай біздің де,
Бар дәстүр мен салтымыз.
Әлібек:
Жыл басы-Наурыз мереке!
Ақ нұрға әлем боянды.
Наурыз тойы береке
Тіршілік жаңа оянды.
Аяулым:
Тәуелсіз биік халқымның
Желбіреп туы шалқысын.
Әз Наурыз келіп еліме,
Жер Ана бойы балқысын.
Даулет:
Жаңғырыар дәстүр салтымның
Көсілсін бұлақ жалғасып.
Қастерлі менің халқымның
Наурыз келді жыл басы.
2-жүргізуші:
Ұлыс күні кәрі-жас
Құшақтасып көріскен.
Жаңа ағытқан қозыдай
Жамырасып өріскен.
1-жүргізуші:
Сіздердің әділ істеріңіз
Ғасырлар бойы тыңбайды.
Аңыз,дастан,жырлардан
Жастар оқып тыңбайды.
Қазақша би:Айханша.
2-жүргізуші:
Жарқыраған жас нұрлы
Жаса,Наурыз дәстүрлі.
Бақытыма шалқыдым
Ашылады нұрымыз.
Ән «Жаяу жүргінші» Батырхан.
1-жүргізуші:
Қазағымның салт-дәстүрі жаңғырған,
Тәлімді ой сынағы,тәрбие көзі қалдырған.
Салт дәстүрді ардақтайық ағайын,
Қазақ атты үлкен – кіші балдырған.
2-жүргізуші:
Жиналыппыз сәтті күні бәріміз,
Үлкен-кіші,жасымыз да,кәріміз.
Төрлетіңіз қадірменді қонақтар,
Гүл-гүл жайнап мына біздің төрімізге-,дей отырып,ендігі кезекті салт-дәстүрлерге берсек:
Райдин:
Наурызкөк-Наурыз айында ұшып келетін көктем құсы.Қарасы шағын ғана,осы құсты шығыс елі күтіп жүреді.
Ақжарқын:
Наурызнама-шат-шадымен ойын-сауық.Тойда түрлі ұлттық ойындар ойнатылып,наурыз жырлары айтылады.
Асылхан:
Наурызша-Наурыз айында жұп –жұқа қиықша қырбық қар түседі.Оны халық «Наурызша» деп атайды.
1-жүргізуші:
Шығыстың күнтізбесі бойынша күн мен түн теңескен көктемгі мерекесі.Жыл сайын асыға күтетін жарқын үміт,жастық пен жаңару мерекесі.Бүіл әлемге бақыт,шаттық,бейбітшілік дарытатын Ұлыстың ұлы күні - Әз Наурыз.
2-жүргізуші:
Наурыз құтты болсын.Күншығыстың Наурызы келгенде Самарқанның көк тасы еріп,жылғалардан су ағып,бәйшешек гүл атып,күннің көзі бүкіл әлемге нұрын шашып,үйсізді үйлімен теңестіреді.
Би ұлдар «Қаражорға»
1-жүргізуші:
Наурыз келді,көктем келді ағайын»
Жадырайды,жаңғырады маңдайым.
Назды ,сазды,науан Наурыз армысың!
Ортаға сөз ізгі ниет «Ақ бата» беру үшін қыдыр атаға беріледі.
Армысыңдар жамағат!
Ұлыс оң болсын,
Ақ мол болсын.
Қайда барсаң жол болсын!
Ұлыс бақты болсын!
Төрт-түлік ақты болсын !
Ұлыс береке берсін,
Бәле-жала дерге енсін!
Ұлы халқым тоқ болсын,
Көйлектерің көк болсын!
Қайғы-уайым жоқ болсын,
Қуаныштарың көп болсын!
Әумин.
2-жүргізуші:
Осымен «Ұлыс оң болсын» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.Көңіл қойып тыңдағандарыңызға көп рахмет.Өмір жастарыңыз ұзақ болсын.Әр кез жүздеріңізден күлкі кетпесін.Көктемдей құлпырып жүре беріңіздер.Сау саламатты болыңыздар.
Каталог: sabaq-kz -> attachment
attachment -> Қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі, филология магистрі Амирханова Сара Бекетқызы Коучинг жоспарының тақырыбы: «Lesson study – сабақты зерттеу әдісі»
attachment -> Сабақ тақырыбы: Химияның негізгі түсініктері мен заңдары Сілтеме
attachment -> Сабақтыңтақырыбы: 3 4
attachment -> Сабақ: Алкандардың қасиеттері. Алкандардың жеке өкілдері және қолданылуы
attachment -> Сабақтың түрі: Аралас сабағы Сабақ уақыты: 90 мин. Сабақтың педагогикалық мақсаты
attachment -> Сабақ Алматы қаласы Алатау ауданы «185 жалпы білім беретін мектеп» коммуналдық мемлекеттік мекемесі Бастауыш сынып мұғалімі Курманова Маржан Сеилхановна
attachment -> Сабақтың тақырыбы Сағат саны Мерзімі Оқып-үйренудің негізгі мақсаты
attachment -> Сабақтың мақсаты: оқушыларға алжапқыштың және бас орамалдың сызбасын есептеуді және құрастыруды үйрету


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет